ТIЗБЕСI
I. Тау-кен өндiрiстерi мен жұмыстарын қадағалау саласында
1. Жұмыс iстеп тұрған, құрылысы жүргiзiлiп және қайта жаңартылып жатқан ұйымдар, шахталар, шахта құрылысының объектiлерi, карьерлер, разрездер, тұздау кәсiпшiлiктерi, тұз кәсiпшiлiктерi, кен орындары жердiң астындағы және бетіндегі көлiк құрылысы, гидротехникалық және арнаулы құрылғылар құрылысы жөніндегі арнаулы басқармалар мен арнаулы учаскелер, байыту, көмiр байыту, көмiр текшелеу, жұмбаздау, кесектеу, ұсату-iрiктеу, алтын алу фабрикалары, инерттi тозаңдар фабрикасы, электр станциялардың қазандық агрегаттарына көмiр беру цехтары, аталған кәсiпорындардың шикiзаттарын өңдеу жөніндегі мынадай объектiлерi мен жұмыс түрлерi бар заводтар (қондырғылар):
жерасты, ашық және арнаулы тау-кен жұмыстары (толық технологиялық цикл бойынша);
аталған кәсiпорындардағы барлық қосалқы цехтар мен өндiрiстер;
келісім-шарттық аймақтың шегіндегі, технологиялық жабдықтармен бiрыңғай тұтастықты құрайтын және 6 кВ дейiн кернеуi бар қосалқы станциялар мен электр желiлерi, сондай-ақ кернеуi 6 кВ асатын көлiктiк жабдықтарды қуаттандырушы қосалқы станциялар;
көмiр разрездерi мен карьерлерiнiң технологиялық көлiгi және оның жөндеу базасы, келісім-шарттық аумақтық шегіндегі технологиялық темір жолдар мен автомобиль жолдары;
ұйымдардың күшiмен жүргiзiлетiн геологиялық барлау жұмыстары;
баланстағы жер бетіндегі ғимараттардың, құрылыстардың және объектiлердiң өндiрiстiк-технологиялық кешен (келісім-шарттық аймақтың шегiнде);
жыныс үйiндiлерi, қалдық пен шлам сақталатын орындар, пайдалы қазбалар қоймалары, ұйымдардың технологиялық кешенiне енетiн басқа да қоймалар, объектiлер;
мердiгерлiк әдiспен орындалатын жөндеу және баптау жұмыстары;
әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмдерiнiң жағдайы және ұйымдар мен объектiлердегi аварияларды жоюға даярлығы, олардың алдын алу жұмыстарын жүргiзуi, олардың бөлiмшелерiнiң орналасу кестесi дұрыстығының сақталуы бөлiктерiнде тау-кен құтқару жұмыстары.
2. Оларды пайдаланудың қауiпсiздiгi бөлiктерiнде - шаруашылық объектiлерiн орналастыру үшiн пайдаланатын жарамсыз кен орындары мен жерасты табиғи кеңiстiктерi.
3. Тау-кен шахталары жабдықтарын, бақылау және апатқа қарсы қорғаныс, газсыздандыру және көрсетiлген ұйымдардағы басқа да арнаулы жұмыстар аспаптарын монтаждау мен баптау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар.
4. Беретiн жабдықтардың, тетiктерiнiң аппаратураларының және аспаптарының қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуi бөлiктерiнде тау-кен шахталары жабдықтарын, оттегi-тыныс алу аппаратуралары мен аспаптарын дайындаушы заводтар, лабораториялар, жөндеушi ұйымдар.
5. Тау-кен кәсiпорындары үшiн еңбек қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша зерттеу және жобалау жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу, жобалау институттары және жобалау-конструкторлық ұйымдар.
6. Метро құрылысының объектiлерi.
7. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан табиғи тастарды (беттеу, құрылыстық және басқа) өңдеу жөніндегі заводтар мен технологиялық желiлер.
II. Мұнай-газ өндiретiн өнеркәсiптегi, геологиялық
барлаудағы және құбыр желiлерi көлiктерiн
қадағалау саласында
8. Жерасты газ қоймаларында, мұнай шахталарында мұнайды, газды, ыстық және минералды суларды барлау мен пайдалану скважиналарын қоса алғанда (оның iшiнде Қазақстан Республикасының теңiз шельфтерi мен iшкi су айдындарында арналған), бұрғылау жұмыстарын жүргiзуге арналған технологиялық жүйелердiң, жабдықтар мен тетiктердiң барлық түрлерi, геологиялық барлаудың жер астындағы және ашық жұмыстарындағы тау-кен жабдықтарының кешендерi.
9. Мұнай, газ конденсаты және геотермальдық кен орындарын, жер астындағы газ сақталған жерлердi мұнай шахталарын жобалау, салу және әзiрлеу.
10. Мұнай, газ, газдың жер астында сақталу конденсаты, мұнай мен газдың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiкаралық көлiгi объектiлерiн, қабаттық қысымды ұстап, қабаттардың мұнай, газ және конденсат беруiнiң коэффициентiн арттыру жөніндегі жұмыстарды қолдау объектiлерiн техникалық қауiпсiздiк бөлiгiнде пайдалану, сондай-ақ скважиналарды жөндеу, консервациялау және жою.
11. Гелий заводтарын, мұнай мен газды кешендi дайындау қондырғыларын, сепарациялық қондырғыларды, сораптық және компрессорлық станцияларды, резервуарлық парктердi, теңiздер шельфіндегі мұнай-газ өндiру кешендерiн жобалау, салу және пайдалану.
12. Мамандандырылған ұйымдар орындайтын геологиялық барлау жұмыстары.
Мұнай газ және мұнай-газ конденсаты кен орындарындағы (оның iшiнде континенттiк шельфтегi) ыстық және минералды сулар кен орындарындағы, жер асты қоймаларындағы, сақталу орындарындағы, мұнай шахталарындағы, жер астындағы және ашық тау-кен өндiрулердегi тiкелей объектiлерде жүргiзiлетiн жұмыстар бөлiгіндегі далалық және теңiз геофизикалық жұмыстары мен скважиналарды кәсiпшiлiк-геофизикалық зерттеу (ату және жарылыс жұмыстарын жүргiзудi қоса алғанда).
13. Олардың аварияларды жоюға, объектiлердi ашық мұнай және газ фонтандарының және басқа да авариялық жағдайлардың пайда болуының, сондай-ақ олардың жылжуының алдын алу жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге дайындығы бөлiгiнде әскерилендiрiлген фонтанға қарсы және газдан құтқару құрамалары.
14. Арналы мұнай, газ және өнiм құбырларын, компрессорлық және сораптық станцияларды жобалау, салу, пайдалану жөндеу және жою.
15. Мұнай-газ өндiрушi және геологиялық барлау ұйымдарына қызмет көрсететiн (жөндеу, баптау, жабдықтарды құрау, бұрғылау жабдықтарын жарату) мұнара монтаждау кеңселерi мен цехтарының базасы.
16. Мұнай-газ және геологиялық барлау объектiлерiне олардың аумағында болған кезеңдерде қызмет көрсететiн технологиялық көлiк (құбыр желiлерi, цемент тасымалдаушылар, құбыр тасымалдаушылар, цемент араластырғыштар, цемент агрегаттары).
17. Құрылыс-монтаж бiрлестiктерi мен ұйымдарындағы қосалқы өндiрiс цехтары және жабдықтарды сынау мен түзеу және жабдықтарды жөндеу, баптау және сынау жөніндегі базалар, көмекшi өндiрiс цехтары.
18. Мұнай-газ өнеркәсiбi объектiлерi мен геологиялық барлау жұмыстарына арналған жабдықтарды жөндеу және дайындау, босалқы бөлшектер, тау-кен бұрғылау аспаптарын дайындау лабораториялары, өндiрiстiк-техникалық қамтамасыз ету және жинақтау объектiлерi.
19. Тiкелей өндiрiстiк объектiлерде жұмыс жүргiзу кезiнде рудалардағы пайдалы қазбалардың сапасы мен құрамын талдау жөніндегі орталық лабораториялар.
III. Жарылыс жұмыстарын қадағалау саласында
20. Жарылғыш материалдардың есебiн жүргiзу, сақтау және пайдалану ережелерiн сақтау бөлiктерiнде жарылыс жұмыстарына арналған жарылғыш материалдарды қолданатын ұйымдар. Өндiрiстiк жарылғыш материалдардың базистiк, шығыстық және жылжымалы қоймалары.
21. Орналастыру және қауiпсiз пайдалану жөніндегі ережелер нұсқаулықтардың талаптарын сақтау бөлiктерiнде жарылғыш материалдарды дайындау жөніндегі заводтар.
22. Жарылыс жұмыстары кезiнде пайдаланылатын және жарылғыш материалдарды дайындау үшiн қолданылатын жабдықтарды, аспаптарды, машиналарды және тетiктердi ұсынатын дайындаушы заводтар мен жөндеу кәсiпорындары.
23. Жарылғыш материалдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ережелерiн сақтау бөлiктерiнде жарылғыш материалдарды ғылыми-зерттеу, оқу, эксперименталдық және басқа да мақсаттарда пайдаланатын ғылыми-зерттеу институттары мен лабораториялар.
IV. Тау-кен жұмыстарының геологиялық-маркшейдерлiк
қамтамасыз етiлуiн қадағалау саласында
21. Пайдалы қазбалар өндiру жөніндегі жобаланатын, жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, қайта жаңартылған және консервацияланған ұйымдар және геологиялық барлау ұйымдары.
25. Пайдалы қазбалар кен орындарын әзiрлеу және жер қойнауын, оның iшiнде пайдаланылған кен орындары мен табиғи жерасты қабаттарын пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес мақсаттарға пайдалану кезіндегі маркшейдерлiк және геологиялық жұмыстар.
26. Пайдалы қазбаларды өндiру мен қайта өндiру жөніндегі ұйымдардың гидротехникалық ғимараттары (дражды полигондар, қалдық және шлам сақтау орындары).
V. Атом-энергетика өнеркәсiбiн қадағалау саласында
27. Тау-кен, химиялық, металлургия және геологиялық ұйымдар мен өндiрiстерде, атом-энергетика кешенiнде және оларға арналған жабдықтар мен бұйымдарды жобалау және дайындау кезiнде, еңбек қауiпсiздiгiн радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ осы салаларда жұмыстарды жүргiзу кезiнде.
VI. Химиялық, мұнай-химиялық, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн,
тамақ және жеңiл өнеркәсiптердi және басқа да жарылу
және өрт қаупi бар өндiрiстердi қадағалау салаларында
28. Жобаланып, салынып, қайта жаңартылып жатқан және жұмыс iстеп тұрған ұдайы қауiптi өндiрiстер:
мұнай-газ өңдеу және мұнай-химия өнiмдерi;
негiзгi органикалық синтездер;
каучук, шина, резина-техникалық, сланец өңдейтiн өнеркәсiптер мен техникалық көмiртегi;
хлорлы, хлорлы органикалық және органикалық емес өнiмдер;
химиялық талшықтар;
полимерлiк материалдар мен пластмассалар;
синтетикалық бояулар, химикат-қоспалар және басқа да биязы органикалық синтез өнiмдерi;
лак-бояу өнiмдерi, скипидарлар;
кинофотоматериалдар мен химиялық реактивтер;
тұрмыстық химия өнiмдерi;
азот және фосфор өнеркәсiбi;
негiзгi химия мен химиялық қорғау өнiмдерi;
орман-химиялық және целлюлоза-қағаз өнеркәсiбi;
дәрi-дәрмектер, витаминдер, азықтық белоктар және басқа да медициналық және микробиологиялық өнеркәсiп өнiмдерi;
эфир майы, синтетикалық және хош иiстi заттар;
тамақ өнеркәсiбi: ет-сүт, шарап-арақ, ашытқы, сыра ашыту, спирт заводтары, алкогольсыз сусындар өндiрiсi, май, сүзбе қайнату, кондитерлiк фабрикалар, құс фабрикалары, жемiс қоймалары;
жеңiл өнеркәсiп: тоқыма, жүн өңдеу - жiп иiру, кiлем тоқу, терi өңдеу және басқа да өндiрiстер;
жасанды былғары және пленкалық материалдар;
ауаны бөлiп тастау өнiмдерi;
суды электролиздеу әдiсiмен сутегi мен оттегiн алу;
жуу бұйымдары;
басқа да органикалық және органикалық емес өнiмдер мен олардың құрамалары;
сондай-ақ:
мұнай базалары, май құю станциялары;
технологиялық процестерiнде күштi әсер ететiн улы заттарды пайдаланатын өнеркәсiп объектiлерi.
Көрсетiлген өндiрiстер мынадай құрамда кешендi қадағалауға жатады:
технологиялық объектiлер (блоктар, сатылар), қоймалар, төгу-құю станциялары, авария кезiнде жанатын газдар шығуы мүмкiн жағылған жанар газдардың, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтардың көлiк жүйесi;
технологиялық тозаң түзетiн объектiлер (блоктар, сатылар) авария кезiнде аппаратурада, өндiрiстiк үй-жайда және ашық алаңдарда жарылыс қаупi бар қоспалар құрауға қабiлеттi қатты дисперстiк өнiмдердiң көлiк жүйесi;
жарылғыш қасиеттерi бар, сондай-ақ тез бүлiнуге бейiм сұйық фазалы немесе қатқыл өнiмдердi алумен немесе қайта өңдеумен байланысты өндiрiстер мен жекелеген технологиялық объектiлер (блоктар, сатылар);
авария пайда болған кезде адамдардың қазымдануына әкелiп соқтыруға қабiлеттi зиянды заттарды дайындау және қайта өңдеу жөніндегі өндiрiстер, жекелеген технологиялық объектiлер (блоктар, сатылар);
адамдар үнемi көп болатын әкiмшiлiк-қосалқы, тұрғын үй азаматтық мақсаттағы және басқа да объектiлерге жақын орналасқан сұйық хлор (оның iшiнде төгу-құю учаскелерi мен тазартқыш құрылғылардағы және облыстық маңызы бар қалалар мен iрi өнеркәсiп орталықтарындағы су дайындау және су бөлу жүйелеріндегі құю және хлор өлшеу қондырғылары), фосгендi, көгерткiш қышқылды, нитрилакрил қышқылын, басқа да аса қауiптi заттар сақтайтын орындар мен қоймалар;
газ тектес қалдықтарды кәдеге жарату мен жағудың жалпы заводтық және жергiлiктi қондырғылары;
жеке тұрған және цехтың жанындағы сораптық, компрессорлық және тоңазытқыш станциялары;
шикiзат, жартылай өнiмдер және дайын өнiмдер қоймалары;
тазарту құрылыстары, өнеркәсiп канализациялары, айналымды сумен жабдықтау жүйелерi;
технологиялық объектiлердiң құрамына кiретiн және ұйымдардың балансындағы технологиялық құбыр желiлер мен басқа да құрылғылар;
аталған объектiлерге қызмет көрсететiн газдан құтқару қызметтерiнiң бөлiмшелерi, ерiктi газдан құтқару жасақтары.
VII. Металлургия, кокс-химия, машина және приборлар жасау
өндiрiстерiн қадағалау саласында
29. Жобаланып, салынып, қайта жаңартылып жатқан және жұмыс iстеп тұрған ұйымдар, объектiлер, цехтар және бөлiмдер:
темір рудасы шикiзаты (металлургиялық кәсiпорындардың құрамындағы агломерациялау және кесектеу), кокс (көмiр байыту, көмiр дайындау, кокстеу, кокстеудiң химиялық өнiмдерiн қармау және қайта өңдеу), шойын, болат (болат пен темірдi тiкелей алуды қоса алғанда), люнкриттер, модификаторлар және экзотермиялық қоспалар, ферроқорытпалар, ыстық және суық прокаттар, құбырлар, (пiсiрiлген, қапталған, құйылған) метиздер (калибрлiк цехтар), құймалар (өнеркәсiптiң барлық саласында), отқа төзiмдiлер, цемент, әк, кiрпiш, фаянс, фарфор, керамзит өндiрiсi, өндiрiстiк мақсаттағы барлық қосалқы қызметтерiмен бiрге металлургиялық жабдықтарды жөндеу жөніндегі цехтар (өндiрiстер);
өндiрiстiк мақсаттағы барлық қызметтермен бiрге глинозем, алюминий (криолиттi флотациялау мен қайта генерациялауды қоса алғанда), кристалл, кремний, электротермиялық силумин, никель, кобальт, мыс, мырыш, қорғасын, қалайы, керуек титан, бериллий, уран, магний, молибден, сынап, жартылай өткiзгiш материалдар (кремний, германий), қатқыл балқымалар, асыл металдар, күкiрт, ұнтақтар (темір, тантал, никель, бериллий, уран, кобальт, мырыш, титан, цирконий), ыстық және суық прокат күкiрт қышқылы өндiрiстерi;
заводтың және комбинаттың құрамына кiретiн барлық қосалқы цехтар, олардың iшiнде шлам ақтайтын орындар, шлак үйiндiлерi;
заводаралық, цехаралық және цехтық коммуникацияларын қоса алғанда аталған өндiрiстерде пайдаланылатын ауа, сутегi, хлор, аммиак бөлiнетiн өнiмдердi алу, қайта өңдеу, бөлу, сақтау және қолдану;
машина және приборлар жасау заводтары мен ұйымдарының құрамына кiретiн барлық негiзгi қосалқы цехтар.
30. Газ шаруашылығы (газ толтыру және газ-компрессорлық станциялар, домналық, кокстiк, конверторлық, ферроқорытпа, табиғи газдар мен олардың қоспаларының заводаралық, цехаралық және цехтың газ құбырлары), тұтынушы цехтарды газбен жабдықтау (энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру жөніндегі объектiлерден басқалары), аталған барлық өндiрiстердегi газ тазартқыш, тозаң жұтқыш, аспирациялық және жеделдеткiш жүйелер мен қондырғылар.
31. Газдан құтқару қызметтерiнiң бөлiмшелерi, ерiктi газдан құтқару жасақтары.
VIII. Энергетика, қазандықтарды қадағалау және
көтергiш құралдарды қадағалау саласында
32. ТЖМК инспекцияларында тiркелетiн ЖЭО, ГРЭС, СЭС барлық негiзгi және қосалқы ұйымдары мен өндiрiстерi, 0,07 МПа (0,7 кгс/шаршы см) астам қысыммен жұмыс iстейтiн электр тасымалдаушы желiлер, қосалқы станциялар, бу қазандықтары, бу құбыр желiлерi мен түтiктерi, жылыту температурасы 115С астам су жылыту қазандықтары мен ыстық су құбыр желiлерi, көмiр беру объектiлерi, жүк көтеру крандары, лифтiлер, эскалаторлар, фуникулерлер, аспалы жолаушылар және жүк тасымалдайтын канат жолдары және бұл жабдықтарды дайындайтын кәсiпорындар.
33. ТЖМК инспекцияларында тiркелетiн 0,07 МПа (0,7 кгс/шаршы см) астам қысыммен жұмыс iстейтiн бу қазандықтарын, бу құбыр желiлерiн және түтiктерiн, жылыту температурасы 115С астам су жылыту қазандықтары мен ыстық су құбыр желiлерiн, жүк көтеру крандарын, лифтiлердi, эскалаторларды, фуникулерлердi, аспалы жолаушылар және жүк тасымалдайтын канат жолдарды монтаждау, монтаждан бұзу, пайдалану және жөндеу.
34. Жүк көтергiштiгi бiр тоннадан астам құрылыс жүк көтергiштерi.
35. Ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық ұйымдар, қадағалаудағы жабдықтарды дайындаушы заводтар, сынақ станциялары.
36. Темір-бетон бұйымдары заводтары.
IХ. Газ қадағалау саласында
37. Жердiң астындағы және бетіндегі газ желiлерi мен олардағы құрылғыларды, сұйытылған газдың стационарлық топтық баллондық қондырғыларын, газды арналық, қалалық газ құбырлары мен қалалар мен басқа да елдi мекендердегi сұйытылған (пропан-бутан) газ қондырғыларынан (тұрғын үйлер мен коммуналдық объектiлердiң жылжымалы газ пайдалану, қондырғыларын, агрегаттарын және газ жабдықтарын қоспағанда), приборлар мен жабдықтар дайындайтын заводтардан, автомобильдiк газ құю және газ толтыру станцияларынан алатын iшкi газ құбырлары мен өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылығы, коммуналдық ұйымдардың және басқа да объектiлердiң газ жабдықтарын жобалауды олардың құрылысын салуды, iске қосу-баптау жұмыстарын және пайдалануды жүзеге асырушы ұйымдар.
Х. Астық өнiмдерi кәсiпорындарындағы өртену және жарылу
қаупi бар өндiрiстердi қадағалау саласында
38. Құрама жем, ұн, жарма өндiру және олармен технологиялық байланысты үйлердi, ғимараттарды және жабдықтарды жобалау, құрылысын салу. Элеваторлардағы, астық қабылдау кәсiпорындарындағы астық қабылдау, өңдеу және сақтау процесi және осы процестермен технологиялық байланысты үйлер, ғимараттар, жабдықтар.
ХI. Көлiк пен байланысты қадағалау саласында
39. Қауiптi жүктердi темір жол, су, әуе көлiктерiмен тасымалдауды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн ұйымдар, құрылымдық бөлiмшелер және қызметтер және байланыс ұйымдары.
ХII. Бiрнеше салаға ортақ объектiлер
40. Сутегi, көмiр қышқылы және оттегi станциялары.
41. Оқу-курстық комбинаттар.
42. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына сәйкес аса қауiптi объектiлермен байланысты қызметтердi лицензиялау.
XIII. Құрылыс саласында
43. Құрылыс, құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндiру, құрылыс жұмыстарын механизациялау ұйымдары.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 7 шiлдедегi
№ 1068 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі
мемлекеттік комитетiнiң орталық аппараты, аумақтық
органдары мен ведомстволық бағыныстағы
ұйымдары қызметкерлерiнiң жалпы шектi штаттық саны*
ҚР Үкіметінің 1997.30.09. № 1390 қаулысымен қосымша өзгертiлдi
____________________________________________________________________
| Штаттық саны
| (бiрлiк)
|_______________________
Атауы | барлығы |оның iшiнде
| |әскери
| |қызметшiлер
____________________________________________|__________|____________
1. Орталық аппарат (үйлердi күзету және
қызмет көрсету жөніндегі қызметкерлерсiз) 116 28 2. Облыстық басқармалар (инспекцияларды 1287 183
қоса есептегенде) 3. Қалалық басқармалар мен аудандық бөлiмдер 319 50
(инспекцияларды қоса есептегенде)**
4. Республикалық даярлау және оқыту орталығы 33 4
5. Есептеу техникасы телекоммуникациялар,
ақпараттама және жағдайлық талдау жөніндегі
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсiпорны 60
6. Химиялық-радиометрлiк лаборатория 7 1
7. Республикалық жедел құтқару отряды 66 -
8. 28237 әскери бөлiм 930 930
9. 52859 әскери бөлiм 267 267
10. 68303 әскери бөлiм 217 217
11. Республикалық суда құтқару қызметi 12 -
орталығы (суқұтқаруорталығы)
____________________________________________________________________
Жиыны 3314 1680
Ескерту: мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң санын есептемегенде аудандық бөлiмдер тек қана Алматы мен Қарағанды ғана