Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң
биологиялық ресурстарды мемлекеттік экологиялық бақылау,
қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі агенттiгi туралы ереженi
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 18 қыркүйектегi № 1350 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын реформалау жөніндегі кезектi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3377 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң Биологиялық ресурстарды мемлекеттік экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі агенттiгi туралы ереже;
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң Биологиялық ресурстарды мемлекеттік экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі агенттiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 18 қыркүйектегi
№ 1350 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
министрлігінiң биологиялық ресурстарды мемлекеттік
экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту мен пайдалану
жөніндегі агенттiгi (Экобиоресурсминiнiң Мемэкологбақылау
мен биоресурстар жөніндегі агенттiгi) туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң биологиялық ресурстарды мемлекеттік экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) биологиялық ресурстарды қорғауға, ұлғайту мен пайдалануға экологиялық бақылау жасау саласындағы мемлекеттік басқару органы болып табылады. Арнайы, атқарушылық және ведомство үстiнен бақылау-қадағалау функцияларын дербес жүзеге асырады және өзiне жүктелген мiндеттердi Экология және биоресурстар министрлігінiң құзыретi шегiнде орындайды.
Агенттiктiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi болады.
2. Агенттiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінiң актілерін, өзге нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Агенттiк заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
4. Агенттiк аппаратын ұстауға кететiн шығыстарды қаржыландыру, республикалық бюджетте, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігін ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
II. Негiзгi мiндеттер
Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi - қоршаған ортаның жай-күйiне және оның шаруашылық және өзге де қызметтiң ықпалынан өзгеруiне бақылауды ұйымдастыру, мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстар ұлғайту мен ұтымды пайдалану жөніндегі шаралар жоспарының орындалуын, табиғат қорғау заңдары мен нормативтiк құқықтық актілерінiң, Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдер мен конвенциялардың талаптарының орындалуын тексеру болып табылады.
III. Функциялары
Өзiне жүктелген мiндеттерге және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Агенттiк:
1) табиғат ресурстарын қорғау мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды, оның iшiнде мыналарды:
қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын қорғау мен пайдалану саласындағы мемлекеттік кадастрлар мен есептi жүргiзудi;
тұрақты және көшпелi ластану көздерiнен шығарылымдар нормаларын, атмосфералық ауаны қорғау, атмосфералық ахуалды жасанды өзгертуге бағытталған әрекеттердi жүргiзу жөніндегі ережелердi сақтауды;
жерлердi ластану мен қоқыстанудан қорғауды;
қоршаған табиғи ортаға шығарымдардың, тастандыларды талдауды ұйымдастыру мен жүргiзудi;
экологиялық талдау жұмыстарын метрологиялық қамтамасыз ету мен аттестациялауды;
кәсiпорындар мен ведомстволардың табиғатты қорғаудың талдау қызметтерiнiң жұмыстарын;
қорықтардың, қорғалымдардың, басқа да қорғалатын аумақтар мен сирек кездесетiн ландшафтардың табиғат қорғау режимiнiң сақталуын;
жер учаскелерiнiң иелерi мен жердi пайдаланушылардың өндiрiстiң табиғатты қорғау технологияларын ұтымды пайдалануына, шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде қоршаған табиғи ортаға зиян келтiрiлуiне және экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеу мақсатында, олардың: топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен сақтау жөніндегі ұйымдастырушылық-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиорациялық және гидротехникалық шаралар кешенiн дұрыс жүргiзуiн;
жаңа және қайта жаңартылған үйлердi, құрылыстарды, ғимараттар мен басқа да объектiлердi орналастырған және пайдалануға берген кезде экологиялық талаптардың қамтамасыз етiлуiн;
топырақтың құнарлы қабатын алуды, сақтау мен пайдалануды;
пайдалы қазбалардың, өнеркәсiптiк қорларының жасалуына қарай босатылған немесе басқа да процестер мен жұмыстардан бүлiнген жердi мақсатына сәйкес онан әрi пайдалану үшiн жарамды қалпына келтiрудi (бүлiнген жердi қайта қопсытуды). Жердiң құнарлы қабаты қалпына келмейтiндей етiп жойылған және сапалық жағдайы нашарлаған жағдайда, жер ресурстарына келтiрiлген зиян айқындалып, тиiстi санкциялар қолданылады;
өндiрiс қалдықтарын пайдалану, сақтау, тасымалдау, орналастыру және оларды тұтыну кезiнде, сондай-ақ материалдарды, заттарды, оның iшiнде биологиялық, қауiптi қалдықтарды және химияландыру құралдарын тасымалдағанда табиғатты қорғау талаптарының орындалуын;
өсiмдiктер ресурстарын қорғау мен пайдалануды;
дәрiлiк тағамдық және техникалық өсiмдiк шикiзатын пайдалану лимиттерiнiң белгiленген тәртiппен пайдаланылуын, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар жобалар мен материалдардың негiзiнде бекітілген лимиттер мен квоталарға сәйкес оларды дайындауға рұқсат берудi;
заңды және жеке тұлғалардың су заңдарының экологиялық талаптарын сақтауын және су қорғау шараларын дер кезiнде орындауын;
су шаруашылығы жүйелерiн және су қоймаларын, iрi гидротораптарды пайдалану ережелерiнiң орындалуын;
жануарлар дүниесiн, балық қорларын қорғауды ұлғайту мен пайдалануды және балық аулауды реттеудi, өнеркәсiптiк аң аулау, спорттық-әуесқойлық аң және балық аулау ережелерiнiң, аң мен балық шаруашылығын жүргiзу тәртібінiң орындалуын;
балық-су-мелиоративтiк жұмыстарының жүргiзiлуiн, балықтар мен жемдiк организмдердiң жерсiндiрiлуiн, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар материалдардың негiзiнде кәсiпшiлiк балықтардың құртшабақтарын құтқаруды;
ғылыми, мәдени-ағартушылық және өзге де мақсаттарда жабайы аңдардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн аулауды, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар материалдардың негiзiнде жабайы аңдарды, олардың бөлiктерi мен туындыларын республикаға әкелу мен әкетудi;
жануарларды, олардың бөлiктерi мен дериваттарының зоологиялық коллекцияларын жасау ережелерiнiң орындалуын;
iрi гидротораптар мен гидроэлектростанцияларының бөгеттерi жанындағы балық жүргiзетiн және балық өткiзетiн басқа да құрылғылардың жұмыс талаптарының орындалуын;
су шаруашылығы су тоғандарында орналасқан, жұмыс iстейтiн барлық бас сағалардың есебiн жүргiзудi;
барлық балық шаруашылығының, сутоғандарында ихтологиялық байқаулар жүргiзудi;
табиғат пайдаланушыларда табиғат ресурстарын пайдалануға келісімнiң және рұқсат қағаздардың болуын;
әскери ведомстволардың қарауына жататындарын қоса алғандар, республиканың бүкiл аумағындағы жабайы аңдар мекендейтiн жерлердегi және олардың қоныс аудару жолдарындағы, балық шаруашылығы су тоғандарындағы (учаскелеріндегі) шаруашылық қызметi кезiнде (өсiмдiктердi сақтау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды қолдану) жануарлардың қырылуын болғызбау жөніндегі шараларды заңды және жеке тұлғалардың орындауын заңдарда белгiленген тәртiппен;
жануарлар дүниесi объектiлерiн алудың белгiленген тәртібін заңды және жеке тұлғалардың орындауын;
жануарлардың және оларды пайдаланудың мемлекеттік есебiнiң жүргiзiлуiн, сондай-ақ таралым жайын есепке ала отырып, жабайы аңдардың жекелеген түрлерiн аулауды шектеудi немесе оған тыйым салуды;
жабайы аңдарды аулауға берiлген рұқсат қағаздарда белгiленген шарттардың сақталуын;
ғылыми, селекциялық және шаруашылық мақсаттарға, сондай-ақ олардың санын ретке келтiрiп отыру мақсатында жабайы аңдарды аулауға қойылатын заң талаптарының сақталуын;
қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі талаптардың нормативтiк-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етiлуiн;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік экологиялық бақылау қызметтерiнiң жұмысын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген жағдайда және тәртiппен тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар беру туралы шешiмдердi келiседi;
3) жабайы жануарларды есепке алуды ұйымдастыруға белгiленген тәртiппен қатысады;
4) қоғамдық бiрлестiктермен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында өзара iс-қимыл жасайды;
5) ведомстволық бағынысты бөлiмшелердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етедi;
6) табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияларды даярлауды, қайта даярлауды ұйымдастырады, үздiксiз экологиялық бақылау жүйесiн дамытуға жәрдемдеседi.
IV. Құқықтары
Агенттiктiң өз өкiлеттiктерiнiң шеңберiнде мыналарға құқығы бар:
министрлiктерден, мемлекеттік комитеттер мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарынан, сондай-ақ лауазымды адамдардан Қазақстан Республикасындағы табиғи ресурстарды қорғау мәселелерi жөнiнде, сондай-ақ олардың табиғатты қорғау заңдарының талаптарын орындау мәселелерi жөнiнде қажеттi ақпаратты алу, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінiң Ұлттық статистикалық агенттiгiмен келiсе отырып, қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік есепке алу мен есептiлiк жүйесiнiң тәртібі мен талаптарын белгiлеу;
өз құзыретi шегiнде табиғатты қорғау талаптарын бұзушыларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шаралар қолдану, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау;
экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын кәсiпорындардың, құрылғылар мен объектiлердiң жұмысын шектеу мен уақытша тоқтату, оларды iске қосуға тыйым салу, шаруашылық және өзге қызметтi шектеу немесе уақытша тоқтату туралы ұйғарымдар шығару немесе осы қызметтi тоқтату туралы ұсыныс енгізу;
табиғатты қорғау заңдары талаптарының бұзылуы туралы iстер жөніндегі сот қаралымдарында талаптар қою және талапкер болу;
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қорықтарда, қорғалымдарда, ұлттық және табиғи парктерде, айрықша қорғалатын басқа да аумақтарда табиғатты қорғау заңдарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
белгiленген тәртiппен көлiк құралдарын ұстау және қарау, тәртiп бұзушылықтың қаруы болған затты, заңсыз алынған өнiмдi, оның iшiнде балық өнiмiн алып қою, олардың кiм екенiн айқындау және хаттама жасау үшiн тәртiп бұзушыларды тиiстi органдарға алып келу;
мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын есепке ала отырып, арнайы су пайдалануға, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбе бойынша экологиялық жағынан қауiптi заттарды және табиғат ресурстарының жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетуге жыл сайынғы рұқсат қағаздардың берiлуiн келiсу;
ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн балықтардың жыртқыш түрлерiн, ұстауға, жерсiндiруге, балықтандыруға, балық өсiруге, бақылау мен жаппай аулауға, қырылып кету қаупi бар су тоғандарынан балықты аулап алу үшiн белгiленген тәртiппен балық аулауға рұқсат беру. Балық аулаудың белгiленген режимiнiң негiздiлiгiн растау және балық қорларын ұтымды пайдалану жөнiнде ұсынымдар жасау мақсатында тексеру тұрғысынан аулау жүргiзу;
әуесқойлық және спорттық балық аулауға бақылау жасау;
аң шаруашылығын жүргiзу құқықтарын беру және аңшылық жерлердi бекітіп беру, балықты және басқа да су жануарларын кәсiптiк аулауға құқық беру және балық шаруашылығы су тоғандарын бекітіп беру туралы ұсыныстарды әзiрлеуге қатысу;
сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң қырылуы мен санының азаюына, олардың мекендеу ортасының, палеобиологиялық қалдықтардың орналасқан орындарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн iс-қимылдарға белгiленген тәртiппен тыйым салу;
шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiне, қоршаған ортаға зиянды заттарды тастау мен шығаруға лицензиялар беру, Қазақстан Республикасы белгiленген тәртiппен, табиғат пайдалануға рұқсат беру;
коллекциялық мақсаттар үшiн (палеобиологиялық жиналымдарды қоса алғанда) жануарларды ұстауға өз құзыретiнiң шегiнде рұқсат беру;
ауыл шаруашылығына арналған және мемлекеттік жер қорындағы жерлерде жабайы өсiмдiктердi, олардың бөлiктерi мен тұқымдарын тағамдық мақсаттар үшiн, дәрiлiк және техникалық шикiзат ретiнде, сондай-ақ басқа да мақсаттарға дайындауға рұқсат беру;
Қазақстан Республикасының Қызыл Кiтабына енгiзiлген жабайы өсiмдiктер мен олардың бөлiктерiн, сондай-ақ жердiң барлық санатындағы қылша мен мияны алуға белгiленген тәртiппен рұқсат беру;
жұмыстарды жүргiзгенде жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану, жануарлардың мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайы мен қоныс аудару жолдарын сақтау жөніндегі ережелер, нормалар мен өзге де талаптар бұзылатын жұмыстарды тоқтату;
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында меншiк және бағыныстылық нысандарына қарамастан ұйымдар мен басқа да объектiлерге (оның iшiнде белгiленген тәртiппен әскери және қорғаныс объектiлерiне) бөгетсiз кiру (қызметтiк куәлiктерiн көрсетiп);
табиғат ресурстарын пайдалануға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензияларда белгiленген шарттардың орындалуын, табиғат пайдалануға арналған шарттардың (келісім-шарттардың) және рұқсаттардың орындалуын тексеру, оларды белгiленген тәртiппен жою, оларды жою туралы ұйғарымдар беру немесе ұсыныстар енгізу;
құрылысты қаржыландыруды және объектiлердi пайдалануды, экологиялық талаптарды бұза отырып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асырылған шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтату туралы тиiстi қаржы-несие ұйымдарына ұйғарымдар енгізу;
қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы құқықтық және нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу мен жетiлдiру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу;
қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары мен болжамдарының жобаларын iске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
заңдарда белгiленген тәртiппен ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгізу;
өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық экологиялық ұйымдармен, шетелдiк заңды тұлғалармен өзара iс-қимылды ұйымдастыру мен жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы қабылдаған келісімдер мен конвенцияларды, басқа да экологиялық бағдарламалар мен жобаларды орындау жөніндегі мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысу.
Табиғатты қорғау саласында мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын адамдар айырым белгiлерi бар пiшiмдi киiммен және бiрыңғай үлгiдегi қызметтiк куәлiктермен қамтамасыз етiледi, мiндеттi сақтандыруға жатады, белгiленген тәртiппен және қаза болған немесе мертiккен жағдайда зиянды өтеп алуға құқылы.
Қоршаған ортаны қорғау саласында бақылау жасайтын адамдар заңдарда көзделген жағдайларда арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқылы.
V. Жұмысты ұйымдастыру
Агенттiктi Директор басқарады, ол сонымен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы болып табылады оны, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Директордың орынбасары болады, оны Агенттiк Директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Агенттiк Директоры Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
Осы мақсатта Агенттiк Директоры:
өз орынбасарының және Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi;
Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары мен орынбасарлары (облыстық, ауданаралық және аудандық деңгейдегi) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
тәртiптiк жазалар қолданады;
өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады, Агенттiкке ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымдары мен штаттарын, сондай-ақ олардың ережелерiн бекiтедi;
өз құзыретiнiң шегiнде, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттiктi бiлдiредi;
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігіне құрылымдық бөлiмшелердi құру немесе тарату туралы ұсыныстар жасайды;
өз құзыретiне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
Агенттiк директоры болмағанда оның функциясын орынбасары атқарады.
Агенттiктiң штат санын Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрi белгiлейдi және бекiтедi.
Агенттiктi тарату мен қайта ұйымдастыру заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 18 қыркүйектегi
№ 1350 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
министрлігінiң биологиялық ресурстарды мемлекеттік
экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту мен пайдалану
жөніндегі агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың
ТIЗБЕСI
Республикалық мамандандырылған талдамалы бақылау лабораториясы
Балық қорларын сақтау және балық аулауды реттеу жөнiнде Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндер басқармасы
Балық қорларын сақтау және балық аулауды реттеу жөнiнде Iле-Балқаш облысаралық бассейндер басқармасы
Балық қорларын сақтау және балық аулауды реттеу жөнiнде Орал-Каспий облысаралық бассейндер басқармасы
Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі Ақмола облыстық мемлекеттік инспекциясы
Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі Ақтөбе облыстық мемлекеттік инспекциясы
Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі Алматы облыстық мемлекеттік инспекциясы
Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі Атырау облыстық мемлекеттік инспекциясы
Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік инспекциясы
Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі Жамбыл облыстық мемлекеттік инспекциясы
Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік инспекциясы
Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі Қарағанды облыстық мемлекеттік инспекциясы
Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі Қызылорда облыстық мемлекеттік инспекциясы
Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі Қостанай облыстық мемлекеттік инспекциясы
Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі Маңғыстау облыстық мемлекеттік инспекциясы
Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі Павлодар облыстық мемлекеттік инспекциясы
Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі Солтүстiк Қазақстан облыстық мемлекеттік инспекциясы
Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі Оңтүстiк Қазақстан облыстық мемлекеттік инспекциясы