1. Тасымалдаушы кеден органын тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай осы Кодекстің 155-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну арқылы не электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпаратты тіркеу нөмірі туралы мәліметті қамтитын құжатты ұсыну арқылы мынадай мерзімдерде тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар етуге міндетті:
1) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты - тауарлар келу орнына жеткізілген кезден бастап бір сағат ішінде, ал тауарлар келу орнына кеден органының жұмыс уақытынан тыс уақытта жеткізілген жағдайда - кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап бір сағат ішінде;
2) су, әуе немесе теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты - халықаралық тасымалдауды жүзеге асырған кезде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процесімен (кестесімен) белгіленген уақыт ішінде.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді тасымалдаушының атынан кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлғалар ұсынуы мүмкін.
3. Қазақ немесе орыс тілі болып табылмайтын тілде жасалған құжаттар ұсынылған кезде осындай құжаттарда қамтылған мәліметтерді аударуды тасымалдаушы немесе өзге мүдделі тұлға қамтамасыз етеді.
4. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету күні мен уақытын кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тіркейді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Тасымалдаушы немесе осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген өзге де тұлғалар теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларды қоспағанда, тауарлардың келуі туралы хабардар еткен кезден бастап кеден органының жұмыс уақытының үш сағаты ішінде:
1) тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға;
2) тауарларды осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен келу орындарынан уақытша сақтау орнына дейін тасымалдауға (тасуға);
3) тауарларды кедендік декларациялауға;
4) тауарларды порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға;
5) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге байланысты кедендік операциялардың біреуін жасауға міндетті.
Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген кедендік операциялар тауарлар келетін жерде кедендік бақылауды жүзеге асыратын кеден органымен келісілген теміржол станциясы жұмысының технологиялық процесінде белгіленген уақыт ішінде жасалады.
6. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану қажеттілігі тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде айқындалған жағдайларды қоспағанда, егер тауарларды келу орнымен бір елді мекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан уақытша сақтау орнына орналастыру жоспарланса, осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда тауарларды тасымалдау (тасу) осындай рәсім қолданбай жүзеге асырылады.
7. Осы баптың 5-тармағының ережелері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген:
1) осы Кодекстің 32-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан дереу әкетілуге тиіс тауарларға;
2) су немесе әуе кемелерінде тұрған және осы кемелерден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына түсірілуге жатпайтын тауарларға;
3) бір әуе кемесінен басқа әуе кемесіне ауыстырылып тиелетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуге жататын тауарларға;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен тасымалданған (тасылған) кезде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы су және әуе кемелерімен тасымалданатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әуе кемесі мәжбүрлі қонғаннан кейін не су кемесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің портына авария, еңсерілмейтін күш әсері не өзге де мән-жайлар салдарынан кіргеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген шетелдік тауарларға;
6) осы Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 2), 3) және 4-тармақшаларында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына;
7) осы Кодекстің 384-бабында көрсетілген тауарларға;
8) осы Кодекстің 291-бабының 13-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шектес шетелдік мемлекеттің аумағынан шектері Еуразиялық экономикалық одақтың шекараларымен толық немесе ішінара сәйкес келетін АЭА аумағына әкелінетін шетелдік тауарларға қатысты қолданылмайды.
8. Кеден органы кедендік декларацияны осы баптың 5-тармағының бірінші абзацында белгіленген мерзімде тіркеген жағдайда осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген тұлғалар тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды:
кеден органының осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кедендік декларацияны кері қайтарып алуға рұқсатын;
кеден органының осы Кодекстің 193-бабының 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес тауарларды шығару мерзімдерін ұзарту туралы шешімін;
кеден органының осы Кодекстің 198-бабына сәйкес тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешімін;
осы Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартуды алған кезден бастап кеден органының жұмыс уақытының үш сағаты ішінде жасауға міндетті.
9. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылған жағдайда, егер олар келу орындарынан кетпеген болса, тауарларды шығарудан бас тартуды алған кезден бастап кеден органының жұмыс уақытының үш сағаты ішінде декларант тауарларды кедендік декларациялауға, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға немесе оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге байланысты кедендік операцияларды жасауға міндетті.
10. Келу орнында уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар - келу орнындағы уақытша сақтау орындарында немесе осы Кодексте көзделген жағдайларда өзге де уақытша сақтау орындарында сақталады.
Егер шетелдік тауарларды уақытша сақтау келу орнында орналаспаған уақытша сақтау орнында жүзеге асырылатын болса, шетелдік тауарларды келу орнынан осындай уақытша сақтау орнына дейін тасымалдау кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылмай жүзеге асырылады.
11. Осы баптың 5, 8 және 9-тармақтарында айқындалған мерзімдерде оларға қатысты осы тармақтарда көзделген кедендік операциялар жасалмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
155-бап. Кеден органын тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер
1. Кеден органын тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде тасымалдаушы мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
1) автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
халықаралық тасымалдау көлік құралына арналған құжаттарды;
көліктік (тасымалдау) құжаттарды;
Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжаттарды;
тасымалдаушыда бар тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттарды;
мыналар:
халықаралық тасымалдау көлік құралын мемлекеттік тіркеу;
тауарларды тасымалдаушы (атауы және мекенжайы);
тауарларды жөнелтуші ел және тауарлардың межелі елі (атаулары);
тауарларды жөнелтуші және алушы (атаулары және мекенжайлары);
тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттарға сәйкес тауарларды сатушы және сатып алушы;
жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамаларының түрлері;
тауарлар (Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың атаулары және алғашқы алты таңбадан аз емес деңгейдегі кодтары);
тауарлардың брутто салмағы (килограммен) не тауарлардың көлемі (текше метрмен);
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың болуы (болмауы);
халықаралық тауар-көліктік жүкқұжатты жасау орны және күні;
контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді;
2) су көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
жалпы декларацияны;
жүк туралы декларацияны;
кеме керек-жарақтары туралы декларацияны;
кеме экипажының жеке заттары туралы декларацияны;
кеменің рөлін;
жолаушылардың тізімін;
егер осы тармақшада көзделген тауар туралы мәліметтер жүк туралы декларацияда қамтылмаса, көліктік (тасымалдау) құжаттарды;
Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжаттарды;
мыналар:
кемені және оның ұлттық тиесілілігін тіркеу;
кеме (атауы және сипаттамасы);
кеме капитаны (тегі);
кеме агенті (тегі және мекенжайы);
кемедегі жолаушылар (саны, тегі, аты, азаматтығы (бодандығы), туған күні және жері, отырғызу және түсіру порттары);
кеме экипажы мүшелерінің саны және құрамы;
кемені жөнелтуші порт және кіргізуші порт (атаулары);
жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамасының түрлері;
тауарлар (атаулары, жалпы саны және сипаттамасы);
тауарларды тиейтін порт және түсіретін порт (атаулары);
осы портта түсіруге жататын тауарларға арналған көліктік (тасымалдау) құжаттардың нөмірлері;
бортта қалатын тауарларды түсіретін порттар (атаулары);
тауарларды жөнелтуші бастапқы порттар (атаулары);
кемедегі кеме керек-жарақтары (атаулары және саны);
кеме бортында халықаралық пошта жөнелтілімдерінің болуы (болмауы);
кеме бортында құрамында есірткі, қатты әсер ететін, психотроптық және улы заттар бар дәрілік заттардың болуы (болмауы);
кеме бортында қару-жарақты, оқ-дәрілерді қоса алғанда, қауіпті тауарлардың болуы (болмауы);
контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді;
3) әуе көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
тасымалдаушының азаматтық авиация саласындағы халықаралық шарттарда көзделген стандарттық құжатын (бас декларация);
әуе кемесінің бортында тасымалданатын тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын құжатты (жүк ведомосы);
борт керек-жарақтары туралы мәліметтерді қамтитын құжатты;
көліктік (тасымалдау) құжаттарды;
бортта тасымалданатын жолаушылар және олардың багажы туралы мәліметтерді қамтитын құжатты (жолаушы ведомосы);
Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжаттарды;
тасымалдаушыда бар тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттарды;
мыналар:
кеменің ұлттық тиесілілік белгілері және тіркеу белгілері;
рейстің нөмірі, ұшу маршруты, кеменің ұшып кету пункті және келу пункті;
кемені пайдаланушы (атауы);
кеме экипажы мүшелерінің саны және құрамы;
кемедегі жолаушылар (саны, тегі мен аты-жөні, отырғызу және түсіру пункттерінің атаулары);
тауарлар (атаулары);
жүкке арналған жүкқұжаттың нөмірі, әрбір жүкке арналған жүкқұжат бойынша орындардың саны;
тауарларды тиеу пункті және түсіру пункті (атаулары);
кемеге тиелетін немесе одан түсірілетін борт керек-жарақтарының саны;
кеме бортында халықаралық пошта жөнелтілімдерінің болуы (болмауы);
кеме бортында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың, құрамында есірткі, қатты әсер ететін, психотроптық және улы заттар бар дәрілік заттардың, қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің болуы (болмауы);
контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді;
4) теміржол көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
көліктік (тасымалдау) құжаттарды;
теміржол жылжымалы құрамына арналған беру ведомосын;
керек-жарақтар туралы мәліметтерді қамтитын құжатты;
Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжаттарды;
тасымалдаушыда бар тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттарды;
мыналар:
тауарларды жөнелтуші және алушы (атаулары және мекенжайлары);
тауарларды жөнелтуші станция және тауарлардың межелі станциясы (атаулары);
жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамасының түрлері;
тауарлар (Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың атаулары және бірінші алты таңбадан аз емес деңгейдегі кодтары);
тауарлардың брутто салмағы (килограммен);
контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді ұсынады.
2. Тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түріне қарамастан, кеден органын осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну арқылы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде тасымалдаушы:
1) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді;
2) егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген тауарларға қатысты кеден органына осы Кодекстің 31-бабына сәйкес алдын ала ақпарат ұсынылған болса - алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірін көрсете отырып, алдын ала ақпаратты тіркеу туралы мәліметтерді;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары және (немесе) теңіз арқылы тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты транзиттік декларацияны ұсынады.
3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес ұсынылуға жататын мәліметтер тасымалдаушы ұсынған құжаттарда қамтылмаған, не егер тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынылмайтын жағдайда, тасымалдаушы жетпейтін мәліметтерді қамтитын өзге құжаттарды ұсынуға не жетпейтін мәліметтерді және (немесе) ұсынылмайтын құжаттар туралы мәліметтерді еркін нысанда өтініш беру арқылы мәлімдеуге міндетті.
4. Кеден органын халықаралық пошта жөнелтілімдерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде тасымалдаушы осындай пошта жөнелтілімдеріне қатысты оларды тасымалдаған кезде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған халықаралық пошта жөнелтілімдерінің ілеспе құжаттарын және осы Кодекстің 369-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәліметтерді ұсынады.
5. Комиссия тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы белгілі бір кезең ішінде сол бір халықаралық тасымалдау көлік құралымен тұрақты түрде тасымалданған кезде кеден органы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету ерекшеліктерін айқындауға құқылы.
156-бап. Келу орнында жүзеге асырылатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен жасалатынөзге де жүк операциялары, сондай-ақ халықаралық тасымалдау көлік құралдарын ауыстыру
1. Тауарларды келу орнында түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен жасалатын өзге де жүк операциялары, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеткізген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен ауыстыру жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен жасалатын өзге де жүк операциялары, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеткізген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен ауыстыру - кеден органының жұмыс уақытында және кеден органының мүдделі тұлғаның сұрау салуы бойынша берілетін рұқсатымен арнайы осы мақсаттарға арналған орындарда, ал егер тауарлар мен көлік құралдарына қатысты мұндай операциялар салынған кедендік пломбалар мен мөрлерді бұзбай жасалуы мүмкін болған не егер тауарларға кедендік пломбалар мен мөрлер салынбаған жағдайда не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған жағдайларда кеден органын электрондық немесе жазбаша нысанда хабардар еткеннен кейін жүзеге асырылады.
3. Келу орнында авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар туындаған кезде тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен жасалатын өзге де жүк операциялары, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеткізген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен ауыстыру, егер мұндай операцияларды жасамау тауарлардың қайтарымсыз жоғалуына және (немесе) жойылуына алып келуі мүмкін болса, кеден органының осы баптың 2-тармағында көрсетілген рұқсатынсыз немесе оған хабарламай жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда осындай операцияларды жасаған тұлға кеден органына олардың жасалғаны туралы осындай операциялар жасалған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей хабарлайды.
157-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлар келген кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімдері және есептеу
1. Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен кезден бастап туындайды.
2. Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет мынадай мән-жайлар басталған:
1) тауарларды келу орнына жеткізген және уақытша сақтауға орналастырған немесе кеден органы тауарларды келу орнында шығарған;
2) егер осы тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың орын ауыстыратын жерлерінен кетпесе, тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткен;
3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін тауарлар шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған;
4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындаған және (немесе) олар осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде өндіріп алынған;
5) кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезіндеосы тауарлардың табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін таныған кезде тоқтатылады, бұған осы Кодекске сәйкес осындай жойылғанға және (немесе) қайтарымсыз жоғалғанға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайлар жатпайды;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарларды тәркілеген немесе мемлекеттің меншігіне айналдырған;
7) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес ұстаған;
8) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, соларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойған немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырған кезде тоқтатылады.
3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) тауарларды келу орнына жеткізбеген кезде - тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - тауарларды келу орнына жеткізбеу фактісі анықталған күн;
2) авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, тауарлар келу орнында жоғалған кезде - осындай жоғалу күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күн;
3) кеден органы келу орнында уақытша сақтауға қоймай немесе тауарларды шығармай, тауарларды келу орнынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде - осындай әкету күні, ал егер бұл күн белгіленбесе -тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып саналады.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданбай ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төленуге жатады.
Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 8 және 13-тарауларына сәйкес есептеледі.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетелдік валютаны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілетін жағдайда, мұндай қайта есептеу осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күнге қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.
Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы дәл мәліметтер болмаған жағдайда төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 4-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер тауардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес таңба саны оннан аз топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:
кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
салықтарды есептеу үшін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы, соларға қатысты кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген, осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың жетінші бөлігі ескеріле отырып, осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шыққан жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алына отырып есептеледі. Егер тауарлардың шыққан жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарды сыныптау он таңба деңгейінде жүзеге асырылса - Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының дәл сол кодының тауарларына не егер тауарлардың кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес таңба саны оннан аз топтау деңгейінде айқындалған болса, топтауға кіретін тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысын негізге алына отырып есептеледі.
Кейіннен тауарлар туралы дәл мәліметтер анықталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай дәл мәліметтерді негізге ала отырып есептеледі, осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.