«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
орталықтандырылған (директивтiк) кредиттерiн алу тәртібі туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 22 шiлдедегі 1994 ж. № 826 қаулысы
(2002.22.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге орталықтандырылған (директивтiк) кредиттер берудiң бiрыңғай тәртібін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің орталықтандырылған (директивтiк) кредиттерiн беру тәртібі № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
2. Осы тәртiп 1994 жылдың 20 шiлдесiнен қолданылатын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi 1994 жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде директивтiк кредиттер берудiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге бөлiнген қаржының нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ететiн кредиттiк желi принциптерiне көшетiн болсын.
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Кредит комиссиясының жеке құрамы № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
ҚР Министрлер Кабинетінің 11.08.1994 ж. № 893 қаулысымен 1-қосымша толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 22 шiлдедегi
№ 826 қаулысына
№ 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
орталықтандырылған (директивтiк) кредиттерiн алудың
Тәртібі
Ұлттық банктiң орталықтандырылған (директивтiк) кредиттерiн алудың осы тәртібі меншiк нысанына қарамастан кредиттiк қабiлеттi кәсiпорындардың (ұйымдардың) - басымдық берiлген заемшылардың айналым қаржыларына қысқа мерзiмдi сұраныстарын шұғыл және тиiмдi қанағаттандыруды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен Ұлттық банкінің (бұдан әрi - Ұлттықбанк) арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум ережелерiн жүзеге асыру мақсатында белгiленiп отыр.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қаржы министрлігі кәсiпорындар мен ұйымдардың, орталықтандырылған кредиттердi игере алмағаны жөнiнде, үстiмiздегi айдың 10-на мәлiмдеген фактiлерi бойынша Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі үш күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Кредит комиссиясын қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта бөлiнген орталықтандырылған кредиттерi жоғарыда бекітілген тәртiп бойынша рәсiмделедi.
I. Жалпы ережелер
1. Директивтiк кредиттер мен осы кредиттердiң басты бөлушiсi болып табылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кепiлдiгiмен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Кредит комиссиясы бекiткен басымдық берiлген заемшылардың тiзiмi бойынша Ұлттық банктiң коммерциялық банктер арқылы берiлетiн қысқа мерзiмдi (6 айға дейiн, ауыл шаруашылығы саласы үшiн - 9 айға дейiн кредиттердi айтады. Сауда-делдалдық операцияларына кредиттер берiлмейдi.
2. Директивтiк кредиттер бойынша проценттер Ұлттық банктiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша ай сайын аударылады және кредиттi жабумен бiрге төленедi.
ҚР Үкіметінің 22.10.02 ж. № 1143 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Директивтiк кредиттердiң мерзiмi ұзартылмайды және коммерциялық банктер үшiн Ұлттық банк белгiлеген экономикалық нормативтер есебiне кiрмейдi. Директивтiк кредиттер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жазбаша келісімi бойынша ғана еркiн айналысқа түсуi мүмкiн.
4. Директивтiк кредиттер еңбекке ақы төлеу үшiн пайдаланылмайды.
II. Кәсiпорын-заемшының құжаттарды
рәсiмдеу тәртібі
5. Кезектi айда директивтiк кредит алғысы келетiн кәсiпорын (ұйым) оның алдыңғы айдың 5-iне дейiн салалық министрлiкке (ол болмаған жағдайда - тiкелей Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне):
сұралған кредиттердiң қайтарылатындығын дәлелдеп және қызмет көрсететiн банктi мiндеттi түрде көрсетiп өтiнiш;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес рәсiмделген кепiлдiк мiндеттемесiн;
егер сұралған кредиттiң сомасы 0,4 млн. АҚШ долларының баламынан аз болса, кәсiпорынның балансы мен облыстық әкiмшiлiктiң кепiлдеме хатын жiбередi.
Өтiнiштiң көшiрмесiн кәсiпорын қызмет көрсетушi банкке жiбередi.
6. Өтiнiштi мақұлдаған жағдайда салалық министрлiк (немесе Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі) алдыңғы айдың 15-не дейiнгi мерзiмде бұл жөнiнде кәсiпорынға хабарлайды. Кәсiпорын алдыңғы айдың 25-iне дейiнгi мерзiмде 0,4 млн. АҚШ долларының баламынан асатын директивтiк кредит бойынша Меммүлiкком өкiлдерiнiң қатысуымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне кепiлдеменi қамтамасыз ету тетiгiн өз бетiнше әзiрлейдi.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен кәсiпорын-заемының арасында жасалған кепiлдеме келісімде кәсiпорынның директивтiк кредиттi нысаналы пайдаланатынына жауапкершiлiк белгiленедi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі директивтiк кредиттерге қызмет көрсететiн банктерге шарттық (контрактiлiк) негiзде бiрқатар арнаулы қызметтер жүктеп және жылдық маржа мөлшерiн 3 процентке дейiн белгiлеп, олармен агенттiк келісімдер жасайды.
7. Алған директивтiк кредиттi өз уақытында әрi толық көлемiнде қайтармаған, не директивтiк кредиттi нысанасыз пайдалануға жол берген кәсiпорын - заемшыға Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі банкроттық процедурасын қоса алғанда, қолданылып жүрген заңдармен белгiленген шараларды қолданады.
III. Мемлекеттік басқару органдарының
құжаттарды рәсiмдеу тәртібі
8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi белгiлеген басымдықтар негiзiнде халық шаруашылығының әрбiр саласының (салалық бөлiмшесiнiң) үлес салмағын айқындайды, сосын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi мен Ұлттықбанк арасындағы келісім Хаттамасында қарастырылған директивтiк кредиттердiң кезектi айдағы өсiм лимитiнiң негiзiнде алдыңғы айдың 5 дейiнгi мерзiмде салалық министрлiктерге абсолюттi көлемдердi мәлiмдейдi. Бұдан басқа Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінде лимит ауқымында облыстардың халық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн директивтiк кредиттердiң көлемi және күтпеген жағдайлар үшiн 5 проценттiк резерв көзделедi.
9. Салалық министрлiктер (не Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң тиiстi басқармалары) мәлiмделген абсолюттi көлемдер ауқымында кәсiпорындардан алынған өтiнiштер негiзiнде басым заемшыларды iрiктеудi жүзеге асырып, алдыңғы айдың 15-не дейiнгi мерзiмде кредиттердi пайдаланудың нысаналы бағыты мен қызмет көрсететiн банктердi көрсетiп, Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне олардың тiзбесiн бередi.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қызмет ететiн банкiлердi көрсетiп кезектi айға кәсiпорындардың - басым заемшылардың жиынтық тiзбесiн жасап, қарсы кепiлдеме мәселесiмен жұмыс iстеу үшiн алдыңғы айдың 17-iне дейiн оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тапсырады.
11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі көрсетiлген жиынтық тiзбе және заемшы-кәсiпорындармен жасалған кепiлдеме келісімдер негiзiнде алдыңғы айдың 25-не дейiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Кредит комиссиясына кезектi айға директивтiк кредиттер беру туралы Министрлер Кабинетi шешiмiнiң жобасын ұсынады.
Шешiм жобасында басым заемшылардың тiзбесi, берiлген директивтiк кредиттердiң сомасы, қызмет көрсететiн банктер, кредиттердiң нысаналы бағыты, кредиттердi беру кестесi, оларды өтеу мерзiмдерi мен басқа қажеттi ақпарат көрсетiледi.
12. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Кредит комиссиясы Ұлттық банк өкiлiнiң қатысуымен алдағы айдың 30-на дейiнгi мерзiмде ұсынылған шешiм жобасын қарап, бекiтедi. Сол шешiм негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ұлттық банктiң пайдасына кепiлдiк мiндеттеме бередi және iс жүзiнде берiлген кепiлдiк хаттардың есебiн жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қаржы министрлігі кәсiпорындар мен ұйымдардың, орталықтандырылған кредиттердi игере алмағаны жөнiнде, үстiмiздегi айдың 10-на мәлiмдеген фактiлерi бойынша Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі үш күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Кредит комиссиясына қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта бөлiнген орталықтырылған кредиттерi жоғарыда бекітілген тәртiп бойынша рәсiмделедi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 22 шiлдедегi
№ 826 қаулысына
№ 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
Кредит комиссиясының
Жеке құрамы
Қажыгелдин Ә.М. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары
(комиссия төрағасы)
Аханов С.А. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Бисенов М.С. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
орынбасары
Воложина Е.П. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
Iс Басқармасының қаржы, еңбек және әлеуметтiк
қорғау бөлiмiнiң консультанты
Дербiсов Е.Ж. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Ертiлесова Ж.Д. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
орынбасары
Есенберлин Қ.I. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк
жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы
Кәкенов Н.К. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк
жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасының
орынбасары
Сапарбаев Б.М. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
Iс басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтiк
қорғау бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
Смағұлов К.М. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
Iс басқармасының Жиынтық экономика бөлiмi
меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары
Өтембаев Е.М. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
Iс басқармасының Жиынтық экономика бөлiмiнiң
меңгерушiсi.