Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 және 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 565 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 1224 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
«Сайлауларды қаржыландыру және бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібі» деген 9-бөлім:
«Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді және оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі» деген 50-тарауда:
тақырыбындағы «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың» деген сөздерден кейін «, мастер-жоспарлардың» деген сөздермен толықтырылсын;
446-тармақта:
бірінші және үшінші абзацтардағы «бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың,» «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың,» деген сөздерден кейін «, мастер-жоспарлардың» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы «ТЭН әзірлеуді және сараптаудан өткізуді» деген сөздерден кейін «, мастер-жоспарларды» деген сөздермен толықтырылсын;
447, 448 және 470-тармақтардағы «бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың,» деген сөздерден кейін «, мастер-жоспарлардың» деген сөздермен толықтырылсын;
471-тармақтағы «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың» деген сөздерден кейін «, мастер-жоспарлардың» деген сөздермен толықтырылсын;
472-тармақтағы «бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларының» деген сөздерден кейін «, мастер-жоспарларының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 462-1, 462-2, 462-3, 462-4 және 462-5-тармақтармен толықтырылсын:
«462-1. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган әрбір мастер-жоспар жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
462-2. Мастер-жоспар жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінім мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:
1) жобаның атауы;
2) түсіндірме жазба;
3) қызметтердің түрлері және олардың мәлімделген құны;
4) салалық қорытынды.
Өтінімге сол сияқты:
1) мастер-жоспарларды әзірлеуге арналған техникалық тапсырманың жобасы, онда мынадай негізгі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
қызметтердің мақсаты мен міндеті;
қызметтер көрсетуге қойылатын жалпы талаптар;
қызметтер көрсету мерзімдері;
қызметтер көрсетудің тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары);
2) қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі;
3) мастер-жоспарлар әзірлеу қажеттілігін негіздейтін өзге де мәліметтер қоса беріледі.
462-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган өтінімдер негізінде әрбір мастер-жоспар бойынша қызметтерді қаржыландыру түрлері мен көлемдері жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
462-4. Әрбір мастер-жоспар бойынша қызметтерді қаржыландыру түрлері мен көлемі республикалық бюджет комиссиясының шешімімен бекітіледі.
462-5. Әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі.»;
468-тармақтағы «жекелеген» және «немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен» деген сөздер алынып тасталсын;
2) «Техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу мен сараптама жүргізуді қаржыландыру, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 565 қаулысында:
тақырыбы мен 1-тармақтағы «жүргізуді» деген сөзден кейін «, мастер-жоспарларды» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу мен сараптама жүргізуді қаржыландыру, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 21 тамыздағы
№ 1224 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 21 сәуірдегі
№ 565 қаулысымен
Бекітілген
Техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу мен сараптама
жүргізуді қаржыландыру, мастер-жоспарларды, концессиялық
жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 жылға
арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық
және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың
техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның
сараптамасы, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу»
бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын
бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі
Р/с № | Жобаның атауы | Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді және оларға мемлекеттік сараптама жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Концесиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді және оларға мемлекеттік сараптама жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Мастер-жоспарларды қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
1 | Қазақстан Республикасында Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет (БКДҚ) құру | 22 000 | | | |
Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы |
2 | Республикалық ұлан бригадасының әскери қалашығын салу | 37 700 | | | |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
3 | «Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Қырғыз Республикасының шекарасына кіреберістерімен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас» автомобиль жолының «Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы» учаскесін қайта жаңарту | | 30 000 | | |
4 | Зияткерлік көлік жүйесін (ЗКЖ) енгізу және Көкшетау қаласы арқылы Астана - Петропавл автомобиль жолының «Астана - Щучинск» учаскесін пайдалану | | 60 000 | | |
5 | «Алматы - Өскемен» автомобиль жолының «Алматы - Қапшағай» учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану | | | 32 050 | |
6 | «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану | | | 48 342 | |
7 | «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану | | | 69 212 | |
8 | «Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Қырғыз Республикасының шекарасына кіреберістерімен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент -Т араз - Қорғас» автомобиль жолының «Алматы - Қорғас» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану | | | 72 938 | |
9 | Көлік инфрақұрылымы салаларын дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспарлар әзірлеу | | | | 210 000 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
10 | Өнеркәсіп және машина жасау салаларын дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспарлар әзірлеу | | | | 469 112 |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
11 | Туристік индустрияның неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспар әзірлеу | | | | 22 598 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
12 | Агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығын қайта өңдеу салаларын дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспарлар әзірлеу | | | | 201 526 |
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
13 | Телекоммуникация инфрақұрылымы салаларын дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспар әзірлеу | | | | 58 600 |
| Жиыны: | 59 700 | 90 000 | 222 542 | 961 836 |