Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдар, бөгеттер, ғимараттар мен қондырғылар құрылысына және оларды пайдалануға рұқсат берудiң тәртібі мен шарттары туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 24 маусымдағы № 772 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1452 Қаулысымен күші жойылды
«Мұнай туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 2351 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдар, бөгеттер, ғимараттар мен қондырғылар құрылысына және оларды пайдалануға рұқсат беру тәртібі мен шарттары туралы Ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 24 маусымдағы
№ 772 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдар, бөгеттер, ғимараттар
мен қондырғылар құрылысына және оларды пайдалануға рұқсат берудiң тәртібі мен шарттары туралы
Ереже
1. Кiрiспе
1. Жасанды аралдар, бөгеттер, ғимараттар және қондырғыларды пайдалана отырып, мұнай операцияларын жүргiзу жөніндегі қызмет мынандай төрт кезеңге бөлiнедi:
құрылыс (монтаж) салу және пайдалану жобасын әзiрлеу;
объектiнiң құрылысын (монтаж) салу;
объектiнi пайдалану;
объектiнi пайдаланудан шығару (тарату, тоқтатып қою), қайта бейiмдеу.
2. Осы Ережеде баяндалған тәртiп алынған лицензияға сәйкес мұнай операцияларын жүргiзуге контракт жасалғаннан кейiн мұнай операцияларын жүзеге асыру сатысында заңды және жеке тұлғаларға, мемлекеттік басқару мен қадағалаудың орталық және жергiліктi органдарына, ұйымдарға қатысты талаптар мен қажеттi iс-қимылдарды айқындайды.
3. Осы Ереже мемлекеттік шекараны қорғауға, кедендiк ережелердi сақтауға, салық төлеуге, қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз етуге, жағалаудағы мемлекеттермен саяси қатынастарға байланысты мұнай операцияларын жүзеге асыру жөніндегі талаптар мұнай операцияларын жүргiзуге арналған Контрактiде объектiлердi монтаждау мен пайдалану жөніндегі жұмыстар басталғанға дейiн көзделуге тиiс екендiгi ескерiле отырып әзiрлендi.
2. Мұнай операцияларын жүргiзген кезде объектiлердi жобалау
4. Мұнай операцияларын жүргiзген кезде объектiлердi жобалау лицензиатқа жер қойнауын пайдалануға лицензия алғаннан және контракт жасалғаннан кейiн жүзеге асырылады.
5. Объектiлердi жобалау мұнай операцияларының, лицензиаттың тиiстi лицензиясы бар ерекше түрлерiне ғана жүзеге асырылады.
6. Мұнай операцияларын жүргiзген кезде жобалық құжаттаманы әзiрлеудi жоспарлаушы мердiгерлер мен көмекшi мердiгерлердiң (атқарушылардың), оның iшiнде шетелдiктердiң де тиiстi объектiлердi жобалауға құқығы бар мемлекеттік лицензиялары болуы керек. Жобалық құжаттаманы әзiрлеудi жүзеге асырушы мердiгерлер мен көмекшi мердiгерлердi (атқарушыларды) лицензиялау тәртібін, сондай-ақ тиiстi шетелдiк лицензияларды Қазақстан Республикасында тануды Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі айқындайды.
7. Мұнай операцияларын жүргiзген кезде ерекше күрделi және аса жауапты объектiлердi жобалауды жоспарлаушы мердiгерлер мен көмекшi мердiгерлер (атқарушылар) жобалау құқығына лицензия алу үшiн алдын ала Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң, Денсаулық сақтау министрлігі мен Экология және биоресурстар министрлігінiң жобалау жұмыстары құқығына оң қорытындысын алуы қажет.
8. Жобалық құжаттаманы әзiрлеу Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жобалау кезіндегі қолданыстағы стандарттарға, нормаларға, ережелерге және басқа нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Шетелдiк мемлекеттердiң ережелерiн, стандарттарын, нормаларын және басқа нормативтiк-техникалық құжаттарын қолдануға оларды тиiстi Құзыреттi органдар мұнай операцияларының нақтылы бiр объектiлерiн жобалау үшiн бекiткен ерекше жағдайларда ғана жол берiледi.
Объектiлердi жобалау және оның құрылысы (монтаждау) барысында Қазақстан Республикасы нормативтiк-техникалық құжаттарының талаптары өзгертiлген жағдайда лицензиат тиiстi Құзыреттi органмен бұрынғы қолданылған нормативтiк-техникалық құжаттар бойынша жобалау мүмкiндiгiн келісіп алуға мiндеттi.
9. Судың жай-күйiне әсерiн тигiзетiн ашық су қоймаларында, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде мұнай операцияларын жүргiзу үшiн объектiлердi жобалау мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң келісімi бойынша су қорғау шаралары қолданылып жүргiзiлуге тиiс.
10. Жобалық құжаттаманың құрамына мыналар кiредi:
қоршаған табиғи ортаның жай-күйiн жобалау алдындағы (базалық) бағалау;
қоршаған табиғи ортаға тиетiн әсердi бағалау;
болуы мүмкiн ауыр (авариялық) жағдайларды талдау, олардың алдын алу және ауыр (авариялық) жағдай пайда болғанда жұмыс iстейтiн қызметшiлердi және объектiнiң жұмыс iстеп тұрған аймағындағы халықты қорғау жөніндегі шаралар;
табиғат қорғаудың кешендi шаралары жөніндегі ұсыныстар, қоршаған табиғи ортаның жай-күйiне өндiрiстiк және ведомстволық бақылауды (экологиялық мониторинг) жүзеге асырудың бағдарламасы;
техника қауiпсiздiгi, өндiрiстiк санитария және жұмыс iстеушi қызметшiлердiң еңбегiн қорғау мәселелерi.
11. Жобалық құжаттаманың тарауы - Қоршаған табиғи ортаның жобалау алдындағы (базалық) жай-күйiн бағалауды лицензиат немесе мердiгер тәуелсiз сарапшылардың мiндеттi түрде қатысуымен орындауға және оны жобаланған мұнай операцияларын жүзеге асыруды бастамай тұрып Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі бекітуге тиiс.
Жобалық құжаттаманың бұл тараудағы мазмұны мұнай операцияларының, оларды жүзеге асыру процесіндегі қоршаған табиғи ортаға, жұмыс iстейтiн қызметшiлер мен тұратын халықтың денсаулығына кейiннен тигiзетiн нақты әсерлерiн анықтауға негiз болып табылады.
12. Жобалық құжаттаманың тарауын - Қоршаған табиғи ортаға тигiзген әсерiн бағалауды көмекшi мердiгер (атқарушы) орындауға және Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігімен келiсуге тиiс.
13. Жобалық құжаттаманың тарауы - ауыр (авариялық) жағдайлардың тигiзетiн әсерiн талдау, олардың алдын алу және ауыр (авариялық) жағдайлар пайда болғанда жұмыс iстейтiн қызметшiлер мен объектiнiң жұмыс iстеп тұрған аймағында тұратын халықты қорғау шаралары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келісілуге тиiс.
14. Жобалық құжаттаманың тарауы - Техника қауiпсiздiгi, өндiрiстiк санитария және жұмыс iстейтiн қызметшiлердiң денсаулығын қорғау Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігінiң немесе оның аумақтық органдарымен келісілуге тиiс.
15. Жобалық құжаттаманың энергиямен жабдықтау және электр қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі тарауы Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі аумақтық органдарының техникалық шарттары бойынша жасалуы тиiс.
16. Жобалық құжаттаманың өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі тарауы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі аумақтық өрт қадағалау және өрттен қорғау мемлекеттік органдарының техникалық шарттарына сәйкес болуы тиiс.
17. Лицензиат жобалық құжаттаманы әзiрлеу, объектiнi салу (монтаждау) және пайдалану кездерiнде, объектiнiң қызмет ету аймағында тұратын халықты, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдарды жобаны жүзеге асырудың мазмұны мен салдары туралы хабарландырып және халықтың пiкiрiн ескерiп отыруға тиiс.
18. Жобалық құжаттама әзiрленiп болғаннан кейiн, келісім алуға Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігіне, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетiне, одан әрi мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жасауға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне және мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жасауға Құрылыс, тұрғын үй және аймақтарда құрылыс салу министрлігіне берiлуге тиiс.
19. Осы Ереженiң 18-бабында баяндалған келісім алу, сараптама жасау тәртібі өткiзiлгеннен кейiн, жобалық құжаттаманың түпкiлiктi редакциясы мемлекеттік экологиялық сараптамаға Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігіне ұсынылуы тиiс.
20. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы жобалық құжаттаманың келісілген түпкiлiктi құжаты болып табылады және лицензиат үшiн техникалық жобаны құрылысты (монтаж) және пайдалануды iске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге рұқсат алу үшiн негiз болады.
3. Объектiлердiң құрылысы (монтаждау)
21. Мұнай операцияларын жүргiзген кезде объектiлердiң құрылысына (монтаждауға) тиiстi мемлекеттік лицензиясы бар мердiгерлер мен көмекшi мердiгерлер (атқарушылар) тартылады.
22. Салынып жатқан (монтаждалатын) объектiлерге пайдаланылатын жабдықтар мен материалдардың тиiстi сапа және қауiпсiздiк сертификаттары болуы тиiс.
Жабдықтар мен материалдардың сапасы және қауiпсiздiгi сертификаттарын беруге құқы бар органдар тiзбесiн, сондай-ақ шетелдiк мемлекеттердiң тиiстi органдары беретiн осыған ұқсас сертификаттардың танылу тәртібін Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификация жөніндегі комитетi белгiлейдi.
23. Объектiлердiң құрылыс (монтаж) жұмыстары бiткеннен кейiн лицензиат оларды объектiлердi пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиясына ұсынады, мұнымен бiрге:
объектiнi пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік комиссияның актiсi объектiнiң құрылысы (монтажы) бiткенiн және оны пайдалануға қосу үшiн дайын болғанын куәландыратын түпкiлiктi құжат болып табылады;
объектiнi пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру және оның жұмыс тәртібін, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды ресiмдеудi Қазақстан Республикасының тиiстi нормативтiк және құқықтық құжаттары айқындайды.
4. Объектiлердi пайдалану
24. Қазақстан Республикасында лицензиялауға жататын өзге қызметке кiрiсетiн жер қойнауын пайдаланушы, оны жүргiзуге тиiстi лицензия беретiн органнан лицензия алуға мiндеттi.
25. Лицензиат объектiлердi пайдалануға, осындай объектiлердi пайдалану құқығына Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігінен алған мемлекеттік лицензиясы бар мердiгерлер мен (немесе) көмекшi мердiгерлердi (атқарушыларды) тартуға мiндеттi. Мұнымен қатар, өтiнiш берушi, аса жауапты объектiлердi пайдалану құқығына мемлекеттік лицензия алмай тұрып, оларды пайдалану құқығына Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетiнен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен, Экология және биоресурстар министрлігінен, Су ресурстары жөніндегі комитетiнен оң қорытынды алуға мiндеттi.
26. Электрқондырғыларды пайдалану алдында лицензиат Қазақстан Республикасы энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігінiң тиiстi энергия қадағалау органдарынан оларды пайдалану құқығына рұқсат алуға мiндеттi.
27. Объектiлердi пайдалану алдында лицензиат авариялық-қалпына келтiру және жөндеу жұмыстарын жүргiзудiң тәртібін, сондай-ақ объектiлердi пайдалану процесiнде ауыр (авариялық) жағдайлар пайда болғанда жұмыс iстейтiн қызметшiлердi және объектiнiң жұмыс iстеп тұрған аймағында тұратын халықты қауiпсiз жерге көшiру жоспарын әзiрлеуге және бекітуге мiндеттi.
28. Объектiлердi пайдалану процесiнде ауыр (авариялық) жағдайлар пайда болғанда авариялық-қалпына келтiру және жөндеу жұмыстарын жүргiзудiң тәртібі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен және Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң органдарымен келісілуге тиiс.
Объектiлердi пайдалану процесiнде пайда болған ауыр (авариялық) жағдайларда қауiпсiз жерге көшiру жоспары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң органдарымен келісілуге тиiс.
Объектiлердi пайдалану процесiнде пайда болған ауыр (авариялық) жағдайларда авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзудiң тәртібі, сондай-ақ қауiпсiз жерге көшiру жоспары жыл сайын қайта келісілуге және қайта бекітуге жатады.
29. Объектiлердi пайдалану алдында лицензиат Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Өрт қадағалау және өрттен қорғау мемлекеттік органдарымен келісілген объектiлердi пайдалану процесiнде өрттен қорғауды қамтамасыз етудiң тәртібін әзiрлеуге және бекітуге мiндеттi.
Объектiлердi пайдалану процесiне өрттен қорғауды қамтамасыз етудiң тәртібі жыл сайын қайта келісілуге және қайта бекітуге жатады.
30. Объектiлердi пайдалану алдында лицензиат Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі органдарымен келісілген қоршаған табиғи ортаның жай-күйiне өндiрiстiк бақылауды жүзеге асырудың (экологиялық мониторинг) тәртібін әзiрлеуге және бекітуге мiндеттi.
31. Қоршаған табиғи ортаның жай-күйiне өндiрiстiк бақылауды жүзеге асырудың тәртібі жыл сайын қайта келісілуге және қайта бекітуге жатады.
5. Объектiлердi пайдаланудан шығару
32. Лицензиат объектiлердi пайдаланудан шығару туралы шешiм қабылдағаннан кейiн, ол лицензиат тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінен тиiстi өкiлеттiгi бар лицензиялық органмен келісілуге тиiс.
33. Объектiнi пайдаланудан шығару жөнiнде лицензиялық органмен келiскеннен кейiн лицензиат объектiнi пайдаланудан шығару жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған құжаттамасын әзiрлеуге және бекітуге мiндеттi.
Мемлекеттік экологиялық сараптама берген оң шешiм объектiнi пайдаланудан шығаруға жобалық құжаттамаға берiлген келісім туралы түпкiлiктi құжат және сонымен бiрге объектiлердi пайдаланудан шығару жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға рұқсат алуға негiз болып табылады.
34. Объектiлердi пайдаланудан шығару жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруды мемлекеттік комиссия жүргiзедi.
Объектiлердiң пайдаланудан шығарылуы туралы мемлекеттік акт объектiнi пайдалану тоқтатылғанын және оны жаңа иесiне немесе мемлекеттік басқару органына беруге дайын екендiгiн куәландыратын түпкiлiктi құжат болып табылады.
35. Объектiлердi пайдаланудан шығару жөніндегі жұмыстар бiткен соң және ол туралы мемлекеттік комиссия актiсiне қол қойылғаннан кейiн лицензиат тәуелсiз сарапшылардың қатысуымен объектiлердi пайдаланудан шығарғаннан кейiнгi қоршаған табиғи ортаның жай-күйiн бағалауды орындауға мiндеттi.
Объектiлердi пайдаланудан шығарғаннан кейiнгi қоршаған табиғи ортаны бағалау актiсiн Қазақстан Республикасы: Экология және биоресурстар министрлiгінiң органдары бекітуге тиiс.
Объектiлердi пайдаланудан шығарғаннан кейiнгi қоршаған табиғи ортаның жай-күйiн бағалаудың нәтижелерi, олар Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң органдары тарапынан бекітілген жағдайда, объектiлердiң салыну (монтаждау) және пайдалану процесiнде олардың қоршаған табиғи ортаға тигiзген нақтылы әсерлерiн айқындайтын бiрден-бiр және түпкiлiктi өлшемдер болып табылады.
6. Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды
аралдар, бөгеттер, ғимараттар мен қондырғылар құрылысына
(монтаждауға) және оларды пайдалануға рұқсат берудiң
тәртібі мен шарттарының кейбір ерекшелiктерi
36. Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдар, сондай-ақ ғимараттар және қондырғылар құрылысына (монтаждауға) рұқсат берiлген кезде осы Ереженiң 1-5-тарауларында көзделген тәртiптер мен шарттар сақталады.
37. Осы Ереженiң 2-тарауында айтылған тәртiпке қосымша, теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдар, сондай-ақ қондырғылар мен ғимараттар құрылысына (монтаждауға) арналған жобалық құжаттаманы әзiрлеген кезде лицензиат мыналарды орындауға мiндеттi:
мемлекеттік шекараны қорғауға, қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз етуге, кедендiк және қоныс аудару ережелерiне, визалық режимге байланысты Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі тәртiптер мен шараларды тиiстi Құзыреттi органдармен келiсуге;
теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдар, сондай-ақ ғимараттар мен қондырғылар құрылысына (монтаждауға) орын белгiлеуден бұрын кеме қатынасы мен осы объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды тиiстi Құзыреттi органдармен келiсуге;
теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдар, сондай-ақ ғимараттар мен қондырғылар құрылысына (монтаждауға) орын таңдағанда, объектiлердiң сыртқы әрбiр нүктелерiнен 400 метрден аспауға тиiс қауiпсiздiк аймақтарын алдын ала қарастыруға;
теңiздiк ортаға, минералдық және жанды ресурстарға залал келтiрмеу үшiн алдын ала шаралар әзiрлеуге;
теңiз акваториясында жасанды аралдар, ғимараттар және қондырғылар бар екендiгi жөнiнде ескерту жүйесiн алдын ала қарастыруға;
Қазақстан Республикасының жағалаулық қызметiмен ұдайы байланыс жасау жүйесiн қамтамасыз етудi көздеуге мiндеттi.
38. Осы Ереженiң 3 және 4-тарауларында баяндалған тәртiпке қосымша теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдар құрылысы (монтаждау) және оны пайдалану, сондай-ақ қондырғылар туғызу процесiнде лицензиат мыналарды орындауға мiндеттi:
тиiстi Құзыреттi органмен объектiге лицензиат қызметшiлерiн, мердiгерлердi және көмекшi мердiгерлердi (атқарушыларды) өткізу режимi жүйесiн, сондай-ақ мемлекеттік басқару және қадағалау органдары өкiлдерiн объектiге жiберудi қамтамасыз ету тәртібін әзiрлеуге және келiсуге;
тиiстi Құзыреттi органмен объектiге адамдардың келуiн және кетуiн қатаң тiркеуге алу, сондай-ақ объектiдегi адамдардың бар-жоқтығына бақылау жасау тәртібін әзiрлеуге және келiсуге;
тиiстi Құзыреттi органмен теңiзде адамдардың өмiрiн құтқару тәртібін әзiрлеуге және келiсуге.
39. Осы Ереженiң 5-тарауында айтылған тәртiпке қосымша лицензиат объектiнi пайдаланудан шығару жөніндегі жұмыстарды орындау кезiнде объектiнi пайдаланудан шығару жөніндегі жұмыстарды аяқтау және мемлекеттік комиссия актiсiне қол қою бойынша тиiстi Құзыреттi органға оны пайдаланудан шығарғаннан кейiн объектiнiң дәл орналасқан жерi, техникалық жай-күйi және объектiнiң иесi туралы ақпарат беруге мiндеттi.