Тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарға әлеуметтiк медициналық және басқа көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 мамырдағы № 665 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 703 Қаулысымен күші жойылды
Тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарға әлеуметтiк, медициналық және басқа көмек көрсету мақсатымен, тұрғын халықтың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртiптi нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Iшкi iстер органдарының тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындары туралы Ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне және оның жергiлiктi органдарына тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарды анықтау, кiм екенiн тексеру, қылмыс жасаған, iздеу салынған, анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген, хабар-ошарсыз кеткен адамдарға ұқсайтынын айқындау үшiн қабылдау-тексеру орындарына жеткiзу, дәрiгерлiк куәландыруға немесе Қазақстан Республикасының Әлеуметтiк қорғау министрлігінiң мекемелерiне жiберу;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне бұл адамдарды дәрiгерлiк куәландыруға және емделуге жiберу;
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне бұл адамдарды интернат-үйлерге жiберу, сондай-ақ оларға зейнетақы және жәрдемақы төлеу негiздерi мен тәртібін анықтау;
Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігіне және оның жұмысқа орналастыру жөніндегі аумақтық органдарына олардың жұмыссыз жүруiнiң себептерi мен жағдайларын зерделеу және оларға жәрдемақы төлеу тәртібін анықтау жүктелсiн.
3. Iшкi iстер органдарының тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындары жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 30 мамырдағы
№ 665 қаулысымен
Бекiтiлген
Iшкi iстер органдарының тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу
орындары туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қабылдау-бөлу орындары тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарды ұстауға, олардың кiм екенiн анықтап, тиiстi органдар мен мекемелерге (көшi-қон, медициналық, әлеуметтiк және т.б.) тапсыру мақсатына арналған.
2. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мұндай адамдарды қабылдау-бөлу орындарында прокурордың рұқсаты бойынша отыз тәулiкке дейiн ұстауға болады.
3. Iшкi iстер органдарының қабылдау-бөлу орындары жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен құрылады.
Қабылдау-бөлу орындарының штатын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігінiң бұйрықтарымен жарияланған осы мекемелердiң бiрыңғай штаттарына сәйкес, атқарушы өкiмет органдарының шешiмiмен белгiленетiн жалақы қоры мен қызметкерлерi санының шегiнде қалалық облыстық және көлiктегi Iшкi iстер басқармаларының бастықтары бекiтедi.
4. Қабылдау-бөлу орындарын ұстауға кететiн шығындар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен төленедi.
Шығындар жөніндегі сметалар, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп беру Iшкi iстер басқармасының қаржы-экономикалық бөлiмдерiне ұсынылады, одан кейiн есепке алу және есеп беру бойынша қолданылып жүрген ережелерде анықталған үлгiлерге және мерзiмдерге сәйкес әкiмдер аппараттарының қалалық қаржы бөлiмдерiне тапсырылады.
5. Қабылдау-бөлу орындары заңды тұлға болып табылады және дербес баланста болады.
6. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, iшкi iстер органдарының қабылдау-бөлу орындарын үй-жаймен, автокөлiкпен, байланыс құралдарымен әкiмдердiң аппараттары қамтамасыз етедi, сондай-ақ оларды пайдалануға жұмсалатын шығынды төлейдi.
7. Қабылдау-бөлу орындарындағы адамдарға медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыруға бақылау жасау мен әдiстемелiк басшылықты аумақтық органдар және денсаулық сақтау мекемелерi жүзеге асырады. Облыс орталықтарында орналасқан қабылдау-бөлу орындарының санитарлық жағдайын iшкi iстер басқармасының санэпидстанциялары, ал облыс орталықтарынан тыс жерлерде орналасқандарды денсаулық сақтау iсiнiң аумақтық органдарының санэпидстанциялары бақылайды. Қабылдау-бөлу органдарындағы адамдарға тiкелей медициналық қызметтi осы мекемелердiң штаттық медициналық қызметкерлерi көрсетедi. Қабылдау-бөлу орындарына әкелiнгендер iшiнде «СПИД», терi-венерологиялық және басқа жұқпалы аурулар анықталса, ол адамдардың бәрi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң арнаулы медицина мекемелерiне тиiстi тексеруге жiберiледi.
2. Ұсталғандарды қабылдау және тiркеу
8. Тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарды анықтап, оларды қабылдау-бөлу орындарына немесе жақын маңдағы iшкi iстер органына (милицияға) тапсыруды осы органның қызметкерлерi, сондай-ақ қабылдау-бөлу орындарының жеке құрамы орындайды. Бұл жұмысты қоғамдық жасақтардың, ерiктi халық жасақшыларының, милицияның штаттан тыс қызметкерлерiнiң, аула сыпырушылардың көмегiмен атқаруға болады.
9. Қабылдау-бөлу үй-жайларының типтiк жобаларына сәйкес мына жағдайлар көзделуi тиiс:
еркектердi, әйелдер мен балалары бар әйелдердi, шетелдiктердi және азаматтығы жоқ адамдарды бөлек ұстауға арналған палаталар, санитарлық тексеруден өтпеген жаңадан түскен және ауру адамдарға арналған жеке бөлмелер;
кезекшiге, кеңсеге, қабылдау-бөлу орнының бастығына, медицина қызметкерiне, инспекторларға, шаруашылыққа арналған бөлмелер;
санитарлық тексеруден өткiзетiн, тамақ жылытатын және тамақ iшетiн, санитарлық торап бөлмелерi.
Қабылдау-бөлу орындарының iшiнде қоршалған аула болуы тиiс.
10. Қабылдау-бөлу орыны ұсталғандарды тәулiк бойы қабылдайды. тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарды ұстап жеткiзген iшкi iстер органы (милиция) қызметкерi ұсталған адамның тегi, атын, әкесiнiң атын, ұсталған уақыты мен жағдайын көрсетiп бұл туралы рапорт жазады. Ұсталған адам туралы мәлiметтер рапортқа оның құжаттары негiзiнде, ал құжаттары жоқ болған жағдайда ауызекi сөзi арқылы жазылады.
Тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарды жеткiзген азаматтардан жазбаша немесе ауызша арыз қабылданады. Ауызша арыз хаттамаға кiргiзiлiп, оған арыз берушi мен арызды қабылдаған iшкi iстер органы (милиция) қызметкерi қол қоюы тиiс.
11. Үш сағаттың iшiнде iшкi iстер органының (милицияның), қабылдау-бөлу орнының бастығы немесе оның орынбасарлары, олар болмаған кезде iшкi iстер органының (милицияның), қабылдау-бөлу орнының кезекшiсi жеткiзiлген адамның кiм екенiн әрi қарай тексеру үшiн ұстау немесе оны босату туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
12. Бұл адамдарды ұстау туралы шешiм iшкi iстер органының (милицияның) бастығы, оның орынбасары немесе қабылдау-бөлу орнының бастығы бекiткен дәлелдi қаулымен ресiмделедi (1-қосымша). Iшкi iстер органының (милицияның), қабылдау-бөлу орнының бастығы немесе оның орынбасарлары болмаған кезде iшкi iстер органы (милиция), қабылдау-бөлу орнының кезекшiсi ұсталған адамды камераға қамап, бұл туралы өзiнiң бастығына баяндайды.
Ұсталған сәттен бастап, 24 сағат мерзiм iшiнде, ұстау туралы қаулы басқа материалдармен бiрге прокурорға ұсынылады.
Прокурордың санкциясы алынғаннан кейiн қаулы ұсталған адамға жарияланып, одан қолхат алынады.
13. Iшкi iстер органының қызметкерлерi шетелдiктердi және азаматтығы жоқ адамдарды ұстаған кезде, олардың паспорттарын және басқа құжаттарын тексеруге, сондай-ақ белгiленген тәртiппен олардың Қазақстан Республикасында болу және республика аумағы арқылы транзиттiк өтеу ережелерiн сақтауын бақылауға алуға құқылы. Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес, иммунитет және артықшылықтар құқығы бар шет мемлекеттердiң азаматтарын ұстауға болмайды.
14. Қабылдау-бөлу орнына жеткiзiлген және қамалған әрбiр адам жеке тiнтiледi.
Тiнтудi ұсталған адаммен жынысы бiр, екi куәгердiң қатысуымен қабылдау-бөлу орнының кезекшi-наряд қызметкерлерi жүргiзедi. Жеке тiнту жұмысы хаттамамен ресiмделедi (2-қосымша). Хаттамаға тiнту жүргiзген қызметкер, тiнтiлген адам және куәгерлер қол қояды.
15. Жеке тiнту кезiнде мынадай заттар алынуға тиiстi:
қару, жарылғыш, улы және есiрткi заттар;
ақша, бағалы қағаздар, зергерлiк бұйымдар;
бұрыш, тұз, спирттiк iшiмдiктер, шәй;
дәрi-дәрмектер және пайдалануға әрi камерада сақтауға дәрiгер рұқсат еткен басқа дәрiлiк заттар;
бөкебай, белбеу, белдiк, орауыштар, аспа баулар, баулар;
шыны ыдыстар, түйрейтiн, егейтiн және кесетiн заттар;
құжаттар;
үш тәулiктен астам уақытқа есептелген тағам өнiмдерi.
Жеке тiнту кезiнде алынған заттардың белгiлерi, нөмiрлерi егжей-тегжей хаттамаға көрсетiлiп жазылады. Атыс қаруы, суық қару және патрондар қылмысты iстi сараптау бөлiмiнде тексерiлiп тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн, қалалық iшкi iстер басқармасының, Iшкi iстер басқармасының Шаруашылық бөлiмiнiң қоймаларына, ал жарылғыш заттар, әсерi күштi улар тиiстi ұйымдардың қоймаларына тапсырылады.
Сақтау немесе алып жүру заң бойынша қудаланатын заттардың алынғаны туралы мәселенi заңға сәйкес шешу үшiн, ол жайында анықтау органына дереу хабарланады.
Қалған заттар, бұйымдар, бағалы заттар мен құжаттар ұсталған адам қамаудан босатылғанша, қабылдау-бөлу орнында арнаулы шкафта сақталады, оның кiлтi қабылдау-бөлу орнының кезекшiсiнде болады.
16. Қабылдау-бөлу орнының кезекшiсi iшкi iстер органынан (милициядан) жеткiзiлген адамды қабылдаған кезде, ұстау туралы қаулыдағы тиiстi жазуды оның аты-жөнiмен салыстырады және тiнту хаттамасында көрсетiлген заттардың санын тексередi.
17. Ұсталып, қабылдау-бөлу орнына қалмаған адам журналға тiркелуге тиiс (3-қосымша), саусағының iзi алынады және медициналық байқау мен санитарлық тазалаудан өтедi. Киiмдерi мен заттарды дезинфекцияланады.
Қабылдау-бөлу орнына жеткiзiлген адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаса, олар суретке түсiрiледi.
3. Қабылдау-бөлу орнында ұсталғандарды тексеру
18. Қабылдау-бөлу орнына жеткiзiлген тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ әрбiр адам мұқият тексерiлуi тиiс.
Ұсталған адамның жеке басын неғұрлым толық анықтау және олардың арасынан қылмысқа қатысы барларын айқындау тексерудiң басты мiндетi болып табылады.
19. Ұсталған адам қабылдау-бөлу орнында болған алғашқы тәулiктер iшiнде сұраққа алынады. Сұрақ нәтижесi хаттамамен ресiмделiп (4-қосымша), оған жауап берген адам мен жауап алған қызметкер қол қояды.
Ұсталғандардың сауалнама мәлiметтерi тексеру материалдарына жеке басы құжаттарынан алынып, ал ол жоқ болса - тексерiлушiнiң айтуы бойынша жазылады.
20. Ұсталған және қабылдау-бөлу орнына жеткiзiлген адамға Iшкi iстер министрлігінiң ақпараттық есептеу орталығы, ұсталған жеріндегі Iшкi iстер басқармасы және Ресей Iшкi iстер министрлігінiң мемлекеттік ақпарат орталығы үшiн дактилоскопиялық карталардың үш данасы жасалады (5-қосымша). Бұл орайда егер де есепке алынуға тиiстi адам Ресей Iшкi iстер министрлігінiң мемлекеттік ақпарат орталығының дактилоскопиялық картасы бойынша тексерiлген болса, онда Ресей Iшкi iстер министрлігінiң мемлекеттік ақпарат орталығында дактилоскопиялық формуламен анықталған карта жiберiледi.
Тұрақты мекен-жайы бойынша ұсталған адамдар тек Iшкi iстер басқармасының ақпарат орталығының картотекаларында ескерiледi.
21. Ұсталғандар сондай-ақ бұрынғы тұрған және жұмыс iстеген орындары (сұратуға фотографиялық карточкаларды қоса тiркей отырып), мекен-жай бюролары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетiнiң жедел-iздестiру есебi және қылмыс жасалған жерлерiнен алынған саусақ iздерiнiң картотекасы бойынша тексерiледi. Мұндай адамдарды тексеру туралы сұратулар үш тәулiк мерзiмге дейiн орындалуы тиiс.
4. Ұсталғандарға қолданылатын шаралар.
Оларға қабылдау-бөлу орнынан босату тәртібі
22. Ұсталған адамның тұрақты мекен-жайының, құжаттарының жоқтығы тексеру барысында анықталған соң, оны орналастыру туралы мәселе осы Ереженiң 2 және 24 тармақтарына сәйкес шешiледi.
23. Егер тексеру барысында ұсталған және қабылдау-бөлу орнына қамалған адамның қылмыс жасауға қатысты жоқтығы анықталса, ал адамның (қарттар, мүгедектер) туған-туыстары, қорғаншысы, басқа да адамдары бар болған жағдайда ол жалпы негiзде қабылдау-бөлу орнынан босатылады.
Қорғаншысы немесе асыраушысы жоқ қарт адамдар мен мүгедектердi қарттар және мүгедектер үйiне орналастыру (6-қосымша), ал егер емдеу орнына орналастыруға мұқтаж болса, жергiлiктi денсаулық сақтау органы арқылы емдеуге жiберу туралы (7-қосымша) тұрғындарды әлеуметтiк қорғау органына ұсыныс жасалады.
24. Егер тексеру барысында ол адамды жасаған қылмыстары үшiн тергеу немесе анықтау органдары iздестiрiп жүргенi айқындалса және оны қамауға алу жөнiнде қорытынды болса, дереу уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады.
25. Жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының аумағында болу құқығын дәлелдейтiн құжаттары жоқ шетел адамдары анықталса, олардың жеке басын анықтау шаралары қолданылады.
Шетелден адамдар шақырған қабылдаушы ұйым өкiлдерi немесе адамдар анықталынбаса және ұсталған адамдар өзi туралы мәлiметтердi қасақана жасырып отыр деуге негiз болса, олар қабылдау-бөлу орнына қамалып, белгiленген тәртiп бойынша тексерiлуi тиiс.
26. Шетелдiктер қабылдау-бөлу орнына қамалған кезде оларды ұстаған орган бұл туралы дереу телеграф арқылы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасына, Сыртқы iстер министрлігіне, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне және Iшкi iстер министрлігіне хабарлайды.
Бiр мезгiлде шетелдiк азаматтың ұсталып, қабылдау-бөлу орнына қамалғаны туралы сол қабылдау-бөлу орны орналасқан аудан (қала) прокурорына жазбаша хабарланады.
27. Жеке басы анықталғаннан кейiн, шетел азаматы тиiстi құжаттарды ресiмдеу үшiн Iшкi iстер басқармасы Iшкi iстер Бас басқармасы Визалар және тiркеу бөлiмiне жiберiледi. Сонымен қатар әкiмшiлiк құқық бұзылғандығы туралы құжаттар заңға сәйкес шара қолдану үшiн iшкi iстер органының бастығына баяндалады.
28. Қабылдау-бөлу орнынан босатуды қабылдау орнының кезекшiсi жүзеге асырады.
Қабылдау-бөлу орнының, iшкi iстер органының (милиция) бастығы немесе орынбасарлары бекiткен, тексерушi қызметкер жазған қаулы босатуға негiз болып саналады (8-қосымша). Қаулыда ұсталған адамның жеке басын анықтау үшiн жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi және қолданылған шаралар баяндалады.
Қабылдау-бөлу орнына қамалған адамды босатуға, сондай-ақ прокурордың жазбаша тапсырмасы да негiз болады.
Қабылдау-бөлу орнынан босатылғандарға азаматтардың сақтауына тыйым салынған заттардан басқасы олардың нәрселерi, ақшалары мен құжаттары қолхат арқылы қайтарылып берiледi.
Қабылдау-бөлу орнының бастығы немесе оның орынбасары, қабылдау-бөлу орнынан босатылған адамдарға қоғамға жат қылықтармен өмiр сүрудi доғару қажеттiлiгiн түсiндiрiп, тыңғылықты әңгiме өткiзедi.
29. Қабылдау-бөлу орнынан босатылған адамдар бұрынғы мекен-жайына, немесе өзi таңдаған жағына өз қаржысымен, ал егер ақшасы болмаса қабылдау-бөлу орнының қаржысы есебiнен жiберiледi. Жол жүру уақытына оларға қабылдау-бөлу орнында қамалғандарға белгiленген тамақ мөлшерi бойынша құрғақ тамақ, сонымен қатар баратын мақсаты және маршруты жөнiнде анықтама берiледi (9-қосымша).
30. Қабылдау-бөлу орнынан босатылған адамдарға қабылдау-бөлу орны орналасқан аумақтық iшкi iстер органы босату туралы қаулылардың көшiрмелерi негiзiнде № 9 үлгiдегi анықтама бередi. Қаулылардың көшiрмелерiне № 1 үлгiдегi өтiнiш және екi фотосуретi қоса тiркеледi. Қамаудан босатылған азаматтардың өтiнiштеріндегі қойған қолдарын қабылдау-бөлу орнының бастықтары куәландырады.
Қабылдау-бөлу орнынан Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі жанындағы жұмыспен қамту департаментiнiң аумақтық органына және босатылған адам жұмысқа орналасатын аумақта қызмет атқаратын iшкi iстер органдарына хабарлама (10, 11-қосымша) жолданады.
5. Қамау тәртібі
31. Тұрақты мекен-жайы және құжаттары жоқ адамдар есiктерiне берiк тиектерi және қарайтын саңылауы бар палаталарға қамалады; терезелерiне металл торлар салынады. Әрбiр палатаға iшкi iстер органының бастығы бекiткен iшкi тәртiп ережесi iлінедi (12-қосымша).
32. Қабылдау-бөлу орнындағы адамдарды күзету және тәртiп талаптарын қамтамасыз ету үшiн тәулiк бойы кезекшiлiк және милиция күзетi қойылады. Қабылдау-бөлу орнындағы адамдарды күзететiн нарядқа тағайындалған милиция қызметкерлерiне қару берiлмейдi. Қабылдау-бөлу орнынан қашқан адамды ұстау кезiнде «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару қолданылмайды.
33. Қабылдау-бөлу орнындағы адамдар уақытша изоляторда қамауға алынғандарға белгiленген тамақ мөлшерi бойынша тамақтандырылады. Тағам өнiмдерi күн сайын ведомость бойынша кезекшiлерге берiледi. (13-қосымша).
Егер қамалған адаммен бiрге балалары болса, олар балаларды қабылдау-бөлу орны үшiн белгiленген норма бойынша тамақтандырылады.
34. Ұсталғандар сәкiге немесе кереуетке орналастырылады. Оларға орамал, ал кереуеттер болса, тысы бар матрац пен жастық берiледi. Мүгедектерге, қарттарға, сондай-ақ ұсталған әке-шешесiмен бiрге жүрген кәмелетке толмағандарға барлық жағдайда тысы бар матрац, жастық берiледi.
35. Егер қоршалған iшкi аула болса, ұсталғандар күн сайын бiр сағат серуендеуге шығарылады.
36. Қабылдау-бөлу орнын қамалған адамдар iшкi тәртiп ережелерiн орындауға мiндеттi.
37. Бекiтiлген iшкi тәртiп ережесін бұзғандарға тәртiпсiздiктiң түрiне немесе ауырлығына байланысты төмендегiдей шаралардың бiрi қолданылады:
ескерту;
қабылдау-бөлу орнының бөлмелерiн тазалауға кезектен тыс наряд беру;
1-тәулiктен 5 тәулiкке дейiнгi мерзiмге серуендеуге шығармай қою (балалы әйелдерден басқасы).
Ықпал ету шараларын қолдану құқығы қабылдау-бөлу орнының бастығына берiледi.
Ұсталғандар бұзақылық жасаса, «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кiсендер және тағы басқа арнаулы құралдар қолданылады.
6. Лауазымды адамдардың мiндеттерi
38. Қабылдау-бөлу орнының бастығы тiкелей Iшкi iстер басқармасының әкiмшiлiк қызметi басқармасы (бөлiмi) бастығына немесе қабылдау-бөлу орны ұйымдастырылған iшкi iстер органының бастығына бағынады.
Қабылдау-бөлу орнының бастығы қабылдау-бөлу орнының қызметiне жауап бередi және:
қылмыспен күресу және қоғамдық тәртiптi сақтаудағы қабылдау-бөлу орнының рөлiн көтеруге үнемi шаралар қолдануға;
қабылдау-бөлу орны қызметкерлерiмен тәрбие жұмысын, қызметтiк, жауынгерлiк және денешынықтыру дайындықтарын жүргiзудi ұйымдастыру мен өткiзуге;
қабылдау-бөлу орнына жеткiзiлген адамдарды кiдiрту, сондай-ақ ұсталғандарды босату туралы қаулыларды бекiтуге;
тұрақты мекен-жайы және құжаттары жоқ адамдарды ұстау үшiн iшкi iстер органдары өткiзетiн шараларды дайындауға және өткiзуге атсалысуға;
ұсталғандарды тексеру, олардың арасынан iшкi iстер органдары iздестiрiп жүргендердi анықтау және олардың жасаған қылмыстарын ашу бойынша жұмыстар ұйымдастыруға;
қабылдау-бөлу орындарының жұмысына талдау жасап, нәтижелерi туралы iшкi iстер органы басшыларына, жергiлiктi өкiмет органдарына хабарлауға, осы санаттағы адамдармен күрес жүргiзудегi милиция жұмысын жақсартуға байланысты жоғары орындарға ұсыныстар енгiзуге;
қабылдау-бөлу орнына қамалған адамдармен құқыққа қарсы қылықтарын доғаруға септiгiн тигiзген жеке әңгiмелер өткiзуге;
қабылдау-бөлу орнын ұстауға смета жасауға, оны қажеттi жабдықтармен, мүлiктермен, автокөлiкпен қамтамасыз ету үшiн шаралар қолдануға мiндеттi.
39. Қабылдау-бөлу орны бастығының орынбасары қабылдау-бөлу орнына қамалғандарды ұстау тәртібіне бақылау жасайды, олардың кiм екенiн тексеру шараларын ұйымдастырады. Бастық жоқ кезде оның мiндеттерiн атқарады.
40. Қабылдау-бөлу орнының кезекшiсi қабылдау-бөлу орнының бастығына және оның орынбасарына бағынады, ал олар жоқ кезде қабылдау-бөлу орнының жұмысына басшылық жасайды.
Ол:
жеткiзiлген барлық адамдар туралы қабылдау-бөлу орнының бастығына немесе оның орынбасарына жедел баяндауға, ал олар жоқ болса, үш сағат iшiнде оларды қабылдау-бөлу орнына қамауға алу немесе кiм екенi анықталған соң босату туралы шешiм қабылдауға;
қабылдау-бөлу орнына жеткiзiлген адамдарды тiркеуге және есепке алуға, оларды жеке тiнтуге, дактилоскопия жасауға және фото суретке түсiрудi ұйымдастыруға;
қабылдау-бөлу орнына қамалған адамдардың заттары, ақшалары, құжаттары және бағалы заттарының сақталынуын және қамаудан босатылғанда олардың қайтарылып берiлуiн қамтамасыз етуге;
қабылдау-бөлу орнына қамалғандарды уақтылы дәрiгерлiк тексеруге, санитарлық тазалаумен қамтамасыз етуге, тамақтануын және серуенге шығарылуын ұйымдастыруға;
қабылдау-бөлу орнына қамалғандардың барлық шағымдары мен өтiнiштерiн, дер кезiнде қабылдау-бөлу орнының бастығына хабарлап отыруға және солар бойынша қажеттi iс-шаралар қолдануға, шағымдар, ұсыныстар, хаттар жазу үшiн ұсталғандарға жазу құралдарын беруге;
қамалғандардың iшкi тәртiп ережесін қатаң сақтауын бақылауға, милиционерлердiң қызмет атқаруына тұрақты бақылау жүргiзуге, ұсталғандардың денсаулығы нашарласа медицина қызметкерiне хабарлауға, ал ол болмаған жағдайда жедел жәрдем немесе шұғыл медициналық көмек көрсетушiлердi шақыруға;
жол жүру билетi бар, тұрақты (таңдалған) мекен-жайына бет алған қабылдау-бөлу орнынан босатылған адамдардың поезд (кеме) жүрер алдында вокзалға (айлаққа) жеткiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
41. Қабылдау-бөлу орнында қамалған адамдардың арасында жедел-iздестiру жұмысын жүргiзуге құқылы қабылдау-бөлу орнының қызметкерi қабылдау-бөлу орнының бастығына және оның орынбасарына тiкелей бағынады.
Ол:
егер шартты түрде сотталғандар және шартты түрде босатылғандардың iшiнде өз бетiмен жұмысқа бару тәртібін бұзған немесе әкiмшiлiк ауданның шегiнен өз бетiмен шыққан (жұмыс орнына оралмаған) адамдар бар болса, ұстап қабылдау-бөлу орнына қамау туралы қаулы дайындауға; тәртiп бұзушылық және оның болу себептерiн бiлетiн ұсталғандардан және т.б. адамдардан жауап алуға, олардың бұрын қалай өмiр сүргенiн тексеруге;
қабылдау-бөлу орнындағы қамалғандар арасынан тергеуден, соттан жасырынып жүргендердi, бас еркiнен айыру орындарынан және iшкi iстер органдарының қадағалауынан қашқандар, алимент төлеуден қасақана бұлтарушылар, сондай-ақ қылмыс жасағандарды анықтау бойынша жедел-iздестiру жұмыстарын жүргiзуге;
қабылдау-бөлу орны бастығының тапсырмасы бойынша заңға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс адамдардың материалдарын iшкi iстер органдарына тапсыруға;
құқыққа қарсы әрекет жасауға бейiм адамдардың жиналатын орындарын анықтау және оларды ұстау үшiн рейдтер жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзуге мiндеттi.
42. Дәрiгер (фельдшер) қабылдау-бөлу орнының бастығына және оның орынбасарына бағынады.
Ол:
қамалған барлық еркектерден - мерез, ВИЧ-инфекциясы, гонорея ауруларын тексеру, барлық әйелдерден - мерез, ВИЧ-инфекциясы және гонорея ауруларын тексеруге;
қабылдау-бөлу орнына жеткiзiлген адамдарға дәрiгерлiк тексеру жүргiзуге, тiркеу журналына тиiстi жазбалар жазып, тексеру iсiне кiргiзiлетiн арнаулы анықтама (14-қосымша) толтыруға;
қабылдау-бөлу орнына қамалған адамдарды күнделiктi аралап, денсаулықтарын бақылауға, анықталған ауруларға қажеттi дәрiгерлiк көмек көрсетуге, егер мұқтаж болса ауруларды денсаулық сақтау органының тұрақты емдеу мекемелерiне жiберуге;
қабылдау-бөлу орнының бөлмелеріндегі санитарлық жай-күйдi қадағалауға, ұсталғандарды, олардың киiмдерiн, заттарын және төсектерiн уақытылы санитарлық тазалаудан өткiзуге;
эпидемияға қарсы қажеттi шаралар өткiзуге;
қабылдау-бөлу орнына қамалған адамдарды қажет болса медициналық тексеруге жiберуге мiндеттi.
43. Милиционер тiкелей қабылдау-бөлу орнының кезекшiсiне бағынады және оның қабылдау-бөлу орнындағы адамдарды ұстау және күзету жөніндегі нұсқауларын орындайды.
Ол:
палатадағы қамалғандардың тәртібіне үнемi бақылау жасау, өлiм-жiтiм, өзiн-өзi өлтiру немесе денеге жарақат түсiру жағдайларының алдын алу шараларын қолдануға;
қабылдау-бөлу орнына қамалған адамдардың iшкi тәртiп ережелерiн сақтауын қамтамасыз етуге;