Қарыз алушы жеке тұлғаның өтінішін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
5. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы - жеке тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не қарыз алушы - жеке тұлға мен микроқаржы ұйымы арасында микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, микроқаржы ұйымы:
1) қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға құқылы.
Шаралар қолдану туралы шешім микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
2) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.
Микрокредит беру туралы шартта қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген жағдайда микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікті тарту құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) микрокредит беру туралы шартта көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде сотқа микрокредит беру туралы шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінуге, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен («Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;
4) сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы - дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.
10-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi тоқтату
1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қарыз алушыларға микроқаржы ұйымдарының микрокредиттерді беру туралы шарттарды тиісінше орындамағаны бойынша талап қою мерзімдерінің ескіру мерзімі бес жылды құрайды.
3-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтық жағдайы
1. Микроқаржы ұйымы (кредиттік серіктестікті қоспағанда) акционерлік қоғамның немесе шаруашылық серiктестiктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
2. Облигацияларды Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастыру және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы сауда-саттыққа жіберу мақсаттары үшін шығаруды қоспағанда, микроқаржы ұйымына облигациялар шығаруға тыйым салынады.»;
12-бап. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
1. Микроқаржы ұйымының құрылтайшылары құрылатын микроқаржы ұйымын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) кезінде оның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн толық төлеуге мiндеттi.
2. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен қалыптастырылады.
13-бап. Микроқаржы ұйымының атауы
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Микроқаржы ұйымының (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда) атауында мiндеттi түрде «микроқаржы ұйымы» деген сөздер немесе «MҚҰ» деген аббревиатура болуға тиіс.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Кредиттік серіктестіктің немесе ломбардтың атауында мiндеттi түрде тиісінше «кредиттік серіктестік» немесе «ломбард» деген сөздер болуға тиіс.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тiркелмеген заңды тұлғаның өз атауында «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, оның микрокредиттер беру жөнiндегi қызметті жүзеге асыратындығын меңзейтін, солардан туындайтын сөздерді немесе аббревиатураларды пайдалануға құқығы жоқ.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Микроқаржылық қызметті лицензиялау және микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына (қатысушыларына) қойылатын талаптар
1. Заңды тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін уәкілетті органға өтініш жасайды.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға уәкілетті органды, қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды өзінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы осы тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар етеді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу (қайта ресімдеу) үшін уәкілетті органға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттардан басқа, микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында айқындалған жағдайларда, микроқаржылық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды ұсынады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келетін, микроқаржы ұйымының орналасқан жерін өзгерту жағдайларында жүзеге асырылады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу кезінде микроқаржы ұйымының біліктілік талаптарына сай келуін тексеру лицензияны қайта ресімдеуге себеп болған негіз микроқаржылық қызмет түрінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанның өзгеруіне не орналасқан жерін өзгертумен байланысты жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келген жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті микроқаржы ұйымы лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
3. Уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымына микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден уәжді бас тартуды береді.
4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі микроқаржы ұйымы клиенттерінің көруіне қолжетімді жерде орналастырылуға тиіс.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Атқарушы органның (алқалы немесе жеке-дара) бірінші басшысы мен мүшелері, байқау кеңесінің (болған кезде) мүшелері, директорлар кеңесінің (болған кезде) мүшелері, бас бухгалтер микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады.
Мынадай:
1) жоғары білімі жоқ;
2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
3) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы (банк холдингі) - заңды тұлғасының басшысы болған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
4) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады;
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған;
6) қатарынан төрт және одан көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын, бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - эмитент-заңды тұлғаның басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы микроқаржы ұйымы атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Алқалы атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрауға тиіс.
Жеке-дара атқарушы орган бір адамнан тұрады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы шаруашылық серіктестік нысанында құрылған микроқаржы ұйымына қолданылмайды.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Мынадай:
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылатын;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін офшорлық аймақтарда тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті орган микроқаржы ұйымын осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұдан бұрын осы микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған заңды тұлға болып табылатын;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын ірі қатысушы - жеке тұлға не ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болған не болып табылатын тұлға микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1-бап. Микроқаржы ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу
1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, оның шегінен тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы.
2. Микроқаржы ұйымы өзінің филиалы немесе өкілдігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде олардың құрылғаны туралы уәкілетті органды:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының белгісі соғылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы;
3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабардар етуге міндетті.
3. Микроқаржы ұйымы филиалының микроқаржы ұйымымен бірыңғай балансы және микроқаржы ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
Микроқаржы ұйымының филиалы бір облыс шегінде бірнеше мекенжай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.
Микроқаржы ұйымының астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада орналасқан филиалы бірнеше мекенжай бойынша:
астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада;
астанаға (республикалық маңызы бар қалаға) іргелес жатқан облыс шегінде орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.
4. Микроқаржы ұйымының өкілдігі микроқаржы ұйымының атынан және тапсыруы бойынша әрекет етеді және микроқаржылық қызметті жүзеге асырмайды.
5. Филиал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік тіркелген күннің немесе микроқаржы ұйымының тиісті органы микроқаржы ұйымының жұмыс істеп тұрған филиалының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейту туралы шешім қабылдаған күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның микроқаржы ұйымына микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түрінде санкцияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде, 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды қолданбауы микроқаржы ұйымының филиалдар құруының, жұмыс істеп тұрған филиалдарының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейтудің міндетті шарты болып табылады.
6. Филиал, өкілдік туралы ережелерге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде микроқаржы ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Филиал, өкілдік туралы ережелерге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде микроқаржы ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының микроқаржы ұйымының хатын қабылдағаны туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға микроқаржы ұйымының көрсетілген хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
7. Микроқаржы ұйымы филиалының қосымша үй-жайларының саны көбейген немесе микроқаржы ұйымы филиалы үй-жайларының саны азайған жағдайда, микроқаржы ұйымының органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымы уәкілетті органға микроқаржы ұйымы органының шешімінен микроқаржы ұйымы филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайларын қамтитын үзінді көшірмені қоса бере отырып, қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлама ұсынуға міндетті.
8. Микроқаржы ұйымы өзінің филиалы және (немесе) өкілдігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды микроқаржы ұйымы филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құжатының көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етуге тиіс.
9. Уәкілетті орган осы баптың 3, 5 және 7-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, микроқаржы ұйымының филиалын не филиалының қосымша үй-жайын немесе өкілдігін жабуды талап етеді.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту негіздері
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ осы құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мәліметтер мен ақпарат берілген;
2) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) егер микроқаржы ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу туралы өтініш жасамаған;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) осы Заңның 11, 12, 13-баптарында, 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3-тармағында белгіленген талаптардың бірі сақталмаған;
5) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) осы Заңның 31-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік қайта тіркеу мерзімі сақталмаған;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға өтініш беру үшін осы Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзім сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензия беруден бас тарту алынған жағдайда, микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін лицензия алуға өтініш пен өзге де құжаттарды қайта ұсынуға құқылы.
Қайта ұсынылған өтініш пен өзге де құжаттар отыз жұмыс күні ішінде қаралады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқықтан бас тартылған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бас тарту алынған кезде, микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру қызметін жүзеге асыратынын болжайтын аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.