Қазақстан Республикасындағы ведомстволық бақылау туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 25 маусымдағы № 539 қаулысы
(ҚР Минстрлер Кабинетінiң 15.09.93 ж. № 882 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 931 қаулысына сәйкес 2005 ж. 1 қаңтарынан күшін жояды
Министрлiктер мен ведомстволар жүргiзген тексерiстер мен тексерулердiң тиiмсiздiгiне, экономикаға нарықтық қатынастардың енгiзiлуiне қарай олардың функциялары мен өкiлеттiгiнiң өзгеруiне және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiнiң құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қосымшада келтiрiлген министрлiктер мен ведомстволардан өзге министрлiктердiң, ведомстволар мен басқа да мемлекеттік басқару органдарының бюджеттен бөлiнетiн қаражат есебiнен ұсталатын бақылау-тексеру қызметтерi 1993 жылғы 1 шiлдеден бастап таратылсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған қызметтердi жылдың аяғына дейiн ұстау үшiн көзделген қаражатты қысқартсын.
2. Бюджеттен бөлiнетiн қаражат есебiнен ұсталатын, жаңадан құрылатын мемлекеттік басқару органдары бойынша ведомстволық бақылауды ұйымдастыру орынды болатыны туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiнiң келiсуiмен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзiледi деп белгiленсiн.
3. Кәсiпорындар, ұйымдар, банкiлер, қауымдастықтар, концерндер, холдингтер, кооперативтер мен қоғамдық ұйымдар және басқа шаруашылық органдар ведомстволық бақылауды құру мәселесiн дербес шешедi.
4. Тексерiстер мен тексерулердi жүргiзуде қабаттасу мен қосарлануға жол бермеу мақсатында бақылау-тексеру қызметi бар министрлiктерге, ведомстволар мен басқа да басқару органдарына қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдарды қоса алғанда өздерiнiң тексерiс және тексеру жоспарларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiнiң тиiстi органдарымен келісіп алатын болсын.
5. Осы қаулының 3-тармағында аталған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдарды қоса алғанда тексерiс және тексеру жоспарларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiнiң тиiстi органдарымен келiсу ұсынылсын.
6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi:
республика кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды қамтамасыз етсiн, ведомстволық бақылау жоқ салаға ерекше назар аударсын;
бақылаудың сақталуы орынды болады деп табылған министрлiктердегi, ведомстволар мен басқа да басқару органдарындағы ведомстволық бақылау қызметiне әдiстемелiк басшылық етудi және дүркiн-дүркiн бақылауды жүзеге асырсын;
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен келiсе отырып, Қазақстан Республикасындағы ведомстволық бақылау туралы Ереженiң жобасын 1993 жылғы 15 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 25 маусымдағы
№ 539 қаулысына
Қосымша
ҚР Минстрлер Кабинетінiң 15.09.93 ж. № 882 қаулысымен қосымша толықтырылды
Мемлекеттік бюджеттiң қаржысы есебiнен ұсталатын
бақылау-тексеру қызметтерi сақталатын министрлiктер
мен ведомстволардың
Тiзбесi
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы
мемлекеттік материалдық резевтер Комитеті
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі