81-бап. Аң шаруашылығының мұқтаждары үшiн берiлген
сутоғандарында су пайдалануға шек қою
1. Сирек кездесетiн, бағалы, суда жүзетiн және батпақта өсетiн құстар, ондатр мен басқа да терiсi бағалы аңдар мекендейтiн жерлерде, ұйымдасқан аң шаруашылықтарында, сондай-ақ жануарлар дүниесiн ұдайы өсiру мен қорғау жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органдармен келісім бойынша жергiлiктi атқарушы органдар азаматтардың келуiне, әуесқойлық және кәсiпшiлiк аңшылыққа, жағалау белдеуiне құрылыс салуға және сутоғандарының жай-күйi мен аң шаруашылығын жүргiзудi нашарлататын басқа да әрекеттерге шек қоюы мүмкiн.
2. Сирек кездесетiн, бағалы, суда жүзетiн және батпақта өсетiн құстар, ондатр және басқа да терiсi бағалы аңдар мекендейтiн жерлерде гидромелиорациялық жұмыстарды жүргiзу мен балық аулау, аң шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктердi сутоғандарда культивациялау табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады.
ХIV тарау. Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың сутоғандарын пайдалану
ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 82-бап жаңа редакцияда
82-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандары
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандарына мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи қорықтардың және өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түрлерiнiң сутоғандары жатады.
83-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандарын пайдалану
тәртібі
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарымен белгiленедi.
ҚР 11.05.99 ж. № 381 Заңымен 84-бап алынып тасталды
ХV тарау
Сутоғандарын пайдаланылған ақаба суды төгу үшiн
пайдалануға шек қою
85-бап. Сутоғандарын пайдаланылған ақаба суды
төгу үшiн пайдалануға жол бермеу
Осы Кодекстiң 86-бабында көзделген реттердi қоспағанда сутоғандарын пайдаланылған ақаба суды төгу үшiн пайдалануға тыйым салынады.
86-бап. Пайдаланылған ақаба суды сутоғандарға
төгуге жол берудiң шарттары
1. Пайдаланылған ақаба суды сутоғандарға төгуге оны табиғатты қорғау органдары белгiлеген шектерге дейiн тазартқан жағдайда пайдаланылған жол берiледi.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгіндегі талаптар орындалмаған жағдайда пайдаланылған ақаба суды төгуге табиғатты қорғайтын мемлекеттік органдар тыйым салады.
ХVI тарау
Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн пайдалану
87-бап. Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн пайдалану
Өрт сөндiру мұқтаждары үшiн сутоғандарының кез келгенiнен су алуға жол берiледi.
88-бап. Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн
пайдалану тәртібі
Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
XVII тарау
Су қоймаларын пайдалану
89-бап. Су қоймалары және оларды пайдалану
1. Су қоймалары әртүрлi су пайдаланушылардың су жөніндегі қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жер бетi суының ағысын реттеу мақсатымен жасалады.
2. Су қоймалары осы Кодексте көзделген экологиялық тұрақтылықты сақтауды, халықтың және экономика салаларының мүдделерiн қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн талаптар мен шарттарды сақтаған кезде пайдалануға берiлуi мүмкiн.
90-бап. Су қоймаларын толтыру және жұмысқа
қосу режимi
Су қоймаларындағы су құбыры, су жiберетiн немесе су алатын құрылыстарын пайдаланушы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер су қоймалары ықпал жасайтын аймақтарда тұрған су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерiн ескере отырып су қоймаларын толтыру мен жұмысқа қосудың белгiленген режимiн сақтауға мiндеттi.
91-бап. Су қоймаларын пайдалану тәртібі
1. Су қоймаларын пайдалану тәртібі табиғатты, балық қорларын қорғауды, санитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен және басқа да мүдделi органдармен келісім бойынша су ресурстарын басқаратын мемлекеттік орган бекiткен ережелермен белгiленедi.
2. Су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды су ресурстарын басқаратын мемлекеттік орган жүзеге асырады.
92-бап. Су қоймалары ретiнде пайдаланылатын
көлдердi және басқа сутоғандарын
пайдалану
Осы Кодекстiң 89-91-баптарының ережелерi су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдердi және басқа сутоғандарды пайдалануға да қолданылады.
ХVІІІ тарау
Өзендер мен каналдардағы су деңгейiн көтеретiн және
басқа гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
93-бап. Өзендер мен каналдардағы су деңгейiн
көтеретiн және басқа гидротехникалық
құрылыстарды пайдалану тәртібі
Өзендер мен каналдардағы су деңгейiн көтеретiн және басқа да гидротехникалық құрылыстарды пайдалану осы құрылыстарды жобалаған кезде жасалған нормаларға сәйкес жүргiзiледi.
94-бап. Уақытша салынған гидротехникалық
құрылыстардың көмегiмен жер бетi
суларының ағысын реттеу
Уақытша салынған гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер бетi суларының ағысын су пайдаланушылардың реттеуi осы өзен бассейнiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау ескерiле отырып, табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, санитарлық қадағалау жасайтын мемлекеттік органдармен, жергiлiктi атқарушы органдармен және басқа да мүдделi органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады.
ХIХ тарау
Бiрнеше мемлекеттер аумағында орналасқан
сутоғандар мен шекаралық суды пайдалану
95-бап. Бiрнеше мемлекеттер аумағында
орналасқан сутоғандарын пайдалану
Қазақстан Республикасы мен көршiлес мемлекеттердiң немесе су бассейндерiнiң бiрлiгiмен байланысты мемлекеттердiң аумағында iшiнара орналасқан сутоғандарын пайдалану мүдделi мемлекеттермен жасалған келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
96-бап. Шекаралық суда су пайдалану
Шекаралық суда су пайдалану, су шаруашылық және су қорғау шараларын жүргiзу мен дауларды шешу тәртібі халықаралық шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Үшiншi бөлiм
Суды қорғау және оның зиянды әсерiн болдырмау
ХХ тарау
Жалпы ережелер
97-бап. Суды қорғаудың мiндеттерi
1. Барлық су табиғат жүйелерiнiң экологиялық тұрақтылығын бұзуы, халықтың денсаулығына зиян келтiруi, сондай-ақ балық қорларының азаюына, судың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерiнiң өзгеруi, олардың табиғи толығу, тазару қабiлетiнiң төмендеуi, судың гидрологиялық және гидрогеологиялық режимiнiң бұзылуы салдарынан сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауына және басқа қолайсыз құбылыстарға әкелiп соқтыруы мүмкiн ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғалуға тиiс.
2. Суды қорғау судың ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқылық және басқа шаралар жүйесiн қамтиды.
98-бап. Суды қорғау жөніндегі мiндеттер
Қазақстан Республикасының аумағында қызметi судың жай-күйiне әсер ететiн барлық заңды ұйымдар мен азаматтар суды ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғауды, сондай-ақ судың жай-күйi мен режимiн жақсартуды қамтамасыз ететiн технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық және басқа да шараларды жүргiзуге мiндеттi.
99-бап. Судың зиянды әсерiн болдырмау және жою
жөніндегі шараларды жүзеге асыру
Судың зиянды әсерiн болдырмау және жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiпте жүргiзiледi.
ХХI тарау
Суды ластану мен былғанудан қорғау
100-бап. Судың ластануы мен былғануын анықтайтын
органдар
1. Судың ластануы мен былғануын табиғатты және жер қойнауын қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, денсаулық сақтайтын, гидрометеорологиялық мемлекеттік органдар анықтайды.
2. Физикалық, химиялық немесе биологиялық сипаттағы өзгерістер судың ластануы деп танылады, осылардың салдарынан су коммуналдық, өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылық, балық шаруашылық және басқа мақсаттарға ойдағыдай пайдалану үшiн жарамсыз болып қалады.
3. Суға қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық қалдықтардың енуi судың былғануы деп саналады, осылардың салдарынан су объектiсiнiң гидрологиялық жай-күйi нашарлайды және суды пайдалануға кедергi келтiредi.
101-бап. Суды пайдаланылған ақаба сумен ластанудан қорғау
Суды пайдаланылған ақаба сумен ластанудан қорғау осы Кодекстiң 85-86-баптарында көзделген тәртiпте және шарттарда жүзеге асырылады.
102-бап. Суды май, сүрек ағаш, химия, мұнай және
басқа өнiмдер ысыраптарымен ластану
мен былғанудан қорғау
Су көлiгi құралдарын, құбыр желiлерiн, сутоғандарындағы жүзбелi және басқа құрылыстарды иеленушiлер, ағаш ағызушы ұйымдар, сондай-ақ басқа заңды ұйымдар мен азаматтар май, сүрек ағаш, химия, мұнай және өзге де өнiмдер ысыраптарының салдарынан судың ластануы мен былғануына жол бермеуге мiндеттi.
103-бап. Су жиналатын жердiң бетiн, сутоғандарының мұз
қабыршақтарын және мұздықтарды қорғау
Су жиналатын жердiң бетiн, сутоғандарының мұз қабыршақтарын және мұздықтардың беткi қабатын өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа қалдықтармен, сондай-ақ тыңайтқыштармен, мұнай өнiмдерiмен, шайылып кетуi жер бетіндегі және жер астындағы сулардың сапасын нашарлатуға әкелiп соқтыратын басқа да химиялық улы заттармен ластануы мен былғануына жол берiлмейдi.
104-бап. Суды санитарлық қорғау аймақтары
Халықты ауызсумен және тұрмыстық сумен жабдықтау, оның шипалылық, курорттық және өзге де сауықтыру мұқтаждары үшiн пайдаланылатын суды қорғау мақсатында санитарлық қорғау аймақтары белгiленедi.
Оларды белгiлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
XXII тарау
Суды сарқылудан қорғау
105-бап. Судың сарқылуын анықтау
1. Белгiлi бiр аймақ шегiнде жер бетi су ағысының ең төмен шегiнiң азаюы немесе жер асты су қорларының қысқаруы судың сарқылуы болып табылады.
2. Сутоғанының сарқылуын су ресурстарын басқаратын, геология және жер қойнауын қорғайтын мемлекеттік органдар белгiлейдi.
106-бап. Сутоғандарының қолайлы режимiн сақтау
жөніндегі шаралар
1. Сутоғандарының қолайлы су режимiн сақтау, олардың қайырлануын және шөп басуын, топырақтың су эрозиясын, су хайуанаттары мен құстарының мекендi тiршiлiк жағдайының нашарлауын болдырмау, су ағысының құбылмалылығын азайту мақсатында су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленiп, орман-мелиорациялық, эрозияға қарсы, гидротехникалық және басқа шаралар жүргiзiледi.
2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерi аумағында жер жыртуға, малды тоғытуға және санитарлық өңдеуден өткiзуге, құрылыстар салуға және сутоғандары режимiн нашарлататын шаруашылық қызметтiң басқа да түрлерiне тыйым салынады.
3. Сутоғандарының сарқылуын болдырмау жөніндегі шараларды орындау су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органмен келісім бойынша су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларына сәйкес жүзеге асырылады.
107-бап. Жер асты суын қорғау
1. Жер асты суын жинауға арналған құрылыстарды пайдалану тәртібі оның қорларының сарқылуын болдырмауға тиiс.
2. Газ, мұнай, көмiр және басқа да пайдалы қазбаларды iздестiруге, барлауға және пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргiзген кезде ашылған жер астындағы су шығатын қабаттар олардың ластануын болдырмайтын сенiмдi оқшаулаумен қамтамасыз етiлуге тиiс.
3. Суы өздiгiнен құйылып жатқан скважиналар, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы доғарылған скважиналар реттегiш құрылғыларымен жабдықталуға, тоқтатып қоюға немесе жойылуға жатады.
4. Өнеркәсiптiк пайдаланылған ақаба суды төгуге арналған сiңiргіш скважиналарды бұрғылауға бұл скважиналар ауызсумен және тұрмысты сумен жабдықтау үшiн жарамды немесе пайдаланылып отырған су шығатын қабатты ластаудың көзi болып табылуы мүмкiн реттерде тыйым салынады.
5. Сiңiргiш скважиналарды бұрғылауға бұл скважиналарды бұрғылау ауданында арнайы зерттеулер жүргiзiлгеннен кейiн берiлген табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, геология және жер қойнауын қорғайтын, кен және санитарлық қадағалау жасайтын мемлекеттік органдардың оң қорытындылары болған кезде жол берiледi.
6. Сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер асты сулары түзiлетiн және жатқан жерлерде қатты және сұйық қалдықтар, төгiндiлер жинағыштар құрылысын орнатуға, сондай-ақ жерасты суларын ластау көзi болып табылатын басқа да объектiлердi салуға жол берiлмейдi.
7. Жер асты суларын пайдаланатын кәсiпорындар оларда қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
XXIII тарау
Кiшi-гiрiм өзендердi қорғау
108-бап. Кiшi-гiрiм өзендер
1. Кiшi-гiрiм өзендерге ұзындығы екi жүз километрге дейiнгi өзендер жатады.
2. Су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органның ұсынуы бойынша:
екi және одан да көп облыстар аумағы бойымен ағып өтетiн кiшi-гiрiм өзендер тiзбесiн - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
бiр облыс аумағының шегiнде орналасқан кiшi-гiрiм өзендердiң тiзбесiн - облыстық атқарушы орган бекiтедi.
109-бап. Кiшi-гiрiм өзендердi қорғау
1. Шаруашылық қызметi кiшi-гiрiм өзендердiң жай-күйiне және режимiне әсер ететiн заңды ұйымдар мен азаматтар су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органмен келісілген кiшi-гiрiм өзендердiң сулылығын қалпына келтiру және олардың суының тазалығын сақтау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға тиiс.
2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегіндегі шаруашылық қызметi режимiн, сондай-ақ кiшi-гiрiм өзендердiң ластануын, былғануы мен сарқылуын болдырмау және жою жөніндегі шараларды, өзендердiң қолайлы су режимiн және тиiстi санитарлық жай-күйiн сақтау жөніндегі жұмыстарды су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органның ұсынуы бойынша, ал сел қауiпi бар аудандарда - селден қорғау органдарымен келісім бойынша жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.
Төртiншi бөлiм
Су пайдалануды мемлекеттік есепке алу және жоспарлау
XXIV тарау
Су пайдалануды мемлекеттік есепке алу және жоспарлау
110-бап. Суды мемлекеттік есепке алудың мiндеттерi
1. Суды мемлекеттік есепке алудың мiндетi халықтың, экономика салаларының мұқтаждары және айналымдағы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау үшiн пайдаланылатын судың мөлшерi мен сапасын анықтау болып табылады.
2. Суды мемлекеттік есепке алу:
әлеуметтiк-экономикалық дамудың және республика аумағында өндiргiш күштердi орналастырудың, суды пайдалану мен молықтырудың, сондай-ақ су қорғау шараларын жүргiзудің негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
суды кешендi пайдалану мен қорғаудың, мемлекеттік су кадастрын жүргiзу үшiн су шаруашылық баланстарының схемаларын жасау;
суды пайдаланумен байланысты су шаруашылық, көлiктiк, өнеркәсiптiк және өзге де объектiлер мен құрылыстарды, жобалау;
гидрологиялық жағдайлардың, өзендердiң сулылығы мен су сапасының өзгерістерiн болжау;
су шаруашылық жүйелерiн жедел басқару және олардың жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі шараларды әзiрлеу;
су пайдаланушылар, сондай-ақ басқа да мүдделi ұйымдар мен мекемелер арасындағы өзара қатынастарды реттеу;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мұқтаждар үшiн қажеттi деректер алуды қамтамасыз етуге тиiс.
111-бап. Мемлекеттік су кадастры
1. Мемлекеттік су кадастры судың жай-күйi, оны пайдалану және қорғау туралы деректердiң жиынтығы болып табылады.
2. Мемлекеттік су кадастрына суды сан және сапа көрсеткiштерi бойынша есепке алудың, су пайдалануды тiркеудiң деректерi, сондай-ақ суды пайдалану туралы мәлiметтер кiредi.
112-бап. Су мониторингi
Су мониторингi өзгерістердi дер кезiнде анықтау, оларды бағалау, терiс үрдiстердi болдырмау және жою үшiн судың жай-күйiне аэроғарыштық және жер бетiнде бақылау жасаудың жүйесi болып табылады.
113-бап. Су шаруашылық баланстары
Су шаруашылық баланстары судың бар-жоғын, оның пайдаланылу мүмкiндiгiн бағалау үшiн бассейндер, экономикалық аудандар және тұтас алғанда республика бойынша жасалады.
114-бап. Суды кешендi пайдалану және қорғау
схемалары
1. Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың басты және бассейндiк схемалары халықтың, экономика салаларының су жөніндегі болашақтағы қажеттерiн қанағаттандыру және айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн суды сақтаудың негiзгi су шаруашылық және басқа да шараларын белгiлейдi.
2. Суды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары су ағысын реттеу, оларды үнемдеп жұмсау, пайдаланылған ақаба суды төгудi доғару және сутоғандарының жай-күйiн жақсарту жөнiнде шаралар қолдану арқылы суды мейлiнше тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшiн қызмет етедi.
3. Суды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары табиғатты және жер қойнауын қорғау органдары экологиялық сараптама жүргiзгеннен кейiн белгiленген тәртiпте бекітіледi.
115-бап. Суды мемлекеттік есепке алу және оны
пайдалануды жоспарлау жөніндегі жұмыстарды
қаржыландыру
1. Суды мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік су кадастрын және су мониторингiн жүргiзу, су шаруашылық баланстарын жасау, суды кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын әзiрлеу республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
2. Суды мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік су кадастрын және су мониторингiн жүргiзу, су шаруашылық баланстарын жасау, суды кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын әзiрлеп, бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Бесiншi бөлiм
Су дауларын шешу және су заңдарын бұзғаны
үшiн жауаптылық
XXV тарау
Су дауларын шешу
116-бап. Су даулары
Суды беру, алу, пайдалану және қорғау кезiнде туған даулар су даулары деп танылады.
117-бап. Су дауларын шешетiн органдар
Су дауларын Қазақстан Республикасының соттары шешедi.
118-бап. Су қатынастарымен байланысты
мүлiк дауларын шешу
Су қатынастарымен байланысты мүлiк дауларын Қазақстан Республикасының соттары шешедi.
119-бап. Қазақстан Республикасы мен басқа
мемлекеттер арасындағы су даулары
Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы су даулары халықаралық шарттарда көзделген тәртiпте шешiледi.
XXVI тарау
Су заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
120-бап. Су заңдарын бұзу және ол үшiн
жауаптылық
1. Суға меншiк құқығын бұзатын әрекеттер жасауға кінәлi адамдар, сондай-ақ:
суды өз бетiмен пайдаланған;
лимиттердi бұза отырып су алған;
суды ластаған және былғаған;
сутоғандарын ядролық, химиялық, бактериологиялық, биологиялық немесе жаппай қырып-жоятын қарудың өзге де түрлерiнiң қалдықтарын көму үшiн пайдаланған;
сутоғандарын тазартылмаған және залалсыздандырылмаған ақаба сумен, қалдықтармен ластаған;
су үшiн ақыны уақтылы төлемеген;
кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi судың ластануы мен былғануын немесе оның зиянды әсерiн болдырмайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз iске қосқан;
суға өз бетiмен скважиналарды бұрғылаған және жер асты суларының бас сағаларын салған;
су жиналатын жерлерде топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстарды туғызатын су қорғау режимiн бұзған;
гидротехникалық жұмыстарды өз бетiмен жүргiзген;
су шаруашылық құрылыстары мен құрылғыларын бүлдiрген;
есепке алу мен есеп беру, су кадастры деректерiн бұрмалаған;
су шаруашылық құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану ережелерiн бұзған;
су ресурстарын кешендi пайдалану және табиғатты қорғау мүдделерiне сай реттеп отыруға кедергi жасаған;
су ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жазбаша нұсқауларын орындамаған;
суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ су режимiнiң жай-күйiн жақсартатын гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитарлық және басқа да шараларды жүргiзбеген кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк, әкiмшiлiк, азаматтық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарымен су заңдарын бұзудың басқа да түрлерi үшiн де жауаптылық белгiленуi мүмкiн.
121-бап. Су заңдарын бұзу салдарынан келтiрiлген
зиянды өтеу
Заңды ұйымдар мен азаматтар су заңдарын бұзу салдарынан келтiрiлген зияндарды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте және мөлшерде өтеуге мiндеттi.
122-бап. Өз бетiмен иемденген сутоғандарын қайтару
1. Өз бетiмен иемденген сутоғандар заңсыз пайдаланған уақыт iшiнде су заңдарын бұзу салдарынан келтiрiлген зияндарды өтей отырып өз иелерiне қайтарылып берiледi.
2. Өз бетiмен иемденген сутоғандарды қайтарып беру соттың шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Алтыншы бөлiм
Халықаралық шарттар
ҚР 24.12.96 ж. № 58-I Заңымен 123-бап жаңа редакцияда
123-бап. Су қатынастарын реттеу саласындағы
халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта, суды пайдалану мен қорғаудың осы Кодексте жазылғандардан өзгеше тәртібі белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Су кодексiне
қосымша
Қазақстан Республикасы Су кодексiнде
пайдаланылған арнаулы
терминдер мен анықтамалар
Өзен бассейнi (көлдер, - су айырықтарымен шектелген және су
теңiздер) олардан өзенге (көлге, теңiзге) ағып
баратын жер бетiнiң бiр бөлiгi және
топырақ жыныс қабаты
Бассейндiк - халықтың және экономика салаларының
(бас) схема суға деген болашақтағы қажеттерiн
қанағаттандыру үшiн, сондай-ақ суды
қорғау және ұдайы молайту немесе
оның зиянды әсерiнен қорғау үшiн
жүзеге асыруға тиiстi негiзгi су
шаруашылық және басқа да шараларды
белгiлейтiн жобалау алдындағы құжат
түріндегі өзен (көлдер, теңiздер)
бассейнiнiң су ресурстарын кешендi
пайдалану және қорғау схемасы
Су ресурстары - қарастырылып отырған аумақтың жер
бетi және жер асты суларының
қорлары. Су ресурстары теңiздердiң,
өзендердiң, көлдердiң, батпақтардың,
бөгендердiң, су қоймаларының,
мұздықтардың, каналдар мен магист.
ралдық су жолдарының, жер асты
қатпарларының суларын, топырақ
ылғалын қамтиды.
Су көзi - теңiз, өзен, көл, арналы су қоймасы
немесе бөген, оларға келiп құйылатын
су салалары, жер астындағы сулы
көлбеу қабат
Су жолдары - суды тапсырылған бағытқа жеткізуге
және әкетуге арналған гидротехникалық
құрылыстар
Сутоған - ағын сумен iркiндi судың табиғи
немесе жасанды жолмен жиналуы (өзен,
көл, бөген және т.б.)
Бас саға - сутоғаннан суды су жолдарына алуға
құрылыстары арналған гидротехникалық құрылыстар
Су пайдалану - халықтың және экономика салаларының
мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су
пайдалану
Су тұтыну - сутоғандарын немесе сумен жабдықтау
жүйелерiнен су тұтыну
Су қабылдағыш - бас саға құрылысының сутоғаннан суды
тiкелей қабылдап алуға қызмет ететiн
бөлiгi. Табиғи тұйықталған ойпаң
жерлер, бөгендер, сүзу алқабы, ауыл
шаруашылық алқабы, өзендер, көлдер,
теңiз, тау жыныстары және т.б.
пайдаланылған ақаба суды кәдеге
жарату үшiн су қабылдағыштар қызметiн
атқара алады
Су реттегiш - су шығыны мен деңгейiн реттеуге
құрылғы арналған құрылғы
Су шаруашылық - су шаруашылық жүйесiнiң техникалық
жай-күйiн арттыруға және жұмысын
жақсартуға, табиғи кешендердiң эко.
логиялық тұрақтылығын сақтауға, оның
iшiнде өзендер (көлдер, теңiздер)
бассейндерi ағыстарын қайта бөлу
немесе басқа жаққа бұру арқылы
сақтауға бағытталған шаралар кешенi
Су шаруашылық - су ресурстарын реттеу, пайдалану,
құрылыстары мен ұдайы молайту және қорғау, халықты
құрылғылары және экономика салаларын сумен қам.
тамасыз ету мақсатында, сондай-ақ
судың зиянды әсерiне қарсы күресу
үшiн табиғи ортада және сутоғандарда
жасанды жолмен салынған каналдар, су
қоймалары, су құбырлары, гидротехни.
калық құрылыстар мен құрылғылар
Су шаруашылық - бассейндегi немесе қарастырылып
балансы отырған аумақтағы су ресурстарын
олардың экономика салаларын дамытудың