Ертіс өзенiнде Павлодар, Семей және Өскемен қалаларында өзен айлақтары бар. Соның iшіндегі ең iрiсi - "Павлодар өзен айлағы" ААҚ (акцияларының мемлекеттік пакетi 90%). Жолаушылар мен жүктердiң тасымалын "Жоғарғы Ертіс пароходствосы" АҚ, "Павлодар өзен айлағы" ААҚ, "Комплекс" ЖШС және басқалар жүзеге асырады.
Ертіс өзеніндегі флоттың саны шамамен 540 бiрлiк. Тек 2000 жылдың өзiнде тасымалданған жүктiң көлемi 263 мың тоннаны құрады, бұл 1999 жылғы тасымалдар көлемiнен екi есе асады. Алдын ала мәлiметтер бойынша 2001 жылы жүк тасымалдарын 500 мың тоннаға дейiн ұлғайту жоспарланып отыр.
Көрсетiлген транзиттiк бағытта кеме қатынасын жаңадан бастау үшiн бiрқатар проблеманы шешу қажет.
Шульба шлюзiнiң құрылысы аяқталмағандықтан Ертіс өзеніндегі кеме қатынасы бұзылды. Ертіс арнасына ережеде көзделген өтемдiк және көктемде табиғат қорғау мақсатында су ағызумен шектелiп отыр. Бұл проблемаларды акциялардың мемлекеттік пакетiн концессияға беру шартының қағидаларын қайта қарау жағдайында ғана шешуге болады.
Екiншi проблемалық мәселе Iле және Қара Ертіс шекарааралық өзендерiнiң транзиттiк мүмкiндiктерiн анағұрлым толық пайдалану туралы Қытай Халық Республикасымен үкiметаралық келісімнiң жоқтығы болып табылады, оның жобасы Қытай тарапына берiлген.
Қазiргi уақытта Орынбор қаласына (Ресей) дейiн кеме қатынай алатын Жайық өзенiнiң транзиттiк мүмкiндiктерi толық көлемде пайдаланылмай отыр. Бұл су көлiгiмен жүктердi тiкелей жөнелту кезiнде қаражаттың едәуiр үнемделуiн қамтамасыз ете отырып, су көлiгiмен жүктердi жөнелту бойынша маршрутты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi.
Жайық өзенiнiң қазақстандық бөлiгiнде екi өзен айлағы - Атырау қаласында "Атырауөзенайлағы" ААҚ және Орал қаласында "Жайықөзенфлоты" ААҚ бар. Қазiргi уақытта Жайық-Каспий арнасында жүргiзiлiп жатқан түп тереңдету жұмыстары көлiктiк жүк кемелерiнiң Каспий теңiзiне тiкелей шығуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Өзеннiң географиялық орналасуы және "Солтүстiк - Оңтүстiк" транзиттiк дәлiзiнiң бағытында қолданылатын айлақтардың болуы да қолайлы жағдай.
Осы бағытты дамытудың проблемалық мәселесi Жайық-Каспий арнасын қайта жаңарту жұмысын аяқтау және бар айлақ базасын қайта жаңартуға қажеттiлiк болып табылады.
3. Көлiкті ақпараттандыру және логистика
қағидаттарын iске асыру
Дүниежүзiлiк сауда технологияларының өзгеруi, тауар ағындарының кең ауқымдануы, тауар алмасу процестерiнiң кешендi ақпараттандырылуы көлiк-бөлу технологияларын логистика қағидаттары негiзiнде түбегейлi өзгерту мәселесiн алға қойып отыр.
Ақпараттандыру деңгейi ұлттық көлiк операторларының бәсекелестiк қабiлетiне және халықаралық көлiк дәлiздерi қазақстандық учаскелерiнiң бәсекелестiк қабiлетiне тiкелей ықпал етедi.
ХХI ғасырдың басынан әлемде көлiкте және тауар қозғалысында жаңа ақпараттық стандарттар қолданысқа енгiзіледi, бұл тасымалдарға сұраныс құрылымы мен көлемiне ықпал етедi, көлiкпен қызмет көрсету сапасы, қозғалысты басқару сапасы, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және т.б. деңгейiн өзгертедi.
Сонымен қатар электронды сауданың дамуы қымбат тауарларды жеткізу мерзiмiн қысқарту және қазiргi заманғы ақпараттық технологиялармен тығыз байланыстырылған жаңа көлiк, қойма, кеден технологияларын ендiру сияқты табиғи мiндеттердi қояды. Атап айтқанда, контейнерлеудiң, мультимодальдық тасымалдау жүйесiнiң, тауар қозғалысын жылдамдататын басқа да көлiк технологияларының маңыздылығы едәуiр өседi.
Мультимодальдық тасымалдар одан әрi дамиды, осы тасымалдар түрiнiң негiзгi элементi экспедиторлық компаниялар мен мультимодальдық көлiк операторлары болып табылады деп айтуға болады.
Халықаралық көлiк дәлiздерiнiң қазақстандық учаскелерiн қалыптастыру сыртқы сауда мультимодальдық тасымалдарының ұлттық операторларын және жүктердi жеткізудiң логистикалық қағидаттарын, олардың тiкелей тарифтiк төлем бәстерi негiздерiнде бүкiл жүрiс бағыты бойынша қозғалысына толық сервис пен бақылауды қамтамасыз ететiн көлiк-экспедиторлық компанияларға мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау жағына салмақты дәлел болып табылады.
Көлiк құралдарының қозғалысын бақылау мен басқаруды жетiлдiру,
электронды (қағазсыз) құжат айналымы жүйесiн ендiру үшiн навигация мен
телематика жүйелерi дамытылатын болады.
Қазақстанның көлiк жүйесiн халықаралық тауар қозғалысына қосу әртүрлi бағытта жүргiзiлуде. Бұл қазақстандық мұнайды Ақтау айлағы арқылы Ресейге, Әзербайжанға және Иранға тасымалдау, халық шаруашылығы тауарларын Орталық Азиядан Ресейге және одан әрi Еуропаға тасымалдау, жүктердi Азия-Тынық мұхит аймағынан Қазақстанның аумағы (Дружба - Алашанькоу өткелi) арқылы Еуропаға тасымалдау және елiмiзге валюта қаражатының едәуiр түсiмiн беруге қабiлеттi басқа да перспективалы жобалар.
Дүниежүзiлiк транзиттiк жүк ағындары - транзиттiк тасымалдарға қатысушылардың барлығы үшiн, сөзсiз, сарқылмас табыс көзi.
4. Көлiк транзитiн дамыту мақсаты мен қағидаттары
Қазақстанның аумағы арқылы көлiк транзитiн дамыту мақсаты қазақстандық сыртқы сауда тасымалдарының тиiмдiлiгiн арттыру және елiмiздiң экономикалық қауiпсiздiгiн нығайтатын халықаралық келісімдер мен уағдаластықтардың негiзiнде олардың жүзеге асырылуына кепілдiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық коммуникацияларға, сондай-ақ үшiншi елдердiң транзиттiк тасымалдарын тарту және осының есебiнен қосымша кiрiс алу болып табылады.
Көлiк транзитiн дамытудың қағидаттары:
Тармақталған көлiк-коммуникация инфрақұрылымы мен логистикалық терминалдар желісі бар халықаралық көлiк дәлiздерiн қалыптастыру көлiктi дүниежүзiлiк көлiк жүйесiне кірудiң негiзi және отандық көлiк инфрақұрылымын дамыту үшiн шетелдiк инвестицияларды тартуға маңызды алғышарт болып табылады. Халықаралық көлiк дәлiздерiнiң қазақстандық учаскелерiн дамыту елiмiздi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың жалпы бағыттарымен өзара байланысты жүзеге асырылуы, капитал салымдарының экономикалық тиiмдiлiгi талаптарына жауап беруi және көлiктiң техникалық деңгейiн едәуiр арттыруды көздеуi, осы салада қолданылатын халықаралық стандарттар мен нормативтердi ескеруi тиiс.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн халықаралық көлiк дәлiздерiне транзиттiк жүк ағындарын тартуға бағытталған нормативтiк-құқықтық базаны және тарифтiк саясатты жетiлдiру.
Қазақстанның транзиттiк көлiк әлеуетiн толығырақ пайдалануға бағытталған сыртқы экономикалық саясатты жүргiзу.
Әртүрлi көлiктердiң арасындағы өзара iс-қимылды оңтайландыру және қайта тиеу операцияларын ұтымды ету арқылы тасымалдардың интермодальдығын дамыту.
5. Көлiк транзитiн дамытудың басымдықтары мен негiзгi бағыттары
1) Халықаралық көлiк дәлiздерiн тиiмдi пайдалану, халықаралық көлiк жүйесiне кiрiгу
Қазақстан экономикасын iргелес елдерге және халықаралық экономикалық орталықтарға шығу үшiн сенiмдi, үздiксiз, қысқа және арзан жолдармен, республиканың экспорттық әлеуетiн толық iске асыруды қамтамасыз ету; экономикалық аймақтық кiрiгу мүмкiндiктерiн толық ауқымды пайдалану; халықаралық көлiк дәлiздерiнiң оңтайлы тәсiмiн қалыптастыру есебiнен республиканың транзиттiк әлеуетiн нығайту.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк және экспорттық-импорттық жүктердiң тасымалын ұйымдастыру үшiн басым бағыттар:
1. Корей түбегi - Қытай - Қазақстан - Ресей - Батыс Еуропа ("Шығыс - Батыс");
2. Еуропа - Түркия - Иран - Орталық Азия - Қытай;
3. Солтүстiк Еуропа - Ресей - Орталық Азия - Парсы шығанағы ("Солтүстiк - Оңтүстiк");
4. Еуропа - Кавказ - Азия (ТРАСЕКА);
5. Ресей - Қазақстан - Орталық Азия.
2) Қазiргi уақыттағы өзектi мәселелердi шешудi негiзге ала отырып, Тұжырымдаманың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
- мемлекеттік транзит саясатын қалыптастыру;
- Қазақстанның аумағы арқылы жүк транзитiнiң көлiк-технологиялық қамтамасыз етiлуiнiң инвестициялық құрастырушысын қалыптастыру;
- аумақтардың көлiк-технологиялық инфрақұрылымын және қоса жүретiн сервис саласын тиiмдi және тепе-тең дамытуды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн халықаралық көлiк дәлiздерiнiң бәсекелестiк қабілетiн арттыру;
- жаңа жобаларды iске асыруға нақты мемлекеттік қолдауды (ұйымдастыру, құқықтық және экономикалық жағынан) қамтамасыз ету;
- мультимодальдық тасымалдардың ұлғаюын ескере отырып, халықаралық көлiк дәлiздерiн кешендi дамыту;
- iргелес елдердiң балама транзиттiк көлiк дәлiздерiнен тәуелдiлiктi кемiту үшiн қажеттi жағдай жасау;
- көлiк инфрақұрылымын дамытудың және тиiмдi жұмыс iстеуiнiң ұйымдастыру, экономикалық, құқықтық және әлеуметтiк жағдайын жасау;
- тиiмдi кадр саясатын жүргiзу (транзиттiк тасымалдарды және қазақстандық көлiк дәліздеріне жүк ағындарын тартуды ұйымдастыруға қатысатын қызмет көрсететiн қызметкерлерге қойылатын талаптарды әзiрлеу, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша жағдай жасау);
- аймақтық және экспорттық-импорттық жүк ағындарын және т.б. ескере отырып, жаңа көлiк қуаттарын салуды және барларын қайта жаңартуды үйлестiру.
Орталықазиялық аймақта көлiк-коммуникациялық қызметтер көрсетудiң сапасын халықаралық стандарттарға жақындату мақсатымен темір жол және автомобиль жолдарын қайта жаңарту мәселесi аса өткiр күйде тұр. Қазақстанда 13,5 мың км темір жолдардың 3,5 мың км ғана электрленген; екi тармақты темір жолдардың ұзақтығы - барлығы 5,5 мың км, диспетчерлiк орталықтандыру және автотоспалармен темір жолдар желісінiң 80% жабдықталған.
Жүк жөнелтушiлердi тарту үшiн темір жолдардың өткізу қабiлетiн ұлғайтудан басқа, бiрқатар іс-шара өткізу қажет: жүктердiң қозғалысын автоматты бақылау жүйесiн, жүктердiң кепiлдi сақталуын, қазiргi заманғы байланыс құралдарын ендiру, поездардың қозғалыс жылдамдығын ұлғайту және сервистiк қызмет көрсету объектiлерін салу, жүк тасымалдарының болжамдарын ұдайы әзiрлеу, бұл едәуiр инвестицияларды қажет етедi.
Таяу арада бұл тұрғыдағы басым мiндеттер:
1) Дөң - Қызылоктябрь кенiшi жаңа темір жол желісін салу;
2) темір жол көлiгiнiң қуаттарын дамыту (Дружба, екiншi кезегi), Ақтоғай - Дружба темір жол желісін (253 км) күшейту;
3) Саяқ - Мойынты учаскесiн (338 км) жетiлдiру;
4) Шар - Өскемен жаңа темір жол желісін (150 км) салу;
5) Жезқазған - Қызылорда темір жол желісін салу және оның Өзбекстанның аумағында салынып жатқан Үшқұдық - Беруни - Нөкiс желісімен түйiсуi, бұл көмiрсутегi шикiзатының бiрегей қорлары және басқа да пайдалы қазбалар бар Қазақстанның Орталық және Батыс аймақтарын игерудi жеделдетуге ықпал етедi. Сонымен қатар бұл Каспий теңiзi айлақтарына және одан әрi транскавказ магистралi арқылы Қара теңiз айлақтарына тiкелей шығуды қамтамасыз етедi.
6) Алматы - Астана, Алматы - Бiшкек, Алматы - Хоргос автомобиль жолдарын қайта жаңарту;
7) Шымкент - Қызылорда - Ырғыз - Ақтөбе және Атырау - Орал - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қостанай облысының шекарасы автожолының жекелеген учаскелерiн салу және қайта жаңарту болуы мүмкiн.
Жаңа трассалар мен қатынас жолдарын пайдалануға енгізу тасымалдардың ұзақтығын және жүк транзитiнiң құнын едәуiр қысқартуға мүмкiндiк бередi, Орталықазиялық аймақтың ішіндегі сауда-экономикалық өзара байланыстарды кеңейтуге ықпал етедi. Бұдан әрi осы жобаларды транзиттiк ағындардың ұлғаюы болжамдарының негiзiнде экономикалық тиiмдiлiгi жағынан тереңiнен кешендi зерттеу қажет болатыны сөзсiз.
Алайда, перспективада 2010 жылға дейiн жүк тасымалдары көлемiн одан әрi ұлғайту инфрақұрылымға инвестицияларды, сондай-ақ транзиттiк жүйенi техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруды қажет етедi. Инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға мүдделi мемлекеттік құрылымдар, жеке меншiк фирмалар, көлiк компаниялары, сондай-ақ iрi жүк жөнелтушiлер ықтимал инвесторлар болуы мүмкiн.
Мiне осылай, Қазақстанның қазiргi әлемдегi рөлi мен орнына iс жүзiнде шешушi ықпал ететiн негiзгi саяси және экономикалық факторлар:
IЖӨ-нiң жылына 5,8% шегiнде тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету қажеттiгi.
Экономикаға инвестициялардың жетiспеушiлiгi. Шетелдiк инвестициялар өте аз келуде және Қазақстанның мұқтаждарына сәйкес келмейдi.
Қазақстаннан капиталдың сыртқа кетуi. Капиталдың жоқ болуы елге шоғырланған инвестициялық саясатты жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi.
Технологиялық салада кейiн қалу.
Теңiз бағыттарынан қазақстандық көлiк жүйесiне тауар ағынының 1% тарту сияқты ауқымды мiндеттi қамтамасыз ету үшiн перспективада көлiк кешенiн түбегейлi жетiлдiру қажет болады. Осындай жетiлдiрудi кезең-кезеңмен жүзеге асыру үшiн қажеттi инвестициялардың бағалық көлемi 4 млрд. АҚШ долларынан асады. Салыстыру үшiн, келтiрейiк, Қытай ұқсас мәселелердi шешуге соңғы сегiз жылда 30 млрд. АҚШ долларынан артық жұмсады, ал Ресей - 50 млрд. АҚШ долларын жоспарлап отыр.
Осы мақсаттарға Қазақстан халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан жылына жарты миллиард АҚШ долларынан артық ала алмайтыны анық. Қалған инвестицияларды Қазақстанның аумағы арқылы жүк транзитiне мүдделi жүк иелерiнен тарту қажет. Қытайдың өзiнде де халықаралық несиелiк ұйымдардың көлiк пен көлiк инфрақұрылымын дамытуға бағытталған қаражаты шамамен ширек бөлiгiн құрайды, қалғаны - тауар тасымалдау көлемiн ұлғайту жолдарын iздеген жүк иелерiнiң тiкелей инвестициялары. Мiне осылай, Қазақстан транзитке салынған инвестициялар есебiнен көлiк жүйесiн қайта жаңартуда қойған өзiнiң iшкі мәселелерiн шешуге мүмкіндік алады.
Осындай ауқымды инвестицияларды тарту үшiн инвестормен концессия және соңғы онжылдықта кеңiнен тараған ВОТ және ВОО - "құрдың-пайдалан-табыс ет" жүйелерi сияқты жұмыс нысандарын заңды бекіту қажет. Өзiн-өзі өтеу мерзiмi ұзақ iрi инфрақұрылымдық жобаларға инвесторларды тарту үшiн Yндiстанда, Малайзияда, Түркияда, Египетте, Непалда осындай тетiк кең таралған. Осы тәсiмге сәйкес инвесторлар мен мемлекет шарт жасасады, осы шарт бойынша инвестор инфрақұрылым объектiсiнiң (айлақ, контейнерлiк терминал, әуежай, көпiр, ақылы жол және т.б.) құрылысын толық аяқтайды және 20-30 жыл бойы объектiнi пайдалануды жүзеге асырады. Осы мерзiм аяқталғаннан кейiн мемлекет келісімге қол қою сәтiнде белгiленетiн өзара тиiмдi баға бойынша инвестордан акциялардың бақылау пакетiн сатып алуға құқылы. Осы жоба бойынша жұмыс iстей отырып, Үндiстан үкіметі 20 млрд. АҚШ долларын, Түркия үкіметі 16 млрд. АҚШ долларын тарта алды. Осы тетiктi пайдалану арқылы бiрқатар елдер параллельдi инвестициялық проблемалардың тұтас кешенiн шешiп алды. Мәселен, Түркия салынған контейнерлiк терминалды шетелге алып шығу мүмкiн еместiгiн ойластырып, капиталдың шығу көзiн көрсетпей инфрақұрылым объектiсiнiң құрылысына бұрын елден шығарылған капиталдарды салуға рұқсат берiп, капиталдарды елге қайтару проблемасын шешiп алды. Құқық қорғау органдары тарапынан ешбiр күш салусыз елге 10 млрд. АҚШ доллары қайтып келдi.
Бiр көлiк саласының немесе бiрнеше сабақтас салалардың проблемасын ғана емес, тұтас алғанда елдiң инфрақұрылымын жетiлдiру проблемасын қарай отырып, мынадай мiндеттердi белгiлеу қажет:
- Голландия, Орталық және Шығыс Еуропа елдерi және т.б. сияқты басқа елдердiң жетiстiктерiн үлгi ретiнде алып, транзиттi тартудың мемлекеттік идеологиясын әзiрлеу. Бұл орайда дүниежүзiлiк сауда құрылымының және оның көлiктiк қамтамасыз етiлуiнiң маңызды өзгеру факторы болып табылатын қарқынды дамып келе жатқан электронды сауда жүйесiн есте сақтау қажет;
- Қазақстанның iшкi мұқтаждарына да қызмет көрсететiнiн ескере отырып, транзиттiк (халықаралық) көлiк дәлiздерiн дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеу;
- инвестициялар тартудың көптеген елдер қолданатын жаңа қазiргi заманғы нысандарын (концессиялар, ВОТ/ВОО) ендiру;
- инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға халықаралық заемдардың қаражатын тарту көлемiн ұлғайту;
- қазақстандық көлiк компанияларына, ықтимал кеме иелерiне, айлақтарға және транзиттiк тасымалдарға қатысатын көлiк инфрақұрылымының басқа да объектiлерiне қатысты ақылға қонымды қолдау шараларын қабылдау;
- транзиттiк тасымалдар саласында, алдымен геосаяси жағдайына қарай қазақстандық транзитке ұмтылатын елдермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- транзиттi дамыту саласында мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың күш-жiгерiне ықпал ету және үйлестiру үшiн белсендi имидж науқанын жүргiзу.
Мiне осылай, транзит Қазақстанның экономикасында үлкен рөл атқара алады. Бұл орайда осы қызмет көрсету түрiн едәуiр ұлғайтуға барлық алғышарттар бар екенi көрiнiп тұр.
Бұл ұлттық ауқымды мәселенiң мемлекеттiң құрылымдық саясаты мен экономикалық стратегиясының өзгеруiмен тiкелей байланысы бар.
Ол Қазақстанның аймақтық масштабтағы рөлi мен орнына түбегейлi түрде ықпал етедi және көлiк кешенiнiң ғана емес, тұтас алғанда Қазақстан экономикасының дамуын ынталандыратын факторлардың бiрi болуына мүмкiндiгi бар.
6. Көлiк транзитiн дамыту проблемаларын шешу жолдары
1. Iргелес мемлекеттермен келісілген транзит саясатын жүргiзу.
2. Халықаралық көлiк дәлiздерi саласындағы нормативтiк құқықтық негiздi халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру жөніндегі жұмыс.
3. Транзит дәлiздерi учаскелерiн жетiлдiру және қайта жаңарту.
4. Көп тарапты халықаралық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту.
5. Ақылға қонымды тарифтiк және инвестициялық саясат жүргізу.
6. Халықаралық көлiк дәлiздерiн қалыптастыруға және инфрақұрылымды, соның iшiнде көлiк қызметтерiн көрсету рыногын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн және көлiк құралдарына қызмет көрсету жүйесiн дамытуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеу және iске асыру.
7. Мультимодальдық тасымалдарды дамыту.
7. Қорытынды
Көлiктi дамытудың бiрiншi кезектi проблемаларын шешу және халықаралық ынтымақтастықтың жедел дамуы жағдайында көлiк түрлерiнiң ұтымды өзара iс-қимылына қол жеткізу үшiн халықаралық сауда жүйесiнде халықаралық тасымалдар қатынасындағы қазiргi заманғы халықаралық ережелердiң талаптарына сәйкес көлiк түрлерi жөнiнде ғылыми негiзделген заңнама қажет.
Дүниежүзiлiк көлiк жүйесiне одан әрi кiрiгу мақсатында Қазақстанның анағұрлым маңызды халықаралық конвенциялар мен келісімдерге қосылуы қажет.
Қазiргi кезеңде Қазақстанда көлiк түрлерiн кешендi дамыту мен олардың өзара iс-қимылын құқықтық және нормативтiк қамтамасыз етудегi аталған проблемаларды шешуде кең халықаралық ынтымақтастық жетекшi рөл атқара алады.
Бүкiл көлiк жүйесiнiң және көлiктiң жекелеген түрлерiнiң ғылыми-техникалық әлеуетiн қалпына келтiру, көлiк жүйесi мiндеттерiн шешу жөніндегі жұмысты үйлестiру қойылған мақсаттарды іске асырудағы құралдардың бiрi болып табылады.
Бұдан басқа, мынадай негiзгi мiндеттердi шешу қажет:
- көлiк ұйымдарының өндiрiстiк-техникалық базасын нығайту және инвестициялық қызметтi жандандырудың және тиiмдi инновациялық саясатты жүргiзудiң негiзiнде инфрақұрылым объектiлерiн дамыту;
- терминалдық шаруашылықты қоса алғанда, көлiк-экспедициялық қызметiн көрсетудi дамыту;
- атқарушы билiктiң аймақтық және республикалық деңгейлерiнде және халықаралық ұйымдарда көлiктiң барлық түрiн жетiлдiру және өзара іс-қимылын үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу.