30. Кредиторлық берешектi өтеудiң сызбасына бюджеттік ұйымдардың, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың және тiкелей берушiнiң, есеп айырысуға енгізiлген басқа да Берушiлердiң басшылары қол қояды, бюджеттік ұйымдардың таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың кредиторлық берешектерi тiркелген қазынашылықтың аумақтық органында тiркеледi.
31. Қазынашылықтың аумақтық органы сызбаға кредиторлық берешектi тiркеудiң арнаулы кодына (Берушiнiң тоғыз мәндi коды/реттiк нөмiрi) сәйкес келетiн нөмiр бередi және есеп айырысуға қатысушы барлық берушiлердiң орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына жолдайды.
V. Жергiлiктi атқарушы органдардың
құжаттарды ұсынуы
32. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қарауына:
облыстық (Астана және Алматы қалаларының) мәслихаттардың 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қабылданған және жалақы мен әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеуге пайдаланылған, екiншi деңгейдегі банктерден несиелер алуды көздейтiн шешiмiн;
жергiлiктi атқарушы орган мен екiншi деңгейдегі банктiң арасындағы несиелiк келісімдi;
жергiлiктi атқарушы органдардың облыстардың (Астана және Алматы қалаларының) әкімі мен екiншi деңгейдегi банктiң басшысы қол қойған және қазынашылықтың аумақтық органы растаған жоғарыда көрсетiлген несиелер бойынша кредиторлық берешектерiн салыстыру актiсiн;
тиiстi аумақтық қаржы органының екiншi деңгейдегi банктердiң несиелерiн жалақы мен әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеуге мақсатты бағытталғандығы туралы жазбаша растауды;
аталған банктiң республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша және № 8-нысан бойынша (салық төлеушінің жеке шоты бойынша көрсетілген) кредиторлық берешегiнiң бар екендiгi туралы банктiң тiркелген жерi бойынша аумақтық салық органының анықтамасын;
осы Ереженiң 17-тармағына сәйкес жергiлiктi атқарушы органның орналасқан жерi бойынша қазынашылық органында тiркелген кредиторлық берешектi өтеудің сызбасын ұсынады.
Ескерту. 32-тармақ өзгерді ҚР Үкіметінің 23.10.99 ж. № 1593 қаулысымен.
33. Екiншi деңгейдегі банктiң республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегі болмаған жағдайда, банк осы Ереженiң ІІІ бөлiмiнде көзделген тәртiппен берiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшiн оның алдында өзiнiң кредиторлық берешегi бар республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегі бар тiкелей берушiмен салыстыру актiсiн жасайды. Салыстыру актiсiнің екi данасы салық органдарының анықтамалары қоса берiле отырып жергілiктi атқарушы органға жолданады.
34. Екiншi деңгейдегi банктердiң республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша және берiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн тiкелей берушілердің алдында берешегi болмаған жағдайда, банк республикалық бюджеттiң алдында берешегі бар шаруашылық жүргiзушi субъектiнi анықтайды, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектерiн өтеу үшін несиелiк келісім жасасады және жергiлiктi атқарушы органға мынадай құжаттарды:
шаруашылық жүргiзушi субъектiнің тiркелген жерi бойынша аумақтық салық органының және республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес № 8-нысан бойынша (салық төлеушінің жеке шоты бойынша көрсетілген) республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы анықтамасын;
шаруашылық жүргiзушi субъектi (республикалық бюджеттiң алдындағы борышкер) мен екiншi деңгейдегі банктiң арасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегiн өтеу үшiн қаражат беруге арналған несиелiк келісімдi ұсынады.
Ескерту. 34-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 23.10.99 ж. № 1593 қаулысымен.
35. Жергілікті атқарушы орган кредиторлық берешектерді өтеудiң сызбасын жасайды және оны осы Ереженiң III бөлiмiне сәйкес тәртiппен қазынашылықтың аумақтық органына ұсынады. Осы Ереженiң 17-тармағына сәйкес тiркелген кредиторлық берешектi өтеудің сызбасы банк пен тiкелей берушiнiң арасындағы кредиторлық берешектi салыстыру актiсiмен немесе шаруашылық жүргiзушi субъекті мен екiншi деңгейдегі банктің арасындағы несиелiк келісiммен және қазынашылықтың аумақтық органында тiркелген салық органының анықтамасымен бiрге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне де ұсынылады.
36. Қазынашылықтың аумақтық органдары есеп айырысуларды жүргiзу үшiн мынадай шоттар:
қазынашылық рұқсаттың негізінде қазынашылықтың аумақтық органдарында бюджеттік шоттары жоқ жергiлiкті атқарушы органдарға бюджеттік шоттар;
екiншi деңгейдегi банктерге кредиторлық берешектi өтеу сызбасының негiзiнде олардың орналасқан жерi бойынша жұмсау құқығынсыз ағымдағы шоттар ашады.
Ағымдағы (уақытша) шоттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасының 1997 жылғы 4 наурыздағы № 61 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердің банктiк шоттарын ашудың, жүргiзудiң және жабудың тәртібі туралы" нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресiмделген қолдардың мiндеттi түрде ұсынылған үлгiлерiмен ашылады.
Ағымдағы шоттарды ашқан қазынашылық органдары аталған шоттардың ашылғандығы туралы жергiлiктi атқарушы органға қызмет көрсететiн аумақтық қазынашылық органына хабарлайды.
VI. Кредиторлық берешектi өтеу жөнiндегі
есеп айырысуларды жүргізудiң тәртібі
37. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі ұсынылған құжаттарды қарайды, қажет болған жағдайда министрлiктерден (ведомстволардан), жергiлiктi атқарушы органдардан, басқа да ұйымдардан қосымша ақпарат сұратады, тапсырылған құжаттар осы Ереженің 10-36-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес келген жағдайда кредиторлық берешектi өтеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын дайындайды және оны Комиссияның қарауына енгiзедi.
Ескерту. 37-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 06.12.99 ж. № 1867 қаулысымен.
38. Комиссия ұсынылған шешiмнiң жобасын қарайды, аталған жоба бойынша ұсынысты пысықтайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға енгiзедi.
39. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кредиторлық берешектi өтеу туралы шешiмiнiң негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі лимиттiк өтiнiм дайындайды. Лимиттік өтiнiмге кредиторлық берешектi өтеуге қатысушы бюджеттік ұйымдардың, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың тiзiлiмi қоса берiледi.
Жергiлiктi атқарушы органдардың кредиторлық берешектерi өтелген жағдайда № 6 нысан бойынша жергiлiктi атқарушы органдар мен екiншi деңгейдегi банктердің тiзiлiмi жасалады.
40. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Қазынашылық комитетi министрлiкке (ведомоствоға), жергілiктi атқарушы органға тiзiлiмдердi қоса беру арқылы қазынашылық рұқсат жазады. Министрлiк (ведомство) бюджеттік ұйымдардың, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың тiзiлiмiне сәйкес бюджеттік ұйымдарға, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдарға министрлiктiң рұқсатын жазады.
41. Бюджеттік ұйымдардың, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың шоттары ашылған қазынашылықтың аумақтық органы қаржыландыру лимиттерi келiп түскен жағдайда электронды почтамен республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектің бар екендiгiне растау алу үшiн салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша тиiстi салық органына № 7 нысан бойынша сұрау салу-растау жолдайды.
Ескерту. 41-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 23.10.99 ж. № 1593 қаулысымен.
42. Салық органы тек бiр рет бұрын тиiстi анықтамада көрсетілген салық төлеушiнiң берешегiн растайды және салық төлеушiнiң республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегiнiң бар-жоғын растаған сәттен бастап салық төлеушiнiң тиiстi қазынашылық органында ашылған ағымдағы шотына төлем тапсырмасы түскенге дейiн көрсетілген сұрау салу-растаудағы кредиторлық берешектi өтеу шотына төлемдердi қабылдауды тоқтатады.
43. Осы Ереженiң 34-тармағына сәйкес шаруашылық жүргiзушi субъектімен несиелiк келісім жасасқан екiншi деңгейдегi банк өзi орналасқан жер бойынша қазынашылықтың аумақтық органына республикалық бюджетке төленетін төлемдердің аударылғандығына банктiң белгiсi бар, осы Ереженiң 46-тармағына сәйкес ресiмделген шаруашылық жүргiзушi субъектiнің төлем тапсырмасын және шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң тіркелген жерi бойынша салық органының, сол салық органының оның бар екендiгi туралы анықтамасында бұрын көрсетiлген республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектiң өтелгендiгі туралы анықтамасын ұсынады.
Екiнші деңгейдегi банктің орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органы ұсынылған құжаттарды кредиторлық берешектi өтеу сызбасына сәйкес есеп айырысуға қатысушы қазынашылықтың барлық аумақтық органдарына жолдайды.
44. Бюджеттік ұйым, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйым, жергiлiктi атқарушы орган тiкелей берушiге, екiншi деңгейдегі банкке олардың ағымдағы шотына төлем тапсырмасын жазады және оны төлеу үшiн қазынашылық органына ұсынады.
45. Қаржыландыру лимитi түскен қазынашылықтың аумақтық органы осы Ереженiң 43-тармағына сәйкес салық органы растаған соманы не шаруашылық жүргізушi субъектiнің төлем тапсырмасында көрсетiлген соманы кредиторлық берешектi өтеу сызбасымен және бюджеттік ұйымның, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымның және жергілiктi атқарушы органның төлем тапсырмасымен салыстырады. Олар сәйкес келген жағдайда төлем тапсырмасы арналымы бойынша жөнелтіледi.
Егер салық органы растаған берешектің сомасы не шаруашылық жүргізушi субъектiнің төлем тапсырмасында көрсетiлген сома сызба, бюджеттік ұйымның, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымның және жергілікті атқарушы органның төлем тапсырмасында көрсетiлген сомадан аз болса, салық органының растауында көрсетiлген сомаға не шаруашылық жүргізушi субъектiнiң төлем тапсырмасында көрсетiлген сомаға ресiмделедi. Лимиттiң қалған сомасы керi қайтарып алуға жатады.
Салық органы сұрау салуды растамаған немесе шаруашылық жүргізушi субъектiнiң төлем тапсырмасы болмаған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық органы төлем тапсырмасын қабылдамайды.
46. Тiкелей берушi, екiншi деңгейдегі банк 107101 "Берешектердi өтеу" кiрiс кодымен салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органының СТН-iн көрсете отырып, ағымдағы шоттан 080 "Бюджеттердiң арасында бөлiнетiн кiрiстер" шотына төлем тапсырмасын жазады.
Бұл ретте төлем тапсырмасында мынадай деректемелердi көрсету мiндеттi:
МФО;
шоттың нөмiрi;
берушiнiң (салық төлеушiнiң) атауы;
реттік нөмірімен бірге тоғыз мәнді тіркеу коды, "Кредиторлық берешекті өтеу" деген сөздер және төлемді тағайындаудың мәтіндік кеңістігіндегі төлемдердің түрлері бойынша сомалар; төлем тағайындау коды (107101);
шығыстардың он мәнді коды (бюджеттік ұйымдар үшін);
төлемнің жалпы сомасы.
Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген берушілер төлем тапсырысында 107102 "Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешектерін өтеуі" кіріс кодын көрсетеді, ал төлем тағайындаудың мәтіндік кеңістігінде - "Астана қаласы бойынша кредиторлық берешектерді өтеу" деген сөздерді жазады.
Ескерту. 46-тармақ үшінші абзацпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 18.06.99 ж. № 804 қаулысымен; 46-тармақ өзгерді ҚР Үкіметінің 23.07.99 ж. № 1047 қаулысымен.
47. Тiкелей берушіге (екiншi деңгейдегi банкте) республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда тiкелей берушi (екiншi деңгейдегi банк) 2-Берушiнiң расталған берешегiнiң сомасына оның орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органы ашқан оның ағымдағы шотына төлем тапсырмасын жазады. 2-Берушi, өз кезегiнде, осы Ереженiң 46-тармағына сәйкес республикалық бюджеттің кiрiсiне төлем тапсырмасын жазады.
Сызбаға сәйкес бiрнеше Берушi қатысқан жағдайда төлем тапсырмасы бiр Берушiнiң ағымдағы шотынан екiншi Берушiнiң ағымдағы шотына жазылады.
Егер екiншi деңгейдегi банк осы Ереженiң 34-тармағына сәйкес шаруашылық жүргiзушi субъектiмен несиелiк келісiм жасасқан жағдайда, екiншi деңгейдегi банк ағымдағы шоттан өзiнiң корреспонденттiк шотына төлем тапсырмасын жазады.
48. Қазынашылықтың аумақтық органы өтеу сызбасына сәйкес республикалық бюджеттің кiрiсiне соңғы төлем жүргiзгеннен кейiн электронды почтамен төлемдер жүргізiлген қазынашылық органдарына төлем тапсырмаларын жiбередi.
Жауапты атқарушы арнайы жүргiзiлген iс қағазына төлем тапсырмасын тiгедi және кредиторлық берешектi өтеу сызбасына, кредиторлық берешектi өтеу журналына және Берушiлердiң кредиторлық берешектерiн салыстыру актілерін тiркеу журналына белгi соғады.
Одан басқа, салық төлеушiнiң ағымдағы шоты ашылған қазынашылықтың аумақтық органы салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына оның бұрын осы салық органы растаған республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегінiң өтелгендiгi туралы № 7 нысан бойынша растау жолданды.
VІІ. Есеп және есептілiк
49. Бюджеттік ұйым мен таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйым төлем тапсырмасы көшiрмесiнiң негiзiнде бухгалтерлiк есеп пен есептiлiкте тікелей берушілердiң алдындағы, ал аумақтық қарсы органдары - екiнші деңгейдегi банктердiң алдындағы кредиторлық берешектің өтелгендiгiн көрсетедi.
Мемлекеттік мекемелер болып табылмайтын бюджеттік ұйымдар таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдар кредиторлық берешектi өтеудің сомасына қазынашылықтың аумақтық органдарына олар бойынша кредиторлық берешектi өтеу жүргiзiлген бюджеттік жiктеу бағдарламасы бойынша 2 "Ұйымдардың шығыстары сметасының атқарылуы туралы есеп" нысаны (коды 0603008) бойынша есеп ұсынады. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы ұсынылған есептердi тексергеннен кейiн бақылау визасы мен оң жақтағы жоғары бұрышына мөртаңба қояды. Қазынашылықтың визасы мен мөртаңбасы бар есеп оны белгіленген мерзімдерде министрлікке (ведомствоға) жолдайтын бюджеттік ұйымға, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымға қайтарылады.
Мемлекеттік мекеме болып табылатын бюджеттік ұйымда берешекті өтеудi бухгалтерлiк есепте көрсетудің тәртібі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментiнiң 1998 жырығы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекiтілген Республикалық және жергіліктi бюджеттердің есебiнен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлiк есеп жөнiндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргiзіледi. Бухгалтерлiк есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 1998 жылғы 15 мамырдағы № 217 бұйрығымен бекiтілген "Бюджеттік ұйымдардың жылдық, тоқсандық бухгалтерлiк есептілігінің көлемi мен нысандары туралы" нұсқаулықта белгiленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.
50. Аумақтық салық органы қазынашылықтың аумақтық органының осы Ереженiң 48-тармағында көзделген тәртiппен берілген төлем тапсырмасы мен растауды алған кезде төлем тапсырмасында не 34-тармаққа сәйкес берiлген салық органының анықтамасында көрсетiлген төлемдердiң түрлері бойынша салық төлеушiнiң төлем тапсырмасында көрсетiлген сомаға тең сомадағы кредиторлық берешегін есептен шығарады. Түсімдер туралы есепте аталған төлемдер 107101 "Берешектерді өтеу" коды бойынша көрсетіледі немесе 107102 "Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешектерді өтеуі.
Ескерту. 50-тармақ толықтырылды ҚР Үкіметінің 18.06.99 ж. № 804 қаулысымен; 50-тармақ өзгерді ҚР Үкіметінің 23.07.99 ж. № 1047 қаулысымен.
51. Есепте бір Берушінің екінші Берушінің алдындағы кредиторлық берешегін есептен шығару үшін қазынашылықтың аумақтық органы растаған ағымдағы шот бойынша үзіндінің көшірмесі мен төлем тапсырмасының көшірмесі негіздеме болып табылады.
VIII. Жауаптылық
52. Министрліктер (ведомстволар), жергілікті атқарушы органдар, бюджеттік ұйымдар, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдар, тікелей берушілер, Берушілер, екінші деңгейдегі банктер, қазынашылықтың аумақтық органдары, салық органдары және басқа да ұйымдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес терім және әдейі жалған мәліметтер ұсынғаны үшін жауаптылықта болады.
№ 1-нысан
_________________________________
(қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
Берілген күні 1999 жылғы "___"__________
1998 жылғы 31 желтоқсандағы
кредиторлық берешектің бар екендігі
туралы
N_____ Анықтама
_________________________
(облыстың коды)
_______________________________________
(бюджеттік ұйымның, таратылған Жол қорынан
қаржыландырылып келген ұйымның коды)
Осы анықтама ______________________________________________берген
(бюджеттік ұйымның, таратылған Жол қорынан
қаржыландырылып
_______________________
келген ұйымның атауы мен СТН-і)
мың теңге
_____________________________________________________________________
|N | Беруші |Тіркеу| Актінің деректері| Экономикалық |
|р/р|_________________ | |___________________| жіктеме |
| |атауы|орна.|СТН-і | коды |күні |сомасы |ерекшелігінің коды|
| | |лас. | | | | | |
| | |қан | | | | | |
| | |жері | | | | | |
|___|_____|_____|_______|______|_____|_____________|__________________|
|___|_____|_____|_______|______|_____|_____________|__________________|
Жиыны
Кредиторлық берешек сомасының жиыны ________теңге________________
(санмен) (сомасы жазумен)
______________________________________________________
Осы анықтамаға мыналар қоса беріліп отыр:
1.____________________________________
2.____________________________________
3.____________________________________
4.____________________________________
Қолдары:
_____________________________ ______________________________
(қазынашылықтың аумақтық (бюджеттік ұйымның, таратылған
органының басшысы) Жол қорынан қаржыландырылып келген
ұйымның басшысы)
МО МО
№ 2-нысан
_________________________________
(қазынашылықтың аумақтың органының атауы)
кредиторлық берешекті
Тіркеу журналы
_______ жылғы ______________ басталды
_______ жылғы ______________ аяқталды
Журналдың барлық парақтары осы үлгі бойынша
басылсын мың теңге
_________________________________________________________________________
|рет|Бюджеттік ұйымның, таратылған Жол | Анықтама | Кредиторлық | Тікелей
|N | қорынан қаржыландырылып келген | | берешекті |берушінің
| | ұйымның атауы | |өтеу сызбасы | атауы
| | |__________ |_____________|
| | |нөмірі|күні|нөмірі|күні |
| |__________________________________|______|____|______|______|_________
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
|___|__________________________________|______|____|______|______|_________
|___|__________________________________|______|____|______|______|_________
|Анықтама бойынша жиыны | х | х | х | х | х
|______________________________________|______|____|______|______|_________
|______________________________________|______|____|______|______|_________
|Анықтама бойынша жиыны | х | х | х | х | х
|______________________________________|______|____|______|______|_________
|______________________________________|______|____|______|______|_________
|Анықтама бойынша жиыны | х | х | х | х | х
|______________________________________|______|____|______|______|_________
|Анықтама бойынша жиыны | х | х | х | х | х