Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетi
орталық аппаратының құрылымы туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 қарашадағы
№ 1263 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетi орталық аппаратының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісілген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 51 адам болып бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетiне төрағаның 2 орынбасарын, сондай-ақ 11 адамнан алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 14 қарашадағы
№ 1263 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Тiл комитетi орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Мемлекеттік тiлдi дамыту басқармасы
Ұлттар тілін дамыту бөлiмi
Ономастика және терминологиялық жұмыс бөлiмi
Қоғамдық ұйымдармен және қазақ диаспорасымен жұмыс бөлiмi
Баспа-ақпарат бөлiмi
Экономика және есеп бөлiмi
Бухгалтерлiк есеп бөлiмi
Кадр саясаты мен арнаулы жұмыстар басқармасы