3. Уәкілетті орган көзделген аймақтардың шегінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін.
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-бап. Музей-қорықтар
Тарихи-мәдени мұра объектілері және мәдени құндылықтар шоғырланған жерлерде музей-қорықтар құрылуы мүмкін, олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салу
1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салынады.
Тарих және мәдениет ескерткішінің жетпіс процентінен астамы бұзылған не оның тарихи-мәдени құндылығы жоғалған, не орнын ауыстыру оның сақталу жағдайын жақсартатын болған жағдайда:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен;
2) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша уәкілетті органның шешімімен уәкілетті органның арнайы комиссиясымен келісе отырып тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде ғана олардың орнын ауыстыруға және өзгертуге жол беріледі.
2. Мұндай шешім алған жеке және заңды тұлғалар ескерткіштің орнын ауыстыруды немесе оларды өзгертуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, ал уәкілетті орган тарих және мәдениет ескерткішін ғылыми зерделеу және тіркеу бойынша жұмыстар жүргізуге міндетті.
3. Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты шығыстар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға немесе оларды өзгертуге шешім алған жеке және заңды тұлғалардың есебінен жүргізіледі.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-бап. Аумақты игеру кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету
1. Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс.
2. Тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұрып, бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
3. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40-бап өзгертілді
40-бап. Археологиялық ескерткіштерде қазба және барлау жұмыстарын жүргізу
Археологиялық ескерткіштерде қазба және барлау жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар болған жағдайда ғана жол беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарына лицензияны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келісім бойынша уәкілетті орган береді.
Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары алған барлық материалдар мен олжалар ғылыми тіркелгеннен және өңделгеннен кейін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі. Оларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге тыйым салынады.
41-бап. 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-тарау. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі
заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік және олардың орындалуын бақылау
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 42-бап өзгертілді
42-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау жөніндегі заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерді қорғау туралы заңдарының бұзылуына кінәлілігі әрекетінен немесе әрекетсіздігінен көрінген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тарих және мәдениет ескерткішіне немесе оның қорғау аймағына зиян келтірген жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткішін немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiруге, ал бұл мүмкін болмаған кезде келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге мiндеттi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 43-бап жаңа редакцияда
43-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылау
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары;
2) уәкілетті орган жүзеге асырады.
9-тарау. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының