Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кеден органдарының дербес
атақтары бойынша жалақылар туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1994 ж. 7 қазандағы № 1129 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
«1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» 1994 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кеден органдарының қызметкерлерiне дербес атақтары бойынша 1994 жылдың 1 шiлдесiнен бастап бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде қосымшаға сәйкес жалақылар белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 7 қазандағы
№ 1129 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кеден органдары
қызметкерлерiнiң дербес атақтары бойынша Жалақылары
(теңгемен)
-------------------------------------------------------------------
Дербес атақтар ! Дербес атақтар бойынша
! жалақылар
-------------------------------------------------------------------
Кеден қызметiнiң толық
дәрежелi мемлекеттік кеңесшiсi 760
Кеден қызметiнiң I дәрежелi
мемлекеттік кеңесшiсi 700
Кеден қызметiнiң II дәрежелi
мемлекеттік кеңесшiсi 650
Кеден қызметiнiң III дәрежелi
мемлекеттік кеңесшiсi 590
Кеден қызметiнiң I дәрежелi
кеңесшiсi 540
Кеден қызметiнiң II дәрежелi
кеңесшiсi 500
Кеден қызметiнiң III дәрежелi
кеңесшiсi 470
Кеден қызметiнiң I дәрежелi
инспекторы 430
Кеден қызметiнiң II дәрежелi
инспекторы 400
Кеден қызметiнiң III дәрежелi
инспекторы 360