Жарылғыш материалдар өндірісін ұйымдастыру және онымен Қазақстан
Республикасының кәсіпорындарын қамтамасыз ету шаралары туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 ж. 19 қаңтардағы № 78 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі жарылғыш материалдар өндiру және жарылғыш материалдар құрамын дайындау техникасы жөніндегі "Нитрожарылғыш" Ресей акционерлік қоғамымен бiрлесiп әзiрлеген 1993-2000 жылдары Қазақстан Республикасының кәсiпорындарын жарылғыш материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекетаралық кешендi бағдарлама мақұлдансын.
2.
3.
2,3-тармақтар күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.10.24. № 1296 қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі 1994-1998 жылдары Ақтау азот-тук зауыты қайта жаңартуды және жергiлiктi пайдаланылатын жерлерiнде жарылғыш материалдар дайындау үшiн жылына 300 мың тонна түйiршiктелген аммиак селитрасын өндiру жөніндегі қуаттарды iске қосатын болсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Ақтау азот-тук зауытының қайтадан жаңартылатын объектiлерi мен ондағы жұмыс түрлерiн жыл сайын аса маңызды құрылыстардың тiзбесiне енгiзсiн және оны Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорынан қаржыландыруды қарастыратын болсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары