«Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк пен қосымша жауапкершiлiгi
бар серiктестiктiң үлгiлiк жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 қыркүйектегi № 928 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852 Қаулысымен күші жойылды
«Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң үлгiлiк жарғысы;
Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң үлгiлiк жарғысы бекітілсiн.
2. «Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардың үлгiлiк жарғысы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi № 1382 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
«жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (3-қосымша);
қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк (4-қосымша)» деген жолдар алынып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi № 1382 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 308 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 21 қыркүйектегi
№ 928 қаулысына
1-қосымша a
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң
ҮЛГIЛIК ЖАРҒЫСЫ
1. Жалпы ережелер
1.1.__________________________________________________________
______________________________жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
(бұдан әрi - серiктестiк) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша
заңды тұлға болып табылады.
1.2. Серiктестiктiң құрылтайшылары (бұдан әрi - қатысушылар)
мыналар болып табылады:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
1.3. Серiктестiктiң атауы:
мемлекеттік тiлде:____________________________________________
___________________________________________________________________
орыс тілінде ______________________________________________________
___________________________________________________________________
1.4. Серiктестiктiң орналасқан жерi:__________________________
___________________________________________________________________
1.5. Серiктестiк қызметiнiң мерзiмi __________________________
1.6. Серiктестiк заң актілерімен және құрылтай шартымен тыйым салынбаған қызметтiң кез келген түрiн жүзеге асыра алады.
Тiзбесi заң актілерінде айқындалатын қызметтiң жекелеген түрлерiмен серiктестiк лицензияның негiзiнде айналыса алады.
2. Серiктестiктiң заңдық мәртебесi
2.1. Серiктестiк мемлекеттік тiркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын иеленедi.
2.2. Серiктестiктiң мөрi, дербес балансы, банктерде шоттары, өз атауы жазылған бланкiлерi болады.
2.3. Серiктестiк өз қызметiнiң мақсатына жету үшiн өз атынан мәмiлелер жасасуға, мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иеленуге, мiндеттер көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
2.4. Серiктестiк Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде филиалдар мен өкiлдiктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бiрлестiктерге (одақтарға) кiруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.
2.5. Серiктестiк өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi. Мемлекет серiктестiктiң борыштары бойынша жауап бермейдi. Серiктестiк мемлекеттiң борыштары бойынша жауап бермейдi. Серiктестiк қолданылып жүрген заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
2.6. Серiктестiктiң қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты шығындар бойынша енгiзген салымдар құнының шегiнде тәуекелге барады.
2.7. Серiктестiк қолданылып жүрген заңдарға сәйкес облигациялар шығаруға құқылы.
3. Серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi
3.1. Серiктестiктiң қатысушылары:
1) осы жарғымен белгiленген тәртiп бойынша серiктестiк iстерiн басқаруға қатысуға;
2) серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және оның құжаттамасымен танысуға;
3) серiктестiктiң қызметiнен табыс алуға;
4) серiктестiк таратылған жағдайда кредиторлармен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлiктiң бiр бөлiгiнiң құнын немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының келісімi бойынша оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн заттай алуға;
5) өз үлесiн иелiктен шығару жолымен серiктестiкке қатысуды тоқтатуға құқылы.
3.2. Серiктестiктiң қатысушылары:
1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
2) құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп пен мөлшерде, тәсiлдер мен мерзiмдерде салымдар енгізуге;
3) серiктестiк коммерциялық құпия деп жарияланған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
3.3. Серiктестiк қатысушыларының заңдарда және құрылтай шартында көзделген басқа да құқықтары (мiндеттері) болуы (көтеруi) мүмкiн.
4. Серiктестіктiң мүлкi
4.1. Серiктестiктiң жарғылық капиталы_________________________
_________________________________________________ теңгенi құрайды.
4.2. Серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салымдар ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жердi пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.
Жеке мүлiктiк емес құқықтарды және өзге де материалдық емес игiлiктердi салым ретiнде енгізуге жол берiлмейдi.
4.3. Барлық қатысушылардың серiктестiктiң мүлкіндегі үлестерi олардың жарғылық капиталдағы салымдарына бара-бар болады және құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, бүтіндегі бөлiктер немесе процент түрiнде белгiленедi.
4.4. Серiктестiктiң қатысушысы салымның өзiне тиесiлi бөлiгiн жарғылық капиталға бiр жылдың iшiнде енгізу жөніндегі өзiнiң мiндеттемесiн орындамаған жағдайда ол серiктестiктiң шығынын өтеуге, сондай-ақ серiктестiкке төленбеген бөлiк сомасына тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi. Тұрақсыздық төлемiнiң мөлшерi ақша мiндеттемесi немесе оның тиiстi бөлiгi атқарылатын күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру жөніндегі ресми ставкасына қарай есептеледi.
4.5. Серiктестiктiң мүлкi қатысушылардың жарғылық капиталдағы бастапқы жарналарының, қосымша жарналарының, шаруашылық және кәсiпкерлiк қызметтен түскен табыстардың, сондай-ақ серiктестiктiң белгiленген тәртiппен сатып алған немесе алған қарыз қаражатының және басқа да мүлкiнiң есебiнен құралады.
4.6. Қатысушылардың шешiмi бойынша серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi өзгертiлуi мүмкiн.
Серiктестiктiң жарғылық капиталын ұлғайту барлық қатысушылар енгiзетiн қосымша бара-бар салымдар жолымен, серiктестiктiң өз капиталының есебiнен, нақты құны олардың баланстық құнынан асатын таза активтердi қайта бағалаудың есебiнен, барлық қалған қатысушылардың келісімi болған жағдайда бiр немесе бiрнеше қатысушының қосымша салымдар енгізуi, серiктестiктiң құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау жолымен жүзеге асырылады.
Серiктестiктiң жарғылық капиталы серiктестiктiң барлық қатысушыларының салымдарының мөлшерiн бара-бар мөлшерде кемiту не жекелеген қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен азайтылады.
Серiктестiктiң жарғылық капиталын ол мемлекеттік тiркеуге алынған сәттегi заңдарда белгiленген ең төменгi мөлшерден төмен азайтуға жол берiлмейдi.
5. Серiктестiктiң органдары
5.1. Серiктестiктiң жоғарғы органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады.
Серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мыналар жатады:
1) серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн, орналасқан жерi мен фирмалық атауын өзгертудi немесе серiктестiктiң жаңа редакциядағы жарғысын қоса алғанда, серiктестiктiң жарғысын өзгерту;
2) серiктестiктiң атқарушы органын құру және оның өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiктi немесе оның мүлкiн сенiмдi басқаруға беру туралы шешiм қабылдау және осылай берудiң шарттарын айқындау;
3) серiктестiктiң байқаушы кеңесiн және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушiсiн) сайлау және олардың өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiктiң тексеру комиссиясының (тексерушiсiнiң) есептерi мен қорытындыларын бекіту;
4) жылдық қаржылық есептi бекіту және таза табысты бөлу;
5) iшкi ережелердi, олардың қабылдану рәсiмiн және серiктестiктiң iшкi қызметiн реттейтiн басқа да құжаттарды бекіту;
6) серiктестiктiң өзге де шаруашылық серiктестiктерiнде, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарда қатысуы туралы шешiм;
7) серiктестiктi қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм;
8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;
9) серiктестiктiң қатысушысынан үлестi мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм;
10) серiктестiктiң барлық мүлкiн кепiлге беру туралы шешiм;
11) серiктестiктiң мүлкiне қосымша жарналар енгізу туралы шешiм.
Қатысушылардың жалпы жиналысында шешiм жалпы жиналысқа қатысушылардың және өкiлдерi арқылы бiлдiрiлгендердiң жай көпшiлiк дауысымен, ал 1), 7), 9)-тармақшаларда көзделген мәселелер бойынша серiктестiк қатысушыларының жиналысына қатысушылардың және өкiлдерi арқылы бiлдiрiлгендердiң төрттен үшiнiң даусымен және 10)-тармақша бойынша бiрауыздан дауыс беру арқылы қабылданады. 9)-тармақшада көзделген мәселе бойынша шешiм қабылданған кезде үлесi мәжбүрлеу тәртібімен сатылып алынатын қатысушы дауыс беруге қатыспайды және оған тиесiлi дауыс саны санақ кезiнде ескерiлмейдi. Серiктестiктiң әрбiр қатысушысы жалпы жиналыста өзiнiң серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесiне бара-бар дауыс санын иеленедi.
5.2. Жалпы жиналыс серiктестiктiң қызметiне байланысты кез келген мәселенi қарауға қабылдауға құқылы.
5.3. Атқарушы орган директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп бередi және оның шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңдарына сәйкес реттеледi.
Дирекция ___________ мүшеден тұрады. Дирекцияны директор басқарады. Шешiмдер дирекция мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда директордың дауысы шешушi дауыс болып есептеледi.
5.4. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыреттi, оның iшiнде:
ағымдағы және болашақтағы жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етедi;
қатысушылардың шешiмдерiнiң дайындалуы мен орындалуын ұйымдастырады;
серiктестiктiң ақшалай қаражатын қоса алғанда, қатысушылар берген шекте оның мүлкiне билiк жүргiзедi;
қатысушылар ұсынған және осы жарғымен белгiленген өкiлеттiктер шегiнде серiктестiк қызметiнiң мәселелерi бойынша мемлекеттік органдарды, соттарды қоса алғанда, ұйымдармен қарым-қатынастарда серiктестiктi бiлдiредi;
өз құзыретi шегiнде басқа да функцияларды орындайды.
5.5. Серiктестiк директорының өкiлеттiктерi:
серiктестiктiң атынан сенiмхатсыз әрекет жасайды;
серiктестiктiң өкiлi болу құқығына сенiмхат, оның iшiнде қайта сенiм бiлдiру құқығымен сенiмхаттар бередi;
серiктестiктiң қызметкерлерi жөнiнде оларды қызметке тағайындау туралы, оларды ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекке ақы төлеу жүйесiн белгiлейдi, лауазымдық жалақылар мен дербес үстеме ақылардың мөлшерiн белгiлейдi, сыйлық беру мәселесiн шешедi, көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртiптiк жазалар бередi;
қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретiне немесе байқаушы органдардың құзыретiне жатқызылмаған өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
5.6. Серiктестiк өз қызметiнiң нәтижелерiне бухгалтерлiк есеп жүргiзедi, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ережелерге сәйкес статистикалық және қаржылық есептіліктi жүргiзедi.
Серiктестiк есеп пен есеп берудiң сенiмдiлiгi және жүргiзу тәртібінiң сақталмағаны үшiн заңдарға сәйкес жауап бередi.
5.7. Байқаушы кеңес құрылған жағдайда жалпы жиналыс оның құзыретiн белгiлейдi, оған мынадай мәселелер кiредi:
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
5.8. Байқаушы кеңес_______ мүшеден тұрады. Байқаушы кеңестiң мүшелерi бес жылдан аспайтын мерзiмге сайланады. Байқаушы кеңестiң мүшесi сонымен бiр мезгiлде серiктестiктiң атқарушы органының мүшесi бола алмайды. Байқаушы кеңес қарайтын мәселелер бойынша шешiм байқаушы кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.
5.9. Серiктестiкте атқарушы органның қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды жүзеге асыру үшiн тексеру комиссиясы құрылуы немесе тексерушi сайлануы мүмкiн.
Егер серiктестiкте тексеру комиссиясы құрылмаса (тексерушi сайланбаса), онда тексеру комиссиясының заңдарда белгiленген барлық өкiлеттiктерiн серiктестiктiң байқаушы кеңесi иеленедi.
5.10. Тексеру комиссиясы (тексерушi) серiктестiк қатысушыларының және (немесе) олардың өкiлдерiнiң арасынан жалпы жиналыста сайланады.
Серiктестiктiң атқарушы органдарының мүшелерi тексеру комиссиясының мүшелерi бола алмайды.
5.11. Тексеру комиссиясының (тексерушiнiң) жұмыс тәртібі iшкi қызметтi реттейтiн ережелермен және өзге де құжаттармен белгiленедi.
5.12. Тексерулер жүргiзу үшiн сырттан аудитор қатыстырылуы мүмкiн.
6. Серiктестiктiң таза табысын бөлу
6.1. Серiктестiктiң оның жыл iшіндегі қызметiнiң нәтижелерi бойынша алған таза пайдасы серiктестiкке қатысушылардың серiктестiктiң тиiстi жылдағы қызметiнiң нәтижелерiне арналған кезектi жалпы жиналысының шешiмiне сәйкес бөлiнедi.
Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бiр бөлiгiн серiктестiктiң қатысушылары арасында бөлуден шығарып тастау туралы шешiм қабылдауға құқылы.
6.2. Серiктестiкте резерв қоры құрылған жағдайда серiктестiктiң ықтимал шығындары осы қордың есебiнен жабылады. Резерв қорының қаражаты жетiспеген кезде немесе резерв қоры болмаған жағдайда шығындарды жабудың көздерi туралы шешiмдi қатысушылардың жалпы жиналысы қабылдайды.
6.3. Серiктестiк қатысушыларының қай-қайсысын болмасын таза табысты бөлуге қатысудан шеттеткен келісімдер жарамсыз болып табылады.
7. Серiктестiктiң еңбек ұжымы
7.1. Директор жалдау туралы келісім-шарттардың, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттейтiн басқа да нысандардың негiзiнде қызметкерлердi жалдауға құқылы.
7.2. Серiктестiк қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген барлық әлеуметтiк-экономикалық құқықтарының берiлуiн кепiлдендiредi.
7.3. Әрбiр қызметкердiң еңбек табысының ең жоғарғы мөлшерiне шек қойылмайды және белгiленген ережелерге сәйкес салықтар салынады.
7.4. Серiктестiк еңбекке ақы төлеудiң нысандары мен жүйесiн өз бетiнше белгiлейдi, еңбек келісім-шарттарында тарифтiк ставкалар мен лауазымдық жалақылардың мөлшерiн белгiлейдi, бұл ретте мемлекеттік тарифтердi тиiстi біліктілігi бар қызметкерлер мен мамандардың еңбегiне ақы төлеудiң ең төменгi кепiлi ретiнде қарастырады.
7.5. Серiктестiктiң қызметкерлерi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.
7.6. Серiктестiк барлық жұмыс iстеушiлердi қауiпсiз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге мiндеттi және олардың денсаулығы мен еңбек қабiлетiне келтiрiлген залал үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
8. Серiктестiктiң қызметiн тоқтату
8.1. Серiктестiктiң қызметiн тоқтату жалпы жиналыстың немесе соттың шешiмi бойынша қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен жүзеге асырылады.
8.2. Серiктестiк өзiнiң қызметiн мынадай негiздер бойынша тоқтатады:
1) егер серiктестiк қатысушыларының саны елуден асса;
2) егер жарғылық капиталды азайтудың нәтижесiнде оның мөлшерi
ең төменгi мөлшерден кем болса;
3) егер қатысушылар заңдарда және құрылтай шартымен белгiленген мерзiмде серiктестiктiң жарғылық капиталын құрмаса;
4) банкрот болғанда;
5) серiктестiктi құру кезiнде заңдардың түзеуге келмейтiндей
дәрежеде бұрмалануына жол берiлуiне байланысты серiктестiктiң
тiркелуi жарамсыз деп танылған кезде;
6) қызметтi тиiстi рұқсатсыз (лицензиясыз), не заң актілерінде тыйым салынған қызметтi, не заңдарды бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған кезде;
7) қайта ұйымдастырылған кезде;
8) заң актілерінде көзделген өзге де негiздер болған кезде.
8.3. Серiктестiктi қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) заңдарда көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
8.4. Серiктестiктi таратуды жалпы жиналыс немесе сот тағайындайтын тарату комиссиясы жүргiзедi. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап оған серiктестiк iсiн басқару жөніндегі өкiлеттiктер көшедi.
8.5. Тарату қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
8.6. Заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттік тiзiлiмiне тарату туралы жазба жазылған сәттен бастап тарату аяқталды, ал серiктестiк өз қызметiн тоқтатты деп есептеледi.
Серiктестiктiң құрылтайшылары:
___________________________ ____________________
___________________________ ____________________
___________________________ ____________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 21 қыркүйектегi
№ 928 қаулысына
2-қосымша b
Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң
ҮЛГIЛIК ЖАРҒЫСЫ
1. Жалпы ережелер
1.1.__________________________________________________________
______________________________қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiгi
(бұдан әрi - серiктестiк) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша
заңды тұлға болып табылады.
1.2. Серiктестiктiң құрылтайшылары (бұдан әрi - қатысушылар)
мыналар болып табылады:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
1.3. Серiктестiктiң атауы:
мемлекеттік тiлде:____________________________________________
___________________________________________________________________
орыс тілінде ______________________________________________________
___________________________________________________________________
1.4. Серiктестiктiң орналасқан жерi:__________________________
___________________________________________________________________
1.5. Серiктестiк қызметiнiң мерзiмi __________________________
1.6. Серiктестiк заң актілерімен және құрылтай шартымен тыйым салынбаған қызметтiң кез келген түрiн жүзеге асыра алады.
Тiзбесi заң актілерінде айқындалатын қызметтiң жекелеген түрлерiмен серiктестiк лицензияның негiзiнде айналысқа алады.
2. Серiктестiктiң заңдық мәртебесi
2.1. Серiктестiк мемлекеттік тiркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын иеленедi.
2.2. Серiктестiктiң мөрi, дербес балансы, банктерде шоттары, өз атауы жазылған бланкiлерi болады.
2.3. Серiктестiк өз қызметiнiң мақсатына жету үшiн өз атынан мәмiлелер жасасуға, мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иеленуге, мiндеттер көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
2.4. Серiктестiк Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде филиалдар мен өкiлдiктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бiрлестiктерге (одақтарға) кiруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.
2.5. Серiктестiк өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi. Мемлекет серiктестiктiң борыштары бойынша жауап бермейдi. Серiктестiк мемлекеттiң борыштары бойынша жауап бермейдi. Серiктестiк қолданылып жүрген заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
2.6. Серiктестiктiң қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша жарғылық капиталдағы өз салымдарымен жауап бередi, ал бұл сомалар жетiспеген жағдайда - енгiзген салымдарына еселi мөлшерде қосымша өздерiне тиесiлi мүлiкпен жауап бередi.
Қатысушылардың жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi олардың жарғылық
капиталдағы үлестерiнiң _______ есесiндей болады.
Мүлiк жетiспеген жағдайда, сондай-ақ серiктестiк қатысушыларының бiрi банкрот болған жағдайда оның серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi қалған қатысушылардың арасында олардың серiктестiктiң жарғылық капиталындағы салымдарына бара-бар мөлшерде бөлiнедi.
2.7. Серiктестiк қолданылып жүрген заңдарға сәйкес облигациялар шығаруға құқылы.
3. Серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi
3.1. Серiктестiктiң қатысушылары:
1) осы жарғымен белгiленген тәртiп бойынша серiктестiк iстерiн басқаруға қатысуға;
2) серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және оның құжаттамасымен танысуға;
3) серiктестiктiң қызметiнен табыс алуға;
4) серiктестiк таратылған жағдайда кредиторлармен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлiктiң бiр бөлiгiнiң құнын немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының келісімi бойынша оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн заттай алуға;
5) өз үлесiн иелiктен шығару жолымен серiктестiкке қатысуды тоқтатуға құқылы.
3.2. Серiктестiктiң қатысушылары:
1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
2) құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп пен мөлшерде, тәсiлдер мен мерзiмдерде салымдар енгізуге;
3) серiктестiк коммерциялық құпия деп жарияланған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
3.3. Серiктестiк қатысушыларының заңдарда және құрылтай шартында көзделген басқа да құқықтары (мiндеттерде) болуы (көтеруi) мүмкiн.
4. Серiктестiң мүлкi
4.1. Серiктестiктiң жарғылық капиталы_________________________
_________________________________________________ теңгенi құрайды.
4.2. Серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салымдар ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жердi пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.
Жеке мүлiктiк емес құқықтарды және өзге де материалдық емес игiлiктердi салым ретiнде енгізуге жол берiлмейдi.
4.3. Барлық қатысушылардың серiктестiктiң мүлкіндегі үлестерi олардың жарғылық капиталдағы салымдарына бара-бар болады және құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, бүтіндегі бөлiк немесе процент түрiнде белгiленедi.