Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта өңдеудің немесе жоюдың тәртібін бекіту тәртібі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1336 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 717 Қаулысымен күші жойылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта өңдеудің немесе жоюдың тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 1336 қаулысымен
бекітілген
Бас тарту режимiнде мемлекеттiң пайдасына
тәркiленген және ресiмделген этил спиртi мен
алкоголь өнiмiн пайдаланудың, қайта өңдеудiң
немесе жоюдың тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп «Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Тәртiп:
сот тәртібімен тәркiленген;
кеден заңдарына сәйкес бас тарту режимiнде мемлекеттiң пайдасына ресiмделген этил спиртi мен алкоголь өнiмiн пайдаланудың, қайта өңдеудiң немесе жоюдың жөнiн белгiлейдi.
3. Заңдарға сәйкес пайдаланылуына шектеу қойылған этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң одан арғы тағдыры туралы сот шешiм қабылдағанға дейiн олар заңдарға сәйкес сақтау үшiн мамандандырылған мемлекеттік кәсiпорынға берiледi.
4. Бас тартуы Тауарлардан мемлекеттiң пайдасына кеден режимiнде тәркiленген және ресiмделген этил спиртi мен алкоголь өнiмiн қабылдауға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға,сондай-ақ акциз алымы маркаларымен таңбалауға байланысты шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi.
2. Этил спиртiн қайта өңдеудiң және пайдаланудың тәртібі
5. Мемлекеттiң пайдасына кеден режимiнде бас тартылып тәркiленген және ресiмделген:
1) этил спиртi алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органның шешiмi бойынша бөлiнген квоталардың шегiнде мемлекеттік фармацевтика және медицина ұйымдары қызметтiң белгiленген түрiне арналған лицензияларын көрсетуi кезiнде оларға, сондай-ақ техникалық мақсаттарда пайдалану үшiн Қорғаныс министрлігіне тегiн берiледi.
Мемлекеттiң пайдасына тауарлардан кеден режимiнде бас тартылып тәркiленген және ресiмделген этил спиртiнiң көлемi мемлекеттік фармацевтикалық және медициналық ұйымдары мен Қорғаныс министрлігінiң мұқтаждықтарынан асып кеткен жағдайда этил спиртiнiң қалған бөлiгi жойылуға жатады.
2) заңдарды бұзусыз өндiрілген алкоголь өнiмi аукциондарда сату үшiн мамандандырылған мемлекеттік кәсiпорынға берiледi.
Алкоголь өнiмiн сату Қазақстан Республикасы Yкіметінiң алкоголь өнiмiнiң осы түрi үшiн белгiлеген төмен емес бағасында жүргiзiледi. Алкоголь өнiмiн аукциондарда сатудан алынған қаражат республикалық бюджетке есептелуге жатады. Сату барысында шеккен шығындар республикалық бюджеттiң есебiнен жабылады.
3) ГОСТ-тың талаптарына сәйкес келмейтiн және нормативтiк-техникалық құжаттаманы бұза отырып өндiрілген этил спиртi мен алкоголь өнiмi жойылуға жатады.
6. Уәкілеттi органның шешiмi бойынша мақсаты бойынша тұтынуға (қолдануға) жарамсыз этил спиртi нормативтiк құжаттардың талаптарымен сәйкестiкке келтiргенге дейiн қайта өңделуi мүмкiн.
7. Этил спиртiн қайта өңдеуге тек этил спиртiн өндiру құқығына лицензиясы бар отандық зауыттарға ғана рұқсат етiледi. Қайта өңдеу жөніндегі операциялар республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi.
8. Уәкiлеттi орган заңдарға сәйкес спирттi өңдеуге тiлек бiлдiргендердiң арасынан спирттi қайта өңдеу жөніндегі спирт зауытын айқындайды. Егер бiрде-бiр зауыт қайта өңдеуге тiлек бiлдiрмеген жағдайда, спирт жойылады.
9. Қайта өңделген өнiмдi одан әрi пайдалану тек стандарттау және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган тiркеген лабораторияда сынақтарды жүргiзудiң оң нәтижелерi кезiнде ғана мүмкiн.
3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жоюдың тәртібі
10. Бақытсыз жағдайларды және өнiмнiң мүмкiн ұрлануын болдырмау мақсатында этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жоюдың алдында мемлекеттік мамандандырылған кәсiпорын денатурациялау* бойынша операциялар жүргізедi.
* Денатурациялау - этил спирті мен алкоголь өнімін тағамдық мақсатта пайдалануға жарамсыз күйге келтіру.
11. Жою нәтижесiнде тауар толық жойылатын термикалық, химиялық, механикалық не өзге әсер ету (жағу, бұзу, көму және басқалары) жолымен жүргiзiледi.
12. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жою үшiн аумақтық салық комитетi төрағасының бұйрығымен өнiмдi жою жұмысының мерзiмдерiн көрсете отырып оны жою жөніндегі комиссия құрылады.
13. Өнiмдi жою жөніндегі комиссияға салық қызметiнiң қызметкерлерi, мемлекеттік мамандандырылған кәсiпорынның мамандары кiредi.
14. Комиссия жою актiсiн жасайды, онда актiнi жасаудың күнi мен орны, жойылуға жататын өнiмнiң атауы мен саны; жоюдың тәсілі, негiзiнде жою жүргізiлетiн құжаттың атауы мен нөмiрi, жоюдың уақыты мен орны; комиссия мүшелерiнiң аты-жөнi және лауазымдары көрсетiледi.
Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды. Комиссия мүшелерiнiң қайсыбiрiнiң қолы болмаған жағдайда, актiге себебi негiзделген анықтама қоса берiледi.