«Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі
агенттiгi туралы ереженi бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 5 тамыздағы
№ 1216 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын одан әрi жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3377 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етедi:
Ұсынылып отырған:
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі агенттiгi туралы ереже;
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 5 тамыздағы
№ 1216 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
министрлігінiң Гидрометеорология және табиғи орта
мониторингi жөніндегі агенттiгi
(Экобиоресурсминiнiң Гидрометеорология жөніндегі
агенттiгi) туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) гидрометеорология және табиғи орта мониторингi саласындағы мемлекеттік басқарушы орган болып табылады.
Агенттiк гидрометеорология және табиғи орта мониторингi саласындағы мемлекеттік басқаруды дербес жүзеге асырады, мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Экономика салаларының және халықтық ауа райы, климат, нақты гидрометеорологиялық жағдай мен табиғи ортаның жай-күйi және олардағы күтiлетiн өзгерістер мен осы өзгерістердiң себептерi туралы, сондай-ақ табиғи ортаның ластануының жай-күйi туралы ақпаратқа деген қажеттiлiгiн қанағаттандырады. Агенттiк осы саланың одан әрi дамуына жауап бередi, салааралық үйлестiрудi және мемлекеттік басқарудың көмекшi саласына басшылықты жүзеге асырады.
Агенттiктiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылданған шешiмдерi, барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
2. Агенттiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Ереженi басшылыққа алады.
3. Агенттiк пен оның құрылымдық бөлiмшелерiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджетте көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
Агенттiк аппаратын ұстауға кететiн шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Экология және биоресурстар министрлігін ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
4. Агенттiктiң құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтсiн.
5. Агенттiктiң штат санын Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрi белгiлейдi.
6. Агенттiк дербес заңды тұлға болып табылады, оның банктерде шоттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
II. Негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
7. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
республикада гидрометеорология және табиғи орта мониторингi саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу;
мемлекеттік органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, республиканың шаруашылық кешенi ұйымдары мен кәсiпорындарына және басқа да тұтынушыларға гидрометеорологиялық ақпарат және ауа райы, табиғи ортаның жай-күйi туралы деректер беру. Бюджет қаржысы есебiнен республика ұйымдарына тегiн берiлетiн ақпараттардың тiзбесi мен көлемiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi;
гидрометеорологиялық зiлзала құбылыстарының ықтималдығы туралы ескерту;
халықаралық аэронавигацияны және Қазақстан Республикасының iшіндегі авиа тасымалын метеоқамтамасыз ету;
мемлекеттік гидрометеорологиялық жүйелер мен табиғи ортаның жай-күйiн бақылау пункттерiн ұстау және дамыту;
ауа райының метеорологиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамдарын әзiрлеу және жасау;
гидрометеорологиялық құбылыстарды, климаттың өзгеруi, жер бетіндегі радиациялық ахуалды зерделеу;
Гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы жөніндегі республикалық деректер қорын жүргiзу;
басқа ұйымдардың гидрометеорологиялық бақылаулары мен жұмыстарына, сондай-ақ табиғи ортаның ластануын бақылауына, Қазақстан аумағында алған деректерiне мемлекеттік сараптама жүргiзу;
озон қабатын қорғау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестiру, Қазақстан Республикасында озонды ыдыратушы заттарды тұтыну мен өндiрудi реттеу;
гидрометеорология және табиғи орта мониторингi мәселесi жөніндегі заңдардың және заңдық актiлердiң нормативтiк құжаттардың, жобаларын Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігімен келiсе отырып әзiрлеу;
гидрометеорология және табиғи ортаның мониторингi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты белгiленген тәртiппен жүзеге асыру.
8. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
ғылым мен техниканың ең жаңа жетiстiктерiнiң негiзiнде табиғи ортаның жағдайын бақылаудың мемлекеттік жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен оны одан әрi дамытуды қамтамасыз етедi;
атмосфераның, жер бетi суларының, топырақтың, ауыл шаруашылығы дақылдары мен жайылымдардың, жер бетіндегі радиациялық ахуалға жүйелi түрде бақылау жүргiзедi;
табиғи орта мен климаттың жай-күйiне әртүрлi табиғи факторлар мен адамның өндiрiстiк қызметiнiң әсер етуiне талдау жасайды;
төтенше жағдайлар мен зiлзала апаттарына әкеп соғатын зiлзалалық гидрометеорологиялық құбылыстарды болжаудың әдiстерiн жетiлдiредi;
арнайы өкiлеттiк берiлген органдармен бiрлесе отырып, судың сандық және сапалық көрсеткiштерi бойынша және оларды Қазақстан Республикасына арналған бiртұтас жүйе бойынша пайдаланудың мемлекеттік есебiн, сондай-ақ шарттық негiзде Мемлекеттік су кадастрын бiрлесiп жүргiзудi жүзеге асырады;
шаруашылық шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасының ұйымдарын гидрометео жабдықтайды, жобалау-iздестiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық, техникалық жұмыстарды, экологиялық аудит жөніндегі жұмыстарды жүргiзедi, сондай-ақ гидрометеорологиялық процестер мен құбылыстарға белсендi әсер ету жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының шаруашылық кешенi салаларына гидрометеорологиялық қызмет көрсету жоспарларын әзiрлейдi және олардың орындалуын қамтамасыз етедi, гидрометеорологиялық сараптамалардың есебi бойынша құрылыстық жобалауға арналған нормалар мен ережелердi әзiрлейдi және бекiтедi, гидрометеорологиялық өлшеулер мен табиғи ортаның жайын бақылауға арналған аспаптар мен жабдықтардың номенклатурасын айқындайды, осы аспаптар мен жабдықтарға техникалық талаптарды әзiрлейдi;
табиғи ортаның жай-күйiн бақылаудың мемлекеттік жүйесіндегі өлшемдер нәтижелерiнiң бiрлiгi мен салыстырмалылығын, Агенттiктiң кәсiпорындарының, ұйымдарының және мекемелерiнiң қызметiн метеорологиялық қамтамасыз етудiң негiзгi қағидаларын, ережелерi мен нормаларын стандарттауды қамтамасыз етедi, метеорологиялық бақылауды, метеорологиялық, гидрологиялық, актинометриялық, теңiз гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық аспаптар мен құрылғыларды бақылауды, тексеру мен аттестациялауды жүзеге асырады;
өз қызмет аясында ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруға қатысады;
ведомстволық гидрометеорологиялық станциялар мен постарды ұйымдастыру мен таратуды келiседi;
гидрометеорологиялық бақылау материалдарын, сондай-ақ табиғи ортаның жай-күйi туралы деректердiң орталықтандырылған есебiн жүргiзудi, сақтауды және берудi жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи ортаның жай-күйi, климаттық, агроклиматтық жағдай мен су ресурстары туралы, жерүстi суларының гидрометеорологиялық режимi туралы ғылыми-техникалық және ғылыми-қолданбалы әдебиеттердi дайындауды және басып шығаруды жүзеге асырады;
Агенттiктiң басшы, инженерлiк-техникалық және басқа да қызметкерлерiн даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының аумағында басқа ұйымдар алған гидрометеорологиялық деректердiң және табиғи ортаның ластану жағдайы туралы деректердiң барлық түрiн, сондай-ақ оларда пайдаланылатын гидрометеорологиялық ақпаратқа қатысты кез келген жобаларды сараптамадан өткiзедi;
белгiленген тәртiппен халықаралық ұйымдармен байланыс жасауды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады, олармен өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша шарттар жасасады, министрлiктердiң және ведомстволардың гидрометеорология және табиғи ортаның мониторингi мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiредi.
9. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттердi орындау барысында мыналарға:
өз құзыретi шегiнде орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге;
өз құзыретi шегiнде мемлекет меншiгіндегі мүлiкке иелiк етудi, оны пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасы шаруашылық кешенiнiң салалары, кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн тапсырысшының есебiнен шарттық негiзде белгiленген тәртiппен жұмыстар атқаруға;
республикалық және жергiлiктi бюджеттер, шетел инвестициялары мен гранттары есебiнен қаржыландырылатын гидрометеорология және табиғи орта мониторингi саласында ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру және басқа да кешендi сипаттағы жұмыстарға мемлекеттік тапсырысшы болуға;
тиiстi органдармен келiсе отырып, белгiленген тәртiппен өзiнiң гидрометеорологиялық өнiмдерiне баға прейскуранттарын әзiрлеуге және бекітуге;
министрлiктердiң және ведомстволардың, ұйымдардың тиiстi бөлiмшелерi үшiн мiндеттi гидрометеорология және табиғи ортаның жай-күйiн бақылау саласында жұмыстар жүргiзу жөніндегі ережелердi техникалық және әдiстемелiк нұсқауларды, сондай-ақ бақылаулардың нәтижелерi мен техникалық есептiлiктi ұсынудың нысандары мен тәртібін белгiленген тәртiппен бекітуге;
жүктелген мiндеттердi шешу үшiн және тұтастай алғанда салада және жеке кәсiпорынның өндiрiстiк қызметiнде гидрометеорологиялық ақпаратты пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн министрлiктер мен ведомстволардың бөлiмшелерiнен, ұйымдардан қажеттi материалдарды алуға;
күтiлетiн зiлзалалық апатты гидрометеорологиялық құбылыстар және ауа райының күрт өзгерістерi туралы хабарлау тәртібін министрлiктермен, ведомстволармен және облыстар және астана әкiмдерiмен келiсуге;
министрлiктермен, ведомстволармен және облыстар және астана әкiмдерiмен бiрлесе отырып, зiлзалалық гидрометеорологиялық құбылыстардың және табиғи ортаның гидрометеорологиялық факторлардан болған басқа да өзгерістерiнiң зардаптарын зерттеуге қатысуға;
өзiне ведомстволық бағынысты ұйымдар мен мекемелердi құру, тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгiзуге, олардың ережелерiн (жарғыларын) бекітуге, мемлекеттік меншiктi пайдалануға байланысты оларға қатысты құқықтарды жүзеге асыруға;
гидрометеорология және табиғи ортаның жай-күйiн бақылау саласындағы проблемаларға орай консультациялар алу, оларды зерттеу және шешу үшiн ғалымдарды, мамандар мен сарапшыларды тартуға;
Агенттiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар және халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпараттарды сұратуға және алуға;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi пайдалануға құқылы.
10. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттердi Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, ведомстволарымен, облыс және астана әкiмдерiмен бiрлесе отырып, белгiленген тәртiп бойынша шешедi.
11. Агенттiк мерзiмдi және жылдық жиынтық қаржылық есеп жасайды және оны тиiстi мемлекеттік органдарға ұсынады.
III. Қызметiн ұйымдастыру
12. Агенттiктi Экология және биоресурстар министрлігінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.
Агенттiк Директорының Директордың ұсынуы бойынша Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
13. Агенттiктiң директоры Агенттiк жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады. Агенттiк жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
14. Осы мақсатта Агенттiктiң Директоры:
өзiнiң орынбасары мен бөлiмше басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;
Агенттiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
тәртiптiк жаза қолданады;
өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, Агенттiкке ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымын және штат санын, сондай-ақ олар туралы ережелердi бекiтедi;
Агенттiктiң қарауындағы ұйымдардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi;
өз құзыретi шегiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттiктiң мүддесiн бiлдiредi;
өз құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
15. Гидрометеорологиялық бақылаулар мен табиғи ортаның жай-күйiн бақылау жөніндегі жұмыстардың негiзгi әдiстемелiк мәселелерiн, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары мен нәтижелерiн қарау үшiн, режимдiк анықтамалықтар, шолулар мен сала проблемаларына байланысты басқа да басылымдарды тұжырымдау мен басып шығару үшiн Агенттiктiң жанынан ғылыми-техникалық кеңес құрылады. Агенттiк Директоры кеңестiң төрағасы болады.
Ғылыми-техникалық кеңестiң құрамы және қызметi оған сәйкес жүзеге асырылатын ереженi Агенттiктiң директоры бекiтедi.
16. Агенттiктi тарату және қайта ұйымдастыру заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 5 тамыздағы
№ 1216 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
министрлігінiң Гидрометеорология және табиғи орта
мониторингi жөніндегі агенттiгiнiң
қарауындағы ұйымдардың
ТIЗБЕСI
Ауа райы бюросы, Алматы қаласы
Бiрiккен мамандандырылған орталық, Алматы қаласы
Қазақстан қоршаған орта мониторингi және климат ғылыми-зерттеу институты, Алматы қаласы
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі Алматы облыстық орталығы, Алматы қаласы
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі Ақмола облыстық орталығы, Ақмола қаласы
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі Ақтөбе облыстық орталығы, Ақтөбе қаласы
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі Атырау облыстық орталығы, Атырау қаласы
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық орталығы, Өскемен қаласы
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі Жамбыл облыстық орталығы, Тараз қаласы
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық орталығы, Орал қаласы
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі Қарағанды облыстық орталығы, Қарағанды қаласы
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі Қостанай облыстық орталығы, Қостанай қаласы
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы, Қызылорда қаласы
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі
Маңғыстау облыстық орталығы, Ақтау қаласы
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі Павлодар облыстық орталығы, Павлодар қаласы
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі Солтүстiк Қазақстан облыстық орталығы, Петропавл қаласы
Гидрометеорология және табиғи орта мониторингi жөніндегі Оңтүстiк Қазақстан облыстық орталығы, Шымкент қаласы
Өнеркәсiптi гидрометеорологиялық қамтамасыз ету басқармасы, Алматы қаласы (өз қаражаты есебiнен)
Эксперименттiк жөндеу-өндiрiстiк кәсiпорны, Алматы қаласы (өз қаражаты есебiнен)
Каспий өңiрi ғылыми-өндiрiстiк орталығы, Атырау қаласы (өз қаражаты есебiнен)
Авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету басқармасы, Алматы қаласы (өз қаражаты есебiнен)