Бұл ретте осы нарық субъектісіне қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары оның нақты үстем болған кезеңіне қолданылады.
3. Тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрықта:
1) тергеп-тексеру объектісінің атауы;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздер;
3) тергеп-тексеру объектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) байқалатын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілері;
4) тергеп-тексерудің басталу және аяқталу датасы;
5) монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
6) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруге қатысатын адамдардың құқықтары қамтылуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол екі айдан аспауға тиіс. Мерзімді ұзарту туралы бұйрық шығарылады, бұйрықтың көшірмесі ол шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші мен тергеп-тексеру объектісіне жіберіледі.»;
29) 220-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өзіне қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығару үшін монополияға қарсы органға өтініш жасауға құқылы.»;
30) 221-баптың 5 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда басқа мемлекеттік орган ақпаратты талап ететін жағдайларды қоспағанда, тергеп-тексеру барысында монополияға қарсы орган алған тергеп-тексеру объектiсi туралы кез келген ақпарат таратылуға жатпайды.»;
«7. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдары тергеп-тексеру жүргiзу кезінде:
1) дәлелдемелердiң жан-жақты, толық және объективтi жиналуына және олардың зерттелуiне барлық шараларды қолдануға;
2) тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша қорытындыны уақтылы дайындауға;
3) тергеп-тексерудi тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы ұйғарымды уақтылы шығаруға;
4) аумақтық бөлімшелер қорытындыны бекiткен не Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде осы құжаттардың көшiрмелерiн монополияға қарсы органның орталық атқарушы органына жiберуге мiндеттi.»;
31) 222-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы «жүргізілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтата тұруға құқылы.» деген сөздер «жүргізілген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4 тармақшамен толықтырылсын:
«4) егер Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу кезінде белгілі бір тауар нарығында үлестің елу пайыздан асатынына қарамастан, тауар нарығындағы нарық субъектінің жағдайы үстем болып табылмайтындығы анықталатын болса, тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу қажет болған жағдайларда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді тоқтата тұруға құқылы.»;
32) 224-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның лауазымды адамы қорытынды әзірлейді, оның негізінде монополияға қарсы орган мынадай:
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді осы Кодекстің 223-бабында көзделген негіздер бойынша тоқтату;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жағдайларда нұсқама шығару;
3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығару;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасы тергеп-тексеру объектісіне тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын мерзімде тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тергеп-тексеру объектісі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мерзімде өтініш жасаған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығарады.
Келісу комиссиясы енгізілген қорытындының жобасын енгізілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып, оның толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілерінің онда келтірілген дәлелдемелерінің сапасы тұрғысынан қарайды.
Келісу комиссиясы қорытындының жобасын қарау нәтижелері бойынша өз ескертулері мен ұсынымдарын шығарады, олар лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жұмыс үшін жіберіледі.
Келісу комиссиясының ережесін, регламентін және монополияға қарсы органның қызметкерлерінен басқа тергеп-тексеру объектісінің тарапынан қоса алғанда, тәуелсіз сарапшылар өкілдік етуге тиіс құрамын монополияға қарсы орган әзірлейді және бекітеді.»;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде монополияға қарсы органның бұйрығымен ресімделеді.»;
33) 226-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мәмілелерді бұзу немесе оларды жарамсыз деп тану арқылы олардың күшін жою қажеттілігі;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту, бұзушылықтарды жою, сондай-ақ өздері жасасқан, осы Кодекске қайшы келетін келісімдер мен мәмілелерді бұзу, күшін жою немесе өзгерту және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беруге;»;
34) 228-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «аумақтық органының» деген сөздер «аумақтық бөлімшесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 229-бапта:
тақырыптағы «аумақтық органдарының» деген сөздер «аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтіндегі «аумақтық органдары» деген сөздер «аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 230-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы және 3-тармағындағы «аумақтық органның», «аумақтық органының» деген сөздер тиісінше «аумақтық бөлімшенің», «аумақтық бөлімшесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 231-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі осы Кодекстің 174-бабында көзделген бұзушылықтар үшін күнтізбелік бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған және бәсекелестікті шектейтін әрекеттер жасауды жалғастырған жағдайда, монополияға қарсы орган бәсекелестікті дамыту мақсатында осы нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелері базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаны бөліп шығару туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.»;
38) 283-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына және инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде технологиялық жабдықты инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импорттайтын лизингілік компанияларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар инвестициялық преференциялар болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Арнайы инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялар түрінде кедендік әкелу баждарын салудан босату (бұдан әрі - арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар) ұсынылады.»;
39) 284-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнайы инвестициялық жоба деп 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асыратын инвестициялық жоба не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба түсініледі.»;
40) 286-бапта:
1-тармақ 3) тармақшасындағы «тұлғаға беріледі.» деген сөздер «тұлғаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) арнайы инвестициялық жоба бойынша - инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан, 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, еркін қойма иесі ретінде қызметін жүзеге асыратын не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғаға беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолданудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы мынадай талаптардың біріне сәйкес келуге:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде тіркелген;
2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген;
3) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болуға тиіс.»;
41) 287-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерiнiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде кедендiк баждар салудан босатылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Лизингтік компания инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде жеткізілетін технологиялық жабдықтың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылады.»;
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Жинақтауыштар деп жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөлiктер түсініледі.
Шикізат және (немесе) материал деп кез келген пайдалы қазба, компонент, бөлшек немесе технологиялық процесс арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын өзге де тауар түсініледі.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде арнайы инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерiнiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде кедендiк баждар салудан босатылады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың күші арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беру шарттарына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде кедендік әкелу баждарын салудан босату:
1) арнайы экономикалық аймақтарға қатысушыларға он бес жыл, бірақ арнайы экономикалық аймақтардың әрекет ету мерзімінен аспайтын мерзімге;
2) еркін қоймалар иелеріне, арнайы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге;
3) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына арнайы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.»;
42) 292-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен қабылданады және тіркеледі.»;
43) 293-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың ережелері арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдерге қолданылмайды.»;
44) 294-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзiмiмен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзiмi инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін кемiнде тоғыз ай бұрын аяқталуға тиiс.
Қаржы лизингі шартын жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялық жобаны іске асырған жағдайда, инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi қаржы лизингі шартының қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейін тоғыз ай өткен соң аяқталуға тиіс.»;
45) мынадай мазмұндағы 295-1-баппен толықтырылсын:
«295-1-бап. Арнайы инвестициялық келiсiмшартты жасасу және бұзу
1. Арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруді көздейтін шарт арнайы инвестициялық келісімшарт болып табылады.
2. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік арнайы инвестициялық келісімшарттың ережелерін ескере отырып, арнайы инвестициялық келісімшартты қол қою үшін дайындайды.
3. Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың тәртібі мен шарттарын инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
4. Арнайы инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзімімен айқындалады.»;
46) 323-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Кодекстің 287-бабы 1-тармағының лизингтік компанияларды кедендік әкелу баждарын салудан босату бөлігіндегі нормалары 2016 жылғы 1 қазаннан бастап инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттарға қолданылады.».
6. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат):
1) 6-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органға мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімімен құрылған олармен үлестес тұлғалардың тізбесін ұсынады.»;
2) 6-3-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар субъектілері қайта ұйымдастырылған кезде тіркеуші органға табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі ұсынылады.»;
3) 14-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi; тиiстi тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.»;
4) 16-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер тексеру процесінде тарату тәртібінің бұзылуы анықталмаса, тіркеуші орган заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш қажетті құжаттарымен қоса берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркейді. Табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеудi тiркеушi орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады.».
7. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 22-VI, 159-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;»;
2) 1-1-тарау мынадай мазмұндағы 5-5 және 5-6-баптармен толықтырылсын:
«5-5-бап. Тұрғын үй құрылысы бағдарламалары шеңберінде ипотекалық кредит беру саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары
Ипотекалық кредит беру саласындағы мемлекеттік қолдау халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау жолымен тұрғын үй құрылысы бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады.
5-6-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында тұрғын үй құрылысы бағдарламалары шеңберінде:
1) халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады;
2) халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын әзірлейді және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.».
8. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат):
1) 1-бап 2) тармақшасындағы «қол жеткiзу болып табылады.» деген сөздер «қол жеткізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің қабылданатын шешімдердің сабақтастығын, ашықтығын, объективтілігін, айқындығын және тәуелсіздігін қамтамасыз ететін рәсімдерін қолдану;
4) бекітілетін тарифтердің реттеу қолданылатын табиғи монополиялар салаларындағы көрсетілетін қызметтердің сапасына сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.»;
2) 3-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі - ұзақ мерзімді кезеңге, ал қажет болған кезде - осындай ұзақ мерзімді кезең ішінде әрбір жылға бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең жоғары шамасы;»;
3) 4-бапта:
1-тармақта:
6), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) контейнерлермен жүктерді тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасымалдаулар кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілерінің;»;