«Қазақстан Республикасында май құю станцияларын ұстау мен пайдалану
жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi
бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 1352 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасында май құю станцияларын ұстау мен пайдалану жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн және ол 1997 жылдың 1 қарашасынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
аталған қаулыға 1-қосымшаға:
3-бағандағы, реттiк нөмiрi 3-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"май құю станцияларын ұстау мен пайдалану";
3-бағандағы, реттiк нөмiрi 27-жолдан:
"май құю станцияларын ұстау мен пайдалану" деген сөздер алынып тасталсын;
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 9 қаңтардағы № 25 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 1, 7-құжат):
2-тармақтың төртiншi абзацы алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, жергiлiктi атқарушы органдар өздерiнiң шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 19 қыркүйектегi
№ 1352 қаулысымен
бекітілген
Май құю станцияларын ұстау және оларды пайдалану жөніндегі
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларды
берудiң тәртібі мен шарттары туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Лицензия алушыға (лицензиатқа) Қазақстан Республикасында май құю станцияларын ұстау және пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияны берудi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі мен оның аумақтық органдары (бұдан әрi - лицензиар) жүргiзедi.
2. Меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың мұнай өнiмiне, сұйық газға және сығылған газға деген сұранысын қанағаттандыру жолымен таза пайда алуға бағытталған стационарлық, контейнерлiк және жылжымалы май құю станцияларын ұстау мен пайдалану жөніндегі бастамашы қызметi лицензиялануға жатады.
3. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, май құю станцияларында жүзеге асырылатын көлiк құралдарының тораптары мен агрегаттарының диагностикасы, шиналарды үрлеу және жел толтыру, доңғалақтарға балансировка жасау жөніндегі қызметтер және басқа да қызметтер лицензиялауға жатпайды.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, шетелдiк заңды тұлғалар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және халықаралық ұйымдар лицензиялау субъектiлерi болып табылады.
II. Лицензияларды берудiң шарттары мен тәртібі
5. Май құю станцияларын ұстауға және пайдалануға арналған лицензия, біліктiлiк деңгейi қызметтiң осы түрi үшiн қойылатын талаптарға сәйкес келетiн азаматтар мен заңда тұлғаларға берiледi.
6. Iс-әрекет етудiң өтiнiш жасалған аумақтық аясына байланысты лицензия Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына не оның аумағының белгiлi бiр бөлiгiне қолданылуы мүмкiн. Стационарлық және контейнерлiк май құю станциялары бөлiнген жер учаскелерiнiң шегiнде орналасады, жылжымалы май құю станциялары қызметтiң осы түрi үшiн белгiленген тәртiппен, тыйым салынбаған аумақтардың шегiнде орналасады.
Лицензия кемiнде үш ай мерзiмге берiледi. Жылжымалы май құю станцияларына арналған лицензияларды қолдану мерзiмi бiр жылдан аспайды. Стационарлық және контейнерлiк май құю станцияларына арналған лицензиялардың қолданылу мерзiмi шектелмейдi.
Лицензия шетелдiк заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларға секiлдi, салық есебiне дәл сондай жағдайларда және дәл сондай тәртiпте қойған соң берiледi.
7. Лицензиялық алымның, сондай-ақ лицензиялық органның пайдасына аударымдардың мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Лицензиялық алымды лицензиат лицензияны алғанға дейiн енгiзедi. Лицензиялық алымды төлеудiң тәртібі салық заңдарымен айқындалады.
8. Лицензия қатаң есептiлiк құжаты болып табылады және басқа адамға берiлуге жатпайды.
9. Лицензиат лицензияны жоғалтып алған жағдайда, лицензияланатын қызметтi жалғастыру үшiн 10 күн мерзiмде тиiстi дубликат беру туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Дубликатты берудiң тәртібін лицензиар айқындайды және лицензиялық алым сомасының 50 процентi мөлшерiнде қосымша ақыға жүзеге асырылады.
III. Жауапкершiлiк және бақылау
10. Май құю станцияларын ұстау және пайдалану жөніндегі қызметпен лицензиясыз не лицензиялық нормалар мен ережелердi бұза отырып айналысу - заңдармен белгiленген жауапкершiлiкке алып барады.
11. Лицензиат Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын, стационарлық, контейнерлiк және жылжымалы май құю станцияларының қолданылып жүрген техникалық пайдалану ережелерiн және өрт қауiпсiздiгiн, отын-май жағу материалдарын қабылдау, сақтау және босату ережелерiн сақтауға мiндеттi.
12. Лицензиялауды талап ететiн, қызметтi лицензиясыз жүзеге асырудан алынған табыс уәкiлеттi мемлекеттік органның талап етуi бойынша алып қоюға жатады.
13. Лицензиаттың лицензиялау туралы заңдарды сақтауына бақылау жасауды лицензиар жүзеге асырады.
IV. Май құю станцияларын ұстау және пайдалану жөніндегі
кәсiпкерлiк қызметке қойылатын біліктiлiк талаптары
14. Лицензиат әрбiр май құю станциясында мыналардың болуын қамтамасыз етуге тиiс:
отын-май жағу материалдары мен арнайы сұйықтың сапасының сертификаты;
есеп құжаты;
өлшеу жабдығының стандарттау жөніндегі мемлекеттік органдарда тексерiлгенi туралы құжаттың көшiрмесi;
май құю станциясының жауапты адамының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі техникалық минимумды тапсырғандығын растайтын мемлекеттік өрт қадағалау органдарының берген құжаттың көшiрмесi;
мемлекеттік экологиялық қадағалау органдары қорытындысының көшiрмесi.
15. Стационарлық және контейнерлiк май құю станциялары объектiлерiнiң орналасуы жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес болуы тиiс.
16. Жылжымалы май құю станциялары босатылатын мұнай өнiмдерiн, сұйық және сығылған газды өлшеу құрылғыларымен жарақтандырылған, арнаулы жылжымалы құрамның базасында ғана ұйымдастыруы мүмкiн.
17. Жылжымалы май құю станцияларына қызмет көрсететiн адамның тиiстi көлiк құралының жүргiзушiсi ретіндегі жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы және қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн арнаулы әзiрлiктен өткенi туралы куәлiгi болуы тиiс.
18. Май құю станцияларының қызметi көлiк пен жаяу жүргiншiлердiң қалыпты қозғалысына, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың жұмыс iстеуiне кедергi келтiрмеуi тиiс.