Қазақстан Республикасының темір жолын қайта ұйымдастыру және
оны қаржылық-экономикалық сауықтыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 21 қарашадағы № 1417 Қаулысы
Республика темір жолының қаржылық-экономикалық жағдайы соңғы кездерi елеулi түрде нашарлап кеттi.
1996 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша темір жолдың дебиторлық берешегi 24,3 млрд теңге болды, кредиторлық берешегi 40,0 млрд теңгеден асып кеттi, оның iшiнде бюджетке - 4,5 млрд теңге жалақы бойынша - 3,3 млрд теңге.
Жолдарда инвестициялық қызмет iс жүзiнде тоқтап қалды, вагондар мен локомотив паркi ескiрдi, олардың 60 процентi әбден тозды, жолдардың жоғарғы құрылымының 5,5 мың шақ. жөндеуаралық мерзiмiнен артық пайдаланылуда, жылжымалы составтардың пайдаланудың пайдалану көрсеткiштерi нашарлауда, еңбек өнiмдiлiгi төмендеп, тасымалдаудың өзiндiк құны өсе түсуде.
Жолдар арасындағы өзара дебиторлық-кредиторлық берешек 5,0 млрд. теңгеден асты.
Қозғалысты басқарудың, вагондар легiн жоспарлаудың бiрыңғай орталығы мен тасымал үшiн төлеудiң есептеу орталығының болмауы жылжымалы составты пайдалануды елеулi түрде нашарлатады, жүк тасымалының ұтымсыздығына әкеп соқтырады.
1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы жекешелендiру мен мемлекеттік меншiктi қайта құрылымдау бағдарламасын орындау, сондай-ақ Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темір жолын қаржылық-экономикалық сауықтыру мен дағдарыстан шығару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Қазақстан Республикасының Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiгi "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес:
Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темір жолдары басқармалары мемлекеттік кәсiпорындарында қайта ұйымдастыру процедураларын жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзiрлесiн;
аталған мемлекеттік кәсiпорындарда сыртқы басқару орнату жөніндегі қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын;
сенiмдi басқарушының кандидатурасы ретiнде Е.Ж. Қалиев ұсынылсын;
"Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамымен Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темір жолдары басқармаларының қаражатты пайдалануына қаржылық бақылауды жүзеге асыруға агенттiк келісім жасасын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Көлiк және коммуникациялар министрлігімен бiрлесiп "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамын тарта отырып, Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темір жолдары басқармалары мемлекеттік кәсiпорындарының қаржылық жағдайларына аудиторлық тексеру жүргiзудi ұйымдастырсын және оның қорытындысы бойынша жоғарыда аталған мемлекеттік кәсiпорындардың кредиторлық және дебиторлық берешектерiн қайта құрылымдау, өндiрiстiк инфрақұрылымдарын оңтайландыру және төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгiзсiн.
2. ҚР Үкіметінің 1997.31.01. № 129 қаулысымен күші жойылды
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т. Дүйсеновке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 21 қарашадағы
№ 1417 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының темір жолын қайта ұйымдастыру
және қаржылық-экономикалық сауықтыру жөніндегі үкiметтiк
комиссияның
ҚҰРАМЫ
Лавриненко Ю.И. - Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникациялар министрi, комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi:
Кетебаев М.К. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрiнiң орынбасары
Менжулин Б.И. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
орынбасары
Молоканов А.А. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік
комитетi төрағасының орынбасары -
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік
комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта
ұйымдастыру жөніндегі агенттiктiң директоры
Фельд Е.Д. - "Қазкоммерцбанк" ААҚ Басқарма төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Каплан Т.Л. - Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникациялар министрлігі экономикалық
басқармасының бастығы
Шубин Б.Е. - Қазақстан Республикасының Темір-жолшылар
мен көлiк Құрылысшылары кәсiподақтары
орталық Кеңесiнiң төрағасы (келісім бойынша)