«Директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық
есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі
берешектердi аукциондарда сату тәртібі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 мамырдағы № 653 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі берешектердi аукциондарда сату тәртібін бiрегейлендiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі берешектердi аукциондарда сату тәртібі туралы ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң берешектерiн сату жөніндегі уәкiлдi орган - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөніндегі агенттiк:
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі берешектердi аукциондарда сату тәртібі туралы ережеге сәйкес 1996 жылдың 10 маусымына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Банкаралық валюта-қор биржасына аукциондарда сату үшiн директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі берешектердi беретiн болсын;
директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі берешектер Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасының үш аукционында немесе берiлген күннен 6 ай өткенше сатылмаған жағдайда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оларды өтеу жөнiнде басқа шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасына:
директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі берешектердi сату жөнiнде 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде бiрiншi аукцион, кейiн ай сайын аукцион әзiрлеп, өткізу ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 28 мамырдағы
№ 653 қаулысымен
Бекiтiлген
Директивтiк кредиттер мен өзара қарызды
iшкiреспубликалық есептеудiң нәтижесi бойынша
берiлген кредиттер бойынша шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң берешектерiн аукциондарда сатудың
тәртібі туралы
Ереже
1. Осы Ереже "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi және директивтiк кредиттер өзара қарыздарды iшкi республикалық есептеудiң нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң берешектерiн сатудың тәртібін реттейдi.
2. Ережедегi сөздер мен сөз тiркестерi, егер контексте өзгеше көзделмесе, мынадай мағынаға ие болады:
Сатушы - Өкiлеттi органмен шарт бойынша аукционды даярлау және оны өткізудi ұйымдастыратын Қазақстан банкаралық валюталық-қор биржасы;
Қатысушы - аукционға қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген заңды тұлға;
Берешек - директивтiк кредиттер мен өзара қарыздарды iшкiреспубликалық есептеудiң нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң берешектерi, кредит берушi-банк оның билiк құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң Өкiметтi органына қарыздар саудаластығында сатуы үшiн берген;
Кредит берушi-банк - қарыздарға кредиттiк келісімге сәйкес директивтiк кредит пен өзара қарыздарды iшкiреспубликалық есептеудiң нәтижелерi бойынша кредит берген банк;
Өкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөніндегі агенттiк;
Борышқор - Өкiлеттi органның аукциондар арқылы сатуға Сатушыға берген, директивтiк кредиттер мен өзара қарыздарды iшкiреспубликалық есептеу нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер бойынша берешегi бар шаруашылық жүргiзушi субъект;
Лот бойынша саудаластыққа қатысушы - жарияланған лоттың ағымдағы бағасына номерiн көтерiп келiсетiн қатысушы;
Саудаластық лоттарды сатудың аукциондық нысаны;
Саудаластықтың ағылшындық әдiсi неғұрлым жоғары баға ұсынатын бiр Қатысушы қалған сәтке дейiн бастапқы бағаның алдын ала хабарландырылған қадаммен көтерiлетiн саудаластық әдiсi;
Саудаластықтың голландық әдiсi - Қатысушылардың бiрi лотты жария бағасымен сатып алуға келiсетiн сәтке дейiн бастапқы баға хабарландырылған қадаммен төмендетiлетiн саудаластық әдiсi;
Лот - саудаластыққа қойылатын берешек;
Лоттың ең төменгi бағасы - лоттың бұдан төмен сатылмайтын бағасы;
Лоттың бастапқы бағасы - әрбiр лот бойынша саудаластық басталатын баға;
Сату бағасы - саудаластық нәтижесiнде лотқа қойылған түпкiлiктi баға;
Жеңiмпаз - саудаластықта лотқа неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы;
Сатып алушы - Сатушымен сатып алу-сату шартын жасаушы Жеңiмпаз.
Сату объектiсi
3. Сатушыға берiлген Берешек және директивтiк кредиттер мен өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеудiң нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден оны талап ету құқығы сату объектiсi болып табылады, оған билiк ету құқығын Кредит берушi-банк Өкiлеттi орган арқылы сату үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берген.
4. Берешек, әдетте, бiр лотпен тұтастай аукционға қойылады және оны сату саудаластықтың голландық әдiсiмен жүзеге асырылады. Екiншi және одан кейiнгi аукциондарға қойылған кезде сату саудаластықтың ағылшындық әдiсiмен жүзеге асырылады.
5. Берешектi сату кезiнде мәмiлеге қолданылып жүрген заң ұсынатын барлық талаптар сақталуға тиiс.
Өкiлеттi орган
6. Өкiлеттi орган:
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң берешектерiн сату кезiнде мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi және қорғайды;
әрбiр Берешек бойынша Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінен Берешектер мен құжаттар пакетiнiң тiзбесiн қабылдайды және оны Сатушыға бередi;
аукциондардың ұйымдастырылуы мен өткiзiлу барысына бақылау жасауды жүзеге асырады;
аукциондарда Берешектердi сатуға Сатушымен шарт жасасады, онда:
саудаластыққа қойылатын Берешектердiң тiзбесi;
Берешектердi сатудың шектi мерзiмi;
әрбiр берешектiң бастапқы және ең төменгi бағасы;
аукциондар өткізу мен берешектердi сату және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, аукцион Қатысушыларымен және жеңiмпаздармен есеп айырысу барысы туралы Сатушының есеп беруiнiң мерзiмдiлiгi мен нысаны;
Сатушы алатын сыйақының мөлшерi мен шарты және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен есеп айырысудың тәртібі болуға тиiстi.
САТУШЫ
7. Сатушы Берешектi сатуды осы Ережеде айқындалған тәртiппен жүзеге асырады.
8. Сатушының ерекше функциялары:
аукционға қойылатын Берешектер тiзбесiн айқындау;
жекешелеген аукциондар бойынша Берешектердi бөлу және оларды өткізу мерзiмiн белгiлеу;
Лоттың бастапқы және ең төменгi бағаларын айқындау;
кепiлдiк жарналарды қабылдау;
Саудаластықтағы Жеңiмпазбен сатып алу-сату шарттарын жасау және олардың орындалуын бақылау;
Қатысушылармен және Сатып алушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру болып табылады.
9. Сатушы аукционды дербес ұйымдастырады және өткiзедi.
Сатушының осы Ереженiң 8-тармағында саналмаған функцияларды шарт бойынша басқаға беруге құқығы жоқ.
10. Сатушы сыйақысының мөлшерi Сатып алушы осы Ереженiң 19-21-тармақтарына сәйкес алдын ала төлем жасаған әрбiр лотты сату бағасының бес процентiнен аспауға тиiс.
АУКЦИОН ҚАТЫСУШЫСЫ
11. Осы Ереженiң 30-33-тармақтарымен айқындалған тәртiппен тiркеуден өткен заңды тұлғалар, соның iшiнде шетелдiк заңды тұлғалар аукционға қатысуға жiберiледi.
12. Өздерiнiң Берешектерi бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер;
сатып алу-сату шарттарын жасау мен атқару жөніндегі тиiстi мiндеттемелерiн орындамаған алдыңғы саудаластықтың жеңiмпаздары;
жарғылық қорда 20 проценттен астам мемлекеттік меншiк үлесi бар шаруашылық серiктестiктерi аукцион қатысушылары бола алмайды.
13. Кiру билетiнiң ақысын төлеген тiлек бiлдiрушiлердiң барлығы аукционға қатысуға құқығы бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерi кiру билетiне ақы төлеуден босатылады.
АУКЦИОН ӨТКIЗУГЕ ДАЯРЛЫҚ
14. Аукцион өткізуге даярлық мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
Лоттар құрылады:
Лоттардың Бастапқы және Ең төменгi бағалары айқындалады;
Лоттың әрқайсысын сатудың әдiсi айқындалады;
Лоттар жекелеген аукциондар бойынша бөлiнедi;
кепiлдiк жарнасын енгiзудiң мөлшерi мен тәртібі айқындалады;
аукциондар өткізудiң мерзiмдерi белгiленедi;
қажет болған жағдайда Берешектердi сату жөнiнде аукцион ұйымдастырып, өткізуге шарт жасасу құқығы үшiн тендер өткiзiледi;
сатудың анықтамалық басылымдары, ақпарат бюллетеньдерi аукциондық карталары мен кестелерi жасалады;
аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламалар жарияланады және басқа жарнамалық қызметтер жүзеге асырылады;
кепiлдiк жарналар қабылданады;
Қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi.
ЛОТТАРДЫҢ БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ ЕҢ ТӨМЕНГI БАҒАЛАРЫ
15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң қаулысымен құрылған комиссия қажеттiгiне қарай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң және оның Өкiлеттi органының, басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволар өкiлдерiнiң мiндеттi болуымен Берешектiң нарық конъюнктурасының қалыптасуын және Қарыздар активтерiнiң нарықтық құнын бағалауды ескере отырып, саудаластыққа қойылатын әрбiр Берешектiң ең төменгi баға деңгейiн айқындайды.
Бұл ретте, Берешек ең төменгi баға - негiзгi қарыз мөлшерiнiң 5 процентiнен кем сатыла алмайды.
16. Берешектердi Саудаластықтың голландық әдiсi бойынша сату кезiнде бастапқы баға кредит берiлген шарттың жағдайына сай есептелген проценттер мен айыппұл өсiмдерi есептелген негiзгi қарызға - Берешектiң көрсетiлген сомасына тең болуға тиiс.
Берешектi Саудаластықтың ағылшындық әдiсi бойынша сату кезiнде
бастапқы баға Комиссияның осы Ереженiң 15-шi тармағына сай
белгiлеген ең төменгi Берешек бағасына тең.
17. Сатушы Берешектi үш аукционда өткiзбеген жағдайда, ол заңға сәйкес өтеу жөнiнде басқа шаралар қабылдау үшiн жоғарыда аталған Комиссияның шешiмi бойынша Өкiлеттi органға қайтарылады.
КЕПIЛДIК ЖАРНАСЫ
18. Кепiлдiк жарнасы Қатысушының мынадай мiндеттемелерiн:
саудаластықта жеңiске жеткен жағдайда, оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюын;
саудаластық нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартының жасалуын;
сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн тиiстi түрде орындауын қамтамасыз ету болып табылады.
19. Аукционға қатысудың Кепiлдiк жарнасы аукционға қойылатын барлық Берешектер (Лоттар) үшiн бiрдей мөлшерде белгiленедi және мына әдiстеме бойынша есептеледi:
а) әрбiр Лот бойынша:
саудаластықтың ағылшындық әдiсi кезiнде - Лоттың бастапқы бағасынан;
саудаластықтың голландық әдiсi кезiнде - Лоттың ең төменгi бағасынан 10 проценттен белгiленедi;
б) "а" - тармақтағы алынған шаманың орташа арифметикалық шамасы айқындалады;
в) аукционға қойылатын Лоттардың iшiнен Лоттың мейлiнше аз Бастапқы немесе ең төменгi бағасы айқындалады;
г) кепiлдiк жарнаның мөлшерi "б" және "в" тармақтарында алынған шамалардың iшiнен мейлiнше азына теңестiрiле қабылданады.
20. Қатысушылар кепiлдiк жарнаның кез-келген санын енгiзуге құқылы, бұл ретте кепiлдiк жарна бiр лот сатып алу құқығын бередi.
21. Кепiлдiк жарна ақпараттық хабарлама белгiленген нысанда және тәртiппен енгiзiледi. Кепiлдiк жарнаның мөлшерi ақпарат хабарламасы жарияланғаннан кейiн өзгертiле алмайды. Кепiлдiк жарна ақпарат хабарламасын жарияланған Қатысушының атынан енгiзiле алмайды. Кепiлдiк жарна кез-келген басқа жеке немесе заңды тұлға Қатысушысының атынан енгiзiлуi мүмкiн. Кепiлдiк жарнаны алушы Сатушы болып табылады.
22. Саудаластықта жеңiске жеткен және сатып алу-сату шартын жасасқан Қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесiлi төлемдердiң есебiне жатқызылады.
23. Кепiлдiк жарнаны Сатушы мына жағдайларда қайтармайды:
аукцион өткiзiлерден кем дегенде үш күн бұрын оған қатысудан бас тартқанда;
Жеңiмпаз саудаластық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан немесе сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқанда;
сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе орындауға тиiстi емес жағдайда;
Қатысушының осы Ереженiң және Қазақстан Республикасы заңдарының қойған талаптарына сәйкес келмейтiндiгi белгiлi болғанда.
Кепiлдiк жарналар қалған барлық жағдайларда, аукцион аяқталған күннен бастап 5 банктiк күннен аспайтын мерзiмде, ал егер ақша аукционнан кейiн Сатушының есебiне түссе, онда ол түскен күннен бастап 5 банктiк күн iшiнде қайтарылады.
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ БАСҚА ЖАРНАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
24. Аукцион өткізу туралы ақпарат хабарламасы аукцион өткiзiлерден кем дегенде 15 күн бұрын:
а) барлық жағдайларда, қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық ресми баспасөзде;
б) егер шаруашылық жүргiзушi субъект осы облыста (соның iшiнде Алматы облысында) орналасқан немесе аукцион оның аумағында өткiзiлетiн болса облыстық баспасөзде жариялануға тиiс.
25. Ақпарат хабарламасының көлемi 200 шаршы см-ден кем болмауға тиiс.
26. Ақпараттық хабарламада:
аукционның өткiзiлу мерзiмi, орыны және уақыты;
Берешек сатуға қойылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң атауы, негiзгi қызметiнiң бағыты және мекен-жайы;
қойылатын Лоттардың мөлшерi;
әрбiр лотты сату кезіндегі саудаластықты өткізу әдiсi;
сатуға қойылатын лоттардың бастапқы және ең төменгi бағалары;
кепiлдiк жарнаның мөлшерi және алушының есеп айырысу шоты;
тапсырыс қабылдаудың орыны және мерзiмдерi;
сатып алудың анықтамалық басылымдарын, ақпараттық бюллетень, аукцион өткізудiң ережелерiн алуға болатын телефондар және мекен-жайлар;
Сатушының шешiмi бойынша басқа да қосымша ақпарат болуға тиiс.
27. Ақпарат хабарламасы жарияланғанға дейiн әрбiр Берешек бойынша:
а) шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң Берешек және қаржы-экономикалық жай-күйiн бағалау үшiн сатып алушыға қажеттi Берешек және шаруашылық жүргiзушi субъект туралы ақпараттан тұратын сатудың анықтамалық басылымы;
Өкiлеттi органнан Сатушыға Берешектi қабылдау-өткізудiң актiсi;
Кредит берушi-банктiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Берешекке билiк ету құқығына берген сенiмхаты;
Берешектi Өкiлеттi орган арқылы сату туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Кредит берушi-банк арасындағы келісім;
директивтiк кредит және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеудiң нәтижелерi бойынша берiлген кредит бойынша алғандағы кредиттiк келісім;
осы кредиттерге қатысы бар кепiлдiк және басқа хаттар;
анықтамалар - есеп айырысулар;
жауапкерге қойылатын талаптар;
талаптың жөнелтiлгендiгi туралы түбiршек;
шағым арыз көшiрмесiнiң жауапкерге жөнелтiлгендiгi туралы қуаттау;
хабарламаның көшiрмесi;
Сатушы шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң Берешегiн аукционға қою туралы шешiм қабылдайтын күнге дейiнгi соңғы есеп беру кезіндегі қосымшасымен бухгалтерлiк баланс даярлауға тиiс.
Сондай-ақ сатудың анықтамалық басылымына мынадай басқа да қосымша мәлiметтер қосылуы мүмкiн;
б) ақпараттық бюллетеньге ақпарат хабарламасындағы барлық негiзгi деректер мен Берешек және шаруашылық жүргiзушi субъект туралы басқа да қосымша ақпарат кiредi. Бюллетень Сатушы белгiлеген жiберуге мiндеттi тiзiмге сәйкес ақпараттық хабар жарияланғанға дейiн таратылады;
в) аукционға қойылатын Лоттардың сипаттамасы - егжей-тегжейлi жазылған тiзiмнен тұратын аукциондық карта, ол тiркеу сәтiнде әрбiр Қатысушыға берiледi.
28. Ақпараттық хабар жарияланғаннан кейiн Сатушы Берешегi сатуға қойылған шаруашылық жүргiзушi субъект және аукцион өткізу ережелерi туралы ақпаратты алуға ықылас бiлдiргендердiң бәрiнiң еркiн қолдары жетуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
29. Жарнаманың басқа түрлерi еркiн нысанда жасалады және Қатысушыларды мейлiнше кеңiнен тартуға бағытталуға тиiс.
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТIРКЕУ
30. Аукцион Қатысушыларын тiркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және аукцион басталардан бiр сағат бұрын аяқталады.
31. Аукцион Қатысушысы ретiнде тiркеу үшiн мыналарды ұсыну қажет;
аукционға қатысуға тапсырыс;
кепiлдiк жарна енгiзiлгенiн қуаттайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшiрмесi;
өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжат.
Заңды тұлғалар жарғының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi мен заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктi, сондай-ақ облыстық қаржы басқармасынан алған Берешегiнiң жоқтығы туралы анықтаманы қосымша ұсынады.
32. Сатушының:
аукционға қойылған лоттардың iшiнен қайсiбiрiн сатып алу ниетi туралы Қатысушыдан ақпар талап етуге;
саудаластықты даярлау мен оны өткізудiң барлық кезеңi iшiнде саудаластық қатысушыларына қатысты ақпаратты жариялауға;
осы Ереженiң 30-тармағында саналмағаннан басқа, Қатысушы ретiнде тiркелу үшiн қосымша құжаттар тапсыруды талап етуге құқығы жоқ.
33. Тiркеуден өткен адам Қатысушының билетiн алады, ол аукцион болатын күнi аукциондық номерге ауыстырады. Саудаластық барысында басқа адамның аукциондық номердi пайдалануына тыйым салынады.
АУКЦИОН ӨТКIЗУ
34. Аукционды Аукционшы өткiзедi. Аукцион оны өткізу ережесін хабарлаудан басталады. Қатысушылар және келген адамдар аукцион барысына ықпал етуге немесе оны өткізу ережесін бұзуға құқықтары жоқ, керiсiнше, олар аукцион өткiзетiн залдан шығарылып жiберiлуi мүмкiн.
Лоттардың саудаластыққа қойылуының дәйектiлiгi туралы шешiмдi аукционшы қабылдайды. Бұл тәртiп аукциондық картада белгiленген тәртiпке сәйкес келмеуi мүмкiн.
35. Әрбiр Лот бойынша саудаластық аукционшы сату объектiсiн, оның қысқаша сипаттамасын, саудаластық өткізу әдiсiн, бастапқы баға мен бағаның өзгерту қадамын хабарлауынан басталады. Аукционшы бұл туралы хабарлай отырып, саудаластық барысында баға қадамын өзгертуге құқылы. Өзгерту қадамы лоттың ағымдағы бағасының бестен он процентке дейiнгi шегiнде белгiленедi.
36. Саудаластық төменде баяндалған екi әдiстiң бiрi бойынша өткiзiледi.
37. Саудаластықтың ағылшындық әдiсi:
Аукционшы Лоттың бастапқы бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайды. Саудаластыққа Қатысушылар номердi көтерумен бастапқы бағаны хабарланған қадамнан кем болмайтындай етiп арттырады. Аукционшы Лот бойынша саудаластыққа қатысушылардың аукциондық номерiн хабарлайды, бағаны бекітіп, оны арттыруды ұсынады. Лот бойынша саудаластық ұсынылған ең жоғары бағаға дейiн жүредi. Лотқа неғұрлым жоғары баға ұсынған Қатысушы Аукционшы болып жарияланады. Аукционшы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерiлген номерлер болмаса, балғаның соққысымен осы Лоттың сатылғандығы туралы хабарлайды.
Егер Лот бойынша саудаластыққа қатысушылардың саны екеуден кем болмаған жағдайында ғана Лот бойынша саудаластық өткен болып есептеледi.
38. Саудаластықтың голландық әдiсi:
Аукционшы Лоттың бастапқы бағасын хабарлайды және жаңа бағаны хабарлай отырып, оның айтылған қадамын төмендетiп отырады, аукционшы баға хабарлаған кезде аукциондық номердi бiрiншi көтерген Қатысушының номерiн атайды және балғаның соққысымен оны осы Лот бойынша Жеңiмпаз деп хабарлайды. Егер Аукционшы Лоттың ең төменгi бағасын хабарлаған кезде бiрде-бiр Қатысушы осы Лотты сатып алуға тiлек бiлдiрмесе, онда Лот саудаластықтан алынады.
Егер бiр мезгiлде екi немесе одан да көп номер көтерiлсе, қайсысының бiрiншi болып көтергенi туралы Аукционшы шешiм қабылдайды және Қатысушылардың оған дау айтуға құқығы жоқ. Ерекше жағдайларда ғана Аукционшының жеребе тастау ресiмiне жүгiнуге құқығы бар.
Саудаластықтың бұл әдiсi электрондық жүйенi пайдалану арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
39. Сатылған әрбiр Лот бойынша саудаластық нәтижелерi әрбiр Лот бойынша саудаластық аяқталған соң Аукционшы мен Жеңiмпаздың саудаластық нәтижелерi туралы хаттамасымен ресiмделедi. Аукционшы хаттамаға қол қою үшiн үзiлiс жариялауға құқылы. Хаттама екi данада жасалады да, Сатушы мен Сатып алушыға бiр-бiр данадан берiледi.
40. Саудаластық нәтижелерi туралы хаттама саудаластық нәтижелерi және Жеңiмпаз бен Сатушының Берешектi сату бағасы бойынша сатып алу шартын жасаудағы мiндеттемелерiн белгiлейтiн құжат болып табылады. Жеңiмпаздың хаттамаға қол қойылған күннен бастап он күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде сатып алу-сату шартын жасауға құқығы бар, ол мерзiм өтiсiмен құқықтың күшi жойылады.
41. Егер Лот аукционда сатылмаған жағдайда, ол осы Ереженiң 4-тармағында баяндалған процедураға сәйкес кейiнгi аукциондарға қайтадан қойылады.
САТЫП АЛУШЫЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТIБI МЕН МЕНШIК
ҚҰҚЫН РЕСIМДЕУ
42. Сатушы мен Сатып алушы арасындағы Берешектi сатып алу-сату және талап қою құқын кiдiрту шарты жазбаша нысанда жасалады және ол шарт жасасудың негiзi ретiнде саудаластық нәтижелерi туралы хаттамаға сүйенуге тиiс.
43. Сатушы мен Сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысады, бұл ретте алушы мына тәртiппен есеп айырысу жұмысын жүргiзедi:
а) сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 5 банктiк күнiнен аспайтын мерзiмде Берешектi сату бағасының кем дегенде 15 процентi мөлшерiнде аванстық төлем жасалады. Кепiлдiк жарна тиесiлi алдын ала-төлемнiң есебiне есептеледi;
б) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей енгiзiлуге тиiс.
44. Түпкiлiктi төлем жасаудың мерзiмi 5 банктiк күннен асқан жағдайда Сатушының шартты бiр жақты түрде бұзуға және Сатып алушыдан кепiлдiк жарнамен жабылмаған бөлiгіндегі нақты шығындарды өтеудi талап етуге құқығы бар.
45. Берешек толық төленгеннен кейiп сатып алу-сату процедурасы Берешектi қабылдау-өткізу актiсiне және Сатып алушының Берешектi талап ету, оған билiк ету құқығына арналған сенiмхатқа қол қоюмен аяқталады.
46. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен мәмiле тiркелген сәттен бастап Сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша Берешектi талап ету және билiк ету құқығын алады.
БЕРЕШЕКТЕРДI САТУДАН АЛЫНҒАН ҚАРАЖАТ
47. Берешектердi сатудан түскен қаражат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң арнаулы шотына аударылады, сондай-ақ Сатушының аукциондарды ұйымдастыру, оларды өткізу жөніндегі шығыстары жабылады.
48. Аукцион өткізуге байланысты ақпараттық және жарнамалық материалдар мен кiру билеттерiн сатудан алынған кiрiстер Сатушының билiгiнде қалады.