Бiр взводты тексеру үшiн бастапқы әскери даярлыққа бөлiнген оқу уақытының кем дегенде үш сағаты берiледi. Жеке баға алу үшiн жасөспiрiм бiр тексеру сауалына жауап бередi және Бағдарламаның бiр бөлiмi бойынша бiр практикалық жұмысты (нормативтi) орындайды.
Практикалық жұмыстың (нормативтiң) орындалуына берiлген баға айқындаушы болып табылады.
Жасөспiрiмдердiң алған жеке бағалары негiзiнде Бағдарламаны меңгеру сапасы үшiн оқу орындарына мынадай:
егер тексерiлген барлық оқушылардың кем дегенде 90 процентi дұрыс баға, оның iшiнде 50 процентi "үздiк" деген баға алғанда "үздiк";
егер тексерiлген барлық оқушылардың кем дегенде 80 процентi дұрыс баға, оның iшiнде 50 процентi "үздiк" және "жақсы" деген бағалар алғанда - "жақсы";
егер тексерiлген барлық оқушылардың кем дегенде 70 процентi дұрыс баға алғанда - "қанағаттанарлық";
егер тексерiлген барлық оқушылардың кем дегенде 30 процентi қанағаттанарлықсыз баға алғанда - "қанағаттанарлықсыз" деген баға берiледi.
87. Оқу орны оқу-материалдық базасының жағдайы:
егер арнайы жабдықталған бастапқы әскери даярлық кабинетi, бастапқы әскери даярлық, өмiр қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, азаматтық қорғаныс бойынша арнаулы мүлiктердi сақтау бөлмесi, саптық әзiрлiк сабақтары алаңы, кезекшi мiндеттерiн практикалық зерделеу орны, дене тәрбиесi бойынша оқу-жаттығу орны бар болса; табельдiк оқу-мүлкi мен техниканы сақтау және есепке алу белгiленген талаптарға сәйкес қатаң түрде ұйымдастырылса - "үздiк";
егер "үздiк" деген бағаға сай оқу-материалдық базаның барлық элементтерi болып, бiрақ кезекшi мiндеттерiн практикалық зерделеу орны толық жабдықталмаған болса, оқу мүлкi мен техниканы сақтау және есепке алу белгiленген талаптарға сәйкес қатаң түрде ұйымдастырылса - "жақсы";
егер "үздiк" деген бағаға сай оқу-материалдық базаның барлық элементтерi болып, бiрақ мүлiктердi сақтау бөлмесi, кезекшi мiндеттерiн практикалық зерделеу орны толық жабдықталмаса, оқу мүлкi мен техниканы сақтау және есепке алу белгiленген талаптарға сәйкес қатаң ұйымдастырылса - "қанағаттанарлық";
егер барлық тиістi элементтердiң үш немесе одан да көп элементтерi жабдықталмаса, "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланады.
88. Оқу орындарындағы шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердi бастапқы әскери даярлаудың жалпы жағдайы:
егер оқып жүргендердiң Бағдарламаны меңгеру сапасы "үздiк" деп бағаланса, ал оқу-материалдық базасының жағдайы "жақсы" деген бағадан төмен болмаса - "үздiк";
егер оқып жүргендердiң Бағдарламаны меңгеру сапасы "жақсы" деп бағаланса, ал оқу-материалдық базасының жағдайы "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен болмаса - "жақсы";
егер оқып жүргендердiң Бағдарламаны меңгеру сапасы, оқу-материалдық базасының жағдайы "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен болмаса - "қанағаттанарлық";
егер көрсеткiштердiң бiрi "қанағаттанарлықсыз" болса - "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланады.
Жеке мәселелердi тексеру кезiнде оқу орнындағы бастапқы әскери даярлықтың жағдайына жалпы баға қойылмайды. Тексеру аяқталған соң талдау жасалады.
Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлықтан өтпеген шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен жүргiзiлетiн оқу-дала жиындарын тексеру кезiнде қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлеріндегі оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру деңгейi, оқу-материалдық базасының Бағдарламаға сәйкес келуi, iшкi тәртiп жағдайы мен күн тәртібінiң орындалуы, тиiстi атқарушы органдар, әскери комиссариаттар, жастар iсi, туризм және спорт жөніндегі комитеттер тарапынан осы жиындарға оқу-әдiстемелiк басшылық жасаудың деңгейi жайлы қорытынды жасалады. Жасөспiрiмдердiң білім сапасы мен дағдысы тек Бағдарламада көзделген тексеру сабақтарында ғана тексерiледi.
89. Оқу орындарындағы жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлық, сондай-ақ аудан, қала, облыстардағы қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде жасөспiрiмдермен оқу-дала жиындарын ұйымдастыру мен өткізу жағдайын тексерудiң нәтижелерi жөнiнде тексеру қорытындысының актiсi жасалынады және қарауында осы оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар өкiлдерiнiң қатысуымен талдау жүргiзiледi.
Тексерудiң нәтижелерi жергiлiктi атқарушы органдарға хабарланады. Актiлер (бiр данадан) республика, облыс әскери комиссарларына, ал әскери комиссариаттардың комиссиялары тексерген кезде қалалық, аудандық әскери комиссарларға жiберiледi. Кез келген комиссияның тексеру жөніндегі барлық актілері (бiр дана) қарауында оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволарға жiберiледi.
Жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығы жайлы Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі жүргiзген тексерудiң нәтижелерi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жеткiзiледi, ал, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өздерi жүргiзген тексерудiң қорытындыларын Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігіне хабарлайды.
Жеке мәселелер бойынша тексерудi өткізу кезiнде оқу орындарындағы жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығын, ҚССЛ-дегi оқу-дала жиындарын тексеруге нұсқау берген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жоғары оқу орындары және әскерден тыс даярлау бөлiмi бастығының атына анықтама-баяндама дайындалады.
90. Жасөспiрiмдердi бастапқы әскери даярлау мәселелерi жөніндегі қызметтiк қатынас хаттары бағыныстығы бойынша қатаң түрде жүргiзiледi.
Әскери комиссариаттар, білім беру органдары өткен оқу жылындағы жастардың бастапқы әскери даярлығы жөніндегі қорытынды баяндамаларды бағыныстығы бойынша, ал қарауында оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігіне жыл сайын 30 қыркүйекте ұсынады.