Пайдалы қазбалар кен орындарын (жер қойнауларын), сондай-ақ техногендI
кен орындарын пайдаланумен шұғылданатын мемлекеттік
меншік объектілерін басқарудың ерекшеліктері туралы ережені
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 14 наурыздағы № 269 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Пайдалы қазбалардың кен орындарын (жер қойнауларын), сондай-ақ техногендi кен орындарын пайдаланумен шұғылданатын мемлекеттік меншiк объектiлерiн басқарудың ерекшелiктерi туралы осыған қосылған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 14 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
Бекiтiлген
Пайдалы қазбалар кен орындарын (жер қойнауларын),
сондай-ақ техногендi кен орындарын пайдаланумен шұғылданатын
мемлекеттік меншiк объектiлерiн басқарудың ерекшелiктерi
туралы Ереже
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және пайдалы қазбаларды қазумен, соның iшiнде жұмысы тоқтатылған мұнай мен газ кен орындарын қайталап пайдаланумен, сондай-ақ баруы қиын аудандардағы ұсақ кенiштердi пайдаланумен байланысты барлық ұйымдық құрылымдар (бұдан әрi текст бойынша - заңды ұйым) мен нақты адамдар бағыныстылығына қарамастан басшылыққа алуға мiндеттi.
2. Пайдалы қазбаларды қазу жөніндегі барлық жұмыстарды заңды ұйым мен нақты адам тек кәсiпорынға немесе жеке адамға Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес берiлген кен және жер бөлiнiстерi шегiнде арнаулы рұқсат-лицензиялар бойынша және белгiленген тәртiппен бекітілген жобаларға қатаң түрде сәйкес атқарады. Объектiлердi басқару конкурс негiзiнде контракт жасау жолымен жүзеге асырылады.
3. Объектiнi басқаруға контракт жасасу үмiткерден объект жөніндегі белгiлi бiр шарттарды орындау талап етiлген кезде мемлекеттiң иелену, басқару және пайдалану құқығын нақты адам мен заңды ұйымға беруiнiң әдiсi болып табылады.
Контракт жасасылған нақты адам немесе заңды ұйым мынадай негiзгi талаптарды орындауға:
өндiрiстiң бағытын, шығарылатын өнiмнiң көлемiн белгiлi бiр деңгейде сақтауға;
контрактта белгiленген жұмыс орнының санын сақтауға тиiс.
Әрбiр нақты жағдайда объектiнiң ерекшелiктерiне талаптардың өзгеруi және толықтырылуы мүмкiн.
4. Конкурс - объектiнi басқаруға қатысушылар арасынан комиссияның пiкiрiнше ең таңдаулы үмiткердi баламалы негiзде iрiктеу тәсiлi.
5. Конкурстардың жабық және ашық болуы мүмкiн. Ашық конкурстарға тiлек бiлдiрген нақты адамдар мен заңды ұйымдар қатыстырылады. Жабық конкурстарға нақты адамдардың комиссия белгiлеген шектеулi саны шақырылады.
6. Конкурс процедурасы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 633 қаулысымен бекітілген "Кәсiпорынды (объектiнi) басқаруға контракт жасасу жөніндегі конкурс туралы ережеге" сәйкес жүзеге асырылады.
II. Бастапқы деректердi әзiрлеу
7. Бiрiншi кезеңде конкурсқа шығарылуға тиiстi объектi таңдап алынады және оның экономикалық, қаржы, технологиялық жайына талдау жасалады. Сонымен бiрге мына мәселелер бойынша егжей-тегжейлi мәлiмет беру қажет:
Кен орнының кен-геологиялық және кен-техникалық сипаттамасы, кәсiпорынның құрылымы, шығарылатын өнiм, кәсiпорынның жекелеген құрылымдық бөлiктерiнiң пайдалы немесе шығынмен жұмыс iстеуi;
шығарылатын өнiм номенклатурасы, өнiм Қазақстанда, ТМД-да және алыс шетелде сұраныс таба ма, экспортталатын өнiмнiң экспорт мүмкiндiктерi мен көлемi;
банк қарызы және басқа кәсiпорындармен өзара берешегi, сот талабының бар-жоғы;
технологиялық жабдықтар, оның типтiк стандарттарға сәйкестiгi, ескiрген жабдықтың бар-жоғы;
кенiштердi қайталап пайдалану, шикiзат базасын ұлғайту, үйiндiлердi қайта өңдеу мүмкiндiктерi (бағалау) және мұнай мен газды қосымша шығару үшiн үстеменi үдетудiң қайталама әдiстерiнiң мүмкiндiктерi қандай;
жөндеу қызметтерiнiң жайы, экологиялық проблемалар;
кәсiпорын қызметкерлерiн, соның iшiнде басшы буынды даярлау деңгейi;
өндiрiске жұмсалатын шығын, республика, ТМД елдерi мен алыс шетелдiң нарықтарындағы өнiмнiң бәсекелесу қабiлетi;
объектiнiң жұмыс iстеуiне ықпал жасайтын, шикiзат сатып алуға бөлiнетiн субсидияның, дотацияның мөлшерi және энергиямен жабдықтауға жасалатын жеңiлдiктер.
8. Кәсiпорынның мүлкi Қазақстан Республикасы Меммүлiккомының 1993 жылғы 29 қазандағы № 3/82 қаулысымен бекітілген әдiстемелiк нұсқауларға сәйкес бағаланады.
9. Жұмыс қорытындылары бойынша жұмыс комиссиясы алдын-ала шешiмдер, соның iшiнде:
объектiнi қорғау (алдын-ала) мақсатында қайта құру мүмкiндiгi (қажеттiгi);
ескiрген активтердi жабу немесе жою;
штатты қысқарту;
қарыздарды алып тастау немесе оларды акцияларға көшiру;
кәсiпорынды құрылымдық жағынан қайта құру;
қоғамдық қорларды бөлу;
қоғамдық қорларға иелiк етудiң орындылығы (жұмысшы асханаларын, бөлшек сауданың iшкi дүкендерiн, демалыс үйлерiн және басқа әлеуметтiк объектiлердi шағын жекешелендiру шеңберiнде аукциондарда сату, ведомстволық тұрғын үйдi жекешелендiру);
кен орнын қазу үшiн жер учаскесiн белгiленген тәртiппен пайдалану құқығын беру енгiзiлетiн шешiмдер әзiрлейдi.
III. Объектiнi басқаруға контракт жасасу
10. Объектiнi басқаруға жасалған контракт үш дана етiп толтырылады, олардың заңдық күшi бiрдей болады.
Шығыммен жұмыс iстейтiн, жұмысшыларының саны 5 мыңға дейiнгi акционерлік қоғамдар үшiн акциялар былайша бөлiнуi мүмкiн: резервтiк қор акцияларының 39 процентiнiң 51 процентi сатып алушыға тегiн, ал акциялардың 49 процентi қаржы қарызының 5 жыл iшiнде өтелуiн ескере отырып номиналдық құны бойынша берiледi.
Басқа объектiлер үшiн аларманға резервтiк қор акцияларын сатып алуға қатысты бөлiгiнде жеңiлдiктер берiлуi немесе жылдық қызмет нәтижелерi бойынша таза кiрiстен дивидендтер төленуi мүмкiн. Объектi кәсiпорынның немесе ұйымның құрамынан бөлiнiп шыққан жағдайда мүлiк пен технологиялық жабдық актi бойынша берiледi. Комиссияның осы және басқа да шешiмдерi контракттың ерекше шарттарына енгiзiледi.
11. Мемлекеттік кәсiпорынды (объектiнi) басқару құқығын қабылдау-беру актiсi контрактiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
12. Жеңiмпаз контракт жасасудан бас тартқан жағдайда:
ашық конкурс жағдайында объектiнi басқару құқығын екiншi нәтиже көрсеткен қатысушы алады;
жабық конкурс жағдайында екiншi нәтиже көрсеткен үмiткер жеңiмпаз деп жарияланады. Екi жағдайда да қорытынды хаттамаға тиiстi өзгертулер енгiзiледi.
IV. Дауларды шешу
13. Кәсiпорынды басқару құқығы конкурстық негiзде контракт бойынша берiлген жағдайда пайда болатын дауларды сот қарайды.