Қазақстан Республикасы Ормандарының жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына,
сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жөніндегі
ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1995 жылғы 21 наурыздағы № 317 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 23 қаңтардағы № 1925 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы ормандарының жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жөніндегі Ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 21 наурыздағы
№ 317 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы ормандарының жай-күйiне,
өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына
мемлекеттік бақылау жөніндегі
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы ормандарының жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттік бақылаудың өзiндiк мiндеттерi - ормандарды пайдаланудың белгiленген тәртібін, орман шаруашылығын жүргiзудiң, ормандарды өсiрудiң, оларды есепке алудың, қорғау мен сақтаудың ережелерiн, сол сияқты экологиялық және ресурстық қуатты арттыру мақсатында орман мониторингi мен орман орналастырудың дұрыс жүргiзiлуiн, орман ресурстарын ұтымды және сарықпай пайдалануды қамтамасыз етудiң орман заңдарында көзделген басқа да ережелермен нормаларды барлық заңды ұйымдар мен нақты адамдардың (оның iшiнде орман шаруашылығының мемлекеттік органдарының) орындауын және берiк сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік бақылау орманды таза сақтау, өрттердiң, зиянкестер мен аурулардың ошақтарын анықтау және жою жөніндегі, сол сияқты ормандарды пайдаланудың белгiленген тәртібін бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу, ормандарды өсiру, қорғау, сақтау және оларды есепке алудың, ормандардағы өрт қауiпсiздiгi талаптарының, заңсыз ағаш кесуге жол бермеудiң және орманға зиян келтiретiн басқа да әрекеттердiң ережелерi мен нормативтерi жөніндегі ұйымдастыру және технологиялық шаралардың ғылыми негiзделген кешенiнiң жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге негiзделедi және орман қоры жерлерiнiң тиiстi мақсатқа пайдаланылуын, орман қоры жерлеріндегі өсiмдiк және жануарлар дүниесiн қорғау мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиiс.
2. Ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы басқармасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ аталған Ережеде белгiленген тәртiппен өз құзыры шегiнде осыған арнайы өкiлдiгi бар басқа да органдар жүзеге асырады.
3. Ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттік бақылау мыналарды:
аэроғарыштық және жер үстiлiк iрiктеп алу әдiстерiн пайдаланатын орман мониторингiн;
жекелеген объектiлер және бағдарламалар бойынша мақсатты мамандандырылған бақылауды;
кешендi оқтын-оқтын жүргiзiлетiн орман орналастыру бақылауын;
аймақтық инспекторлық бақылауды қамтиды.
4. Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы жүйесiнде ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өкiлеттiк осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман қорғау, сондай-ақ мемлекеттік бақылаудың (оның iшiнде облысаралық) бөлiмдерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман қорғауы құрамына енетiн орман шаруашылық өндiрiстiк бiрлестiктердiң аппараттарындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі жекелеген мамандарына, республикалық бағыныстағы орман шаруашылығының кәсiпорындары мен ұйымдарына берiлген.
5. Орман шаруашылығы басқармасының мемлекеттік органдары жанынан ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына бақылау жөніндегі қоғамдық орман инспекциялары құрылады, олардың қызметтерi орман шаруашылығы басқармасының органы бекiтетiн тиiстi Ережемен реттеледi.
6. Орман шаруашылығы басқармасының республикалық органының төрағасы лауазымы бойынша сонымен бiрге Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас орман инспекторы болып табылады. Ормандардың қорғалуына, сақталуына, пайдаланылуына және өсiрiлуiне (оның iшiнде жануарлар дүниесiн) мемлекеттік бақылау мәселелерiмен айналысатын орман шаруашылығы басқармасы Республикалық органы төрағасының орынбасары лауазымы бойынша сонымен бiрге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бас орман инспекторының орынбасары болып табылады.
Ормандардың сақталуына, қорғалуына, пайдаланылуына және өсiрiлуiне (оның iшiнде жануарлар дүниесiн) мемлекеттік бақылау мәселелерiмен айналысатын орман шаруашылығы басқармасы республикалық органының басқарма бастықтары мен бөлiмдердiң бас мамандары, республикалық бағыныстағы орман шаруашылығы кәсiпорындары мен ұйымдарының басшылары (авиабаза, орман орналастыру кәсiпорны, "Казгипролесхоз" институты, Республикалық орман инженерлiк селекциялық-тұқым шаруашылығы орталығы және басқалар), мемлекеттік бақылаудың облысаралық бөлiмдерiнiң бастықтары лауазымы бойынша сонымен бiрге Қазақстан Республикасының мемлекеттік аға орман инспекторы болып табылады.
Ормандардың қорғалуына, сақталуына, пайдаланылуына және өсiрiлуiне (оның iшiнде жануарлар дүниесiн) мемлекеттік бақылау мәселелерiмен айналысатын орман шаруашылығы басқармасы республикалық органының басқармалары мен бөлiмдерiнiң жетекшi, аға мамандары, басшылардың орынбасарлары, бөлiм бастықтары, сондай-ақ ормандардың қорғалуы, сақталуы, пайдаланылуы және өсiрiлуi мәселелерiмен айналысатын республикалық бағыныстағы орман шаруашылығы кәсiпорындары мен ұйымдардың барлық категориядағы мамандары, мемлекеттік бақылаудың облысаралық бөлiмдерi бастықтарының орынбасарлары мен мамандары, авиазвенолардың командирлерi, авиация десанттары топтарының нұсқаушылары лауазымы бойынша сонымен бiрге Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекторлары болып табылады.
Облыстардағы орман шаруашылығы өндiрiстiк бiрлестiгiнiң басшылары лауазымы бойынша сонымен бiрге тиiстi облыстық мемлекеттік бас орман инспекторы болып табылады.
Бас орманшы және орман шаруашылығы өндiрiстiк бiрлестiгiнiң мемлекеттік бақылау жөніндегі бөлiм бастығы (бөлiм болмаған жағдайда, осы мәселе жөніндегі маман) лауазымы бойынша сонымен бiрге облыстық мемлекеттік бас орман инспекторының орынбасары болып табылады.
Ормандардың қорғалуы, сақталуы, пайдаланылуы және өсiрiлуi (оның iшiнде жануарлар дүниесiн) мәселелерiмен айналысатын орман шаруашылық өндiрiстiк бiрлестiгi авиабөлiмшелерiнiң бастықтары, бөлiмдердiң бастықтары мен бас мамандары, мемлекеттік бақылау бөлiмiнiң мамандары лауазымы бойынша сонымен бiрге облыстық мемлекеттік аға орман инспекторы болып табылады.
Ормандардың қорғалуы, сақталуы, пайдаланылуы және өсiрiлуi (оның iшiнде жануарлар дүниесiн) мәселелерiмен айналысатын орман шаруашылық өндiрiстiк бiрлестiгiнiң жетекшi, аға және басқа мамандары, байқаушы-ұшқыштар лауазымы бойынша сонымен бiрге облыстық мемлекеттік орман инспекторы болып табылады.
Мемлекеттік орман шаруашылығы (орман-аңшылық) кәсiпорынының (ұйымның) директоры лауазымы бойынша сонымен бiрге аталған кәсiпорын қызметi аудандарындағы мемлекеттік аға орман инспекторы, ал осы кәсiпорынның (ұйымның) бас орманшысы кәсiпорын (ұйым) қызметi аудандарындағы мемлекеттік аға орман инспекторының орынбасары болып табылады.
Орманшы, орманшының көмекшiсi лауазымы бойынша сонымен бiрге орманшылық орналасқан аудандардағы мемлекеттік орман инспекторы болып табылады.
Орман шеберi, орманшы және орманшы-егер лауазымы бойынша сонымен бiрге күзетiлетiн учаскелер аудандарындағы мемлекеттік орман инспекторы болып табылады.
Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.06. № 454
қаулысымен.
7. Орман шаруашылығы жүйесіндегі мемлекеттік бақылау органдары өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мыналардың орындалуын:
а) заңды ұйымдар мен нақты адамдардың, олардың қайсы ведомство мен аумаққа жататынына қарамастан, Қазақстан Республикасының орман заңдарын жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарының ормандарды пайдалану, өсiру, қорғау мен сақтау мәселелерi жөніндегі шешiмдерiн, сол сияқты орман шаруашылығы басқармасының республикалық органы шығаратын нормативтiк актiлердi, орман шаруашылығын жүргiзу мәселелерi жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттарды берiк сақтауын;
ә) ормандардың мемлекеттік есебiнiң және мемлекеттік орман кадастры құжаттамаларының, орман қорының жай-күйiн сипаттайтын басқа да техникалық құжаттамаларының дұрыс жүргiзiлуiн қадағалауды;
б) су қорғауды, қоршаған ортаны, сақтау, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру, қоршаған ортаны құрайтын және ормандардың табиғи пайдалылық қасиеттерiн, олардың экологиялық жай-күйiн қолдау жөніндегі жүргiзiлетiн шаралардың сапасын;
в) орман орналастырудың жобаларында, жоспарларында, мемлекеттік тапсырыста, ормандардағы өртке қарсы қондырғылардың арнайы техникалық жобаларында, орманды қалпына келтiру, орман өсiру, орманды баптау және басқа орман шаруашылық қызметiнде көзделген орман шаруашылық жұмыстардың орындалуы сапасын;
г) Қазақстан Республикасының ормандарында түбiрi кесiлмеген
сүректi босату Ережелерiн, ағаш кесу Ережесiн және орманды
қосалқы пайдалануды жүзеге асыруды қадағалауды;
ғ) орман қорының жалға берiлген учаскелерiн (оның iшiнде ұзақ мерзiмге пайдалануға) пайдалану шарттары мен тәртібінiң сақталуын;
д) ормандарды ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсатында және аңшылық шаруашылық мұқтаждары үшiн пайдалану тәртібін сақтауды;
е) ормандардағы табиғат ескерткiштерiнiң, қорықтардың және табиғи ұлттық парктер режимiн сақтауды;
ж) ормандарды пайдалану және олардың органдарының құрылыс салу, жарылыс жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, кабель жүргiзу, құбыр және басқа жүйелердi салу, кен қазу және басқа орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануды жүзеге асыруға байланысты емес жұмыстар кезiнде оларды қорғау тәртібінiң сақталуын;
з) орман қоры жерлерiнiң тиiстi мақсатта пайдаланылуын және сол жерлердiң қорғалуын;
и) ағаш тұқымдарын аударыстыру, ағаш тұқымдарын жинастыру, сақтау, өңдеу және сапалық ережесінiң, қорық шаруашылығын жүргiзу, егiлетiн материалдарды өсiрудiң озық әдiстерiн енгізу ережелерiнiң сақталуын;
к) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары сақталуының, орман және өрттердiң шығуын, таралуының алдын алу жөніндегі шаралардың, оны дер кезiнде байқап, оқшаулап, жоюды қамтамасыз етудiң, сондай-ақ орман қорындағы өрт шалған аумақ көлемiнiң дұрыс есепке алынуының, орман қоры мен орман шаруашылығына өрттiң келтiрген зияны мен нұқсанын анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөніндегі шаралардың дер кезiнде қабылдануының орындалуын;
қ) Қазақстан Республикасының ормандарында Санитарлық ережелердiң, ормандарды зиянкестер мен аурулардан сақтау жөніндегі шаралардың, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуы, таралу себептерiн дұрыс әрi дер кезiнде есепке алу, болжау, су басудан, сорланудан, ағын сулардан және басқа шаруашылыққа керi әсерiн тигiзетiн басқа да әрекеттерден ағаштардың нашарлауы мен бүлiнуiнiң алдын алу жөніндегі шаралардың дер кезiнде қабылдануының орындалуын;
л) ормандағы жұмыстарға өндiрiстiң экономикалық тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн және орман шаруашылығын жүргiзу мен табиғи ортаны сақтау талаптарына жауап беретiн жаңа техниканы, өркениеттi технологияны, озық тәжiрибенi енгізудiң қолданылуын қамтамасыз етедi және оларға бақылауды жүзеге асырады.
8. Ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттік бақылау органдары мына мiндеттердi:
а) қызметтiк ведомстволық бақылау мәселелерi бойынша орман шаруашылығы басқармасы органдарының құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
ә) белгiленген тәртiппен жергiлiктi өкiмет органдарының шешiмдерi туралы, барлық орман пайдаланушылар үшiн мiндеттi болып табылатын орман шаруашылығын жүргiзу және орман ресурстарын пайдалану мәселелерi бойынша орман шаруашылығы басқармасы республикалық органының нормативтiк-техникалық және басқа актілері туралы тиiстi заңды ұйымдар мен нақты адамдарды хабардар етедi;
б) Қазақстан Республикасының ормандарында шаруашылықты жүргiзу мәселелерi бойынша өз құзырының шеңберiнде белгiленген тәртiпте қорытындылар, ұйғарым-жазбалар, ұсыныстар бередi;
в) мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ орман жүргiзу, орман шаруашылық және экономикалық нормативтердi әзiрлеу мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң тақырыптық жоспарлары жөнiнде қорытындылар бередi және ұсыныстар енгiзедi;
г) орман шаруашылығын жүргiзу және орман ресурстарын пайдалану үшiн бақылауды ұйымдастыруда орманды пайдаланушыларға қажеттi көмек көрсетедi;
ғ) орман заңдарын насихаттауға қатысады, ормандарды пайдалануды, өсiрудi, қорғау мен сақтауды жақсарту жөніндегі шараларға қатысады;
д) қоғамдық орман инспекцияларының жұмысын үйлестiредi.
9. Мемлекеттік бақылау (оның iшiнде облысаралық) бөлiмдерi мемлекеттік орман қорғаудың мемлекеттік бақылау қызметiн орындау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды және үйлестiредi.
10. Мемлекеттік орман инспекторларына олардың өз құзыры шеңберiнде мынадай:
а) орман шаруашылығын жүргiзу, орманды пайдалану, өсiру, қорғау, сақтау жөніндегі барлық жұмыстар түрлерi мен шараларды тексерудi жүзеге асыру, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзуге және ормандарды пайдалануды жүзеге асыруға байланысты емес орман өндiрiсi жұмыстарына белгiленген тәртiптi сақтауды қадағалау, ашылған тәртiп бұзушылық турасында хаттама жасау;
ә) белгiленген үлгiдегi қызмет куәлiгiн көрсету арқылы мемлекеттік, кооперативтiк және басқа кәсiпорындарға (бiрлестiктерге), мекемелерге, ұйымдарға және басқа объектілерге, олардың қай ведомство мен аумақтық бағыныстылығына қарамастан, ормандардың жай-күйiне, пайдаланылуына, өсiрiлуiне, қорғалуы мен сақталуына тексеру жүргiзу үшiн кедергiсiз кiру;
б) министрлiктерден, мемлекеттік комитеттерден, ведомстволардан, кәсiпорындардан (бiрлестiктерден), мекемелерден және ұйымдардан статистикалық және водомстволық есеп беру жөнiнде көзделген көрсеткiштер бойынша ормандарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi, анықтамаларды, ақпараттарды және басқа материалдарды тегiн алу;
в) министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың (бiрлестiктердiң), ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру мекемелерiнiң, ұйымдар басшыларының келісімiмен талдау, сараптау, қорытындылар беру үшiн, сондай-ақ ормандардың пайдаланылуын, өсiрiлуiн, қорғалуы мен сақталуын жақсарту жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуын тексеруге қатыстыру үшiн жекелеген мамандарды тарту;
г) кәсiпорындарға (бiрлестiктерге), мекемелер мен ұйымдарға, олардың қай ведомствоға және аумақтық бағыныштылығына қарамастан, орманда жұмыс жүргiзушi лауазымды адамдар мен азаматтарға ормандарды пайдалануды, өсiрудi, қорғау мен сақтауды жақсарту жөніндегі тиiстi шаралар жүргiзу туралы талаптар қою, оларға орман шаруашылығын жүргiзу, орманды пайдалану, өсiру, қорғау мен сақтау ережелерiн бұзуды жоюды орындау үшiн мiндеттейтiн нұсқау беру;
ғ) орман шаруашылығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру үшiн, орман пайдалану ережелерiн бұзғаны, орман ресурстарын ұтымсыз пайдаланғаны үшiн, сондай-ақ ормандарды (оның iшiнде өртпен) бүлдiргенi және жойғаны үшiн белгiленген тәртiпке сәйкес нақты адамдар мен заңды ұйымдарға (оның iшiнде шетелдiктерге) зиянды өтеуге байланысты айып тарттыру;
д) белгiленген тәртiппен министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың (бiрлестiктердiң), мекемелердiң және ұйымдардың, жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының басшыларына орман заңдарының ережелерi мен нормаларының бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныс енгізу, ал қажет жағдайда айыпты адамдарды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалдарды прокуратураға тапсыру;
е) ормандарды пайдалану, өсiру, қорғау және сақтау ережелерiн бұзған жағдайда бекітілiп берiлген ормандар мен ағаш кесу қорын пайдалану құқын тоқтатып қою, тыйым салу және ұсыныс енгізу;
ж) белгiленген тәртiпке сәйкестелмей берiлген ағаш кесу билеттерiн, орман билеттерiн жою;
з) орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн берiлген жер учаскелерiн пайдалану құқына арналған құжаттарды тексеру, егер осы жерлер игерiлсе немесе өз мақсатында пайдаланылмаса, онда орман қорындағы жұмысты тоқтатып қою құқы берiледi.
11. Мемлекеттік бас орман инспекторларына, олардың орынбасарларына, мемлекеттік аға орман инспекторларына, олардың орынбасарларына ормандардың жай-күйi мен өсiрiлуiне қауiп төндiретiн, Қазақстан Республикасының ормандарындағы орман заңдары, өрт қауiпсiздiгi талаптары мен Санитарлық ережелердi өрескел бұзушылықпен жүзеге асырылып отырған ормандарда жұмыстарды iшiнара немесе толық тоқтатып қою құқы берiледi.
12. Орманға мемлекеттік бақылау органдарының белгiленген тәртiпке сәйкес, ормандардағы орман пайдалану, өсiру, қорғау және сақтау ережелерi ұдайы бұзылған жағдайда, орман пайдаланушыларға орман қорынан уақытша пайдалануға берiлген жерлердi қайтарып алу жөнiнде ұсыныс жасауға құқы бар.
13. Орман шаруашылығы мен орман пайдалануды жүзеге асыратын, орман қоры аумағында объектiлерi бар және орман шаруашылығын жүргiзу мен ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне ықпал ететiн орман пайдалануды жүзеге асыруға қатысы жоқ шараларды өткiзетiн мемлекеттік, кооперативтiк және басқа кәсiпорындардың (бiрлестiктердiң), ұйымдар мен мекемелердiң басшылары мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы лауазымды адамдарға тексерiс жүргiзуге (автомобиль көлiгiмен немесе басқа да көлiк құралдарымен, байланыс құралдарымен) қажеттi жағдайлар жасауға, өндiрiстiк-техникалық құжаттамаларды беруге және аталған бақылауды жүзеге асырушы органдардың құзырына жататын мәселелер бойынша түсiнiктер беруге мiндеттi.
14. Арнаулы объектiлердiң пайдаланылуына берiлген ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне, сақталуына, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды тиiстi министрлiктермен, мемлекеттік комитеттермен және ведомстволармен келісім бойынша орман шаруашылығы басқармасының республикалық органдары белгiленген тәртiппен мемлекеттік бақылау органдары жүзеге асырады.
15. Ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы жүйесiнiң мемлекеттік бақылау органдары мен осыған арнайы өкiлеттiгi бар басқа да органдар өз жүйесiнде орман шаруашылығын және онда басқа жұмыстар жүргiзетiн кәсiпорындары (бiрлестiктерi), мекемелерi мен ұйымдары бар министрлiктердi, мемлекеттік комитеттердi және ведомстволарды орман заңдарының талаптары сақталуын олардың ұдайы бақылап отыру мiндетiнен босатпайды.
16. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы лауазымды адамдар өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және берiлген құқықты дұрыс пайдаланбағаны үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
17. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы лауазымды адамдардың iс-әрекетi белгiленген заңдық тәртiппен шағымдалуы мүмкiн.