Көкшетау облысында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғат паркiн
құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996
жылғы 10 сәуiрдегі № 415 Қаулысы
Көкшетау облысының ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және рекреациялық құндылығы бар бiрегей табиғат кешендерiн сақтау және қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Көкшетау облысы әкімінiң, Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы комитетiнiң, Ғылым министрлігінiң - Ғылым академиясының Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiнiң қарамағында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғат паркiн құру жөнiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қаржы министрлігімен, Экология және биоресурстар министрлігімен, Әдiлет министрлігімен және Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келісілген ұсынысы қабылдансын.
2. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғат паркiне Айыртау, Арықбалық және Зерендi аудандарының жер пайдаланушыларының жерлерiнен қосымшаға сәйкес жалпы көлемi 78561 гектар жер учаскесi тұрақты жер пайдалануға берiлсiн және олар «ұлттық табиғат парктерi ормандарының» қорғаныштық санатына жатқызылсын.
3. Көкшетау облысының әкімі құрылатын "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғат паркi режимiн қамтамасыз ету үшiн оның сыртқы шекаралары бойымен негiзгi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн алмай, осы аймақтың аумағында аталған парктiң табиғат кешенiне терiс әсерiн тигiзетiн қызметке тыйым салатын қорғаныштық аймақтар орнатсын.
4. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi жергiлiктi жерлерде құрылатын «Көкшетау» ұлттық табиғат паркi жерлерiнiң шекараларын орнатсын, осы парктiң тұрақты жер пайдалану құқығына ұсынылған жер учаскелерiне құжаттарды рәсiмдесiн.
5. Көкшетау облысы әкімінiң облыстық бюджет қаражаты есебiнен «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғат паркiнiң пайдалануына ауыл шаруашылығы кәсiпорындары жерлерiнiң бөлiгiн алып бергенi үшiн келтiрiлген зиянды оларға өтеу туралы 1994 жылғы 6 шiлдедегi № 129 шешiмi назарға алынсын.
6. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi:
ғылыми ұйымдармен бiрлесе отырып, аталған парктiң аумағын функциялық аймақтарға бөлудi техникалық-экономикалық негiздемемен белгiленген парк аумағындағы өзгерiстердi ескере отырып анықтасын;
республикалық бағыныстағы мемлекеттік мекеме нысанында жедел басқару құқығы негiзiнде iс-әрекет ететiн, табиғат қорғау, ғылыми және мәдени-ағарту қызметiн жүзеге асыратын заңды ұйым ретіндегі «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғат паркiнiң жарғысын екi айлық мерзiм iшiнде бекiтсiн.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi және Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғат паркiнiң балансына орман шаруашылығы кәсiпорындарының оған берiлетiн негiзгi және айналым қорын белгiленген тәртiппен беретiн болсын.
8. "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғат паркiнiң негiзгi қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы комитетiнiң 1996 жылға арналған бюджетіндегі операциялық шығындар құрамында көзделген қаржылар есебiнен және соның шегiнде жүзеге асырылсын. Келесi жылдарда қаржыландыру республикалық бюджеттен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылсын.
9. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық паркiнiң құрылымы мен штатын бекiтетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 10 сәуірдегі
№ 415 қаулысына
Қосымша
Жер учаскелерi алынатын және олардың тұрақты жер пайдалану
құқығы құрылатын «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғат
паркiне берiлетiн Көкшетау облысы жер пайдаланушыларының
Тiзбесi
1. Жер учаскелерi алынатын жер пайдаланушылардың атауы
Жер учаскелерiнiң көлемi, гектар (оның iшiнде) (олардан)
2. Барлығы
3. Ауыл шаруашылығы алаптары
4. Егiстiк және тыңайған жер
5. Көп жылдық екпелер
6. Шабындық
7. Жайылым
8. Ормандар
9. Басқа жер алаптары
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9
___________________________________________________________________
Айыртау ауданы
Запастағы жерлер (Шалқар
көлi) 3241 3241
"Айыртау" ұжымдық ауыл
шаруашылығы кәсiпорны 910 797 30 767 113
"Шалқар" ұжымдық ауыл
шаруашылығы кәсiпорны 561 516 69 447 45
Озерное орман шаруашылығы
өндiрiстiк кәсiпорны 1483 1483
___________________________________________________________________-
Қорытынды 6195 1313 99 1214 1483 3399
Арықбалық ауданы
Арықбалық орман
шаруашылығы өндiрiстiк
кәсiпорны 16388 1876 230 75 1162 409 14228 284
Запастағы жерлер (Ақ көл) 1698 1698
(Байсары көлi) 409 409
(Имантау көлi) 5492 93 93 5399
(Лобаново көлi) 423 5 5 418
"Арықбалық" ұжымдық
кәсiпорны 296 268 268 28
"Златогорское" ұжымдық
кәсiпорны 241 228 228 13
"Имантау" ұжымдық ауыл
шаруашылығы кәсiпорны 466 365 21 344 101
"Лобаново" ұжымдық ауыл
шаруашылығы кәсiпорны 230 228 228 2
"Шалқар" ұжымдық
кәсiпорны 282 249 249 33
Озерное орман шаруашылығы
өндiрiстiк кәсiпорны 7453 218 76 3 110 29 7024 211
______________________________________________________________-
Қорытынды 33378 3530 327 78 1272 1853 21252 8596
Зерендi ауданы
"Зерендi" акционерлік
қоғамы 371 292 292 79
Запастағы жерлер
(Зерендi көлi) 1139 20 20 1119
"Зерендi" орман
шаруашылығы өндiрiстiк
кәсiпорны 37441 2476 334 8 1997 137 33716 1249
Көкшетау балық заводының
Зерендi тоған шаруашылығы 10 8 8 2
Зерендi селосы 27 15 15 12
____________________________________________________________________
Қорытынды 38988 2811 342 8 1997 464 33716 2461
____________________________________________________________________
Барлығы 78561 7654 768 86 3269 3531 56451 14456