Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі
орталық аппаратының құрылымы туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің қаулысы 1994 жылғы 9 қараша № 1242
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 81 адам болып бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігіне министрдiң екi орынбасарын, сондай-ақ құрамында 11 адамы бар алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінiң орталық аппараты үшiн қызметтiк 3 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 9 қарашадағы
№ 1242 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық
ақпарат министрлігі орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптау-талдау жұмысы және баспасөзде заңдылықтың сақталуын бақылау Бас басқармасы
Баспа қызметi, маркетинг және кiтап тарту жетекшi басқармасы
Қаржы-экономикалық жетекшi басқармасы
Өндiрiс, полиграфияны ғылыми-техникалық дамыту және сыртқы байланыстар жетекшi басқармасы
Құқықтық реттеу бөлiмi
Кадр бөлiмi
Әкiмшiлiк-шаруашылық басқармасы