4.6. Қатысушылардың шешiмi бойынша серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi өзгертiлуi мүмкiн.
Серiктестiктiң жарғылық капиталын ұлғайту барлық қатысушылар енгiзетiн қосымша бара-бар салымдар жолымен, серiктестiктiң өз капиталының есебiнен, нақты құны олардың баланстық құнынан асатын таза активтердi қайта бағалаудың есебiнен, барлық қалған қатысушылардың келісімi болған жағдайда бiр немесе бiрнеше қатысушының қосымша салымдар енгізуi, серiктестiктiң құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау жолымен жүзеге асырылады.
Серiктестiктiң жарғылық капиталы серiктестiктiң барлық қатысушыларының салымдарының мөлшерiн бара-бар мөлшерде кемiту не жекелеген қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен азайтылады.
Серiктестiктiң жарғылық капиталын ол мемлекеттік тiркеуге алынған сәттегi заңдарда белгiленген ең төменгi мөлшерден төмен азайтуға жол берiлмейдi.
5. Серiктестiктiң органдары
5.1. Серiктестiктiң жоғарғы органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады.
Серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мыналар жатады:
1) серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн, орналасқан жерi мен фирмалық атауын өзгертудi немесе серiктестiктiң жаңа редакциядағы жарғысын қоса алғанда, серiктестiктiң жарғысын өзгерту;
2) серiктестiктiң атқарушы органын құру және оның өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiктi немесе оның мүлкiн сенiмдi басқаруға беру туралы шешiм қабылдау және осылай берудiң шарттарын айқындау;
3) серiктестiктiң байқаушы кеңесiн және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушiсiн) сайлау және олардың өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiктiң тексеру комиссиясының (тексерушiсiнiң) есептерi мен қорытындыларын бекіту;
4) жылдық қаржылық есептi бекіту және таза табысты бөлу;
5) iшкi ережелердi, олардың қабылдану рәсiмiн және серiктестiктiң iшкi қызметiн реттейтiн басқа да құжаттарды бекіту;
6) серiктестiктiң өзге де шаруашылық серiктестiктерiнде, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарда қатысуы туралы шешiм;
7) серiктестiктi қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм;
8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;
9) серiктестiктiң қатысушыларынан үлестi мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм;
10) серiктестiктiң барлық мүлкiн кепiлге беру туралы шешiм;
11) серiктестiктiң мүлкiне қосымша жарналар енгізу туралы шешiм.
Қатысушылардың жалпы жиналысында шешiм жалпы жиналысқа қатысушылардың және өкiлдерi арқылы бiлдiрiлгендердiң көпшiлiк дауысымен, ал 1), 7), 9)-тармақшаларда көзделген мәселелер бойынша серiктестiк қатысушыларының жиналысына қатысушылардың және өкiлдерi арқылы бiлдiрiлгендердiң төрттен үшiнiң даусымен және 10)-тармақша бойынша бiрауыздан дауыс беру арқылы қабылданады. 9)-тармақшада көзделген мәселе бойынша шешiм қабылданған кезде үлесi мәжбүрлеу тәртібімен сатылып алынатын қатысушы дауыс беруге қатыспайды және оған тиесiлi дауыс саны санақ кезiнде ескерiлмейдi. Серiктестiктiң әрбiр қатысушысы жалпы жиналыста өзiнiң серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесiне бара-бар дауыс санын иеленедi.
5.2. Жалпы жиналыс серiктестiктiң қызметiне байланысты кез келген мәселенi қарауға қабылдауға құқылы.
5.3. Атқарушы орган директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп бередi және оның шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңдарына сәйкес реттеледi.
Дирекция___________ мүшеден тұрады. Дирекцияны директор
басқарады. Шешiмдер дирекция мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен
қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда директордың дауысы шешушi
дауыс болып есептеледi.
5.4. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыреттi, оның iшiнде:
ағымдағы және болашақтағы жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етедi;
қатысушылардың шешiмдерiнiң дайындалуы мен орындалуын ұйымдастырады;
серiктестiктiң ақшалай қаражатын қоса алғанда, қатысушылар берген шекте оның мүлкiне билiк етедi;
қатысушылар ұсынған және осы жарғымен белгiленген өкiлеттiктер шегiнде серiктестiк қызметiнiң мәселелерi бойынша мемлекеттік органдарды, соттарды қоса алғанда, ұйымдармен қарым-қатынаста серiктестiктi бiлдiредi;
өз құзыретi шегiнде басқа да мiндеттердi орындайды.
5.5. Серiктестiк директорының өкiлеттiктерi:
серiктестiктiң атынан сенiмхатсыз әрекет жасайды;
серiктестiктiң өкiлi болу құқығына сенiмхат, оның iшiнде қайта сенiм бiлдiру құқығымен сенiмхаттар бередi;
серiктестiктiң қызметкерлерi жөнiнде оларды қызметке тағайындау туралы, оларды ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекке ақы төлеу жүйесiн белгiлейдi, лауазымдық жалақылар мен дербес үстеме ақылардың мөлшерiн белгiлейдi, сыйлық беру мәселесiн шешедi, көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртiптiк жазалар бередi;
қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретiне немесе байқаушы органдардың құзыретiне жатқызылмаған өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
5.6. Серiктестiк өз қызметiнiң нәтижелерiне бухгалтерлiк есеп жүргiзедi, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ережелерге сәйкес статистикалық және қаржылық есептіліктi жүргiзедi.
Серiктестiк есеп пен есеп берудiң сенiмдiлiгi және жүргiзу тәртібінiң сақталмағаны үшiн заңдарға сәйкес жауап бередi.
5.7. Байқаушы кеңес құрылған жағдайда жалпы жиналыс оның құзыретiн белгiлейдi, оған мынадай мәселелер кiредi:
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
5.8. Байқаушы кеңес_______ мүшеден тұрады. Байқаушы кеңестiң
мүшелерi бес жылдан аспайтын мерзiмге сайланады. Байқаушы кеңестiң
мүшесi сонымен бiр мезгiлде серiктестiктiң атқарушы органының мүшесi
бола алмайды. Байқаушы кеңес қарайтын мәселелер бойынша шешiм
байқаушы кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.
5.9. Серiктестiкте атқарушы органның қаржы-шаруашылық қызметiн
бақылауды жүзеге асыру үшiн тексеру комиссиясы құрылуы немесе
тексерушi сайлануы мүмкiн.
Егер серiктестiкте тексеру комиссиясы құрылмаса (тексерушi сайланбаса), онда тексеру комиссиясының заңдарда белгiленген барлық өкiлеттiктерiн серiктестiктiң байқаушы кеңесi иеленедi.
5.10. Тексеру комиссиясы (тексерушi) серiктестiк қатысушыларының және (немесе) олардың өкiлдерiнiң арасынан жалпы жиналыста сайланады.
Серiктестiктiң атқарушы органдарының мүшелерi тексеру комиссиясының мүшелерi бола алмайды.
5.11. Тексеру комиссиясының (тексерушiнiң) жұмыс тәртібі iшкi қызметтi реттейтiн ережелермен және өзге де құжаттармен белгiленедi.
5.12. Тексерулер жүргiзу үшiн сырттан аудитор қатыстырылуы мүмкiн.
6. Серiктестiктiң таза табысын бөлу
6.1. Серiктестiктiң бюджетпен қарым-қатынастар жөніндегі сомалары және серiктестiктiң қорларын құруға және толықтыруға бағытталған сомалары шығарылып тасталғаннан кейiнгi табысы, егер серiктестiктiң құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, қатысушылар арасында олардың серiктестiктiң жарғылық капиталындағы салымдарына бара-бар мөлшерде бөлiнедi.
6.2. Серiктестiкте резерв қоры құрылған жағдайда серiктестiктiң ықтимал шығындары осы қордың есебiнен жабылады. Резерв қорының қаражаты жетiспеген кезде немесе резерв қоры болмаған жағдайда шығындарды жабудың көздерi туралы шешiмдi қатысушылардың жалпы жиналысы қабылдайды.
6.3. Серiктестiк қатысушыларының қай-қайсысын болмасын таза табысты бөлуге қатысудан шеттеткен келісімдер жарамсыз болып табылады.
7. Серiктестiктiң еңбек ұжымы
7.1. Директор жалдау туралы келісім-шарттардың, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттейтiн басқа да нысандардың негiзiнде қызметкерлердi жалдауға құқылы.
7.2. Серiктестiк қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген барлық әлеуметтiк-экономикалық құқықтарының берiлуiн кепiлдендiредi.
7.3. Әрбiр қызметкердiң еңбек табысының ең жоғарғы мөлшерiне шек қойылмайды және белгiленген ережелерге сәйкес салықтар салынады.
7.4. Серiктестiк еңбекке ақы төлеудiң нысандары мен жүйесiн өз бетiнше белгiлейдi, еңбек келісім-шарттарында тарифтiк ставкалар мен лауазымдық жалақылардың мөлшерiн белгiлейдi, бұл ретте мемлекеттік тарифтердi тиiстi біліктілігi бар қызметкерлер мен мамандардың еңбегiне ақы төлеудiң ең төменгi кепiлi ретiнде қарастырады.
7.5. Серiктестiктiң қызметкерлерi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.
7.6. Серiктестiк барлық жұмыс iстеушiлердi қауiпсiз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге мiндеттi және олардың денсаулығы мен еңбек ету қабiлетiне келтiрiлген залал үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
8. Серiктестiктiң қызметiн тоқтату
8.1. Серiктестiктiң қызметiн тоқтату жалпы жиналыстың немесе соттың шешiмi бойынша қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен жүзеге асырылады.
8.2. Серiктестiк өзiнiң қызметiн мынадай негiздер бойынша тоқтатады:
1) егер серiктестiк қатысушыларының саны елуден асса;
2) егер жарғылық капиталды азайтудың нәтижесiнде оның мөлшерi ең төменгi мөлшерден кем болса;
3) егер қатысушылар заңдарда және құрылтай шартында белгiленген мерзiмде серiктестiктiң жарғылық капиталын құрмаса;
4) банкрот болғанда;
5) серiктестiктi құру кезiнде заңдардың түзеуге келмейтiндей
дәрежеде бұрмалануына жол берiлуiне байланысты серiктестiктiң
тiркелуi жарамсыз деп танылған кезде;
6) қызметтi тиiстi рұқсатсыз (лицензиясыз), не заң актілерінде тыйым салынған қызметтi, не заңдарды бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған кезде;
7) қайта ұйымдастырылған кезде;
8) заң актілерінде көзделген өзге де негiздер болған кезде.
8.3. Серiктестiктi қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) заңдарда көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
8.4. Серiктестiктi таратуды жалпы жиналыс немесе сот тағайындайтын тарату комиссиясы жүргiзедi. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап оған серiктестiк iсiн басқару жөніндегі өкiлеттiктер көшедi.
8.5. Тарату қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
8.6. Заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттік тiзiлiмiне тарату туралы жазба жазылған сәттен бастап тарату аяқталды, ал серiктестiк өз қызметiн тоқтатты деп есептеледi.
Серiктестiктiң құрылтайшылары:
___________________________ ____________________
___________________________ ____________________
___________________________ ____________________