16. Мектептерде оқушылардың бастапқы әскери даярлығына 140 сағат, екi жылдық оқу мерзiмдеріндегі кәсiптiк-техникалық оқу орындарында - 85 сағат, үш жылдық оқу мерзiміндегі кәсiптiк-техникалық оқу орындарында -105 сағат, "Тұрмыс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсын зерделеуге бөлiнген сағаттарды қоса, ал бастапқы әскери даярлықтан өтпеген және оны оқу пункттерiнде атқарып жатқан жасөспiрiм-шақырылушыларға 60 оқу сағаттары бөлiнедi.
Бастапқы әскери даярлық оқу орындарында немесе қалалар мен аудандардағы қажеттi оқу-материалдық базасы бар оқу орындарының базасында, білім беру органдары ұйымдастырған оқу орталықтарында өтедi. Оқу орталықтары қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi базасында, сондай-ақ дербес мекеме болып та құрыла алады.
Жастарды бастапқы әскери даярлау барлық үлгiдегi жалпы білім беретiн мектептердiң 9-10-11 кластарында ведомстволық бағыныстығына қарамастан кәсiптiк-техникалық мектептер мен арнаулы орта оқу орындарының бiрiншi-үшiншi курстарында, оларды оқудың аяқталу кезеңiнде облыс және аудан (қала) Әкiмдерi ұйымдастырған қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлеріндегі оқу-дала жиындарына қатыстыра отырып өткiзiледi.
Оқу орындарында бастапқы әскери даярлық мiндеттi өткiзiлетiн пән болып табылады.
Бастапқы әскери даярлық жөніндегі оқу-сабақтары апта сайын (1-2 сағаттан), "шақырылушы күнi" деген әдiспен немесе жергiлiктi білім беру органдарының келісімi бойынша олар оқу орны директорының шешiмiмен сәйкестендiрiлiп ай сайын өткiзiледi.
17. Оқу орындарында қыз балалар "Тұрмыс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсы бойынша өткізiлетiн оқу-сабақтарында жасөспiрiмдермен бiрге, "Медицина білімiнiң негiздерi" бөлiмi бойынша бөлек оқиды. "Әскери қызмет негiздерi" және "Қолданбалы дене даярлығы" бөлiмдерi жөніндегі оқу-сабақтарына қыз балалар тартылмайды.
18. Оқу орындарында бүкiл оқу жылы бойынша бастапқы әскери даярлықты өткізу жөнiнде әр аптаға жоспар жасалынады. Бастапқы әскери даярлық жөніндегі оқу-сабақтары жалпы оқу кестесiне енгiзiледi және кластар мен оқу топтарында өткiзiледi. Кластар мен оқу топтары взводтар деп аталады және үш бөлiмшеге бөлiнедi. Оқу орны директорының бұйрығымен озат оқушылар қатарынан взвод және бөлiмше командирлерi тағайындалады.
Оқушылар оқу сабақтарына дайындалып және жинақы киiнiп келуге мiндеттi.
19. Жұмыс iстейтiн жастарды бастапқы әскери даярлауға арналған оқу пункттерi атқарушы органдар шешiмi бойынша әскер қатарына шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы оқитын жасөспiрiмдер саны 20-дан кем болмайтындай етiп бiр немесе бiрнеше кәсiпорындар мен мекемелерде не қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң (бұдан әрi - ҚССЛ) базасында құрылады.
Оқу пункттерiн ұйымдастыру үшiн тiкелей жауапкершiлiк осы оқу пункттерi құрылатын кәсiпорындар мен мекемелер басшыларына жүктеледi. Жастардың оқу пункттеріндегі оқу-сабақтарына келулерiне осы жастар жұмыс iстейтiн кәсiпорындар мен мекемелер басшылары жауап бередi.
Жұмыс iстемейтiн жастар бастапқы әскери даярлықты қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде, сондай-ақ әскери комиссариаттар басшылығымен атқарушы органдар құрған оқу пункттерiнде өтедi.
20. Оқу пункттерiнде жастарды бастапқы әскери даярлауға 60 сағат, оның iшiнде дене тәрбиесiне 20 сағат берiледi. Оқу сабақтары аптасына 6-7 сағаттан өткiзiледi. Оқу пунктiнде кәсiпорын, мекеме басшылары мен қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң бастығы бастапқы әскери даярлықтың апта сайынғы жоспарын және оқу-сабақтарының кестесiн әзiрлейдi және бекiтедi.
Оқу пунктiнде жастардың бастапқы әскери даярлығын қамтамасыз ету үшiн оқу топтары құрамын, оқу-сабақтарын ұйымдастыру, өткізу және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету тәртібін анықтап, кәсiпорын, мекеме басшылары мен қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң бастығы бұйрық шығарады. Оқу топтары мiндеттi әскери қызметке шақыру мерзiмiн ескере отырып 20-25 жасөспiрiмнен жасақталады.
21. Бастапқы әскери даярлық жөніндегі оқушылардың білімi, басқа да пәндер сияқты бес баллдық жүйесiмен бағаланады.
Оқушылардың бастапқы әскери даярлық бойынша (денсаулық жағдайына байланысты бастапқы әскери даярлықтан босатылғандардан басқа) алған жылдық (курстық) бағалары негiзiнде берiлген қорытынды баға орта білімi туралы куәлiкке, кәсiптiк-техникалық оқу орнын бiтiргендiгi жөніндегі куәлiкке, дипломға қосымша берiлетiн семестрлiк және емтихан ведомостарының көшiрмесiне қойылады.
Бастапқы әскери даярлық бойынша қанағаттанарлықсыз қорытынды бағасы бар адамдарға орта білімi туралы куәлiк, кәсiптiк-техникалық оқу орнын бiтiргендiгi жөнiнде куәлiк және арнаулы орта оқу орнын бiтiргендiгi жайлы диплом берiлмейдi.
22. Бастапқы әскери даярлық Бағдарламасын зерделенгеннен кейiн оқу пункттерiнде сынақшылар өткiзiледi және қорытынды баға қойылады. Сынақшыларды қабылдау үшiн аудан, қала Әкiмдердiң шешiмiмен құрамына әскери комиссариат, жастар iсi, дене тәрбиесi және спорт жөніндегі комитеттердiң өкiлдерi енетiн комиссия құрылады.
Оқу пункттеріндегі оқудан өткен жастарға бастапқы әскери даярлықтан өткендiгi туралы анықтама берiледi.
23. Оқу орындары мен оқу пункттерiнде бастапқы әскери даярлықтың толық курсын бiтiрген жастардың тiзiмдерi қорытынды бағалары көрсетiлiп, тiркеу орны бойынша қалалық, аудандық әскери комиссариаттарға жiберiледi.
24. Оқу орындары мен оқу пункттерi жоғары идеялы, өзектi, түсiнiктi, маңызды саяси жағдайларды, әскери-патриоттық тақырыптарды қамтып көрсететiн, Қазақстан халқының жетiстiктерiн, соғыс батырлары мен ардагерлерiн, әскери қызметтiң қаhармандық салты мен қызықшылығын насихаттайтын, оқу орнының, кәсiпорынның өмiрiн көрсететiн көрнекi үгiт құралдарымен безендiрiледi.
Y. Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық
ұйымдастырушы-оқытушыларын және кәсiпорындар мен
мекемелердiң оқу пункттерiнiң лауазымды адамдарын
iрiктеу, қызметке тағайындау және даярлау
25. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылар лауазымына кандидаттарды әскери комиссариаттар, білім беру органдары және оқу орны басшылары iрiктейдi. Ұйымдастырушы-оқытушылар лауазымына тағайындауды және оларды осы лауазымнан босатуды тек қалалық, аудандық әскери комиссариаттар мен білім беру органдарының келісімi бойынша оқу орындарының директорлары жүзеге асырады.
Мөлшерден көп параллельдiк кластары, оқу топтары бар оқу орындарында бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушының педагогтiк жүктемесi белгiленген сағат нормасынан асатын болса, ол оқу орындарына қажеттi мөлшерде бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларын қосымша алуға рұқсат етiледi.
Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылар лауазымына "Бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесi оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары оқу орындарын бiтiрушiлер және әдеттегiдей, мерзiмдi әскери қызметтен өткен жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімi бар, кәсiби білігi жоғары, жасы мен денсаулық жағдайы жастармен оқу-сабақтарын сапалы өткізуге мүмкiндiк беретiн запастағы офицерлер тағайындалады.
Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушы лауазымын запастағы офицерлерден толықтыру мүмкiндiгi болмаған кезде, ерекше жағдай ретiнде, бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушы лауазымына орта немесе жоғары білімi бар, оқу пункттерiнде даярлықтан өткен, мотоатқыштар, барлау және танк бөлiмшелерiнде сержант лауазымда қызмет атқарған және жастармен жұмыс iстеуге тiлек бiлдiрген, жақсы дайындалған запастағы тәжiрибелi прапорщиктер (мичмандар), сержанттар (старшиналар) және солдаттар (матростар) қатарынан тағайындауға рұқсат етiледi. Әскери комиссариаттар осы санаттағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларды запастағы офицерлердi даярлау жөніндегі оқу жиындарына белгiленген тәртiппен жiбередi, ал білім беру органдары оларға жоғары педагогикалық оқу орындарына әзiрлену және түсу кезiнде көмек көрсетедi.
Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларын қызметке оқу жылы басталуына 2 ай қалғанда тағайындауға рұқсат етiледi.
26. Оқу орындары үшiн бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесi оқытушыларын даярлау Қазақстан Республикасы Үкіметі шешiмiмен анықталған жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесi факультеттерiнде жүргiзiледi.
27. Бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесi оқытушыларын дайындау үшiн жоғары оқу орындарының дене тәрбиесi факультеттерiне запастағы офицерлердi даярлау талаптарына сай келетiн 25 жасқа дейiн ер адамдар қабылданады. Әскери бөлiмдер білім алушы талапкерлердi запасқа шығуға iрiктелген сержанттар (старшиналар) және солдаттар (матростар) қатарынан, ал аудандық әскери комиссариаттар білім беру органдарымен бiрлесiп әскери мiндеттiлер қатарындағы жастар арасынан сараптайды.
Жоғары оқу орындарында оқудың толық курсын бiтiрген, әскери жиындардан, әскери жетекшiлер ретiнде тағылымдамалардан өткен және толық білім алғандағы жөнiнде емтихан сынақтарынан өткен адамдар запастағы офицерлiк құрамға аттестацияланады. Бұл адамдарға "Бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесi оқытушысы" мамандығы бойынша белгiленген үлгiдегi диплом берiледi, ол көбiнесе ауылдық жерлерде орналасқан оқу орындарына әскери жетекшiлiк қызметке жiберiледi.
YI. Бiлiктiлiктi көтеру
28. Жоғары оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылардың біліктiлiгiн көтеру оқу процестерiн ұйымдастыру мен бастапқы әскери даярлық жөніндегі оқу-сабақтарын өткізудiң сапасын жақсарту, педагогтық және әскери-білімдерiн көтеру, жастарды оқыту мен тәрбиелеу әдiстемесiн жетiлдiру, тәжiрибе жинақтау және бастапқы әскери даярлау мен дене тәрбиесi практикасына алдыңғы қатарлы әдiстемелер және оқыту мен тәрбие берудiң техникалық құралдарын енгізу мақсатында жүргiзiледi.
Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының білімiн көтеруге: білім беру жүйесіндегі ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң білімiн жетiлдiру институттары жанындағы курстардағы оқу, оқу жылы басталар алдындағы оқу-әдiстемелiк жиындар, ай сайынғы бiр күндiк оқу-әдiстемелiк оқу-сабақтары, сондай-ақ оқу орнындағы әдiстемелiк комиссия жұмысына қатысу және өз бетiнше жұмыс жатады.
29. Үш күндiк оқу-әдiстемелiк жиындар облыстық (қалалық) әскери комиссиялар бекiткен және төтенше жағдайлар жөніндегі тиiстi басқармалармен және білім беру органдарымен келісілген бағдарлама бойынша оқу жылы басталар алдында бастапқы әскери даярлықтың барлық ұйымдастырушы-оқытушыларын қатыстыра отырып өткiзiледi. Бұл жиындарда жастардың бастапқы әскери даярлығының қорытындысы шығарылады, жаңа оқу жылына мiндеттер қойылады, оқу бағдарламасы бойынша практикалық және көрнектi оқу-сабақтары өткiзiледi, ұйымдық-әдiстемелiк құжаттар зерделенедi; жиынға қатысушылар жастарды оқыту мен тәрбиелеу жөнiнде тәжiрибе алмасады. Жиындарды аудандық, қалалық әскери комиссариаттар төтенше жағдайлар жөніндегі және білім беру басқармаларымен бiрлесе ұйымдастырып, жүргiзiледi.
30. Аудандық, қалалық әскери комиссариаттар төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалармен және білім беру органдарымен бiрге бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларына арналған бiр күндiк әдiстемелiк оқу-сабақтарын ай сайын өткiзедi. Оқу-сабақтары өткiзiлетiн күндi білім беру органдарының келісімiмен әскери комиссарлар белгiлейдi. Осы күнi бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларымен нұсқаулық-әдiстемелiк, тәжiрибелiк және көрнектi әзiрлiктi оқу-сабақтары, Бағдарлама тақырыптары бойынша семинарлар мен лекциялар өткiзiледi. Оқу сабақтарын өткізу үшiн запастағы және отставкадағы офицерлер мен генералдар, жан-жақты әзiрлiктi бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылары, сондай-ақ аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға әскери бөлiмдердiң бекітіп берген офицер-әдiскерлерi тартылады.
31. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылары оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық, дене шынықтыру (дене тәрбиесi), медициналық-санитарлық даярлық жөніндегі әдiстемелiк комиссия жұмысына қатысады.
Бұл комиссияның негiзгi мiндеттерi: бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысының, дене шынықтыру мұғалiмi (дене тәрбиесi жетекшiсi) мен медициналық-санитарлық даярлық оқытушысының кәсiптiк деңгейi мен әдiстемелiк шеберлiгiн үнемi көтерiп отыру, жастармен жүргiзiлетiн оқу және тәрбие жұмыстарының озық тәжiрибелерiн зерделеу мен насихаттау болып табылады.
32. Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларына әдiстемелiк даярлығы (жеке тапсырмаларды орындау, озық тәжiрибелердi жинақтау, бастапқы әскери даярлық әдiстемесiнiң кейбір мәселелерiн әзiрлеу, оқу-сабақтарын өткізуге әзiрлену, әдiстемелiк құжаттарды құрастыру) және оқу-материалдық базаны жетiлдiруi үшiн аптасына бiр күн берiледi.
33. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының біліктiлiгiн көтеру курстары білім беру қызметкерлерiнiң біліктiгiн көтеру жүйесiнде екi апталық мерзiм iшiнде өтедi. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылары біліктiлiктi көтеру курстарына 5 жылда бiр рет шақырылады.
34. Медициналық-санитарлық даярлық оқытушылары үшiн әдiстемелiк-оқу сабақтары оқу жылы басталар алдында және қысқы немесе көктемгi каникул күндерiнде жүргiзiледi. Бұл оқу-сабақтарын білім беру органдарымен және азаматтық қорғаныс штабтарымен бiрлесе отырып, қалалық, аудандық денсаулық сақтау органдары өткiзедi.
35. Жастарды бастапқы әскери даярлау жөніндегі оқу-әдiстемелiк жұмысқа басшылық жасауды қамтамасыз ету үшiн әскери комиссариаттар жанына штаттан тыс әдiстемелiк кеңестер құрылады, әскери комиссариаттарға әскери бөлiмдердiң, әскери-оқу орындарының, азаматтық жоғары оқу орындары әскери кафедраларының және төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалардың офицерлерi бекітілiп берiледi. Осы кеңестердiң қызметiне әскери комиссариаттар басшылық жасайды.
Штаттан тыс әдiстемелiк кеңес құрамына әскери комиссариаттардың, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларының офицерлерi, білім беру мен денсаулық сақтау органдарының, жастар iсi, туризм және спорт жөніндегі комитеттердiң қызметкерлерi және оқу орындарында бастапқы әскери даярлықты жүргiзетiн озық әдiстер ұйымдастырушы-оқытушылар, сондай-ақ запастағы және отставкадағы генералдар мен офицерлер, әскери бөлiмдер және әскери-оқу орындарының офицерлерi енгiзiледi.
Штаттан тыс әдiстемелiк кеңес құрамын қарауына оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар, олардың жергiлiктi жердегi органдарының келісімi бойынша әскери комиссарлар, гарнизондар мен төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалар бастықтары бекiтедi. Штаттан тыс әдiстемелiк кеңестiң төрағасы болып әскери комиссариаттардың бөлiм (бөлiмше) бастықтары сайланады.
Әскери комиссариаттар жанынан құрылатын штаттан тыс әдiстемелiк кеңестерге:
оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларымен және медициналық-санитарлық даярлық оқытушыларымен, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде оқу орындары жасөспiрiмдерiмен оқу-дала жиындарын өткізу үшiн тағайындалған бастықпен, оның орынбасарларымен, роталар мен взводтар командирлерiмен оқу-әдiстемелiк жиындар мен әдiстемелiк оқу-сабақтарын ұйымдастыру және жүргiзу;
ұйымдардың озық тәжiрибелерiн зерделеу, жинақтау мен тарату және оқу орындары мен қорғаныс-спорттық сауықтыру органдарында жастардың бастапқы әскери даярлығын өткізу, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру және ГТО кешенi бойынша даярлау;
бастапқы әскери даярлық Бағдарламасының бөлiмдерi, тақырыптары мен оқу-сабақтары бойынша әдiстемелiк құжаттар мен құралдарды қарау және бекіту жүктеледi.
Штаттан тыс әдiстемелiк кеңес жұмысы бiр жылға жоспарланады. Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларымен, медициналық-санитарлық даярлық оқытушыларымен, қорғанысспорттық сауықтыру лагерi бастықтарымен, олардың орынбасарларымен, рота және взвод командирлерiмен оқу-әдiстемелiк жиындар мен әдiстемелiк оқу-сабақтарын өткізу үшiн оқу кеңестерi жасалады. Штаттан тыс әдiстемелiк кеңестiң жұмыс жоспарын, оқу-әдiстемелiк жиындар мен әдiстемелiк оқу-сабақтарын оқу кестесiн әскери комиссар бекiтедi.
Қалалық, аудандық әскери комиссариаттарда оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының, ал денсаулық сақтау органдарында медициналық-санитарлық даярлық оқытушыларының әдiстемелiк даярлығын есепке алу журналы, сондай-ақ даярлық бөлiмдерi бойынша Қарулы Күштердегi мiндеттi әскери қызметке шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердi даярлаудың барысын бақылау журналы жүргiзiледi.
YII. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларына
еңбек ақы төлеу
36. Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының лауазымдық жалақысы бастапқы әскери даярлық жүргiзiлетiн кластардың (топтардың) санына және осы кластардағы (топтардағы) оқушылардың санына қарамастан оқушылардың жалпы санын ескере отырып, белгiленген мөлшерде айқындалады.
Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылары мен ҚССЛ бастықтарына жастармен оқу-дала жиындарын өткізу кезiнде осы лагерлерде арнайы кабинеттi, оқу қару-жарақтарын сақтауға арналған бөлменi және атыс тирiн меңгергенi үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң барлық бюджеттік салада жұмыс iстейтiндерге белгiлеген тәртібімен қосымша ақы төленедi.
Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының лауазымдық жалақыларына жалпы білім беретiн мектептерде аптасына педагогикалық жұмыстың 9 сағатына, ал арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орындарында жылына педагогикалық жұмыстың 360 сағатына ақы төленедi. Егер бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының педагогикалық жұмысының көлемi көрсетiлген нормадан аз болса, оған толық лауазымдық жалақы төленедi.
Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының педагогикалық жұмысына бастапқы әскери даярлық бойынша, соның iшiнде ҚССЛ-дегi оқу-дала жиындарында оқу-сабақтарын өткізу кiредi. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылары орындаған лауазымдық жалақыға енгiзiлген аптасына 9 сағаттық (жылына 360 сағат) оқу жүктемесiнен тыс педагогикалық жұмысқа мұғалiмдер мен оқытушылар үшiн көзделген тәртiппен, бiрақ аптасына 9 сағаттан (жылына 360 сағат) көп емес, қосымша ақы төленедi.
37. Өздерiнiң тiкелей мiндеттерiн толық көлемде және сапалы орындайтын бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларына қосымша ақы төленетiн басқа да оқу пәндерi бойынша сабақтар өткізулерiне болады. Сонымен бiрге педагогикалық жұмыстың ақы төленетiн қосымша сағаттары, бастапқы әскери даярлық жөніндегі оқу-сағаттарын қоса, аптасына 9 сағаттан (жылына 360 сағаттан) аспауы керек.
38. Бастапқы әскери даярлық бойынша мұғалiмдер (оқытушылар) және оқу орнының басқа да қызметкерлерi орындаған педагогикалық жұмысқа еңбек ақы мұғалiмдер (оқытушылар) үшiн белгiленген тәртiппен; кәсiпорын, мекеме және ұйымдардан таратылған мамандарға еңбекке сағаттап ақы төлеу жағдайында төленедi.
39. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларын оқу-әдiстемелiк жиындарға, білімiн жетiлдiру курстарына жiберуге жұмсалған барлық шығындар қарауында оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар және жергiлiктi жерлердегi олардың органдарының қаражаты есебiнен, қызметтiк iссапарлар үшiн қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленедi.
40. Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының, бастапқы әскери даярлық жөніндегі мамандардың педагогикалық өкiлiне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мiндеттi әскери қызмет мерзiмi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнде, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарында, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Iшкi әскерлерiнде офицерлер, прапорщиктер (мичмандар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарындағы қызметтерi есептелiнедi.
41. Мiндеттi әскери қызметтен әскери киiм киюге құқысыз Запасқа немесе отставкаға шығарылып, оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысы, бастапқы әскери даярлық маманы лауазымына тағайындалған запастағы және отставкадағы офицерлерге, сондай-ақ "Бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесi оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары оқу орындарын бiтiрген адамдарға офицерлiк атақ бергеннен және оларды бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысы ретiнде жұмысқа жiбергеннен кейiн оларға әскери киiм кию құқы берiледi.
YIII. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi (ҚССЛ)
42. Әскерге шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердi әскери қызметке даярлау үшiн (аудандық, ауданаралық) қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiн (ҚССЛ) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң басшылығымен кәсiподақ комитетiмен, жастар iсi, туризм және спорт жөніндегі комитеттердi, аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарды қатыстыра отырып, жергiлiктi әкiмшiлiк органдары ұйымдастырады және олар аудандық (қалалық) әкiмшiлiк органдарының қарауында болады.
Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi базасында Бағдарлама бойынша шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен оқу-дала жиындары өткiзiледi.
Бұл лагерлер оқу-дала жиындарын өткізуден босаған кездерде шаруашылық, кәсiподақ, спорттық-жастар, туристiк ұйымдарға тұрғындармен қорғаныс-бұқаралық жұмыстар және басқа да шаралар өткізу үшiн жалға берiледi.
Республикалық әскери мектеп-интернаттары оқу-дала жиындарын ҚССЛ орналасқан аудан лагерi базасында немесе ҚССЛ бар аудан әкiмшiлiгiмен уағдаластық бойынша өткiзiледi.
43. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiн ұйымдастыру кезiнде оқушылардың еңбек және демалыс лагерлерiн құру, ұстау және ұйымдастыру тәртібінiң санитарлық ережелерi басшылыққа алынады. Мүмкiндiгiнше бұл лагерлер орман алқаптары мен суаттарға жақын жерлерде және сумен жабдықтау бұлақтары бар құрғақ жерлерде ұйымдастырылады.
44. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiн ашуға тек жергiлiктi білім беру, денсаулық сақтау, iшкi iстер органдары, әскери комиссариат, жастар iсi, туризм және спорт жөніндегі комитет, санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, мемлекеттік өрттен қорғау комитетi өкiлдерiнен аудандық (қалалық) атқарушы органдар құрған комиссия олардың жағдайын тексергеннен кейiн ғана рұқсат берiледi. Тексеру кезiнде лагердiң барлық үй-жайлары мен оқу объектiлерiнiң техникалық жағдайына ерекше назар аударылады. Бұл лагерлердi қабылдау актiсiмен ресiмделедi.
45. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлеріндегі оқу-дала жиындарына:
10 күндiкке (мiндеттi әскери қызметке шақырулар алдында өндiрiстен қол үзе отырып) - оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген әскерге шақыру жасындағы жастар;
Ескерту. Жиындарды өткізудiң нақты мерзiмдерi атқарушы
органдардың шешiмiмен белгiленедi.
6 күндiкке - каникулға берiлген уақыт есебiнен;
жалпы білім беретiн мектептердiң 10 класс оқушы - ер балалары - сәуiр - мамыр айларында;
кәсiптiк-техникалық мектептердегi бiтiрер алдындағы курстың жастары - маусымда.
Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлеріндегі оқу-дала жиындарына-жастар келу тәртібін аудандық (қалалық) атқарушы органдар айқындайды.
46. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiне басшылықты жергiлiктi атқарушы органдар жасайды. Олар күрделi қаржы лимиттерiн, материалдық және қаржылық қорларды бөледi, оларды пайдалану тәртібін анықтайды, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi қызметкерлерiнiң штатын белгiлейдi. Облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдар қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi қызметкерлерiнiң мiндеттерiн тиiстi әскери комиссариаттарды, білім беру органдарын, жастар iсi, туризм және спорт жөніндегі комитеттердi қатыстыра отырып, әзiрлейдi; жыл сайын оқу-дала жиындары басталар алдында өндiрiстен қол үзе және негiзгi жұмыс орны бойынша орташа еңбекақыларын сақтай отырып, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнiң бастықтарымен, олардың оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларымен, рота командирлерiмен осы лагерлердiң оқу-тәрбие, шаруашылық және қаржы қызметiн анықтайтын заң актілерінiң талаптары, оқу және тәрбие жұмыстарын басқару әдiстерi мен нысандары және оқу жиындарына тартылған жасөспiрiмдердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауды қамсыздандыру зерделенетiн ұзақтығы 3 күннен аспайтын оқу-әдiстемелiк сабақтар өткізудi қамтамасыз етедi: аталған лагерлердiң ұйымдастырылуы мен оның ұсталуына, оларда оқу-дала жиындарының өткiзiлуiне бақылау жасауды жүзеге асырады.