ғылыми-зерттеу және конструкторлық ұйымдарына, өнеркәсiп кәсiпорындары мен жөндеу кәсiпорындарына авиациялық оқиғаны тексеруге байланысты арнайы зерттеулер жүргiзудi тапсыруға;
ғылым мен техниканы арнайы салаларындағы білімдi талап ететiн нақтылы мiндеттердi шешу үшiн кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерiн олардың басшыларының келісімi бойынша тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына сарапшылар ретiнде тартуға;
оқиға болған жердегi жұмыстарға кез келген ұйымдардың күштерi мен техникалық құралдарын тартуға;
авиациялық оқиғаның басы-қасында болғандардан, оған қатысы бар немесе қатысы бола алатын кез келген адамдардан сұрауға;
әуе кемесiн құрудың, сынаудың, жасаудың, пайдалану мен жөндеудiң барлық аспектiлерiн зерделеуге, әуе кемесiнiң иелерiнен, лауазымды адамдар мен тиiстi ұйымдардан осы авиациялық оқиғаға байланысты мәселелер жөніндегі құжаттар мен материалдарды талап етуге және алуға құқығы бар.
26. Тексерудiң негiзгi әдiстемелiк және ұйымдастырушылық мәселелерi жөніндегі шешiмдi комиссия қабылдайды, бұл ретте дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының түпкiлiктi шешiм жасауға құқығы бар. Қабылданған шешiммен келiспеген комиссия мүшесiнiң мәжіліс хаттамасына өзiнiң айрықша пiкiрiн жазуға құқығы бар.
27. Авиациялық оқиғаны тексеру көпфакторлық принцип бойынша жүргiзiледi. Бұл ретте авиациялық оқиғаның барысына терiс әсер еткен барлық факторлар айқындалуға, зерделену мен талдануға жатады.
28. Заттық айғақтамалар жинауға (борттық және жер үстіндегі өздiгiнен жазатындарды, әуе кемесi конструкциясының элементтерiн алуға, қаза тапқандарды тануға, куәлардан сұрауға) жiберiлген комиссиялардың, қосалқы комиссиялар мен жұмыс топтарының мүшелерiнiң iс-қимылы алдын ала тергеу жүргiзушi құқық қорғау органы өкiлiнiң рұқсатымен жүргiзiлуге тиiс.
29. Комиссия жұмысының қорытынды құжаты қосалқы комиссиялардың, жұмыс топтарының материалдарын, зерттеулер нәтижелерiн, сондай-ақ комиссияның қолында бар басқа да ақпаратты ескере отырып жасалатын түпкiлiктi есеп болып табылады.
Түпкiлiктi есептi жасаудың негiзгi мақсаты тексеру барысында айқындалған авиациялық оқиға жағдаяттарын, фактілерін, себептерiн және комиссия әзiрлеген ұсынымдарды негiздеу болып табылады.
30. Түпкiлiктi есепке төраға және комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
Мазмұны бойынша келiспеушiлiктер бола қалған жағдайда түпкiлiктi есеп комиссия төрағасы ұсынған нұсқада әзiрленедi. Түпкiлiктi есептiң мазмұнымен келiспеген комиссия мүшесi оған «ерекше пiкiрдемiн» деген белгiмен қол қояды. Ерекше пiкiр келiспеушiлiктiң нақты дәлелiн көрсетiп және оны негiздей отырып, сондай-ақ ұсынатын тұжырымдамасымен жазбаша түрде баяндалады.
Қосалқы комиссиялар мен жұмыс топтарының есептерiн жасау мен оларға қол қою кезiнде де осындай тәртiп сақталуға тиiс.
31. Авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы түпкiлiктi есептi комиссия тағайындаған басшының бекітуiне баяндайды.
Тексерудiң түпкiлiктi есебiне ерекше пiкiр болған жағдайда тексеру жөніндегі комиссия өз мәжілісiнде мiндеттi түрде хаттама жасай отырып, ерекше пiкiрдi қарайды.
Түпкiлiктi есептi бекiткен адам ерекше пiкiр бойынша да шешiм қабылдайды.
Мемлекетаралық авиация комитетiнiң комиссиясы жүргiзген тексерудiң түпкiлiктi есебi сол авиациялық оқиға бойынша шешiмдер қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылады.
Комиссияның түпкiлiктi есебi бекітілген күн тексерудiң аяқталған күнi болып есептеледi. Бастапқы хабарлама берiлген сәт тексерудiң басталуы деп саналады.
32. Авиациялық оқиғаны тексеру материалдары (қосалқы комиссиялардың, жұмыс топтарының есептерi қосылған және оларға қоса берiлген материалдар тексерудiң түпкiлiктi есебi) бекітілген сәттен бастап 10 күн мерзiм iшiнде:
алдын ала тексеру жүргiзген (егер ол жүргiзiлсе) құқық қорғау органына;
авиациялық оқиғаны тексеруге қатысқан барлық мүдделi мемлекеттердiң мемлекеттік тексеру органдарына;
Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссияға;
әуе кемесiн әзiрлеушi КББ-ға;
авиакомпанияға, кәсiпорынға, әуе кемесi иелiгiне жататын жеке тұлғаға жiберiледi.
Бекiтiлген тексерiс материалдарының көбейтiлуi мен дер кезiнде жiберiлуi үшiн жауапкершiлiк әуе кемесiн пайдаланушыға немесе авиакомпанияға, авиакәсiпорнына, аумағында оқиға болған азаматтық авиация бөлiмшесiне жүктеледi.
Ескерту.
Чикаго конвенциясына 13-қосымшаға сәйкес, аталғандардан басқа, Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымына (ИКАО) ең көп ұшу салмағы 2250 кг-нан асатын әуе кемелерiмен болған авиациялық оқиғалар жөнiнде ақпараттың мынадай түрлерi:
алдын ала есеп;
ақпараттық есеп;
түпкiлiктi есеп берiлуге тиiс.
Аталған есептердi тексеру жүргiзушi мемлекеттік немесе мемлекетаралық орган әзiрлеп, Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымына жiбередi.
Есептер жасаудың тәртібі мен әдiстемесi ИКАО ұсынған және Көлiктегi орталық атқарушы орган бекiткен нысан бойынша жүзеге асырылады.
VII. Тосын оқиғаларды тексеру
33. Тосын оқиғаларды тексеру авиация-көлiк жүйесiнiң қалыпты жұмыс iстеуiнен ауытқуды анықтауға әрi бұл ауытқуларды авиациялық оқиғаға жеткiзбей жою жөнiнде шаралар қолдануға мүмкiндiк беретiн авиациялық оқиғалардың алдын алудың неғұрлым тиiмдi құралы болып табылады.
Тосын оқиғалар туралы құлақтандыру мен хабарландыру
34. Тосын оқиға болып қалған жағдайда Қазақстан Республикасы авиакомпанияларының, авиакәсiпорындарының, азаматтық авиация ұйымдарының тиiстi қызметi екi сағат iшiнде бастапқы хабарламаны ҰҚ қадағалау органына, Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссияға, барлық мүдделi мемлекеттер мен тараптарға бередi, сондай-ақ болған жағдай туралы азаматтық авиация авиакомпаниясының ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі инспекциясын және әуе кемесiнiң меншiк иесiн хабардар етедi.
Хабарлама телеграфтық байланыс желісі бойынша берiледi.
Әрбiр авиакомпанияда, авиакәсiпорында тосын оқиға туралы ақпаратты дайындау мен беру, тексеру жөніндегі комиссия келгенге дейiнгi бастапқы iс-қимылдарды жүргiзу кезіндегі нақты лауазымды адамдардың мiндетi мен жауапкершiлiгiн айқындайтын нұсқаулық әзiрленуге тиiс.
35. Бастапқы хабарлама мынадай ақпаратты қамтуға тиiс:
күнi, уақыты (жалпыеуропалық) және тосын оқиға болған жер;
әуе кемесiнiң тиесiлiлiгi, үлгiсi мен танымдық белгiсi;
әуе кемесi командирiнiң аты-жөнi (тексерушiнiң және оның лауазымы);
рейс нөмiрi, ұшу маршруты, соңғы ұшқан аэродром, орындалған тапсырма;
тосын оқиға жағдаятты, iстен шығудың сырттай көрiнiсi (егер ол орын алса);
тосын оқиға болу сәтiне жақын уақыт кезеңіндегі метеорологиялық жағдай жердегi желдiң жылдамдығы мен бағыты, көрiнулiгi, бұлттың төменгi шекарасының биiктiгi, жауын-шашын мен қауiптi құбылыстардың болуы;
тексеру жөніндегі комиссия жұмыс iстейтiн географиялық пункттiң атауы.
Ескерту.
«Аэротранс» азаматтық авиациясының Өндiрiстiк-диспетчерлiк қызмет көрсету орталығы (АА ӨДҚО) арқылы берiлетiн ақпарат барынша жедел ақпарат болып табылады.
Комиссия жұмысын ұйымдастыру
36. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиацияның әуе кемелерiмен болған тосын оқиғаларды көлiктегi орталық атқарушы орган басшысы тағайындаған комиссия тексередi.
Көлiктегi орталық атқарушы органның тапсыруы бойынша тексерудi аумағында оқиға болған пайдаланушылар немесе авиакомпаниялардың, авиакәсiпорындардың, азаматтық авиациялар бөлiмшелерiнiң басшылары жүргiзедi.
37. Тосын оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссияның құрамына:
аумағында тосын оқиға болған азаматтық авиация авиакомпанияларының, авиакәсiпорындарының өкiлдерi;
әуе кемесiн пайдаланушының (меншiк иесiнiң) өкiлдерi;
мүдделi мемлекеттердiң өкiлдерi кiредi.
38. Авиатехникасының iстен шығуына байланысты тосын оқиға туралы бастапқы хабарламаны алысымен әуе кемесiн (қозғалтқышын, жинақтаушы бұйымдарды) әзiрлеушi мен жасаушының өкiлдерi, соңғы рет жөндеу жүргiзiлген жөндеу кәсiпорнының өкiлдерi ҰҚ қадағалау органына, аумағында тосын оқиға болған авиакомпаниясының, авиакәсiпорнының басшысына хабарламаны алған сәттен бастап 12 сағат iшiнде, шығатын уақытын көрсете отырып, тексеруге қатысатыны туралы хабар бередi.
Хабар оның барынша жедел берiлуiн қамтамасыз ететiн байланыс желiлерi бойынша жіберiледi.
39. Комиссияны мүдделi мемлекеттер мен тараптардан алынған хабарларды ескере отырып ҰҚ қадағалау органы құрады.
Өнеркәсiп, жөндеу кәсiпорындары мен басқа да мүдделi тараптар өкiлдерiнiң тексеруге қатысатындығы туралы 48 сағат iшiнде хабар алынбаған немесе мұндай хабар бар, бiрақ аталған өкiлдер бастапқы хабарлама берiлген сәттен бастап үш тәулiк iшiнде келмеген жағдайда тексеру олардың қатысуынсыз жалғастырылады. Аталған мерзiм бiткенге дейiн тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы тосын оқиғаның себептерi туралы ақпараттың жойылып кетуiне әкеп соғатын iс-қимылдар жасаудан (қозғалтқыштарды, жүйелер мен агрегаттарды iске қосу және байқап көру, оларды бөлшектеу, зерттеу және т.б.) тартынуға тиiс.
40. Тосын оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы да авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қолданылатын принциптер бойынша ұйымдастырылады. Тексеру мерзiмiн қысқарту мақсатында тосын оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның қосалқы комиссияларсыз және жұмыс топтарынсыз жұмыс жұмсауына рұқсат етiледi.
41. Қажет болған жағдайда тосын оқиғаны тексеру үшiн министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындар мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң мамандарын қосымша шақыру ҰҚ қадағалау органы, Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссия арқылы жүзеге асырылады.
42. Егер тексеру барысында тосын оқиғаның себебi авиация техникасының iстен шығуынан (ақаулығынан екендiгi) iстен шыққан агрегатты (бөлшектi) ауыстырумен жөнге келетiнi шүбәсiз айқындалған жағдайда тосын оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы iстен шыққан агрегатты (бөлшектi) ауыстыруға және өнеркәсiп, жөндеу кәсiпорны өкiлдерiнiң және әуе кемесiнiң иесi келгенге дейiн белгiленген тәртiппен әуе кемесiнiң iске қосылуына рұқсат бере алады. Iстен шыққан агрегат (бөлшек) өкiлдер келгенге дейiн сақталады.
Әуе кемесiнiң iске қосылуын белгiленген тәртiппен инженерлiк-авиациялық қызмет жүзеге асырады.
Iстен шыққан агрегаттар зерттеуге жiберiлетiн болса, онда әуе кемесiн iске қосуға рұқсатты тосын оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия бередi. Комиссия шешiмi хаттамамен рәсiмделедi.
43. Тосын оқиғаны тексерудiң нәтижелерi бойынша комиссияның түпкiлiктi есебi жасалады, оны комиссия тағайындаған адам бекiтедi.
Түпкiлiктi есепке мыналар қоса берiледi:
ұшу параметрiн, авиатехника жұмысын, экипаждың ауытқу болғанға дейiнгi, оны жойғанға дейiнгi немесе ұшу аяқталғанға дейiнгi 1 минут уақыт сәтіндегі iс-қимылын сипаттайтын барлық тiркемелiк параметрлерi бойынша қажеттi белгiленген деректерi бар борттық тiркегiштердiң осциллограммалық жазбалары;
авиатехниканы зерттеу нәтижелерi;
егер олар тосын сипатын түсiндiрсе, борттың және жер үстiлiк магнитофондар жазбаларынан көшiрiмдер;
«Қауiпсiздiк» МАБЖ-нiң нысандандырылған есебi (Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссияға жiберiлетiн данаға ғана қосылады);
түсiндiрме жазбалары.
44. Тосын оқиғаны тексерудiң бекітілген түпкiлiктi есебi қосымшаларымен бiрге бекітілген сәттен бастап үш тәулiк iшiнде.
Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссияға;
ҰҚ қадағалау органына;
әуе кемесiн әзiрлеушiге - КББ-ге;
азаматтық авиацияның авиакомпаниясына, авиакәсiпорнына - әуе кемесiн пайдаланушыға (меншiк иесiне) жiберiледi.
Материалдардың бiр данасы аумағында тексеру жүргiзiлген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы авиакомпаниясының, авиакәсiпорнының, сондай-ақ әуе кемесi иесiнiң (пайдаланушының) iс қағаздарында қалады.
Тосын оқиғаларды тексеру материалдары кемiнде екi жыл сақталады. Объективтiк бақылау құралдары ақпаратының жазылымдары тексерудiң түпкiлiктi есебi бекітілгеннен кейiн авиакәсiпорнында алты ай бойы сақталады.
45. Тексеру материалдарын ресiмдеу мен жiберу - соның негiзiнде тексеру жүргiзiлген азаматтық авиацияның авиакомпаниясына, авиакәсiпорнына, ал қажеттi зерттеулердi ұйымдастыру - әуе кемесiн пайдаланушыға жүктеледi.
46. Бастапқы хабарламаны беру сәтiнен бастап, тексерудiң түпкiлiктi есебiн бекiткенге дейiн есептелетiн тосын оқиғаны тексерудiң жалпы мерзiмi он тәулiктен аспауға тиiс.
Қосымша зерттеулер жүргiзу қажет болған жағдайда ҰҚ қадағалау органы бастығының рұқсатымен тексеру мерзiмiн ұзартуға жол берiледi.
47. ҰҚ қадағалау органы тосын оқиғаларды тексеру нәтижелерiн мүдделi кәсiпорындарға, авиакомпаниялар мен мемлекеттерге жеткізудi қамтамасыз етедi.
48. Тосын оқиғаны тексеру кезiнде авиация техникасы субъектiлерiн зерттеудi, әдетте, авиакәсiпорындар негiзiнде тексеру жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Iстен шығу себебi конструкторлық-өндiрiстiк кемшiлiктен немесе қанағаттанғысыз жөнделген деп танылған авиатехника объектiлерiн бөлшектеу мен зерттеу, тиiсiнше қатысуымен жүргiзiлуге тиiс.
Бұл ретте аталған өкiлдерге зерттеулердi пайдаланушы кәсiпорындарында болмайтын қажеттi арнаулы құралмен және жабдықпен қамтамасыз ету жүктеледi.
49. Тосын оқиғаларды тексеру материалдарын ресiмдеу iстен шыққан авиатехниканы зерттеу нәтижелерi ескерiле отырып жүргiзiледi. Зерттеу қорытындылары ескерiлмей материалдарды бекітуге және жiберуге тыйым салынады.
VIII. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар
50. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу, қарау мен жүзеге асыру жүйесi авиациялық оқиғаларды болдырмаудың неғұрлым тиiмдi құралы болып табылады, ол нақтылы ұшу кезіндегі авиациялық-көлiк жүйесi қызметiнiң ерекшелiктерiн тексеру жөніндегі комиссиялардың тиянақты және жан-жақты бағалауына, әуе кемесіндегі аварияға талдау жасау кезiнде ұшу қауiпсiздiгiне терiс әсер ететiн факторлардың көрiнiс табуының жалпы заңдылықтарын талдауға негiзделедi.
51. Ұсынымдар әзiрлеудiң негiзгi көздерi:
авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларды тексерудiң нәтижелерi:
ұшу қауiпсiздiгiнiң жай-күйiне жалпы және арнайы талдау жасау кезiнде алынған деректер;
авиакомпанияда, авиакәсiпорында әуе кемелерiн пайдалану жөніндегі авариясыз жұмыстың жинақталған тәжiрибесi болып табылады.
52. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды:
авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссияларға;
ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі ақпаратты қорыту мен талдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға;
Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссияға;
әуе кемесiн (қозғалтқышын) әзiрлеушi - КББ әзiрлейдi және бұлар азаматтық авиация қызметiн мемлекеттік реттеу, өнеркәсiп және Уағдаласушы мемлекеттердiң әуе көлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн басқа да салалар органдарына, сондай-ақ тиiстi кәсiпорындар мен ұйымдарға жiберiледi.
53. Ұсынымдарды жүзеге асыру құзыретiне енетiн мемлекеттік органдар, кәсiпорындар мен ұйымдар 90 күн iшiнде оларды қарайды және ұсынымды әзiрлеушiге қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
54. Орындауға қабылданған ұсынымдар шаралардың жоспарларын жасау немесе басқа да өкiмдiк әкiмшiлiк құжаттар (бұйрықтар, нұсқаулар және т.б.) арқылы жүзеге асырыла алады.
IX. Авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғалар жөніндегі ақпаратты есепке алу және талдау
55. Әрбiр авиациялық оқиға мен тосын оқиға ҰҚ қадағалау органының, сондай-ақ әуе кемелерi иелерiнiң - авиациякомпаниялардың, кәсiпорындар мен бөлiмшелердiң есепке алуына жатады.
56. Алдын ала шаралар қолдану жүйесiнiң негiзi болып табылатын ұшу қауiпсiздiгi бойынша мемлекетаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссия деректердiң бiрыңғай банкi негiзiнде барлық Уағдаласушы мемлекеттердiң азаматтық авиациясы бойынша авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғалар туралы ақпаратты жалпы есепке алады және оған талдау жасайды.
Деректердiң бiрыңғай банкiн жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн ҰҚ қадағалау органы осы Ережеге сәйкес Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссияға уақиғалар туралы бастапқы ақпаратты, тексеру барысы туралы (соның iшiнде ұсынылған шұғыл алдын алу шаралары туралы да) жедел ақпаратты, авиациялық оқиғаларды және тосын оқиғаларды тексеру материалдарын бередi.
57. Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі ақпаратты қорыта есепке алу мен талдау негiзiнде Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссия ҰҚ қадағалау органына:
ұшу қауiпсiздiгiн арттыруға бағытталған шаралар жөнiнде ұсынымдары бар Уағдаласушы мемлекеттердiң азаматтық авиациясындағы ұшу қауiпсiздiгiнiң жай-күйi жылдық талдауды;
Келісімге қатысушы барлық мемлекеттердiң азаматтық авиациясы бойынша авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғалар туралы жедел ақпараты бар ұшу қауiпсiздiгiнiң жай-күйi жөніндегі ақпараттық (ай сайынғы) бюллетеньдi, аяқталған тексерулер жөніндегі қысқаша материалдарды, авиациялық оқиғаларды болдырмау жөніндегі ұсынымдарды;
тексеру барысында және ол аяқталғаннан кейiн комиссиялар ұсынған шұғыл шаралар туралы консультациялық ақпаратты;
авиациялық оқиғаларды болдырмау тұрғысында неғұрлым маңызды және айрықша назар аударарлық материалдар енгiзiп, жыл бойы тексерiлген уақиғалар жөніндегі есептердiң реферативтiк жинағын;
ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң нақтылы, неғұрлым келелi проблемалар, бұл саладағы шетелдiк тәжiрибенi қорыту жөніндегі талдауларды;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тергеу органының сұратуы бойынша авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғалар туралы Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссияның қолында бар басқа да ақпаратты әзiрлеп, жiбередi.
58. Ұшу қауiпсiздiгi бойынша жинақталған тәжiрибе мен ақпаратты талдау негiзiнде ҰҚ қадағалау органы әрбiр авиакомпанияға:
ұшу қауiпсiздiгi жай-күйiнiң жылдық және жарты жылдық талдауларын;
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы ұшу қауiпсiздiгiнiң жай-күйі жөніндегі ақпараттық (ай сайынғы) бюллетеньдi;
авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссиялар ұсынған шұғыл шаралар туралы ақпаратты әзiрлеп, жiбередi.