Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жоғары әскери-теңіз училищесі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 шілдедегі № 922 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 755 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Жоғары әскери-теңіз училищесі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 314 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Жоғары әскери-теңіз училищесі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 6 шілдедегі
№ 922 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
«Жоғары әскери-теңіз училищесі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Жоғары әскери-теңіз училищесі (бұдан әрі - Әскери-теңіз училищесі) жоғары кәсіптік әскери білімнің білім беру бағдарламасын іске асыратын, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әскери оқу орны болып табылады.
2. Әскери-теңіз училищесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік-құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Әскери-теңіз училищесі мемлекеттік білім беру мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, белгіленген үлгідегі мөртаңбасы мен бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес банктерде шоттары болады.
Әскери-теңіз училищесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
4. Әскери-теңіз училищесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әскери-теңіз училищесі бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
5. Әскери-теңіз училищесінің құрылымын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді.
6. Әскери-теңіз училищесінің заңды мекен-жайы: Ақтау қаласы, № 24 ықшам ауданы.
7. Әскери-теңіз училищесінің толық атауы:
мемлекеттік тілде: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Жоғары әскери-теңіз училищесі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде государственное учреждение "Высшее военно-морское училище" Министерства обороны Республики Казахстан.
8. Әскери-теңіз училищесінің мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы органы (бұдан әрі - Уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып табылады.
9. Әскери-теңіз училищесінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
Әскери-теңіз училищесіне кәсіпкерлік субъектілермен, олардың функциялары болып табылатын міндеттерін орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Әскери-теңіз училищесінің мақсаты, міндеттері
және функциялары
10. Әскери-теңіз училищесінің мақсаты жоғары кәсіптік әскери білімнің білім беру бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады.
11. Әскери-теңіз училищесінің міндеттері ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамның толысуына, дамуы мен кәсіптік қалыптасуына бағытталған курсанттарға жоғары кәсіптік әскери білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Көрсетілген міндеттерге қол жеткізу үшін Әскери-теңіз училищесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жоғары кәсіптік әскери білімнің білім беру бағдарламасын игеру үшін жағдай жасайды;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және дене шынықтыру мүмкіндіктерін дамытады, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастырады, ақыл-парасатты жеке даралықты дамытуға арналған жағдайлар жасау жолымен байытады;
3) азаматтық пен патриоттыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге, конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген құбылыстарға төзбеушілікке тәрбиелейді;
4) республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттерін түсінуді қалыптастырады;
5) әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне; қазақ және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге; мемлекеттік, орыс, шет тілдерін үйретуге баурайды;
6) білікті әскери мамандар даярлайды.
3. Әскери-теңіз училищесінің қызметін ұйымдастыру
12. Әскери-теңіз училищесі:
1) тиісті түрдегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес азаматтарын Әскери-теңіз училищесіне қабылдау тәртібін бекітеді;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқу-тәрбие қызметін жүзеге асырады;
3) оқып-үйренушілерді аралық аттестаттаудың үлгісін, тәртібі мен мерзімділігін өздігінен таңдайды;
4) азаматтарды қабылдау кезінде оны және (немесе) олардың ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін осы ережемен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиямен және қабылдау мен оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәртібін реттейтін басқа да құжаттармен міндетті түрде таныстырады;
13. Әскери-теңіз училищесін басқару Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Әскери-теңіз училищесінде басқарудың алқалық органы көзделеді, ол туралы ережені, оны сайлау тәртібін қоса, білім беру саласының орталық атқарушы органы бекітеді.
14. Уәкілетті орган:
1) Әскери-теңіз училищесіне берілген мүліктердің тиімді пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
2) Әскери-теңіз училищесінің тұрақты және ауыспалы құрамы адамдарының әскери қызмет өткеру тәртібін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15. Әскери-теңіз училищесі қызметкерлерінің штатын жинақтау тәртібі, еңбекақы төлеу жағдайы, олардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес айқындалады.
16. Әскери-теңіз училищесінде тиісті лицензиялары болған жағдайда кәсіптік бастауыш және орта кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырыла алады.
17. Әскери-теңіз училищесіне басшылықты Әскери-теңіз училищесінің бастығы жүзеге асырады.
Әскери-теңіз училищесінің бастығын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Әскери-теңіз училищесі бастығының төрт орынбасары, оның ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бір бірінші орынбасары болады.
Әскери-теңіз училищесінің бастығы:
1) Әскери-теңіз училищесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) барлық ұйымдарда Әскери-теңіз училищесінің мүддесін білдіреді;
3) Әскери-теңіз училищесінің қаржы және шаруашылық қызметіне басшылық жасайды;
4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) Уәкілетті орган тағайындайтындардан басқа Әскери-теңіз училищесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
6) Әскери-теңіз училищесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;
7) өз орынбасарларының және Әскери-теңіз училищесінің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілік шеңберін айқындайды;
8) заңнамамен, осы Ережемен және Уәкілетті орган өзіне жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. Әскери-теңіз училищесінің мүлкі
18. Әскери-теңіз училищесінің жедел басқару құқығындағы негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Әскери-теңіз училищесінің балансында көрсетілетін өзге де мүліктерден тұратын, оқшауландырылған мүлкі болады.
19. Әскери-теңіз училищесінің өздеріне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен оқшаулауға немесе өзге де әдіспен иелік етуге құқылы емес.
5. Әскери-теңіз училищесін қайта ұйымдастыру және тарату
20. Әскери-теңіз училищесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.