Алкогольді өнiмдер өндiру құқына рұқсат беру тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы
21 қазандағы № 1182 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Арақ-шарап бұйымдарын өндiрудi тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1994 жылдың қазанынан алкогольді өнiмдер өндiру құқына рұқсат беру жүйесi енгiзiлсiн.
2. Алкогольді өнiмдер өндiру құқына рұқсат беру тәртібін және ол үшiн төлем алуды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет белгiлейдi деп белгiленсiн.
3. Алкогольді өнiмдер өндiру құқына рұқсат беру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі комитеттiң орталық аппаратының саны 2 адамға көбейтiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған жұмыстарды қаржыландыру көздерiн айқындайтын болсын.
5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі облыс, қала және аудан әкiмдерi осы қаулының орындалуына тиiстi дәрежеде бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 9 айдың нәтижелерi бойынша бюджеттi нақтылау кезiнде 30 млн. теңге сомасында Өскемен қаласында, 50 млн. теңге сомасында Павлодар қаласында спирт өндiрiсi бойынша салынып жатқан қуаттарды аяқтау үшiн және оларды осыған орай 1994 жылдың IҮ тоқсаны мен 1995 жылдың II тоқсанында өндiрiске енгізу үшiн қаржы бөлудi көздесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi