Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң жанындағы Республикалық
құқықтық ақпарат орталығының мәселелерi Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі
№ 538 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1228 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 жыл, № 19, 230-бап) және "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң және заң тәртібін нығайтудың 1993-1995 жылдарға арналған кезек күттiрмейтiн шараларының Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 23 қыркүйектегi № 1352 қаулысына сәйкес, сондай-ақ тұтынушыларды құқықтық ақпарат қызметiмен және автоматтандырылған жүйелердi пайдалана отырып, оларды нормативтiк сипаттағы анықтама-әдiстемелiк материалдармен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. ҚР Үкіметінiң 1999.06.15. № 748 қаулысымен алып тасталды
2. ҚР Үкіметінiң 1999.06.15. № 748 қаулысымен алып тасталды
ҚР Үкіметінiң 1996.01.09. № 31 қаулысымен 3- тармақтан сөздер алынып тасталды
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығы мен аймақтық құқықтық ақпарат орталықтарына еңбек ақы төлеу шарттары, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң мәселелерi" жөніндегі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1478 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әдiлет органдары мекемелерi және мемлекеттік нотариат органдары қызметкерлерiнiң сыныптық шендерi және еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстеме ақы төлеу туралы ереженiң күшi қолданылатын болсын.
4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi аймақтық құқықтық ақпарат орталықтарын қызметтiк үй-жаймен қамтамасыз етуде шаралар қабылдасын.
5. ҚР Үкіметінiң 1999.06.15. № 748 қаулысымен алып тасталды
6. ҚР Үкіметінiң 1999.06.15. № 748 қаулысымен алып тасталды
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығын қосымша телефон байланысымен, оның iшiнде үкiметтiк байланыспен қамтамасыз етсiн, сондай-ақ аймақтық құқықтық ақпарат орталықтарымен байланыс орнату үшiн "Искра-2" байланыс арнасын берсiн.
8. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығы туралы Ереженi бекiтсiн.
9. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1977 жылғы 14 шiлдедегi № 402 өкімінiң;
Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1985 жылғы 13 маусымдағы № 165 өкімінiң;
Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 6 наурыздағы № 43 өкімінiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi