Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Ұлттық валютаны енгізу
жағдайында бағаның өсуiн шектеу жөніндегі төтенше шаралар туралы" 1993
жылғы 12 қарашадағы № 1121 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 28
желтоқсандағы № 1302 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
(Үзiндi)
2. Былай деп белгiленсiн:
1994 жылы халыққа мемлекеттік ресурстардан бөлiнген астықтан өндiрiлетiн нан және нан-тоқаш тағамдары, тары, ұнтақ жарма, пiсiрiлген нан орнына өткiзiлетiн ұн және "Ақ қауырсын" мемлекеттік акционерлік компаниясына, "Асыл" мемлекеттік акционерлік компаниясына, "Живпром" мемлекеттік акционерлік компаниясына, Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясына, сондай-ақ халыққа мемлекеттік ресурстардан босатылатын құрамажем Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген мемлекеттік реттелетiн бағалармен сатылады;
1994 жылдың 5 қаңтарынан меншiктiң барлық нысандарындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер азық-түлiк тауарлары мен кiр сабынды (осы қаулының 2-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген өнiмнен басқасын) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Сауда және жабдықтау-өткізу ұйымдары бойынша сауда үстемелерiнiң мөлшерлерi мен рентабельдiлiктiң шектi деңгейлерi туралы" 1992 жылғы 2 қыркүйектегi № 735 және "Ұлттық валютаны енгізу жағдайында бағаның өсуiн шектеу жөніндегі төтенше шаралар туралы" 1993 жылғы 12 қарашадағы № 1121 қаулыларымен бекітілген рентабельдiлiктiң шектi деңгейлерiн ескере отырып қойылатын еркiн (нарықты) бағалармен өткiзедi. Кәсiпорындарда, ұйымдарда және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде 1994 жылдың 5 қаңтарындағы жағдай бойынша осы тауарлар қалдығын түгендеп, қайта бағалау жүргiзiлсiн және жете бағалаудың сомасы олардың өз айналым қаржысын толықтыруға жiберiледi.
(3-тармақ)
3-тармақтың күшi жойылған - ҚРКМ 19 қазан 1994 ж. № 1171 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi