*** - сыйақы мөлшерi отандық туынды авторлары мен сабақтас хұқық
иелерi үшiн белгiленген, шетелдiк авторлар мен сабақтас хұқық иелерi үшiн
уақытша сипатқа ие.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 9 ақпандағы
№ 142 қаулысымен
бекітілген
Әдебиет және өнер туындыларының көпшiлiк алдында орындалғаны
үшiн авторлық сыйақы мөлшерiн қолданудың тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
I. Туындыны көпшiлiк алдында орындағаны үшiн авторлық
сыйақы мөлшерiн қолданудың тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 9 ақпандағы № 142 қаулысының 1 қосымшасында қарастырылған мөлшер бойынша, авторлық сыйақы драмалық, музыкалық, музыкалық-драмалық туындылардың, концерт, цирк және би бағдарламаларының Қазақстан Республикасы аумағында көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн есептелiнедi.
Басқа мемлекеттердiң аумағында көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн есеп айырысқан кезде, авторлық сыйақы Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөніндегі мемлекеттік агенттiгi мен сол мемлекеттердiң авторлық хұқық агенттiктерiмен жасалған шарттарға сәйкес, осы аумақтарда қолданылып жүрген мөлшерлер бойынша есептеледi.
2. Туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақы авторларға төленуге тиiстi реттерде де, сыйақының бiр бөлiгi төленуге жатпайтын реттерде де (мәселен концерт, эстрада немесе цирк бағдарламасы авторлық хұқық бойынша қорғалатын және қорғалмайтын туындылардан құралғанда, авторлар бiрiгiп жазған бiртұтас бөлiнбес дүние ретіндегі пьеса авторларының бiрiнiң хұқығы қорғалып, екiншiсiнiкi заңда белгiленген мерзiмi өткендiктен қорғалмаған жағдайда, т.с.с.) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 9 ақпандағы № 142 қаулысының 1-қосымшасында көрсетiлген толық ставка бойынша есептеледi.
3. Сондай-ақ авторлық хұқықпен қорғалмайтын туындылардан тұратын барлық музыкалық концерттер үшiн де авторлық сыйақы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 9 ақпандағы № 142 қаулысының 1 қосымшасында көрсетiлген ставкалар бойынша есептеледi.
4. Авторлық хұқықпен қорғалмайтын туындылар мен мемлекет иелiгi болып жарияланған туындыларға авторлық сыйақының авторларға төлеуге жатпайтын (тек концерттерде орындалатын музыкалық туындылардан басқа) және авторлық хұқығын мемлекет сатып алған туындылар үшiн есептелген сомалар республика бюджетiнiң кiрiсiне берiледi.
Есептелген авторлық сыйақыынң иесiн табу мүмкiн болмаған жағдайда, ол сома туындының түрiне қарай, Қазақстан Республикасының тиiстi қорларына аударылады.
5. Түгелдей мемлекет игiлiгi болып жарияланған туындылардан, сондай-ақ авторлық хұқығын мемлекет сатып алған туындылардан жасалған концерттер үшiн авторлық сыйақы есептелiнбейдi.
Мұндай концерттерден шығармашылық одақтардың тиiстi қорлары есебiне аудару, жалпы түсiм сомасынан немесе спектакль не концерт үшiн шарт бойынша алынған сомадан Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының Әдебиет, Журналистика, Музыка, Сурет және Сәулет қорлары туралы" 1992 жылғы 8 қазандағы № 843 қаулысына сәйкес жүргiзiледi.
Авторлық хұқығын мемлекет сатып алған драматургиялық және музыкалық-драматургиялық туындыларды, сонымен қатар авторлық хұқықпен қорғалмайтын драматургиялық және музыкалық-драматургиялық туындыларды (пьеса, опера, оперетта, балеттердi) көпшiлiк алдында орындағандығы үшiн сыйақы есептелiнбейдi.
Мемлекет игiлiгi деп жарияланған драматургиялық туындылар (пьеса) үшiн де авторлық сыйақы есептелiнбейдi.
6. Операның, балеттiң немесе опереттаның музыкасы авторлық хұқықпен қорғалатынына немесе қорғалмайтынына қарамастан, бұл туындыға авторлық сыйақы есептеледi, ал либреттосына тек авторлық хұқықпен қорғалатын жағдайда ғана авторлық сыйақы есептеледi.
7. Авторлық сыйақыны есептеген кезде авторлық хұқығы қорғалмайтын туындылардың қатарына мынадар жатқызылуға тиiс:
а) халық шығармашылығының авторы белгiсiз туындылары;
ә) мұрагерлерi жоқ немесе заңмен белгiленген мерзiмi бiткендiктен авторлық хұқығы күшiн жойған марқұм авторлардың туындылары;
б) шет мемлекеттер азаматтарының алғаш Қазақстан Республикасы аумағында жарияланған немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдерге сәйкес қорғалатын шығармалардан басқа туындылары.
8. Концерт, эстрада және цирк бағдарламалары үшiн авторлық сыйақы, ол музыка би алаңдарында механикалық жазба түрiнде ойналғанына, яки артистер орындағанына әрi онда кiру тегiн болғанына қарамастан есептеледi (осы Нұсқаулықтың 30-тармағының "б" тармақшасы).
9. Әдетте, кемi екi актілі туындылар көп актілі драмалық және музыкалық-драмалық туындылар болып саналады. Актiсiнiң саны көрсетiлмеген туынды Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң тұжырымы бойынша көп актілі деп танылуы мүмкiн.
10. Егер сахнадан айтылатын текстiң кемiнде жартысы өлең түрiнде (ұйқаспен, ақ немесе еркiн өлеңмен) болса, туынды өлеңмен жазылған деп танылады.
11. Туындыдағы актiнiң саны мен өлең тексiнiң көлемi туындының көпшiлiк алдында орындалуына рұқсат етiлгенiн куәландыратын данасы бойынша анықталады.
12. Егер спектакльге бiрнеше бiр актілі туындылар енгiзiлсе, сыйақы әрбiр туынды үшiн соған белгiленген ставка бойынша жеке-жеке есептеледi.
Егер спектакльге бiр актілі және көп актілі туындылар енгiзiлсе, сыйақы бiр актілі туынды үшiн - соған белгiленген ставка бойынша, ал көп актілі туынды үшiн сондай туындыларға арнап көзделген ставканың үштен екiсi негiзiнде есептеледi.
Егер бiр актілі туынды концерт бағдарламасында орындалса, бұл туынды үшiн сыйақы соған белгiленген ставка бойынша және тиiстi концерт бағдарламасы үшiн көзделген ставка қоса есептеледi.
Егер спектакльге екi көп актілі туынды енгiзiлсе, сыйақы әр туынды үшiн тиiстi көп актілі туындыларға көзделген ставканың үштен екiсi негiзiнде есептеледi.
Егер көп актілі туынды концерт бағдарламасында орындалса, бұл туынды үшiн сыйақыға белгiленген ставканың үштен екiсi негiзге алынып есептеледi және тиiстi концерт бағдарламасы үшiн көзделген мөлшер қоса есептеледi.
13.Балаларға арналған пьесалар, соның iшiнде қуыршақ театрлары үшiн авторлық сыйақының арнаулы мөлшерлерi аталған пьесалардың қай жерде орындалғанына қарамастан қолданылады.
14. Қазақстан Республикасының драматургтерi жазған туындылар үшiн авторлық сыйақының арнаулы ставкалары оның бiрiншi рет түпнұсқада немесе аудармада қай тiлде жарияланғанына қарамастан, туынды қолтума күйiнде орындалған жағдайда қолданылады.
15. Пьеса-инсценировкаларға бөгде туындылардың, соның iшiнде халық шығармашылығы туындыларының желісі бойынша жазылған пьесалар да жатады.
Халық ертегiлерiнiң сарыны бойынша балаларға арнап жазылған пьесалар қолтума туындыларға теңестiрiледi.
Авторлық хұқықпен қорғалмайтын әдеби ертегiлер желісі бойынша балаларға арнап жазылған пьесалар тек Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң қорытындысы бойынша ғана қолтума туындыларға теңестiрiледi.
Өз туындыларының желісі бойынша жазылған пьесалар, егер инсценировка қосар авторсыз жасалса, қолтума туындыларға теңестiрiледi.
16. Қазақстан Республикасының драматургi жазған пьеса-инсценировка үшiн, 1-қосымшаның 5 және 6 тармақтарының "а" тармақшаларында көзделген авторлық сыйақының мөлшерлерi, инсценировкаланған туындының қай тiлде жазылғанына қарамастан, барлық жағдайда қолданылады.
17. Егер автор туындыны екi немесе бiрнеше тiлде жазып, қай текстiнiң қолтума, ал қайсысының аударма екенiн ескертпесе, онда ол осы тiлдердiң әрқайсысында қолтума болып танылады.
18. Шағын көлемдi шығарма көпшiлiк алдында орындалған кезде аудармашы үшiн белгiленген қаламақы сомасы аралық аудармашы мен соңғы аудармашының екеуiне тепе-тең бөлiнедi.
19. Авторлық хұқығы қорғалатын инсценировка-пьесаның аудармасы үшiн авторлық сыйақы қолтума туындылардың аудармасына арнап белгiленген мөлшер бойынша есептеледi. Мұндай реттерде аударылған туындының авторына есептелген сыйақының сомасы инсценировкаланған туындының авторы мен инсценировка авторына әлгi инсценировка қолтума күйiнде орындалғанда оларға сыйақы қалай төленетiн болса, солай бөлiнедi.
Егер инсценировкаланған туынды авторлық хұқықпен қорғалмайтын болса, инсценировкаланған туынды авторының қаламақысының үлесi қорғалатын туындыда анықталады және сыйақының осы бөлiгiн құрайтын сомасы республика бюджетiне аударылады.
20. Музыкалық-драмалық туындылардың орындалғаны үшiн осы қаулының 1 қосымшасының 9-13 тармақтарында көзделген авторлық сыйақының мөлшерi, сондай-ақ олар концерт түрiнде орындалған реттерде де қолданылады.
21. Егер операның, балеттiң немесе опереттаның либреттосы авторлық хұқығы қорғалатын басқа әдеби туындының негiзiнде жазылса, бұл туындының авторына сыйақы мынадай мөлшерде төленедi:
операның немесе балеттiң орындалғаны үшiн либретто авторына белгiленген сыйақы мөлшерiнiң 1/4 бөлiгi және опереттаның орындалғаны үшiн - 1/3 бөлiгi. Егер либреттоға негiз болған туынды авторлық хұқықпен қорғалмайтын болса, сыйақының бұл туынды авторына тиесiлi үлесi республикалық бюджетке берiледi.
22. Музыкасын шет ел композиторлары жазған либреттолардың варианттары мен оперетталардың музыкалық комедиялар мен мюзиклдердiң жаңа текстемелерi аударламаларға теңестiрiледi (осы қаулыға 1 қосымшаның 13-тармағы).
23. Драмалық спектакльдерге жазылған музыка үшiн төленетiн сыйақы ондағы музыкалық нөмiрлердiң санына, сондай-ақ ол музыканы артистердiң орындағанына немесе оның механикалық жазба түрiнде пайдаланылғанына қарамастан, көп актілі спектакльдерге 1,5 процент, ал бiр актілі туындыларға 0,5 процент мөлшерiнде есептеледi.
24. Егер концерт бағдарламасында эстрадалық туындылармен қатар бiр ғана iрi симфониялық (симфония, оратория, кантата, симфониялық поэма, увертюра, оркестр орындайтын аспаптық концерт және с.с.) не iрi көлемдi камералық туынды (трио, квартет, квинтет, соната) немесе халық аспаптарына арналған көп актілі туындылар немесе хореографиялық концерт бағдарламасы орындалғанның өзiнде авторлық сыйақы сатылған билеттерден түскен жалпы соманың 7 процентi мөлшерiнде есептеледi.
Құрамына симфониялық, вокальдық-симфониялық және шағын көлемдi камералық туындылар, басқа да (әдеби, эстрадалық және басқа) туындылар енетiн құрама концерт бағдарламасы орындалған жағдайлардың бәрiнде авторлық сыйақы жалпы түсiм сомасының 3 процентi мөлшерiнде есептеледi.
Көркемөнерпаздардың күшiмен орындалатын ақылы концерттерге, әдеби және тақырыптық кештерге, жастар кештерiне, тағы с.с. осы мөлшерде сыйақы төленедi.
25. Жаңа жылдық шырша ойын-сауығы, оның iшiнде циркке арналып жазылғандары да эстрада концерттерiнiң қатарына жатқызылады.
Егер жаңа жылдық шырша ойын-сауығы бағдарламасына драмалық немесе музыкалық-драмалық туынды енгiзiлсе, мұндай туынды үшiн авторлық сыйақы осы қаулының 1 қосымшасында драмалық және музыкалық-драмалық туындылар үшiн көзделген мөлшер бойынша және осы Нұсқаулықтың 12-тармағында баяндалған ережелердi сақтай отырып есептеледi.
Егер Жаңа жылдық шырша ойын-сауығына арналған билеттердiң құнына сыйлықтардың құны енгiзiлсе, сыйақыны есептеген кезде билеттердi сатудан түскен жалпы сомадан сыйлықтардың құны шығарылып тасталады.
26. Кiру ақысы бiрдей болған жағдайда концерт пен биден құралған бағдарлама үшiн авторлық сыйақы, эстрада концертіндегідей түскен жалпы соманың 3 процентi мөлшерiнде есептеледi.
27. Көпшiлiк ареналарында (стадиондар, спорт сарайлары, имподромдар, тағы с.с.) өткiзiлетiн спорттық жарыстар мен шебер өнерпаздар өнерiн және жәрмеңкелердi сүйемелдеген музыка үшiн авторлық сыйақы осы қаулының 1 қосымшасының 24-тармағында белгiленген мөлшер бойынша есептеледi. Егер көпшiлiк аренасында эстрадалық, цирк ойын-сауығы мен концерттер, драмалық немесе музыкалық-драмалық туынды орындалса, ол үшiн авторлық сыйақы осы қаулының 1 қосымшасындағы концерттерге, драмалық және музыкалық-драмалық туындыларға, сондай-ақ цирктiк қойылымдарға белгiленген мөлшер бойынша есептеледi.
Ескерту. Көпшiлiк ареналары деп - стадиондар, спорт сарайлары, ипподромдар, 3000-нан астам орны бар ашық және жабық алаңшалар саналады. Көрерменге арналған орын саны белгiсiз алаңшалар (парк және т.б.) егер онда өткен ойынға яки бағдарламаға 3000-нан астам билет сатылған болса, көпшiлiк аренасына теңестiрiледi.
Билет сатпай жәрмеңке өткiзген жағдайда, авторлық сыйақы заңды ұйымдардың қатысқаны үшiн төленген мiндеттi ақысы мен сол жәрмеңкеде жасалған келісімнен түскен сомадан аударылады.
II. Туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық
сыйақыны есептеу мен өндiрiп алу тәртібі
28. Туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақы төлеушiлер қатарына - ойын-сауық бағдарламасының кәсiби өнер иелерiнiң немесе көркемөнерпаздардың күшiмен атқарылуына қарамастан, олардың көпшiлiк алдында орындалуын жүзеге асыратын мынадай ұйымдар жатады: театрлар, концерт және цирк бiрлестiктерi мен ұжымдары, филармониялар, концерт-эстрада бюролары, цирктер, клубтар, мәдениет үйлерi мен сарайлары, офицерлер үйлерi, кафелер, санаторийлер, асханалар, думанханалар, казинолар, парктер, стадиондар, демалыс үйлерi, әуесқой көркемөнерпаздар театрлары, колхоздар, совхоздар, жастар ұйымдары, дискотека өткiзуге арналған орындар, спорт қоғамдары, кiтапханалар, тәжiрибе стансалары, өрт сөндiру қоғамдары, тұтыну қоғамдары, кооперативтiк және қоғамдық ұйымдар мен кәсiпорындар, жолаушы таситын көлiк кәсiпорындары, жеке iс-қызметпен айналысуды атқаратындар, орман өнеркәсiбi шаруашылықтары, тағы с.с.
Авторлық сыйақы төлеуге барлық мемлекеттік, коммерциялық, акционерлік, жалгерлiк, кәсiподақтық, кооперативтiк, жеке меншiктiк және қоғамдық кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер атауы мен меншiк түрiне қарамай мiндеттi, әрi ол бүкiл спектакльдер, концерттер, әдебиеттiк, музыкалық, музыкалық-драмалық, вокалдық, хореографиялық ойын-сауықтар, эстрада және цирктiк бағдарламалар үшiн, сондай-ақ көпшiлiк алдында орындаудың барлық басқа да түрлерi және коммерциялық мақсатпен көрсетiлген бейнефильмдер, магниттiк таспаға немесе бейнетаспаларға жазылған шығармалардың әдеби және музыка туындыларының лазер табағына көбейтiлгенi үшiн өндiртiп алынады.
29. Туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақы оның ақылы яки тегiн өткiзiлгенiне қарамастан, барлық жағдайда есептеледi, ал мына реттерде төленбейдi:
а) көпшiлiк алдында орындау көрермендер үшiн тегiн әрi орындаушыларға немесе орындаушылар ұжымына ешқандай сыйақы төленбей жүзеге асырылғанда;
ә) халық тегiн кiрiп әрi туындыларды көпшiлiк алдында клубтардың, мәдениет үйлерi мен сарайларының, т.с.с. штаттағы жекелеген қызметкерлерi (баяншылар, сауықшылар және басқалар) орындағанда.
30. Туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақы процент есебiмен белгiленген мынадай мөлшерде есептеледi:
а) жалпы түсiм сомасынан - билеттердi сатудан алынған ақша сыйақы төлеушiнiң кассасына түскен реттерде;
ә) кепiлдi төлем сомасынан - сыйақы төлеушi артистердiң ойын-сауығы үшiн кепiлдi төлем тапсырыс берушiмен шарт жасаса отырып, ойын-сауықты басқа ұйымның (тапсырыс берушiнiң) алаңында көрсеткен реттерде. Мұндай жағдайда шарт бойынша кепiлдi төлемнiң сомасы жалпы түсiм сомасына теңестiрiледi;
б) орындаушыларға есептелген сыйақының (жалақының) сомасынан (1,5 процент) сыйақы төлеушi көрермендерден кiру ақысын төлеттiрмейтiн реттерде. Бұл аударымдар аталған кәсiпорындардың шығындарына жатқызылады. Ескерту. Ойын көрсететiн ұжым атынан әрекет жасайтын ұйым тапсырыс берушiмен (алаң иесiмен) жасасқан шарт бойынша спектакль немесе концерт үшiн кепiлдi төлемнiң сомасын есептеген кезде, көрсетiлетiн ойын-сауықтың тiкелей құнымен және соған байланысты шығындармен қатар, авторлық сыйақы мен Әдебиет және Музыка қорларына, Қазақстан Республикасының басқа қорларына жасалатын аударымдарды да ескеруге мiндеттi.
31. Әдеби және музыкалық туындыларды бейнетаспаға, магнит таспасына немесе табағына жазып көбейтуге рұқсаты (патентi) бар және мұндай жазбаларды жалға беретiн жеке кәсiпкерлер Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөніндегі мемлекеттік агенттiгi арқылы патент ақысының таксасы белгiленген сомадан 3 процент мөлшерiнде авторлық сыйақы төлейдi.
32. Барлық кәсiби театрлар, концерттiк ұйымдардың жүйесiне енбейтiн дербес орындаушы ұжымдар және тұрақты цирктер өз репертуарындағы спектакльдердiң, концерттер мен ойын-сауықтардың тұрақты орындардағы сияқты басқа ұйымдарға қарасты алаңдарда да көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн, авторлық сыйақыны, көшпелi театрлар мен қуыршақ театрлары, орындаушы ұжымдар жергiлiктi филармониямен және концерт-эстрада бюроларымен шарт жасасу арқылы ойын-сауық көрсететiнiнен басқа реттерде (мұндай жағдайда сыйақыны ойын-сауық көрсетудi ұйымдастырушы филармониялар мен концерт-эстрада бюролары төлейдi), өздерiнiң базалары тұрған жерде орталықтандырылған тәртiппен төлейдi.
33. Филармониялар мен концерт-эстрада бюролары, кооперативтер өз солистерiнiң, ұжымдарының және бригадаларының күшiмен сондай-ақ басқа ұйымдардың қарамағындағы, бiрақ филармониямен немесе концерт-эстрада бюросымен жасасқан шарттар бойынша өнер көрсететiн көшпелi театрлар мен қуыршақ театрларының, көшпелi цирктердiң, концерт және цирк топтарының,солистердiң, бригадалар мен ансамбльдердiң күшiмен туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақыны өзiнiң тұрған жерiнде орталықтандырылған тәртiппен төлейдi. Егер филармонияның (концерт-эстрада бюросының) ұжымы немесе бригадасы басқа филармониямен (концерт-эстрада бюросымен) жасасқан шарт бойынша ойын көрсетсе, шартқа орай ойын-сауық көрсетушi концерт ұйымы авторлық сыйақыны төлеушi болып табылады.
34. Клубтар, мәдениет үйлерi мен сарайлар, офицерлер үйлерi, парктер, бақтар және с.с. өз алаңдарында өздерiнiң орындаушы кәсiби ұжымдарының, әскери бөлiмдердiң орындаушы ұжымдарының және еңбек келісімдерi бойынша шақырылған орындаушылардың күшiмен көпшiлiк алдында орындалған туындылар үшiн авторлық сыйақы төлейдi.
Егер клубта, мәдениет үйiнде немесе сарайында және с.с. туындылар көркемөнерпаздар ұжымдарының немесе шақырылған кәсiби орындаушы ұжымдардың (театрлардан, дербес орындаушы ұжымдардан, тұрақты цирктерден, сондай-ақ филармониялар мен концерт-эстрада бюроларының бригадаларынан басқа) күшiмен орындалса, авторлық сыйақыны билет сатудан алынған ақша өз кассасына келiп түсетiн ретте клуб, мәдениет үйi немесе сарайы және с.с. төлейдi. Көрермендер тегiн кiргенде авторлық сыйақының қарамағында орындаушы ұжым тұратын ұйым жасасқан шарт бойынша өзi алған кепiлдi ақының сомасынан төлейдi.
35. Филармониямен немесе концерт-эстрада бюросымен жасасқан шарттар бойынша ойын көрсеткеннен басқа реттерде көшпелi цирктер авторлық сыйақыны ойын көрсеткен жерде өздiгiнше төлейдi.
36. Көпшiлiк ареналарында өткiзiлетiн театрландырылған, эстрадалық, цирк ойын-сауықтары мен концерттер үшiн авторлық сыйақыны билет сатудан алынған ақша кассасына түскен ұйым төлейдi.
37. Кiргенi үшiн жеке ақы төлеттiрiлмейтiн алаңдарда (спектакльге дейiн немесе одан кейiн немесе үзiлiстер кезiнде театрлардың фойесiнде, кинотеатрлардың фойесiнде, кафелер мен думанханаларда, парктегi, бақтар мен стадиондардағы және с.с. ашық алаңдарда) көпшiлiк алдында орындалған туындылар үшiн авторлық сыйақы, егер оны алаң әкiмшiлiгi тiкелей орындаушыларға төлейтiн болса, орындаушыларға төленетiн сыйақы сомасынан, немесе алаң әкiмшiлiгi мен орындаушыларды берген ұйым арасында жасалған шартта көрсетiлген сомадан есептеледi. Соңғы ретте авторлық сыйақыны орындаушы ұжымды берген ұйым төлейдi.
38. Авторлық сыйақыны төлеушiлердiң бәрi орындалған туындылардың дәл есебiн жүргiзуге және нақты орындалған туындылардың атауы, олардың авторларының (соның iшiнде музыканың, текс пен аударма авторларының) фамилиялары мен аты-жөнi туралы, сондай-ақ алымның сомасы (ақы алып кiргiзгенде), жасасқан шарттар бойынша кепiлдi төлем сомалары және орындаушыларға есептелген (тегiн кiргiзгенде) сыйақы (жалақы) сомасы туралы мәлiметтердi белгiленген нысан бойынша Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөніндегі мемлекеттік агенттiгiнiң уәкiлдерiне олардың iлкi талап етуi бойынша ұсынуға мiндеттi. Авторлық сыйақы бойынша есеп айырысуға және Әдебиет, Музыка қорларына жасалған аударымдарға байланысты барлық құжаттарды қарап шығу үшiн табыс етуге тиiс. Ойын-сауық көрсететiн кәсiпорындардың басшылары Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөніндегі агенттiгiнiң өкiлiне орын бере отырып, соңғы даярлық жүрiп жатқан және туынды көпшiлiк алдында орындалып жатқан кезде көрермендер залы мен алаңға еркiн әрi кiру хұқығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Мәлiметтердi кезiнде табыс етуге, олардың дұрыстығы мен толымдылығы үшiн төлеушi ұйымның басшысы, сондай-ақ көшпелi орындаушы ұжымдардың басшылары мен әкiмдерi жауап бередi.
39. Жарнамалар мен бағдарламаларда туындылардың атауы, текст, аударма, музыка авторларының фамилиясы, аты-жөнi және актiлер саны өздерiнiң тұрақты топтары орындағанда ғана емес, сонымен қатар бұлардың алаңдарында гастрольдiк және бригадалық орындаушылар ойын-сауық көрсеткен кезде де дәл көрсетiлуiн қатаң қадағалау жауапкершiлiгi ойын-сауық кәсiпорындарының басшыларына жүктеледi.
40. Төлеушiлер авторлық сыйақының төленуге тиiс сомаларының есеп-қисабын ҚазМАСХА уәкiлiнiң тексеруiне табыс етуге мiндеттi, бұдан кейiн үш данадан бiржола ресiмделген есеп айырысу парақтарына төлеушi ұйымның басшылары қолдарын қойып, мөрлерiмен куәландырады. Есеп айырысу парағының бiр данасы төлеушiде қалады, екi данасы ҚазМАСХА-ның уәкiлiне берiледi. Концерт және басқадай құрама бағдарламада орындалған туындылар мен олардың авторлары туралы мәлiметтер шағын рапорт (орындау бағдарламасы) түрiнде табыс етiлген реттерде, оған орындалатын бағдарлама үшiн жауапты адам қол қойып, төлеушiнiң мөрi басылады да, ҚазМАСХА уәкiлiне есеп айырысу парағынан кешiктiрмей бередi.
41. Төлеушi өзi есеп айырысу қағазына қол қойған уақыттан бастап он күн мерзiм iшiнде онда көрсетiлген авторлық сыйақының сомасын Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтары жөніндегі мемлекеттік агенттiгiнiң ағымдағы есепшотына аударуға мiндеттi. Егер ойын-сауық кәсiпорны, кооператив немесе кез-келген басқа ұйым ҚазМАСХА-ның уәкiлiне есеп айырысу парағымен бiрге белгiленген тәртiп бойынша тiркелген концерт бағдарламасын, дискотека бағдарламасын, әрқайсысының кiрiсiн жеке-жеке көрсетiлген фильмдер тiзiмiн яки магнит таспасына, күйтабақшаға, бейнетаспаға, лазер табақшасына жазылған бағдарламаларды бермесе, онда авторлар туындыларын пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақы және шығармашылық одақтардың қорына аударымдар мынадай мөлшерде жасалады (процент есебiмен):
концерт (кезкелген) үшiн 14
бейнефильмдер үшiн 16
туындылардың магнит таспасына,
күйтабақшаға бейнебаспаға жазылғаны үшiн 12
Бұл тәртiп филармониямен, кооперативпен, жеке меншiк кәсiпорынмен немесе басқа ұйыммен шарт жасасқан гастрольдiк ұжымдарға да қатысты, Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөніндегі мемлекеттік агенттiгi (ҚазМАСХА) бұл сомаларды (комиссиялық аударымдарды шығарып тастап) республика бюджетiнiң табысына аударады.
III. Туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн
авторларға авторлық сыйақы төлеудiң тәртібі
42. Туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақы Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөніндегі мемлекеттік агенттiгi арқылы төленедi.
43. Авторлық сыйақы белгiленген тәртiп бойынша орындалуға рұқсат етiлген және авторлары тiркелген туындылардың ғана көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн төленедi.
44. Әртүрлi авторлардың бiрнеше туындыларынан жасалған концерт, цирк және басқа бағдарламалар, үнжазба мен бейнежазба үшiн сыйақыны авторларға бөлiп беруi Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөніндегі мемлекеттік агенттiгi белгiлеген тәртiп бойынша асырады.
45. Егер авторлық хұқықпен қорғалмайтын драмалық немесе музыкалық туындыны (халық шығармашылығы туындыларынан басқасын), мемлекет игiлiгi деп жарияланған туындыны, сондай-ақ авторлық хұқығын мемлекет сатып алған туындыны басқа бiреу қайта өңдесе (қайта жөндесе, толықтырса), қайта өңделген мұндай туындының орындалғаны үшiн авторлық сыйақы, қайта өңдеген авторға Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң туындыны қайта өңдеуге арнайы рұқсаты болғанда ғана және осы Министрлiк белгiлейтiн мөлшерде төленедi.
46. Қосар авторлары жасаған туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақы ол авторларға өздерiнiң келісімi бойынша бөлiп берiледi.