Мемлекеттік кәсiпорындарды қайта құру тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 30 қарашадағы № 1636 Қаулысы
ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік кәсiпорындар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы Заң күшi бар № 2335 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Мемлекеттік кәсiпорындарды құру тәртібі туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
2. Мемлекеттік кәсiпорындарды құру жөніндегі әдiстемелiк басшылық пен бақылау функциялары Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi, басқа да орталық және атқарушы органдары үстiмiздегi жылдың 1 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне ведомствоға бағынысты республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiн республиканың Экономика министрлігі бекiткен нысан бойынша ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі үстiмiздегi жылдың 20 желтоқсанына дейiн республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiмен бiрге 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiн айқындасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1995 жылғы 30 қарашадағы
№ 1636 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Мемлекеттік кәсiпорындарды құру тәртібі туралы
Е Р Е Ж Е
Осы Ереже «Мемлекеттік кәсiпорындар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы Заң күшi бар № 2335 Жарлығына сәйкес мемлекеттік кәсiпорындарды құру тәртібін белгiлейдi.
Мемлекеттік кәсiпорындар Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарыда аталған Жарлығымен белгiленген салаларда құрылады.
Шаруашылық жүргiзу құқығына да, жедел басқару құқығына да (қазыналық кәсiпорындар) негiзделген республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды құру өкiлеттi органдардың мүдделi министрлiктермен және мемлекеттік комитеттермен келісілген ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысына сәйкес жүргiзiледi.
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар жөнiнде мемлекеттік басқару функциясын, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік уәкiлдi органдар - Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі осындай iске уәкiлдiк берген өзге де мемлекеттік органдар болып табылады.
Уәкiлдi орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық мемлекеттік кәсiпорынды құрудың орынды екендiгiнiң қажеттi негiздемесi, оның iшiнде кәсiпорынның фирмалық атауы, оның нысаны (шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы), оның қызметiнiң мәнi мен мақсаты, кәсiпорынның тұрған жерi, құрылтайшы туралы мәлiмет, жарғылық қордың мөлшерi, оның құрылатын мерзiмi және басқалар бар ұсыныстар бередi.
Ұсыныстар алдын-ала әзiрленiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Экономика министрлігімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келiсуi керек.
Өндiрiстiк қызмет саласына қарай республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды құру жөніндегі ұсыныстар басқа да салалық министрлiктермен не мемлекеттік комитеттермен келісілуi керек.
Коммуналдық меншiктегi мемлекеттік кәсiпорындарды құру уәкiлдi органдардың министрлiктер мен мемлекеттік комитеттердiң жергiлiктi аумақтық органдарымен келісілген ұсыныстары негiзiнде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң шешiмдерiмен жүргiзiледi.
Коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындар жөнiнде мемлекеттік басқару функциясын, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiң уәкiлдi органдары жергiлiктi атқарушы органдар болып табылады, бұған тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкімі уәкiлдiк бередi.
Уәкiлдi орган коммуналдық мемлекеттік кәсiпорынды құрудың орынды екендiгiнiң қажеттi негiздемесi, оның iшiнде кәсiпорынның фирмалық атауы, оның нысаны (шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы), оның қызметiнiң мәнi мен мақсаты, кәсiпорынның тұрғын жерi, құрылтайшы туралы мәлiмет, жарғылық қордың мөлшерi, оның құрылатын мерзiмi және басқалар бар ұсыныстар бередi.
Ұсыныстар алдын-ала әзiрленiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң, Экономика министрлігінiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жергiлiктi аумақтық органдарымен келісілуi керек.
Өндiрiстi қызмет саласына қарай коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарды құру жөніндегі ұсыныстар басқа министрлiктер мен мемлекеттік комитеттердiң аумақтық органдарымен де келісілуi керек.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсiпорындарын басқа мемлекеттердiң аумағында құру туралы шешiм тиiстi мемлекеттердiң үкiметтерi арасындағы немесе сол мемлекеттердiң осыған арнайы уәкiлдiк берген басқа органдармен келісім бойынша қабылданады.
Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген мемлекеттік кәсiпорын өзiнiң мүлкi есебiнен басқа мемлекеттік еншiлес кәсiпорынды құра алады. Еншiлес мемлекеттік кәсiпорын шаруашылықты жүргiзуге құқылы кәсiпорын түрiнде құрылады.
Республикалық мемлекеттік кәсiпорынға жататын еншiлес кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң рұқсаты бойынша тиiстi мемлекеттік кәсiпорынның бұйрығымен құрылады. Үкiметтiң еншiлес кәсiпорын құруға берген рұқсатын негiзгi кәсiпорынды мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органы Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiмен алдын-ала келiскеннен кейiн алады.
Коммуналдық мемлекеттік кәсiпорынға жататын еншiлес кәсiпорын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкімінiң рұқсаты бойынша шешiм шығару жолымен тиiстi мемлекеттік кәсiпорынның бұйрығымен құрылады. Әкiмнiң еншiлес кәсiпорын құруға берген рұқсатын негiзгi кәсiпорынды мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органы алады.
Үкiмет (тиiстi әкiмшiлiк-аумақты бiрлiк әкімі) республикалық мемлекеттік кәсiпорын (коммуналдық мемлекеттік кәсiпорын) құру туралы қаулы (шешiм) қабылдағаннан кейiн құрылтайшы мемлекеттік кәсiпорынның жарғысын бекiтедi.
Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын мемлекеттік тiркеуден өтер кезде құрылтайшы жарғылық қорды толық қалыптастыруға тиiстi.
Мемлекеттік кәсiпорынды мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу қолданылып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырылады.