290-бап. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау
1. Егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін болса, осындай тауарлардың мәртебесі тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес айқындалады, олар:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар кодының кез келген алғашқы төрт белгісі деңгейінде өзгеруінен;
2) пайдаланылатын материалдар құнының пайыздық үлесі немесе қосылған құны түпкі өнімнің бағасындағы тіркелген үлеске жеткен кездегі тауарлар құнының өзгеруінен (адвалорлық үлес қағидасы);
3) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті өндірістік және технологиялық операциялар жасаудың қажетті шарттарын орындаудан көрінуі мүмкін.
2. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсаттары үшін, егер тауарларды дайындау (алу) жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде мынадай шарттардың біреуі орындалса:
1) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың коды кез келген алғашқы төрт белгісі деңгейінде өзгергенде;
2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар құнының пайыздық үлесі түпкі өнімнің бағасындағы тіркелген үлестен аспаса немесе қосылған құн түпкі өнімнің бағасындағы тіркелген үлеске жететін болса;
3) осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттар орындалғанда, өндірістік және технологиялық операциялар жасалғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылады.
3. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, егер өзге шарттардың орындалуына қарамастан, осындай тауарларға қатысты жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сай келмейтін операциялар ғана жасалса, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылмайды.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар кодының кез келген алғашқы төрт белгісі деңгейінде өзгеруі және адвалорлық үлес қағидасы, егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі айқындалса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары ретінде қолданылмайды.
4. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесін, сондай-ақ жасалуы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сай келмейтін операциялар тізбесін Комиссия айқындайды.
5. Адвалорлық үлес қағидасын еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарты ретінде пайдалану тәртібін Комиссия айқындайды.
Адвалорлық үлес қағидасы Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жөндеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарты ретінде қолданылмайды.
6. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін уәкілетті мемлекеттік орган немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті ұйымы айқындайды.
7. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін растайтын құжат ретінде уәкілетті мемлекеттік орган немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті ұйымы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану туралы қорытынды немесе еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары емес деп тану туралы қорытынды береді.
Көрсетілген қорытындылардың нысандарын, осындай қорытындылардың электрондық құжаттар түріндегі құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін, сондай-ақ оларды беру және қолдану тәртібін Комиссия айқындайды.
8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін растайтын құжат болмаған, жойылған немесе жарамсыз деп танылған кезде осындай тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары ретінде, ал өзге мақсаттарда - шетелдік тауарлар ретінде қаралады.
291-бап. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЕА еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы бапта көзделген еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында айқындалған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін бір АЭА-ға қатысты қолданылады.
2. Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын, кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ аумағының бөліктері шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтары болып табылады.
3. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағын жайластыру ерекшеліктерін, мұндай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, уәкілетті орган бекітеді.
4. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына әкелінген тауарлар осындай АЭА аумағына әкелген күнінен бастап еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылды деп есептеледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына шектес жатқан шет мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарлар, мынадай жағдайларды:
1) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағынан осындай тауарлар әкетілген;
2) осындай тауарлар декларанттың таңдауы бойынша декларацияланған;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) тауарлар Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілерін және (немесе) инфрақұрылым объектілерін салу және (немесе) реконструкциялау үшін әкелінген;
4) тауарлар осындай АЭА аумағына осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында айқындалған операцияларды жасау үшін әкелінген жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялауға жатпайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережелері өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына осы баптың 7-1-тармағының ережелері ескеріле отырып, кейіннен пошта байланысының тағайындалған операторының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетуіне жататын пошта жөнелтілімдерін қалыптастыру мақсаттары үшін іргелес жатқан шет мемлекет аумағынан әкелінетін тауарларға қатысты қолданылмайды.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында айқындалған операцияларды жасауға, сондай-ақ халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға жол беріледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Пошта байланысының тағайындалған операторы осы баптың 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тауарлардан қалыптастырған халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партиясы осындай халықаралық пошта жөнелтілімдерін осы Кодекстің 370-бабында көзделген ерекшеліктерді қолданып, кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыра отырып, өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетілуге жатады. Бұл ретте пошта байланысының тағайындалған операторы Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде халықаралық пошта жөнелтілімдерінің қалыптастырылған партияларына қатысты көзделген құжаттарды өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында ресімдейді.
Пошта байланысының тағайындалған операторы осындай тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыру жөніндегі операцияларды жасау үшін іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларды есепке алуды жүргізеді.
Пошта байланысының тағайындалған операторы бақылаушы мемлекеттік органның немесе құқық қорғау органының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тауарлар туралы мәліметтерді береді.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлар қойылуы және пайдаланылуы мүмкін.
Уәкілетті орган шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына әкелу кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесін және санаттарын бекітуі мүмкін.
9. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету, осындай тауарларды өткізуді қоса алғанда, шектеусіз жүзеге асырылады.
Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына әкелінген шетелдік тауарларды өткізу осындай АЭА аумағында бажсыз сауда дүкендерінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде және осы баптың 16-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында шетелдік тауарларды өткізуіне тыйым салынады.
10. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА-ға шектес жатқан шет мемлекеттің аумағынан тауарларды әкелу кезінде тасымалдаушы осы баптың 6-тармағында айқындалған жағдайларда кедендік декларациялауға жататын тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған межелі орнына немесе осындай АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына жеткізуге тиіс.
Бұл ретте тауарлардың орамасын бұзуға, сондай-ақ салынған пломбаларды, басылған мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын өзгертуге, алып тастауға, жоюға, бүлдіруге немесе ауыстыруға жол берілмейді.
11. Осы баптың 6-тармағында айқындалған жағдайларда, тасымалдаушы кеден органын осы баптың 12-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну жолымен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік декларациялауға жататын тауарлардың келуі және осындай тауарлар мен көлік құралдарын межелі орнына немесе осындай АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына жеткізу туралы тауарлар межелі орнына немесе осындай АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына жеткізілген кезден бастап бір сағаттың ішінде, ал тауарлар кеден органының жұмыс уақытынан тыс кезде жеткізілген жағдайда - кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап бір сағат ішінде хабардар етуге міндетті.
12. Тауарлар мен көлік құралдары межелі орнына немесе шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына келген кезде тасымалдаушы мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
құжаттарды:
көлік құралына арналған құжаттарды;
көлік (тасымалдау) құжаттарын;
тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттарды;
мынадай:
тауарларды жөнелтуші ел мен межелі елдің атауы;
тауарларды жөнелтуші мен алушының атауы және мекенжайы;
жүк орындарының саны туралы, оларды таңбалау туралы және тауарлар орамаларының түрлері туралы;
тауарлардың атауы, ірі габаритті жүктерді қоспағанда, тауарлардың брутто салмағы (килограммен) не тауарлардың көлемі (текше метрмен);
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың болуы туралы мәліметтерді ұсынады.
13. Осы баптың 6-тармағында айқындалған жағдайларда, тасымалдаушы немесе осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген өзге де мүдделі тұлға келу туралы хабардар еткен кезден бастап кеден органы жұмыс уақытының үш сағаты ішінде кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты:
1) тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен;
2) тауарларды межелі орнынан уақытша сақтау орнына дейін тасымалдаумен (тасумен);
3) тауарларды кедендік декларациялаумен;
4) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетумен байланысты кедендік операциялардың біреуін жасауға міндетті.
14. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына тауарларды әкелген кезде осы баптың 11-тармағына сәйкес берілген хабарлама осындай АЭА-ға тауарларды әкелу туралы хабарлама болып табылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 14-1-тармақпен толықтырылды
14-1. Осы баптың 11, 12, 13 және 14-тармақтарының ережелері іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыру жөніндегі операцияларды жасау үшін осындай тауарларға қатысты қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларға қатысты, көрсетілген тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға, қалыптастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерін осы баптың 7-1-тармағына сәйкес өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағынан әкету кезінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті орган кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
15. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында:
1) радиациялық бақылауды және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлерін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті органдар жүзеге асырады;
2) осы Кодекске сәйкес кеден органдарына жүктелген радиациялық бақылауды межелі (жөнелту) орны болып табылатын бақылау-өткізу пункті арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары жүзеге асырады.
16. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларға қатысты басқа да операциялармен қатар осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде тауарларды жұмсауға (тұтынуға) қарағанда өзгеше тауарларды тұтынуға жол беріледі.
АЭА қатысушысының осындай АЭА аумағының шегінде тауарларды мынадай жағдайларда тұтынуы:
1) осы тармақтың 3) тармақшасының ережелерін ескере отырып, тауарларды АЭА-да қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес тұтыну;
2) АЭА қатысушысының Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жеке тұлғаларға өткізуі;
3) осындай тауарларды өткізу АЭА-да қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА қатысушысының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, АЭА қатысушысының шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға өткізуі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды өзгеше тұтыну деп түсініледі.
Осы тармақта көзделген жағдайларда еркін кеден аймағы кедендік рәсімдерінің қолданылуы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептілікті ұсыну жолымен аяқталады.
17. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА қатысушысы болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына қою және (немесе) пайдалану үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанттары ретінде әрекет ете алатын жағдайларды уәкілетті орган айқындайды.
18. Уәкілетті орган шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында тауарлар өткізілетін жерден жеке тұлғалар өткен кезде ақпараттық жүйелерді пайдаланып кедендік бақылау жүргізу тәртібін айқындауы мүмкін.
19. Уәкілетті орган кедендік бақылау мақсаттары үшін шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында тауарларды өткізу кезінде ақпараттық жүйені пайдалана отырып, тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін белгілеуі мүмкін.
30-тарау. ЕРКІН ҚОЙМА КЕДЕНДІК РӘСІМІ
292-бап. Еркін қойма кедендік рәсімінің мазмұны және қолданылуы
1. Еркін қойма кедендік рәсімі шетелдік тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес осы кедендік рәсімге тауарларды орналастыру және осындай кедендік рәсімге сәйкес оларды пайдалану шарттары сақталған кезде осындай тауарлар кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, еркін қоймаға қойылады және пайдаланылады.
2. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар еркін қоймаға қойылуы және пайдаланылуы мүмкін.
3. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары декларанттың таңдауы бойынша еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған еркін қоймаға қою үшін еркін қойма кедендік рәсімімен міндетті түрде орналастыруға жататын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының жекелеген санаттарының тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
4. Еркін қоймадағы және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кез келген, оның ішінде осы Кодекстің 294-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жасауға жол беріледі.
5. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды.
6. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын еркін қоймаға қою және пайдалану кезінде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
7. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған шетелдік тауарлардан және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар (бұдан әрі - еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар) осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады.
Егер еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін болса, осындай тауарлардың мәртебесі осы Кодекстің 299-бабына сәйкес айқындалады.
8. Егер кеден органы еркін қоймадағы тауарларды еркін қойма құрылғанға дейін оның аумағында болған тауарлар ретінде немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған немесе еркін қоймада дайындалған (алынған) тауарлар ретінде сәйкестендіре алмаса, онда осындай тауарлар оларды еркін қойманың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары ретінде, ал өзге мақсаттарда - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін шетелдік тауарлар ретінде қаралады.
9. Бұрын экспорт кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген, осы баптың 8-тармағында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде осындай тауарларға кері импорт кедендік рәсімін қолдануға болмайды.
10. Ішкі нарықты қорғау шараларының қолданысына жататын, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай тауарларды еркін қойма аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендірілуге тиіс.
Егер ішкі нарықты қорғау шараларының қолданысына жататын, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды дайындау үшін пайдаланылса, бірақ осындай тауарларда сәйкестендірілмесе, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған осындай шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуге тиіс.
11. Еркін қойманың иесі Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын осы баптың 3-тармағын ескере отырып, оларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырмай, еркін қойма аумағына қоюы және (немесе) пайдалануы мүмкін.
12. Комиссия еркін қойма кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлар тізбесін және (немесе) тауарлар санаттарын айқындауға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма кедендік рәсімі қолданылмайтын шетелдік тауарлардың тізбесін және (немесе) шетелдік тауарлардың санаттарын уәкілетті орган бекітеді.
13. Кеден органы еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың құрамына кіретін (кірген) ретінде сәйкестендіруі мүмкін бөлшектер, тораптар, агрегаттар оларды еркін қойма аумағынан әкету мақсатында еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ретінде қаралады және оларға қатысты осы Кодекстің ережелері қолданылады.