Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс
пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысы 1999 жылғы 7 қыркүйек № 1315
Осы редакция 2005 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1) "Қазақ КСР-iндегi мемлекеттік экологиялық сарапшылық туралы ереженi бекіту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 25 қазандағы № 637 қаулысына (Қазақ КСР ҚЖ, 1991 ж., № 24, 177-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақ КСР-індегі мемлекеттік экологиялық сарапшылық туралы ережеде:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзгенi үшiн ақы түрiнде түсетiн барлық қаражат бюджетке аударылады";
2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 сәуірдегі № 547 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., № 14, 166-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ережеде:
"Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру" деген Ү бөлiм мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын тауарларды сату мен қызмет көрсетулерден түсетiн түсiмдердi олар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындайтын тәртiппен пайдаланады".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі