Қазақстан Республикасының аумақтарында азаматтық әуе кемелерiмен болған авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларға қызметтiк тексеру жүргiзудiң тәртiптерi туралы Ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 маусымдағы № 755 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 Заң күшi бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 148-бап) жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының аумақтарында азаматтық әуе кемелерiмен болған авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларға қызметтiк тексеру жүргiзудiң тәртiптерi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң
1996 жылғы 19 маусымдағы
№ 755 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының аумақтарында азаматтық әуе кемелерiмен болған авиациялық оқиғалар мен тосын
оқиғаларға қызметтiк тексеру жүргiзудiң тәртiптерi туралы
ереже
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының әуе кеңестiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына, Азаматтық авиация және әуе кеңестiгiн пайдалану туралы үкiметаралық келісімге, Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға (ИКАО) 13-қосымшаның стандарттары мен ұсынымдарына сәйкес, сондай-ақ тексеру жүргiзудiң отандық және халықаралық тәжiрибесi ескерiлiп жасалған.
2. Ереже авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларды неғұрлым толық анықтауға, сондай-ақ оларды болдырмау жөніндегі алдын алу шараларын әзiрлеуге бағытталған.
Ереже Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiмен болған авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғалардың айқындалуын және жiктелуiн қамтиды. Қазақстан Республикасының аумақтарында азаматтық әуе кемелерiмен болған авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларға қызметтiк тексеру жүргiзудiң тәртібін белгiлейдi.
3. Ереженiң талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясына қолданылады әрi азаматтық әуе кемелерi мен ұшуды қамтамасыз ету құралдарын жасауды және пайдалануды жүзеге асыратын барлық министрлiктер, ведомстволар, авиакомпаниялар, кәсiпорындар, ұйымдар мен жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
4. Көлiктегi орталық атқарушы орган тағайындаған комиссия азаматтық әуе кемелерiмен болған әрбiр авиациялық оқиға мен тосын оқиға бойынша мiндеттi түрде осы Ережеде белгiленген тәртiпке қатаң сәйкес тексеру жүргiзедi. Тексеру авиациялық оқиғаларды болдырмау мақсатында жүргiзiледi және ақпарат жинау мен оның талданылуын, қажеттi зерттеулер жүргiзiлуiн, уақиғаның себебiн айқындауды және ұсынымдар әзiрлеудi қамтиды.
5. Азаматтық әуе кемелерiмен болған авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларды тексеру мәселелерi жөніндегі министрлiктердiң, ведомстволардың, авиакомпаниялардың нормативтiк актілері осы Ереженiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
II. Айқындау және жiктеу
6. Авиациялық оқиға - әуе кемесiн пайдалануға байланысты, қандай да бiр адамның ұшу ниетiмен бортқа кiрген сәтiнен бастап, бортта болғандардың бәрi әуе кемесiнен кетуi сәтiне дейiнгi оқиға және соның барысында:
а) қандай да бiр адам мыналардың салдарынан өлiмге душар ететiн дене жарақатын немесе ауыр дене жарақатын:
сол әуе кемесiнде болуының;
әуе кемесiнiң бөлiнiп қалған бөлшегiн қосқанда, оның қандай да бiр бөлшегiне тiкелей жақындасуының;
бұған дене жарақатын табиғи себептер салдарынан алған, өзiне-өзi жасаған, не басқа адамдар жасаған, немесе әдетте жолаушылар мен экипаж мүшелерiне баруға болатын аймақтардан сыртқары жасырынған билетсiз жолаушыларға жасалған жағдайлардан басқа, реактивтiк қозғалтқыш газы шапшуының тiкелей әсер етуiнiң нәтижесiнде алғанда;
б) әуе кемесi зақымдалады немесе оның конструкциясы бүлiнедi, соның нәтижесiнде;
әуе кемесi конструкциясының берiктiгi бұзылады, техникалық немесе ұшу сипаттары нашарлайды және әдетте күрделi жөндеу немесе зақымданған бөлшегiн ауыстыру талап етiледi;
бұған қозғалтқыштың iстен шығуынан немесе зақымдануынан, қозғалтқыштың өзi ғана зақымданғанда, оның қақпақтары немесе қосалқы агрегаттары, немесе тек әуе винттерi, қанат шеттерi, антенналары, пневматикалары, тежеу құрылғылары, обтекательдерi ғана зақымданғанда немесе қапталуында жапырылудың немесе қаптауында қабысу немесе тесiк болғаннан басқа да;
в) әуе кемесi хабар ошарсыз жоғалады немесе оған баруға мүлдем мүмкiн емес немесе оны эвакуациялау тиiмсiз жерге тап болады.
Ескертулер:
1. Өлiмге душар ететiн дене жарақаты бар статистикалық деректердiң бiркелкi берiлуi мақсатында өлiмге ұшыратқан дене жарақаты болып, уақиға болған сәттен бастап 30 тәулiк iшiнде дене жарақатының нәтижесiнде өлiмге ұшыратуы саналады.
2. Оны ресми түрде iздестiру тоқтатылғанда немесе әуе кемесiнiң жатқан орны анықталмағанда әуе кемесi хабар-ошарсыз жоғалды деп есептелдi.
3. Авиациялық оқиға кезiнде алынған дене жарақаты ауыр дене жарақаты деп есептеледi, мұның өзi:
жарақаттанған сәтiнен бастап жетi тәулiк iшiнде 48 сағаттан аса уақыт госпитализация талап етiлсе;
кез келген сүйектiң сынуына (қол саусақтарының, аяқтың немесе мұрынның жай сынуын қоспағанда) әкеп соқса;
талшықтардың үзiлуiмен, күштi қан кетуiмен, жүйкенiң, бұлшық еттiң немесе сiңiрдiң зақындалуымен байланысты;
кез келген iшкi ағзаның зақымдануымен байланысты;
дене күюiнiң екiншi немесе үшiншi дәрежесiн немесе дене сыртының 5 процентiнен астамын зақымдаған кез келген дене күйiгiне ұшырауға байланысты;
жұқпалы заттардың немесе радиациямен зақымданудың әсер етуi фактiсiнiң расталуымен байланысты болса.
7. Келтiрiлген зардаптарының ауырлығына қарай авиациялық оқиғалар:
апаттарға:
адам өлiмiнсiз болған авиациялық уақиғаларға бөлiнедi.
Апат - қандай да бiр адамның өлуiне немесе жолаушылардың, немесе экипаж мүшелерiнiң қандай да бiреуiнiң хабар ошарсыз жоғалуына әкеп соққан авиациялық уақиға.
Апаттық эвакуация процесiнде әуе кемесiнiң бортында болғандардың қайсы бiрiнiң дене жарақатын алуы салдарынан қазаға ұшырауы жағдайы да апаттарға жатады.
Адам өлiмiнсiз болған авиациялық оқиға - әуе кемесi планерiнiң күш беретiн бөлшектерiне зақым келуiнен немесе эвакуациялау техникалық жағынан мүмкiн емес немесе тиiмдi емес жерге қонуынан болған бортындағы адамдардың өлiмiне байланысты емес авиациялық оқиға.
Тосын оқиға - авиациялық оқиғадан басқа, ұшу қауiпсiздiгiне әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн болатын әуе кемесiн пайдалануымен байланысты кез келген оқиға.
Авиациялық оқиғаларды болдырмау үшiн мейлiнше назар бөлiнетiн және мiндеттi түрде тексеруге жататын тосын оқиғалардың тiзбесi көлiктегi орталық атқарушы органның тарапынан белгiленедi.
Мүдделi мемлекеттер:
уақиға болған мемлекет;
әуе кемесiн тiркеген мемлекет;
әуе кемесiн пайдаланушы мемлекет;
әуе кемесiн (қозғалтқышын, жабдықтарын) әзiрлеушi мемлекет;
әуе кемесiн (қозғалтқышын, жабдықтарын) жасаушы мемлекет;
әуе кемесiн (қозғалтқышын) жөндеудi жүзеге асырушы мемлекет;
авиациялық уақиға кезiнде азаматтары қаза тапқан немесе айтарлықтай дене жарақатын алған мемлекет.
8. Авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларға жатпайтын, әуе кемелерiн пайдалану кезiнде, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсету, сақтау және жөндеу процесiнде орын алған басқа оқиғаларды жiктеу, осы оқиғаларды тексеру мен есепке алу тәртібі ведомстволық құжаттармен айқындалады.
III. Авиациялық оқиғаларды тексерудi ұйымдастыруды
9. Авиациялық оқиғаларды тексеру авиациялық көлiк жүйесiнiң қалыпты жұмыс iстеуiнен барлық ауытқуларды анықтауды және сол ауытқулардың ұшу барысына әсерiн бағалауды көздейтiн ақпараттарды жинау мен талдауды қамтиды.
Тексеру жүргiзудiң мақсаты оқиға себептерiн белгiлеу, авиациялық оқиғаларды болдырмау және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде ұсынымдар жасау болып табылады.
10. Қазақстан Республикасында авиациялық оқиғалардың объективтi әрi біліктi тексерiлуiн қамтамасыз ету үшiн көлiктегi орталық атқарушы орган өзiнiң ведомстводан тыс мемлекеттік комиссиясын құрады, оған тексеру жүргiзуде өз мүддесi сөз болатын әуе кемесiнiң пайдаланушысы мiндеттi түрде қатысады.
Ведомстводан тыс мемлекеттік комиссия осы Ережеге және Авиация мен әуе кеңістiгiн пайдалану жөніндегі кеңес 1992 жылғы 11 қыркүйекте бекiткен Азаматтық авиация мен әуе кеңістiгiн пайдалану туралы келісімге қатысушы - мемлекеттердiң авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларды, қызметтiк тексеру Ережелерiне (бұдан әрi - Ережелер) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiмен болған авиациялық оқиғалардың тексерiлуiн ұйымдастырып, жүргiзедi.
11. Мемлекетаралық авиация комитетiнiң (МАК) Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссия туралы Ереженiң 2-тармағына және Ережелердiң 3.2-тармағына сәйкес оқиға болған мемлекет, әуе кемесiн тiркеген және немесе әзiрлеген, жасаған мемлекет, оны пайдаланушы сол бiр Уағдаласушы мемлекет болып табылмайтын жағдайда Уағдаласушы мемлекеттердiң кез келгенiнiң аумағында газ-турбиналық қозғалтқышы бар әуе кемелерiмен болған авиациялық оқиғаларды аудиторлық тексерудi Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссия мүдделi Уағдаласушы мемлекеттер өкiлдерiнiң қатысуымен жүргiзедi.
Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссияны тағайындайтын кезде оның төрағалығына ұсынылған кандидатура жайлы көлiктегi орталық атқарушы органмен келісіледi.
12. Ведомстводан тыс мемлекеттік комиссия авиациялық оқиғаларды тексерудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес прокуратураның, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, МТК-нiң өкiлдерiмен өз iс-қимылын үйлестiре отырып, құқық қорғау органдарына тәуелсiз жүргiзедi.
13. Әуе кемесiн дайындаушы-мемлекеттiң, әуе кемесiн жасаушы-мемлекеттiң, әуе кемесiне жөндеу жұмысын жүргiзген мемлекеттiң, тiркеушi-мемлекеттiң және пайдаланушы-мемлекеттiң тексеруге қатысу үшiн өзiнiң уәкiлдi өкiлiн тағайындауына құқығы бар. Тексерудi ұйымдастырушы мемлекеттік орган тексеру жөніндегі комиссияның құрамына мүдделi мемлекеттердiң уәкiлдi өкiлдерiн қосуға тиiс.
Уәкiлдi өкiлдер тексеруге қатысу үшiн мамандарды (кеңесшiлердi) тарта алады.
Басқа мүдделi мемлекеттердiң тексеруге қатысу үшiн сарапшылар тағайындауына құқығы бар.
Осылайша қатысу дәрежесiн тексеру жүргiзушi мемлекеттік комиссия айқындайды.
14. Тексерудiң далалық кезеңіндегі комиссия жұмысына, соның iшiнде авиациялық оқиға зардаптарын жоюға байланысты барлық шаралардың аумағында оқиға болған пайдаланушы немесе авиакомпания, кәсiпорын, азаматтық авиация бөлiмшесi қамтамасыз етедi. Аумақ бекітудi көлiктегi орталық атқарушы орган жүзеге асырады.
Аумағында уақиға болған пайдаланушы немесе авиакомпания, кәсiпорын, азаматтық авиация бөлiмшесi тексеруге қатысушыларды оқиға болған жерде жұмыс жүргiзу үшiн арнайы киiммен және аяқ киiммен, жеке қорғаныс құралдарымен, көлiк құралдарымен және байланыс құралдарымен, қажеттi мүккәммалмен және шығасылық материалдармен қамтамасыз етедi, олардың жұмыс атқаруы үшiн қажеттi жағдай туғызады, тексерiс материалдарының сақталуын, көбейтiлуi мен жiберiлуiн ұйымдастырады, тынығу мен тамақтануға орналастырылуын қамтамасыз етедi.
Аумағында оқиға болған авиакомпанияға, кәсiпорынға, азаматтық авиация бөлiмшесiне келтiрiлген шығындарды, тексеру жөніндегі комиссияның тапсырмасы бойынша арнаулы зерттеулер жүргiзуге, сондай-ақ комиссияның сұрауы бойынша мамандарды iссапарға жiберуге жұмсалатын шығындарды шот ұсынған бойда әуе кемесiнiң иесi төлейдi.
Егер авиациялық оқиға әуе кемесi иесiнiң кiнәсiнен болмаса немесе оның кiнәсi iшiнара айқындалса, тексеру аяқталғаннан кейiн әуе кемесiнiң иесi авиациялық оқиғадан келген шығындардың, тексеру жөніндегі шығындарды қоса, орнын толтыруға шағым жасай алады.
IV. Авиациялық оқиға туралы құлақтандыру
15. Авиациялық оқиға туралы хабарламаны алысымен Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысы басқармасы қызметiнiң лауазымды адамдары болған жағдай туралы бастапқы хабарды Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының ұшу қауiпсiздiгiн қадағалау органына (бұдан әрi - ҰҚ қадағалау органы), Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, МАК-тың ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссиясына, әуе кемесiнiң пайдаланушысына бередi.
16. Аумағында авиациялық оқиға болған авиакомпанияның, азаматтық авиация кәсiпорнының жетекшiсi бастапқы хабарды алысымен оны дереу ҰҚ қадағалау органына, тiркеген мемлекеттiң тексерушi органына, МАК-нiң ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссиясына хабарлайды, сондай-ақ болған жағдай туралы жергiлiктi құқық қорғау органдарын хабардар етедi.
Бастапқы хабарлама, мүмкiндiгiнше, мынадай ақпараттан тұруға тиiс:
күнi, уақыты (жалпыеуропалық), оқиға болған жер;
үлгiсi, мемлекеттік-тiркеудiң танымдық белгiсi және әуе кемесiнiң тиесiлiгi;
әуе кемесiнiң пайдаланушы-кәсiпорнының, әзiрлеушiсiнiң, жасаушысының атауы;
оқиға сәтіндегі метеорологиялық жағдай;
әуе кемесi командирiнiң аты-жөнi (тексерушiнiң және оның лауазымы);
тапсырманың сипаты, бастапқы және соңғы пункттерi көрсетiлген рейiс нөмiрi;
ұшып шыққан соңғы пункт және қону жобаланған пункт;
егер олар шын мәнiсiнде белгiлi болса, оқиғаның қысқаша жағдаяттары;
әуе кемесi бортындағы экипаж мүшелерi мен жолаушылардың, соның iшiнде қаза тапқандар мен дене жарақаттарын алғандардың саны, зардап шеккен жолаушылардың азаматтығы. Әуе кемесiнен тыс жүрiп-тұрушылар арасынан зардап шегушiлердiң болуы;
бортта қауiптi жүктердiң болуы және олардың сипаты;
әуе кемесiнiң белгiлi болған зақымдану дәрежесi;
оқиға болған ауданның қысқаша физика-географиялық сипаттамасы.
Ескерту.
Аталған хабарламалардың қайсы бiрiнiң болмауы бастапқы хабарламаның берiлуiн кiдiртпеуге тиiс.
17. Тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы оқиға болған жерге келген сәттен бастап 5 тәулiк iшiнде хабарламаны 16-тармақта көзделген мекен-жайларға жiбередi, келесi хабарламалар мүмкiндiгiнше мынадай ақпараттан тұруға тиiс:
оқиғаның болған күнi, уақыты, жерi, түрi, кемесiнiң үлгiсi, мемлекеттік-тiркеудiң танымдық белгiсi және тиесiлiлiгi, әуе кемесiнiң (қозғалтқыштарының) зауыттық нөмiрi, олардың жұмыс iстеуi, соңғы рет жөнделген күнi мен орны;
авиациялық оқиға сәтiне жақын уақыт кезеңіндегі метеорологиялық жағдай (ауа райының қандай болғандығы, жерден соққан желдiң жылдамдығы мен бағыты, бұлттар саны, нысаны мен биiктiгi, көрiнулiгi, қауiптi метеорологиялық құбылыстардың болуы);
әуе кемесi командирiнiң (тексерушiнiң) аты-жөнi, оның сыныбы, ауа райының минимумы, жалпы ұшуы, соның iшiнде осы үлгiде әуе кемесiнде (содан командир ретiнде) ұшуы, экипаж құрамы (лауазымы, фамилиясы, өз аты мен әкесiнiң аты);
тапсырманың сипаты, соңғы ұшқан және баратын пункттерi көрсетiлген ұшу маршруты;
бортындағы жолаушылар саны; уақиға жағдаяттарын қысқаша сипаттау;
әуе кемесiнiң зақымдану дәрежесi;
тексеру барысында айқындалған назар аударарлық фактiлер;
шұғыл алдын алу шараларын өткізу жөніндегі ұсыныстар.
Ескерту.
Авиациялық техника бойынша берiлетiн ақпараттың көлемiн комиссия төрағасы айқындайды.
18. МАК-нiң ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссиясы, алдын алу шаралары жөніндегі ұсынымдарды қоса алынған ақпараттың барлық мүдделi Уағдаластыққа қатысушы-мемлекеттерге жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi.
19. Қазақстан Республикасының ҰҚ қадағалау органы авиациялық оқиға туралы ақпараттың өз аумағына орналасқан авиакомпанияларға, әуе кемесiне иелiк ететiн кәсiпорындарға, әуе кемелерiн (қозғалтқыштарын) әзiрлеушi ұйымдарға, жасаушы кәсiпорындарға, сондай-ақ оларды жөндеушi кәсiпорындарға жедел жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi.
V. Авиациялық оқиға болған жерге комиссия келгенге
дейiн азаматтық авиацияның лауазымды адамдарының бастапқы iс-қимылдары
20. Авиациялық оқиға болған сәттен бастап және тексеру жөніндегі комиссия келгенге дейiн бастапқы iс-қимылдарды жүргiзу үшiн жауапкершiлiк әуе кемесiнiң командирiне және аумағында авиациялық оқиға болған пайдаланушыға немесе авиакомпанияның, авиакәсiпорнының, азаматының авиация кәсiпорнының басшысына жүктеледi.
21. Авиациялық оқиға жағдайында аэродромнан тыс жерге қонуға мәжбүр болған әуе кемесiнiң командирi экипаж мүшелерiмен бiрге жолаушыларды эвакуациялау мен өрттi сөндiру жөнiнде iс-қимылдар жасайды. Әуе кемесiнiң жанбағанына және қауiпсiздiктiң барлық қажеттi шараларының орындалғанына көзi жеткен соң аумағында уақиға болған пайдаланушының немесе авиакомпанияның, авиакәсiпорнының, азаматтық авиация кәсiпорнының жауапты өкiлi келгенге дейiн әуе кемесiнiң командирi:
әуе кемесiн дереу толық тоқтатып тастауға (егер бұл эвакуация жүргiзуге кедергi келтiрмесе) және ұшу деректерi мен сөздердi борттық тiркегiштердiң сөндiрiлгенiне көзiн жеткізуге;
экипаж кабинасындағы басқару пункттерiне ешкiмнiң қол сұқпауын қамтамасыз етуге және борттың тiркегiштердiң ақпарат жинағыштарының сақталуына шаралар қолдануға;
жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;
коммерциялық жүктелiмге және әуе кемесiнiң бортындағы басқа да нәрселерге қол сұғылмауын қамтамасыз етуге, отынның, май мен басқа да сұйық заттардың құйылып алынуына тыйым салуға;
есiктердi, жаппаларды, қақпақтарды жабуға және, мүмкiндiгiнше, сүргiштеуге;
әуе кемесiмен оқиға болған жердiң күзетiлуiн ұйымдастыруға;
болған жағдай туралы жақын маңдағы авиация органын немесе жергiлiктi үкiмет органдарын мүмкiн болғанынша тезiрек хабардар ету үшiн қолдан келетiн шаралардың бәрiн қолдануға мiндеттi.
Оқиға болған жерге авиациялық-құтқару жұмыстарының жетекшiсi келісімен әуе кемесiнiң командирi оған әуе кемесiнiң, ондағы заттар мен оқиға болған жердегi заттық айғақтардың одан әрi сақталуы үшiн жауапкершiлiктi табыс етедi.
Егер әуе кемесiнiң командирi денсаулығына байланысты өз мiндетiн орындай алмаған жағдайда, онда екiншi ұшқыш және экипаждың басқа да мүшелерi осы тармақта айтылған талаптарға және қалыптасқан жағдаяттарға сәйкес iс-қимыл жасауға тиiс.
22. Болған жағдай туралы хабарды алысымен және тексеру жөніндегі комиссия келгенге дейiн авиациялық оқиға болған аумақтағы пайдаланушы немесе авиакомпанияның, авиакәсiпорнының, азаматтық авиация бөлiмшесінің басшысы:
қажет болуына қарай өзара iс-қимыл жасаушы ведомстволарды тарта отырып, iздестiру және авариялық-құтқару жұмыстарының жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
жолаушылар мен экипаж мүшелерiн құтқару, өрт сөндiру (немесе оны болдырмау), заттық айғақтарды сақтау жөнiнде қосымша шаралар қолданудың қажеттiгiн айқындау мақсатымен оқиға болған жерге келедi;
iшкi iстер органдарымен, қажет болған жағдайда, осы ауданда орналасқан әскери бөлiмшелермен де бiрлесе отырып, оқиға болған жердiң күзетiлуiн ұйымдастырады, әуе кемесiне және ондағы заттарға (зардап шегушiлердi қирандылар арасынан алып шығу қажет болған жағдайларды қоспағанда) қол сұғылмауын қамтамасыз етедi;
қажет болған жағдайда қаза тапқандардың әуе кемесiнiң негiзгi бөлiктерiне қатысты жерге орналасуының сызбалары жасалғаннан кейiн және оларды суретке түсiру мүмкiндiгi туған соң, қаза тапқандардың сүйектерiн жинау туралы нұсқау бередi;
экипаж мүшелерiнiң және қажет болғанда, қозғалыс қызметi диспетчерлерiнiң денсаулық жағдайына медициналық бақылау жасалуын ұйымдастырады, экипаж мүшелерiнен және ұшуды әзiрлеу мен қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардан түсiнiктеме жазбаларын алады;
борттық құжаттамалар мен оқиға болған жердегi объективтiк бақылау құралдарын сақтау жөнiнде қажеттi шаралар қолданады;
ұшуға арналған, техникалық және диспетчерлiк құжаттаманың алынуын ұйымдастырады және сақталуын қамтамасыз етедi;
сыртқы ортаның әсерiнен (мұздың еруi, әуе кемесiнiң үстiңгi қақпағының, әуе кемесiнiң жердегi өзiне тән iздерiнiң өзгерiп кетуi және т.б.) жойылып кетуi мүмкiн белгiлердi құжаттама түрiнде тiркеп алады, қажет болған жағдайда авиациялық оқиға болған жердiң мөлшерiн айқындайды;
ауа райына кезектен тыс, бақылау байқауын жүргiзедi, ал егер авиациялық оқиға аэродромнан тысқары жерде болса - онда таяудағы ААМС (Азаматтық авиациялық метеорологиялық стансалардан) және метеостансалардан метеорологиялық деректердiң жиналуын қамтамасыз етедi;
авиациялық оқиғаға тап болған әуе кемесiне май құйылған ыдыстардан (отынмен жабдықтаушылардан) май құюды тоқтатады.
Ескерту.
Алдын ала тергеу жүргiзiлетiн құқық қорғау органдарының өкiлдерi авиациялық оқиға болған жерге келген жағдайда, азаматтық авиацияның лауазымды адамдарының бұдан былайғы iс-қимылдары Қазақстан Республикасының қылмыстық iстер жүргiзу заңдарына сәйкес олардың нұсқауы бойынша жүргiзiледi.
VI. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
23. Авиациялық оқиға туралы бастапқы хабарлама алынған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Көлiктегi орталық атқарушы органы авиациялық оқиғаны тексеру жөнiнде комиссия құрады.
24. Авиациялық оқиғаның зардаптарына және оның себептерiн айқындаудың маңыздылығына қарай ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн тексеру мынадай үш деңгейде ұйымдастырылуы мүмкiн:
толық құрамында комиссия құрылатын тексеру, ұшу инженерлiк-техникалық, әкiмшiлiк және басқа да қажеттi қосалқы комиссиялар, есеп айырысу және талдау тобы;
толық құрамында комиссия құрылатын тексеру, бiрақ қосалқы комиссиялар, жалпы алғанда құрылмауы мүмкiн, не жұмыстың аса маңызды бағыттары бойынша ғана құрылуы мүмкiн;
қосалқы комиссиялар мен жұмыс топтарын құрмай-ақ қысқартылған құрамдағы (3-5 адам) комиссияның жүргiзетiн далалық тексеруi.
Тексерудi ұйымдастыру деңгейi туралы шешiмдi тексерудi ұйымдастыратын мемлекеттік немесе мемлекетаралық орган немесе осындай өкiлеттiк берiлген тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы қабылдайды.
Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Комиссия жұмысына тартылған мамандар қосалқы комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамына кiре алады немесе сарапшылар ретiнде пайдаланыла алады.
Комиссия құрамына МАК-нiң ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі комиссиясының өкiлдерi, көлiктегi орталық атқарушы органның, авиакомпаниялардың, авиакәсiпорындарының, авиация техникасын әзiрлеушiлердiң (КББ), авиация техникасын жасаушы-зауыттардың басшы құрамы мен жетекшi мамандары кiредi.
Тексеру жөніндегі комиссияның мәжілістерiне Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өкiлдерiнiң қатысуға құқығы бар.
Авиация техникасының iстен шығуына (кемiстiгiне) байланысты авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссияның құрамына өнеркәсiптiң және әуе кемесi (қозғалтқышы) соңғы рет жөндеуден өткен жөндеу кәсiпорнының жауапты өкiлдерi мiндеттi түрде енгiзедi. Егер әуе кемесi шетел мемлекетiнде жасалған немесе жөнделген жағдайда сол мемлекеттердiң уәкiлдiгi бар өкiлдерi комиссия жұмысына МАК арқылы тартылады.
Комиссия жұмысын ҰҚ қадағалау органының бастығы бақылайды.
Авиациялық оқиғаға тексеру жүргiзудiң ұзақтығы 30 тәулiктен аспауға тиiс.
Егер оқиғаның себептерiн айқындау үшiн арнайы зерттеулер жүргiзу қажет болып, оны көрсетiлген мерзiмде аяқтау мүмкiн болмаса, онда комиссия төрағасының өтiнiшi бойынша көлiктегi орталық атқарушы органның басшысы тексеру мерзiмiн ұзарта алады.
25. Авиациялық оқиғаға тексеру жүргiзу жөніндегі комиссияның:
авиациялық оқиғаға тап болған әуе кемесiн, оның құрамдас бөлiктерiн, әуе кемесiнiң бортында болған кез келген басқа да затты, немесе кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, одан тысқары жерден авиациялық оқиғаға тартылған затты тексеруге;