Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан
Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды
деп тану туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000
жылғы 17 тамыздағы № 1269 қаулысы
(ҚР Yкіметінiң 24.04.02 ж. № 470
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Yкіметінiң 24.04.02 ж. № 470 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды
1. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 13-14, 140-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 2-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 3-күнiнен кешiктiрмей:
Қазақстан Yкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге арналған экономикалық саясаты туралы меморандумды iске асыру жөніндегі iс-шараларды;
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында ?кіметтiң жаңадан тағайындалған мүшелерiнiң ант беру рәсiмiнде сөйлеген сөзiнен туындайтын тапсырмаларын орындау жөніндегі iс-шараларды жеке бөлiп көрсете отырып, Жоспардағы iс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты;
2) тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей:
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асырудың;
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында Үкiметтiң жаңадан тағайындалған мүшелерiнiң ант беру рәсiмiнде сөйлеген сөзiнен туындайтын тапсырмаларын орындаудың барысы туралы талдау анықтамасын";
2) 3-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей:
Қазақстан Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге арналған экономикалық саясаты туралы меморандумды iске асыру жөніндегі iс-шараларды;
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында Үкiметтің жаңадан тағайындалған мүшелерiнің ант беру рәсiмiнде сөйлеген сөзiнен туындайтын тапсырмаларын орындау жөніндегі iс-шараларды жеке бөлiп көрсете отырып, Жоспардағы iс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты;
2) тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асырудың;
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында Үкiметтiң жаңадан тағайындалған мүшелерiнiң ант беру рәсiмiнде сөйлеген сөзiнен туындайтын тапсырмаларын орындаудың барысы туралы жиынтық талдау баяндамасын";
3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспарында:
3-басымдық. Экономикалық өсу тарауында:
3.3-бөлiм. Салық және бюджет саясаты:
мынадай мазмұндағы, реттiк нөмiрi 3.3.1.1.-1.**-жолмен толықтырылсын:
"3.3.1.1.-1.** Салық Қазақстан МКМ, ҚарМ, 2000 ж.
кодексiн Республикасы ЭкМ, тамыз
әзiрлеу Салық министрлiктер
кодексi. мен ведомстволар
нің жобасы
мынадай мазмұндағы, реттiк нөмiрi 3.3.1.43.-1.**-жолмен толықтырылсын:
"3.3.1.43. -1.** Техникалық Қазақстан Техникалық Тоқсан
комитеттiң Республикасы комитет сайын
Меморандумның Yкіметіне (ЭкМ, ҚарМ,
орындалуы ақпарат МКМ, ЭИСМ,
мониторингiн бойынша)
жүзеге асыруы Ұлттық Банк
ЕХҚМ, СЖЛ
(келісім
бойынша)";
5-басымдық. Инфрақұрылым, көлiк және байланыс тарауында:
5. 1-бөлiм. Жұмыс iстеп тұрған көлiктiк-коммуникациялық желiлердi жаңғырту және дамыту:
мынадай мазмұндағы, реттiк нөмiрi 5.1.1.-1.**-жолмен толықтырылсын:
"5.1.1.-1.** "Қазақстан темір Қазақстан ККМ, МБА, 2000 ж.
жолы" РМК-ын Республикасы "Қазақстан шiлде
монополиясыз- Үкіметі темір жолы"
дандыру қаулысының РМК
бағдарламасын жобасы
әзiрлеу ";
мәтiннiң соңындағы сiлтемелер мынадай редакцияда жазылсын:
"* Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында Үкiметтiң жаңадан тағайындалған мүшелерiнiң ант беру рәсiмiнде сөйлеген сөзiнен туындайтын тапсырмаларын орындау жөніндегі iс-шаралар.
** Қазақстан Yкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге арналған экономикалық саясаты туралы меморандумды iске асыру жөніндегі iс-шаралар".
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 17 тамыздағы № 1269
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге арналған экономикалық саясаты туралы меморандумды iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 қаңтардағы № 77 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 2, 30-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында Үкiметтiң жаңадан тағайындалған мүшелерiнiң ант беру рәсiмiнде сөйлеген сөзiнен туындайтын тапсырмаларын орындау жөніндегі iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 ақпандағы № 303 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 сәуірдегі № 591 қаулысының 3) тармақшасы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 944 қаулысының 2) тармақшасы.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 шiлдедегi № 1103 қаулысымен бекiтілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырудың 1 және 2-тармақтары.