Тиiстi келісiмдермен ресiмделмеген кредиттiк түсiлiмдердi өтеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 8 желтоқсандағы № 1689 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
"Кәсiпорындар мен ұйымдардың өзара берешегiнiң iшкi республикалық есебi бойынша есеп айырысуды аяқтаудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 5 сәуірдегі № 1641 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кәсiпорындар мен ұйымдардың өзара берешегiнiң iшкi республикалық есебiн өткізу нәтижелерi бойынша ресiмделген мерзiмдi айналым вексельдерiн өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 ақпандағы № 205 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Өзара борыштардың республика iшіндегі есептемесi бойынша кредиттiк түсiлiмдердiң орнына берiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң вексельдiк мiндеттемелерiн ресiмдеудiң және кейiннен оларды өтеудiң тәртібі туралы осыған қосылған Ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1996 жылға арналған республикалық бюджет құрамынан вексельдiк мiндеттемелердi сатып алу үшiн қажеттi қаражат қарастырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1995 жылғы
8 желтоқсандағы
№ 1689 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң өзара
борыштардың республика iшіндегі есептемесi бойынша
кредиттiк түсiлiмдердiң орнына берiлген вексельдiк
мiндеттемелерiн ресiмдеу және кейiннен оларды өтеу
тәртібі туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң вексельдiк мiндеттемелерi құжатталмаған бағалы қағаздар болып табылады және қағазсыз нысанда шығарылып, вексельдiк мiндеттеменi ресiмдеуге арналған келісімнен /үш дана болып/ ресiмделедi /қоса берiлiп отыр/.
Аудандық /қалалық/ салық инспекциялары 1994 жылғы өзара борыштардың республика iшіндегі есептемесi бойынша қолдағы кредиттiк түсiлiмдердi тексерiп, растайды.
Аудандық /қалалық/ қаржы бөлiмдерi 7 күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң айналыстағы мерзiмдi вексельдерiн сатып алуға және сақтауға арналған келісімдермен ресiмделмеген кредиттiк түсiлiмдерi бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiмен вексельдiк мiндеттеменi ресiмдеуге арналған келісім жасауға мiндеттi. Көрсетiлген мерзiмде ресiмделмеген жағдайда кредиттiк түсiлiмдер республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылатын болып белгiленсiн.
Келісім үш данада ресiмделедi, оның бiреуi шаруашылық жүргiзушi субъектiге берiледi.
Вексельдiк мiндеттеменi ресiмдеуге арналған келісім кредиттiк түсiлiм сомасына /мың теңгемен/ ресiмделедi.
Вексельдiк мiндеттеменi өтеу ресiмделген келісім сомасына қарай және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген мерзiмдерде жүргiзiледi.
Аудандық /қалалық/ қаржы бөлiмдерi жасалған келісім негiзiнде қызмет көрсетушi банктер бойынша вексельдiк мiндеттемелердi өтелуге тиiстi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiзiмдерiн жасайды және оларды келісімнiң бiр данасын қоса отырып облыстық қаржы басқармаларына түсiредi. Облыстық қаржы басқармалары вексельдiк мiндеттемелердi өтеу жөніндегі шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жиынтықты тiзбесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне түсiредi.
Қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
вексельдiк мiндеттемелерiн ресiмдеуге арналған
келісім
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, бұдан әрi
"эмитент" деп аталатын ____________________________________
/аудандық, қалалық қаржы бөлiмдерi/
/басшылары/ атынан бiр жағынан және _______________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
/шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң толық атауы және заңды
мекен-жайы/ бұдан әрi "инвестор" деп аталатын шаруашылық
жүргiзушi субъектiнiң басшысы атынан екiншi жағынан, осы
келісімдi төмендегiлер жайында жасады:
1. Инвестор өзара қарыздың республикалық iшкi есептеме
қорытындылары бойынша оқшауланған және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінiң мерзiмдi айналыстағы вексельдерiн сатып
алуға және сақтауға келісіммен ресiмделмеген кредит сальдосы
сомасына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қағазсыз
нысанда шығарылатын вексельдiк мiндеттемелерiн жалпы сомасы
_______ ___________________________________________________
цифрмен /жазумен/
мың теңгеге алады.
2. Эмитент ресiмделген келісім сомасы бойынша мың теңге вексельдiк мiндеттемелерiн өтеудi жүзеге асырады.
3. Өтеу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген мерзiмде жүзеге асырылады.
4. Осы келісім екi жақ келісімге қол қойған сәттен күшiне енедi.
Эмитент Инвестор