ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат; 2015 ж., № 14, 75, 76-құжаттар; № 24, 174-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат; № 14, 47-құжат; № 21, 103-құжат; 2018 ж., № 24, 92-құжат; 2019 ж., № 3-4, 11-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 11-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «сот алқасы облыстық соттың органдары болып табылады.» деген сөздер «сот алқасы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (Қазақстан Республикасының Әскери сотын қоспағанда) облыстық соттың органдары болып табылады.»;
2) 18-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Жоғарғы Соттың органдары болып табылады.»;
1-баптың 3) тармақшасы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3) 29-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтілдің болуы, тағылымдамадан өту, біліктілік емтиханын тапсыру, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қорытындысының қажеттігі туралы талаптар Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатқа, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 30-бабы 4-тармағының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда қолданылмайды.».
2-бап. Осы Конституциялық заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3) тармақшасын қоспағанда, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 20 наурыз
№ 19-VІІ ҚРЗ