Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық шараларын
іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі
№ 1015 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 1998 жылғы 7 желтоқсандағы № 4157 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
20 шілдедегі
№ 1015 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық
шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы
__________________________________________________________________________
| № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны
|___|________________________________________|_____________________________
| 1 |Жеке бизнестегі қолма-қол ақша айналысы |Үкіметінің қаулысы
| |саласын дәйекті түрде тарылту және төлем|
| |карточкаларын пайдалана отырып, |
| |төлемдерді жүзеге асыру кезінде |
| |қолданылатын жабдықтардың құнын |
| |төмендету мақсатында Қазақстан |
| |Республикасы Үкіметінің 14.04.97 ж. |
| |№ 558 қаулысына тізбеге шеткері|
| |құрылғылармен төлем карточкаларын енгізу|
| |бөлігіне толықтыру енгізу |
|___|________________________________________|_____________________________
| 2 |Қазақстан Республикасы Президентінің |Заң жобасы
| |"Салық және бюджетке төленетін басқа да |
| |төлемдер туралы" 24.04.95 ж. № 2235 заң |
| |күші бар Жарлығына есептіліктің қазіргі |
| |заманғы нысандарын енгізу процесін |
| |қолдау мақсатында электрондық көздерде |
| |кірістер мен мүліктер туралы |
| |декларациялар мен мәліметтер берудің |
| |мүмкіндігін көздейтін өзгерістер мен |
| |толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізу|
|___|________________________________________|_____________________________
| 3 |Қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, |Заң жобасы
| |төлемдерді жүзеге асырудың тәртібі мен |
| |шарттарын реттеу, сондай-ақ мұндай |
| |төлемдердің сомалары бойынша шектеулер |
| |белгілеу мақсатында Қазақстан |
| |Республикасы Президентінің "Қазақстан |
| |Республикасының Ұлттық Банкі туралы" |
| |30.03.95 ж. № 2155 заң күші бар|
| |Жарлығына және Қазақстан Республикасының|
| |"Төлемдер мен ақша аудару туралы" |
| |29.06.98 ж. № 237-1 Заңына өз- |
| |геріс енгізу. |
|___|________________________________________|_____________________________
| 4 |Меншік иелері мен акционерлердің |Үкіметке есеп
| |құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, |
| |ұйым қызметінің айқындылығын белгілеу |
|___|________________________________________|_____________________________
таблицаның жалғасы
__________________________________________________________________________
| Атқару мерзімі | Атқарылуына жауаптылар
|___________________________________|______________________________________
|1999 жылдың III тоқсаны |Қаржы министрлігі, Энергетика,
| |индустрия және сауда министрлігі
|___________________________________|______________________________________
|1999 жылдың IV тоқсаны |Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кіріс
| |министрлігі
|___________________________________|______________________________________
|1999 жылдың III тоқсаны |Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
| |(келісім бойынша)
|___________________________________|______________________________________
|Есепті жылдан кейінгі жылдың 10 |Қаржы министрлігі, салалық
|сәуіріне дейін жылына бір рет |министрліктер
|___________________________________|______________________________________