Ескерту. Бұл қосымшадағы тiзбеде сәндiк-қолданбалы өнер
туындыларының түрлерi толық қамтылмаған. Тiзбеде көрсетiлмеген бұйымдарды
көркемдiк кеңес әрбiр нақты жағдайда тектес шығармаларға орай бағалайды.
Авторлық сыйақы мөлшерiн белгiлеуге негiзгi өлшем ретiнде өнер
туындысының идеялық кемдiк құны алынады. Осы қосымшада сәндiк-қолданбалы
өнер туындыларын жасағандығы үшiн төленер қаламақының мөлшерi
белгiленген. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Шығармашылық
жұмыс түрлерiн орындағандығы үшiн авторлық сыйақы мөлшерiн белгiлеудiң
тәртібі туралы 1992 ж. 19 наурыздағы № 262 қаулысына сәйкес авторлық
сыйлықтың нақты шамасы авторлық шартта көрсетiледi және ең жоғарғы
мөлшерi шектелмейдi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 9 ақпандағы
№ 142 қаулысымен
Бекiтiлген
Сәндiк-қолданбалы өнер туындылары үлгiлерiн жасағаны және
оларды өнеркәсiпте пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақы ставкаларын
қолдау тәртібі туралы
Нұсқаулық
1. Бұл Нұсқаулықта сәндiк-қолданбалы өнер туындылары үлгiлерiн жасағаны және олардың өнеркәсiпте пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақы төлеудiң тәртібі мен шарттары белгiленедi.
2. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларына мыналар жатады: қоғамдық және жеке тұрмыстық қолданыс мәнi бар, қолтума, шығармашылық жағынан дара жасалынған көркем бұйымдар мен көркем өңдеуден өткен кәделiк заттар (түрлi үй мүлiктерi, жиhаз, мата, киiм, зергерлiк бұйымдар, қыш, хрусталь, фарфор, шыны, кiлем, әртүрлi әшекейлер, ойыншықтар және т.б.). Сәндiк қолданбалы өнер бұйымдарын өнеркәсiпте жаппай және қайталап шығару оларды көбейту болып табылады.
3. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiлерiн жасау және оны өнеркәсiпте пайдалану (көбейту) суретшi-автор мен сол сәндiк-қолданбалы өнер бұйымдары үлгiлерiн (меншiк нысандарына қарамастан өнеркәсiпте пайдаланатын (көбейтетiн) бiрлестiк, кәсiпорын мен ұйым арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырады. Егер суретшi автор (штаттағы суретшi) сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiлерiн пайдаланатын (көбейтетiн) бiрлестiкпен, кәсiпорынмен, ұйыммен еңбек қатынастарында тұратын болса және мұндай үлгiлердi жасау оның қызметтiк мiндетiне енетiн болса, онда жоғарыда айтылған шарт жасалмайды.
4. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын өнеркәсiпте көбейту үшiн авторлық сыйақы олар iс жүзiнде көбейтiлген жағдайда осы қаулыда белгiленген нормаларға сәйкес сәндiк-қолданбалы өнер туындысының паспорты негiзiнде есептеледi.
5. Өнеркәсiпте көбейтуге арналған сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiлерiн:
сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын шығару қызметтiк мiндетiне жататын кәсiпорындар мен ұйымдардың штатындағы суретшiлер;
штатта жоқ суретшiлер - олардың кәсiпорындарымен (ұйымдарымен) жасасқан шарттары бойынша жүзеге асырады.
Өзiнiң қызметтiк мiндетiне сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiсiн жасау кiрмейтiн кәсiпорын қызметкерi оларды жасаған жағдайда, ол штаттан тыс суретшi ретiнде қаралады.
6. Кәсiпорынмен арадағы шарт бойынша сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын жасағаны үшiн авторлық сыйақы олардың келешекте көбейтiлетiн-көбейтiлмейтiнiне қарамастан төленедi.
7. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiлерi өнеркәсiпте пайдаланылғаны (көбейтiлгенi) үшiн авторлық сыйақы осы үлгiлердi көбейтетiн кәсiпорындар (ұйымдар) штаттағы және штаттан тыс суретшiлерге олардың алатын жалақысы мен сыйлығының түрiне қарамастан төлейдi.
8. Кәсiпорындар көбейтуге қабылдап алынған сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын қарап, бекiтуге өкiлеттiгi бар көркемдiк кеңес мақұлдаған және бағасын берген әрбiр сәндiк-қолданбалы өнер туындысына паспорт толтырылады (ол Нұсқаулыққа қоса берiлiп отыр).
9. Паспортты сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiлерiн көбейтетiн кәсiпорын ресiмдейдi.
10. Паспортқа туындының көлемi 13-18 см суретi тiркелуi тиiс. Жекелеген реттерде туындының суретi орнына оның қолдан салынған суретi немесе оның өзiнiң фрагментi тiркелуi мүмкiн.
11. Паспортты 4 дана етiп жасайды: бiреуi - кәсiпорынға, екiншiсi - Қазақстан Республикасының Авторлық және сабақтас хұқықтар жөніндегі мемлекеттік агенттiгiне (ҚазМАСХА), үшiншiсi- көркемдiк кеңестiң хатшысына берiледi, төртiншiсi - автордың өзiнде қалады. Туындыны штаттағы және штаттан тыс авторлар бiрлесiп жасаған жағдайда, оның көбейтiлгенi үшiн сыйақы штаттан тыс суретшiлерге арналған тәртiп бойынша берiледi.
12. Қосар авторлардың қаламақыны өзара бөлiсуi туралы келісім тiкелей паспортта көрсетiлуi мүмкiн.
Паспортқа белгiлi бiр өзгерiс енгiзiлуi қажет болған жағдайда, оларды автормен кәсiпорын өзара жазба түрде ескертiледi де, белгiлi тәртiппен қол қойылып, мөрмен куәландырылады.
Сонымен бiрге паспортқа, егер қажет болса, паспортта көрсетiлген туындының өнеркәсiптiк үлгi ретiнде тiркелмегендiгi туралы кәсiпорынның анықтамалары қосақталады.
Егер сәндiк-қолданбалы өнер туындылары болып танылған үлгiлер Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысында белгiленген тәртiппен өнеркәсiптiк үлгi ретiнде тiркелген болса, оларға паспорт толтырылмайды және олардың көбейгенi үшiн сыйақы төленбейдi.
13. Көркемдiк кеңес сәндiк-қолданбалы өнер туындысының үлгiсiн шығармашылық соны туынды деп танымағанымен, оны өнеркәсiпте көбейтуге рұқсат берген болса, оған паспорт толтырылмайды және оның көбейтiлгенi үшiн авторлық сыйақы төленбейдi.
14. Көркемдiк кеңестiң шешiмi жөнiнде талас-пiкiр туған жағдайда, сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiлерiн бағалауды Қазақстан Республикасы Суретшiлерi одағының көркемдiк-сарап комиссиясы мүдделi министрлiктердiң, мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерiн қатыстыра отырып, жүзеге асырады.
15. Осы қаулыдағы 2 қосымшада көрсетiлген шамадан артық шығарылған туындыларға ақы бiр немесе бiрнеше қайталап көбейтiлген ретiнде төленедi. Туындының көбейтiлуi белгiленген шамадан көбейтiлуi кем болған жағдайда (толық көбейтiлмеуi) сыйақы толық көбейтiлгендегiдей ретпен төленедi.
16. Сәндiк-қолданбалы өнер туындылары үлгiлерiн өнеркәсiпте көбейтуге арналған авторлық сыйақы авторларға бұйымның өзiндiк құны есебiнен төленедi. Авторлық сыйақыға кеткен шығын бұйым құнының есебiне кiредi.
17. Негiзгi авторлық сыйақыны бiр бiрлестiктен, кәсiпорыннан, ұйымнан алған сәндiк-қолданбалы өнер туындысы үлгiсi авторының осы үлгiнi пайдалануға (көбейтуге) ол алғашқы бiрлестiк, кәсiпорын, ұйымдар өнiмнiң белгiленген мөлшерiн шығарып бiтiргенше, егер алғашқы бiрлестiк, кәсiпорын, ұйымдар өнер туындысының үлгiсiн өндiрiске қабылдап алған күннен бастап 12 ай бойы пайдалануға (көбейтуге) кiрiспеген жағдайда, өзге мекемеге беруiне хұқығы жоқ.
18. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын шығаратын кәсiпорындар бұйымдарды шығарғандығы жөнiнде ҚазМАСХА-ға белгiленген тәртiппен мәлiмет беруге мiндеттi.
ҚазМАСХА көбейтiлу жайын ескере отырып, көбейтудi жүзеге асырып жатқан кәсiпорынның меншiктiк нысаны мен қай мекемеге бағынатынына қарамастан, сәндiк-қолданбалы өнер туындысы үлгiлерiнiң өнеркәсiпте көбейтiлгендiгi үшiн авторлық сыйақы төлеудi жүзеге асырады.
Авторлық сыйақы кәсiпорындардың Қазақстан Республикасының Авторлық және сабақтас хұқықтар жөніндегі мемлекеттік агенттiгiне тапсыратын мәлiметтерi бойынша, есептi кезең iшiнде шығарылған бұйымның нақты мөлшерi үшiн, тоқсан сайын, келесi айдың 20-сына дейiн есептелiнедi.
19. Егер бiр кәсiпорында көбейтiлуге қабылданған сәндiк-қолданбалы өнер туындысының үлгiсi кейiн басқа бiр кәсiпорындарда көбейтiлсе, онда олар суретшiге кезектi көбейту үшiн тиесiлi авторлық сыйақы мөлшерiн алғашқы көбейтуге төленген негiзгi авторлық сыйақыны ескере отырып анықтауға мiндеттi.
Бiр кәсiпорын бұл үлгiнi көбейтудi толық тоқтатып, үлгiнi көбейтудi басқа бiр кәсiпорынға тапсырған кезден басқа жағдайларда әртүрлi екi кәсiпорында шығарылған кемшiн таралымдарды қосып есептеуге жол берiлмейдi.
20. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiлерiн өнеркәсiпте пайдаланғаны (көбейткенi) үшiн есептелiнген қосымша авторлық сыйақылар бiрлестiк, кәсiпорын, ұйым төлем тiзiмiне қол қойылғаннан кейiнгi 10 күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі мемлекеттік агенттiгi есебiне аударуы тиiс.
21. Штаттағы суретшi жасаған үлгi - кәсiпорынның, ал штаттан тыс суретшiнiкi - автордың меншiгi болып табылады және ол пайдаланылып болған соң иесiне қайтарылады.
Сәндiк-қолданбалы өнер туындысы үлгiсiнiң авторы, егер ол үлгi қымбат металдан жасалынбаса яки оған асыл тастар орнатылмаса, сондай-ақ қымбатты мехтардан әзiрленбесе, көбейтiлген үлгiнiң бiреуiн өндiрiстiң өзiндiк құнымен сатып алуға құқығы бар.
Сәндiк-қолданбалы өнер туындысының
ПАСПОРТЫ
Туынды үлгiсiнiң суретшi-авторының (қосар автордың)
фамилиясы, аты, әкесiнiң аты-------------------------------------
Штаттағы немесе штаттан тыс суретшi------------------------------
-----------------------------------------------------------------
Суретшi автордың адресi:-----------------------------------------
Туындының түрi және оның шартты атауы----------------------------
-----------------------------------------------------------------
Көбейту нормасы--------------------------------------------------
Туындының үлгiсiн жасағаны үшiн берiлетiн сыйақының мөлшерi
Кәсiпорын бастығы Суретшi автор
----------------------- ------------------------
(Қолы) (Қолы)
Мөр
Көркемдiк кеңестiң аты мен оның тұжырымы-------------------------
-----------------------------------------------------------------
Протокол N-------" " ----------------------- 199 ж.
Паспорт берiлген кәсiпорынның аты--------------------------------
-----------------------------------------------------------------
Кәсiпорынның адресi:---------------------------------------------
-----------------------------------------------------------------
Қосымша: қолтуманың суретi (қолы)
Көркемдiк кеңестiң төрағасы (қолы)
Хатшысы:
Мөр
Паспорттың берiлген күнi:
Паспорт 4 дана болып құрастырылған
1 - кәсiпорын үшiн
2 - ҚазМАСХА үшiн
3 - көркемдiк кеңес үшiн
4 - автор үшiн
13Х18 см мөлшеріндегі қолтума суреттi (фотосурет
сапасы жағынан анық болуы керек)
желiмдейтiн орын