«23-бап. Уәкілетті органның лауазымды адамының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
Жеке және (немесе) заңды тұлғалар уәкілетті органның лауазымды адамының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.»;
15) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
«23-1-бап. Өтпелі ережелер
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты бар энергия аудиторы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап алты ай өткен соң энергия аудиторының сәйкестігін растаудан өтуге құқылы.».
8. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
60-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекара бөлімдерінің (бөлімшелерінің) ғимараттары мен құрылысжайларын, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерін жобалауды және салуды ұйымдастырады;».
9. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-тармақтың 1) тармақшасы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
1) 2-қосымшаның 369-2-жолы алып тасталсын;
2) 3-қосымшаның 49-тармағындағы «аудиті мен» деген сөздер «аудиті және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті органға жібереді;
2-2) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жібереді;»;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті органға жібереді;
2-2) Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміндегі табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша, ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жібереді;»;
3) 21-бапта:
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы және оны іске асыру үшін тартылған қарыз қаражатының қайтарылуы, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды іске асыру үшін тартылған қаражаттың қайтарылуы:»;
7-тармақтың екінші бөлігі «Мемлекеттік бағдарламалар» деген сөздерден кейін «және (немесе) ұлттық жобалар» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 22-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша «тауарлар» деген сөзден кейін «түрінің және» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын» деген сөздер «мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тарифті өзгерту уәкілетті органның бастамасы бойынша - жылына екі реттен жиілетпей, ал табиғи монополия субъектісінің бастамасы бойынша жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырылады.»;
5) 26-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «энергетикалық аудиттің» деген сөздер «энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15) бекітілген тарифтік сметаның шығындар баптарын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерлердің бес пайызынан аз орындамауды және осы Заңның 33-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген тарифтік сметаны орындауға;
16) осы Заңның 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға;»;
17) тармақша «туралы есепті» деген сөздерден кейін «электрондық нысанда» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 33-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацындағы «энергетикалық аудиттің» деген сөздер «энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
11-тармақ 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
11. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 3 және 5-тармақтарындағы «2022 жылғы 1 шілдеге дейін» деген сөздер «2023 жылғы 1 шілдеге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 10) тармақшасының төртінші абзацын;
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының оныншы және он жетінші абзацтарын, 2) тармақшасының оныншы абзацын, 9) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 10) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасының он алтыншы - жиырма екінші абзацтарын, 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 13) тармақшасының он екінші және он үшінші абзацтарын және 9-тармағының 1) тармақшасын;
3) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3-бап. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы, 2) тармақшасының он төртінші абзацы және 3) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алынбай, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін салынған жылжымайтын мүлікке қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 30 маусым
№ 130-VII