Қазақстан Республикасы өнеркәсіп министрлігінің халық тұтынатын тауарлар
жөніндегі департаменті (басқармасы) туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 ж. 11 сәуiрдегі № 367
қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлігінiң Халық тұтынатын тауарлар жөніндегі департаментi (басқармасы) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
(2-тармақ)
2-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нің 1994.06.22. № 703 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі бiр ай мерзiмде аталған Департаменттiң құрылымы мен штат кестесiн әзiрлеп, бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 11 сәуірдегі
№ 367 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлігінiң Халық тұтынатын
тауарлар жөніндегі департаментi (басқармасы) туралы
ЕРЕЖЕ
1. Халық тұтынатын тауарлар жөніндегі департамент (басқарма) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 қазандағы № 1039 қаулысымен құрылған және халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiн дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүргiзу жөнiнде Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі құрамындағы атқарушы өкiмет органы болып табылады.
2. Департамент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, республика Министрлер Кабинетінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмдерiн, сондай-ақ ведомстволық нормативтiк актiлердi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі туралы Ереженi және осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi:
меншiк нысандары мен ведомстволық бағынысына қарамастан мемлекеттік холдинг, акционерлік компаниялардың, бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, басқа да республикалық тауар өндiрушiлердiң халық тұтынатын өндiрiстiк емес тауарлар өндiрiсiн ұлғайтып, олардың сапасы мен ассортиментiн жақсарту жөніндегі iс-әрекетiн үйлестiру;
өндiрiстi дамыту, тауарларды iшкi және сыртқы нарықтарда сату процесiн экономикалық реттеу шараларын талдап жасау;
инвестиция саясатында сыртқы және iшкi нарықтардың конъюктурасын, республиканың ресурстық әлеуетi тиiмдi пайдаланылуын басшылыққа ала отырып, өндiрiстiк емес тауарлар өндiрiсiн дамыту жөніндегі басым бағытты анықтау;
халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiнде ғылыми-техникалық саясатты белгiлеу, мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асыру;
халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiне және олардың өткiзiлуiне, кәсiпорындардың қаржы жағдайына, олардың техникалық деңгейiне талдау жасау.
4. Департамент өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
республиканың өнеркәсiп кешенiнде халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiн дамытудың жедел және ұзақ мерзiмдi болжамдарын әзiрлейдi;
мемлекет мұқтажын қалыптастыруға және оның орындалуын қамтамасыз етуге, халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiн дамытудың экономикалық реттегiштерiн талдап жасауға қатысады;
мемлекеттік холдинг, акционерлік компанияларда, кәсiпорындар мен бiрлестiктерде мемлекет мүдделерiнiң халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiне қатысты бөлiгiнiң сақталуына талдау жасайды және оның бақылануын жүзеге асырады;
халық тұтынатын өндiрiстiк емес тауарларға және оларды өндiруге арналған негiзгi шикiзат түрлерiне квоталарды, лицензияларды, экспорт пен импорт баждарын әзiрлеу мен оларды келісіп алуға қатысады.
5. Департаменттiң:
басқарудың экономикалық әдiстерiнiң ролiн арттыруды қамтамасыз ететiн нұсқамаларды, нұсқауларды және басқа құжаттарды өз құзыры шегiнде шығаруға құқы бар;
Департамент шешiмдерi меншiк нысандарына қарамастан халық тұтынатын тауарларды шығаратын қарамағындағы барлық кәсiпорындарға мiндеттi болып табылады;
халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiн жетiлдiру және олардың сапасы жоғары болуын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеуге;
Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлігінiң алқасы мәжілістерiнде қарау үшiн басқару әдiстерiн жетiлдiру, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат жүргiзу, өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру, кәсiпорындардың өндiрiстiк әлеуетiн нығайту мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге құқы бар.
6. Департаментке басшылық ету Министрдiң орынбасарына жүктеледi, ол Департаменттiң барлық бөлiмдерiнiң алдында тұрған мiндеттердi орындауын қамтамасыз етедi және жұмысына бағыт берiп отырады, бөлiмдердiң құрамын қалыптастырады, Өнеркәсiп министрiне Департамент аппаратының бөлiм бастықтары мен қызметкерлерiне кандидатура ұсынады.