Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі
мемлекеттік комитетiнiң жанындағы Лизинг жөніндегі департамент
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 29 сәуірдегі № 599 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Өндiрiстi техникалық және технологиялық жаңарту құралы ретiнде лизингтi дамыту және мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанынан Лизинг жөніндегі комитет (бұдан әрi - Лизинг жөніндегі комитет) құрылсын.
2. Лизинг жөніндегі департамент өндiрiс саласында iрi көлемдi инвестицияларды тарту құралы ретiнде лизингтi пайдалану саласында бiрыңғай мемлекеттік саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн, өз қызметiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi өкiлеттiгiнiң шегiнде дербес жүзеге асыратын атқару өкіметінiң орталық органы болып табылады деп белгiленсiн.
3. Лизинг жөніндегі департаментке:
Қазақстан Республикасында лизингтi дамытудың негiзгi бағыттарын, перспективалық жоспарлары мен болжамдарын әзiрлеу;
машиналық-техникалық импортты қамтамасыз ету үшiн шет ел инвестициялары мен кредиттерiн тарту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясаттың әзiрленуi мен жүзеге асырылуына қатысу;
жалпы республикалық және аймақтық лизинг компаниялары жүйелерiнiң ұйымдастырылуына жәрдемдесу;
лизингтi пайдалану және дамыту мәселелерi жөніндегі республика министрлiктерiнiң, мемлекеттік комитеттерiнiң, ведомстволарының, кәсiпорындарының және ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
лизинг мәселелерi жөніндегі заң және басқа нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысу жүктелсiн.
4. Лизинг жөніндегі департаменттiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және қазақ, орыс тiлдерiнде өзiнiң атаулары жазылған мөрi, фирмалық белгiсi, банкте шоты бар заңды тұлға болып табылатындығы белгiленсiн. ҚРМК-нiң 1995.07.31. № 1040 қаулысымен 5-тармақтан сөздер алынып тасталған
5. Лизинг жөніндегі департамент орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны 15 адам болып бекітілсiн (күзет және мекемеге қызмет көрсету жөніндегі қызметкерлер бұған кiрмейдi) және 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
ҚРМК-нiң 1995.07.31 № 1040 қаулысымен. 6 тармақ жаңа редакцияда берiлген
6. Лизинг жөніндегі департамент аппаратын ұстаудың шығындарын қаржыландыру мемлекеттік басқару органдарын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
7. Департаменттi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындап және қызметiнен босататын директор басқарады.
Департамент директорына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы орынбасарының мәртебесi берiлсiн және оған Төраға орынбасарының лауазымдық жалақысы деңгейiнде жалақы белгiленсiн.
8. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі тiкелей келісім бойынша Лизинг жөніндегі департаменттi қажеттi телефондық, телеграфтық және телефакстық байланыспен, оның iшiнде халықаралық байланыспен қамтамасыз етсiн.
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi бiр ай мерзiмде Лизинг жөніндегі департаментке Алматы қаласында қызметтiк үй-жай бөлудi қамтамасыз етсiн.
10. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен, Қаржы министрлігімен және Экономика министрлігімен келісілген Лизинг жөніндегі департаменттiң Ережесiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бекiтуiне бiр ай мерзiмде әзiрлеп, ұсынсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi