4) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары құқылы.
705-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi органдары осы Кодекстiң 400-бабында (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары;
2) тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
3) Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 706-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
706-бап. Тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 401 (бірінші бөлігінде), 402 (бесінші бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
707-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 297, 377, 403-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерінің өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
3) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар құқылы.
708-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар
1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 141, 299 (бірінші бөлігінде) (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), 358, 359, 360 (екінші бөлігінде), 361, 362, 363, 365-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк бассейндік (аумақтық) инспекторлар мен олардың орынбасарлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпiс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпысқа дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
709-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) осы Кодекстiң 138, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы Кодекстiң 138, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары;
4) осы Кодекстiң 138, 143, 337, 339, 366, 367 (үшінші бөлігінде), 368 (екінші бөлігінде), 369 (екінші бөлігінде), 370 (төртінші бөлігінде), 371, 372 (төртінші бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374 (екінші бөлігінде), 377 (екінші бөлігінде), 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 710-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
710-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 137, 341, 342, 342-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердi пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi органы осы Кодекстiң 136, 137 (бірінші бөлігінің 2) тармақшасында), 138 (бірінші бөлігінде), 337, 338, 339, 340-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң - жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
711-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 148-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 712-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
712-бап. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 343-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.
713-бап. Монополияға қарсы орган
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 160 (бірінші бөлігінде), 161, 162, 163, 201-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
714-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган
1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
715-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 193 (бірінші бөлігінде), 203, 415 (бiрiншi бөлiгiнде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418, 419 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк жазаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары қолдануға құқылы.
716-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 590 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) (тракторлардың, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарының жүргiзушiлерi жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), ауыл шаруашылығы техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықты тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 612, 617, 619, 627-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары құқылы.
717-бап. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
1. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 228 (үшінші және жетінші бөлiктерiнде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсiмдiк шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлiгiнде), 230 (екiншi бөлiгiнде) (өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
718-бап. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 309, 312 (бiрiншi бөлiгiнде), 315, 316 (бiрiншi бөлiгiнде), 317 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде), 317-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 317-2 (екiншi бөлiгiнде), 318, 321, 322, 323, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 323-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы.
719-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган
1. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 497, 499, 500, 501, 502, 503-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 720-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
720-бап. Мемлекеттік кіріс органдары
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде 152, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1, 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 286, 287, 288, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558 және 571-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік кіріс органдары осы бөлікте санамаланған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған кезде, осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 297, 324 (бірінші бөлігінде), 334, 377 (бірінші бөлігінде), 400 (бірінші бөлігінде), 406 (бірінші және екінші бөліктерінде), 425 (бірінші бөлігінде), 572 (бірінші бөлігінде), 573, 574, 589 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 593 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 609, 612 (үшінші бөлігінде) және 621 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi деқарайды.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік кіріс органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
мемлекеттік кіріс органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, осы Кодекстің барлық баптары бойынша - мемлекеттік кіріс органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;
осы Кодекстің 91 (алтыншы бөлігінде), 92 (екінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 269 (бірінші бөлігінде), 270 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 271 (бірінші бөлігінде), 272 (бірінші бөлігінде), 276 (бірінші бөлігінде), 284 (бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, он бірінші, он үшінші, он бесінші және он жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ескерту түрінде, сондай-ақ 897-бабында көзделген тәртіппен айыппұл түрінде әкімшілік жаза, сондай-ақ кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша - мемлекеттік кіріс органдарының басшысы уәкілеттік берген лауазымды адамдары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 721-бап жаңа редакцияда
721-бап. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган
1. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 274, 473, 475-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
722-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 207, 209, 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 233 (екінші бөлігінде), 234, 238, 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 240, 241, 247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші және оныншы бөліктерінде), 248, 249, 250, 267, 464 (бiрiншi бөлiгiнде (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары;
2) аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.
723-бап. 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
724-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 206, 208, 210, 211 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 212, 213, 215, 217, 218, 220, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 242, 243, 244, 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 252 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде), 497 (алғашқы статистикалық деректерді жинау құзыретiне кiретiн бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
725-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары
1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтардан басқа), 84, 91 (төртінші бөлігінде), 92 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұлдар салуға Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары құқылы.
726-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 192, 504-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстiң 192, 464 (бірінші бөлігі), 504-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға Ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметі осы Кодекстің 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393 (шекаралық кеңістікте жасалған)-баптарында, сондай-ақ 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
4. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, арнаулы бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға не жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылау әскери бөлімшелерінің, теңіз әскери бөлімшелерінің командирлерi, жекелеген шекара комендатураларының коменданттары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) шекара комендатураларының коменданттары және шекаралық бақылау бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.