«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигіне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгіленеді.».
7. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2) тармақша «оның ішінде» деген сөздерден кейін «құрылтайшысы,» деген сөзбен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын» деген сөздер алып тасталсын;
5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) нысаналы энергия аудиті - ерікті негізде жүргізілетін, нысаналы сипаты және жүргізу көлемі бойынша шектеуі бар энергия аудиті;»;
мынадай мазмұндағы 5-2), 5-3), 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-2) оқу орталығы - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі;
5-3) тапсырыс берушілер - ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;»;
«8-1) экспресс-энергия аудиті - қысқартылған бағдарлама бойынша және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент жүйесі шеңберінде жүзеге асырылатын энергетикалық талдаудың және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытындының нәтижелерін растау мақсатында жүргізілетін энергия аудиті;
7-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
8-2) энергетикалық аудитор (бұдан әрі - энергия аудиторы) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сәйкестік сертификаты бар жеке тұлға;»;
9) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) энергетикалық аудит (бұдан әрі - энергия аудиті) энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;»;
«12) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі - энергия тиімділігі) - ұсынылған көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнімдер (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;»;
12-2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (бұдан әрі - энергия менеджменті) - объектінің энергетикалық ресурстарын ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені;
7-тармақтың 1) тармақшасының он жетінші абзацы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
14-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификаты - сәйкестікті растау жөніндегі орган беретін, энергия аудиторының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін куәландыратын құжат;»;
17-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты - дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:
«17-2) энергия тиімділігі картасы - қаржыландыру көздері, жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар графиктері мен жоспарлары көрсетілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізбесі;»;
2) 5-бапта:
6-8) тармақшадағы «технологиялық процестердің,» деген сөздер алып тасталсын;
6-10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-10) энергия аудитін жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
6-12) тармақшадағы «энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-15), 6-16) және 6-17) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-15) энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
6-16) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6-17) жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілейді;»;
7-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
12-1), 13-1), 13-2), 13-3) және 13-6) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3), 16-4) және 16-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бағалау жүргізеді;
16-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16-3) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
16-4) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;
16-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізеді;»;
17-3) тармақшадағы «энергия аудиті қорытындыларына» деген сөздер «энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) уәкілетті органмен келісу бойынша іске асыру мерзімі үш жыл болатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол карталарын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың іске асырылуын жүзеге асырады;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) уәкілетті органмен келісу бойынша іске асыру мерзімі үш жыл болатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол карталарын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың іске асырылуын жүзеге асырады;»;
4) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 2-тарау мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне осындай бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оған әкімшілік жүктемені төмендету энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі көздерден алынған ақпаратты, оның ішінде:
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынған;
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынған;
3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәсілі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды мұндай бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою туралы ұсыным (бұдан әрі - ұсыным) жасалады.
5. Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе оны жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол тәсілмен - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен - бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді (алынды) деп есептеледі.
Бақылау субъектісі ұсынымды қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізетін немесе табыс ететін адам ұсынымға тиісті белгі қояды, ол уәкілетті органға қайтарылады.
6. Ұсыным, орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі ұсынымның өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
7. Ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда бақылау субъектісі ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.
8. Ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
9. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі - жылына екі реттен артық емес.
10. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнаулы журналында есепке алынуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның мөрімен бекемделген болуға тиіс.»;
6) 9-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац және 1), 3), 4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне қатысты Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:
1) дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын және қызметінің негізгі түрлерін;»;
«3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының көшірмесін, сондай-ақ осы іс-шаралар жоспарына енгізілетін толықтыруларды және (немесе) өзгерістерді;
4) есепті кезеңдегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелерін;»;
«6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының көшірмесін қамтиды.»;
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік мекемелер болып табылатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне қатысты Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:
1) заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын және қызметінің негізгі түрлерін;
2) күнтізбелік бір жылдағы заттай және ақшалай мәндегі энергетикалық ресурстар мен суды тұтыну көлемдерін;
3) есепті кезеңдегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының немесе техникалық есептің (бар болған кезде) көшірмесін;
4) жылыту көздерін және есепті кезеңдегі ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың ауданы бірлігіне шаққанда жылытуға арналған энергетикалық ресурстардың жұмсалуын;
5) энергия тұтыну жабдығының тізбесін қамтиды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген ақпаратты Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына қағаз немесе электрондық жеткізгіште жыл сайын 1 сәуірге дейінгі мерзімде береді.
Бұл ретте жылына бір мың бес жүз тоннадан аз шартты отынға барабар көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты болған кезде ұсынады.»;
7) 11-бапта:
4-тармақтағы «әзірлеуге тапсырыс берушінің тапсырмасында» деген сөздер «әзірлеуге арналған тапсырмада» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «Энергия аудитінің қорытындысы» деген сөздер «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «энергия аудитінің қорытындысында» деген сөздер «энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыда» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 13-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «2,5» деген цифрлар «1,0-ден жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 14-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғалар жүзеге асыратын энергия аудиті;»;
2-тармақтағы «Заңды тұлғалар» деген сөздер «Кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 9) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтары энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) штатында кемінде төрт энергия аудиторы болуға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) заңды тұлғаның бірінші басшысына берілетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификаты болуға;»;
4-тармақтағы «заңды тұлғалар» деген сөздер «кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) мынадай мазмұндағы 14-1 және 14-2-баптармен толықтырылсын:
«14-1-бап. Энергия аудиторының сәйкестігін растау
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленеді және бекітіледі.
7-тармақтың 10) тармақшасының төртінші абзацы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
Энергия аудиторының сәйкестігін растау «Техникалық реттеу туралы» және «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
7-тармақтың 10) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтары энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
14-2-бап. Энергия аудиторы
1. Энергия аудиторы өз қызметін еңбек шарты негізінде бір ғана энергия-аудиторлық ұйымның құрамында және (немесе) дара кәсіпкер ретінде жүзеге асырады.
2. Дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың ғана энергия аудитін жүргізеді.
3. Дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы уәкілетті орган бекіткен, ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелік етуге міндетті.»;
11) 16-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақтағы «(тапсырыс берушінің)» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды жасалады.
Нысаналы энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша техникалық есеп жасалады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүргізілген энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындылары бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды алынған күннен бастап алты ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әрбір бес жыл сайын бір реттен сиретпей міндетті энергия аудитінен өтеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытынды болған;
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау есебінен соңғы бес жыл ішінде кемінде бес пайыз көлемінде энергия үнемдеу әлеуетіне қол жеткізген және (немесе) олардың өнім бірлігіне шаққандағы үлестік энергия тұтынуды бес жыл ішінде кемінде бес пайыз көлемінде төмендеткен;
3) энергия менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты болған кезде, міндетті энергия аудитінің орнына экспресс-энергия аудитін жүргізуге құқылы.»;
7-тармақтың 11) тармақшасының он алтыншы - жиырма екінші абзацтары энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Энергия-аудиторлық ұйымдардың немесе дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларының:
өтініш білдірген, қатысушысы, кредиторы энергия-аудиторлық ұйымдар және олардың жұмыскерлері немесе дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторлары болып табылатын тұлғаға;
осы ұйымдардың энергия аудитін жүзеге асыратын жұмыскерлері (энергия аудиторлары) өтініш білдірген тұлғамен еңбек қатынастарында тұратын немесе өтініш білдірген тұлғаның лауазымды адамдарының, сондай-ақ өтініш білдірген тұлға акцияларының (немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленетін акционердің (қатысушының) жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылғанда;
энергия-аудиторлық ұйымның дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) өтініш білдірген тұлғаға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болған жағдайларда энергия аудитін жүргізуіне тыйым салынады. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілігін білдіреді;
осы ұйымдардың энергия аудитін жүзеге асыратын жұмыскерлерінің (энергия аудиторларының) өтініш білдірген тұлғада жеке мүліктік мүдделері бар болғанда;
энергия аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, егер энергия-аудиторлық ұйымның және олардың жұмыскерлерінің, дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларының өтініш білдірген тұлға алдында немесе өтініш білдірген тұлғаның олардың алдында ақшалай міндеттемелері бар болса, энергия аудитін жүргізуіне тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері мынадай:
1) жылына бір мың бес жүз тоннадан аз шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынған;
2) балансында энергетикалық ресурстарды тұтыну объектісі (объектілері) болмаған;
3) энергетикалық ресурстарды көлік құралдарын пайдалану мақсатында ғана тұтынған;
4) егер тарихи-мәдени мұра объектісі немесе ғибадат үйі, құрылысы және құрылысжайы болып табылған жағдайларда, міндетті энергия аудитін жүргізбейді.»;
12) 20-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты:»;
7-тармақтың 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінен, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінен, дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларынан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыруға және жүргізуге қажетті ақпаратты сұратады және алады;»;
6) тармақша «тізілім субъектілері жүзеге асыратын,» деген сөздерден кейін «энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының тиімділігін бағалау мен талдауды,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингін жүргізеді және мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингін жүргізу қорытындылары бойынша есепті өзінің интернет ресурсында орналастырады;
6-2) уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізген кезде және мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін жаңарту бойынша ұсынымдарды дайындауға жәрдемдеседі;»;
7) тармақшадағы «энергия аудиттері қорытындыларына» деген сөздер «энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ақпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтерді көрсетеді;»;
13) 21-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацындағы «2 - 5-тармақтарында» деген сөздер «2, 3, 4 және 5-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы «өндіруді және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Заңда айқындалған тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды энергия тиімділігі бойынша талаптарға сәйкес жүзеге асыруға міндетті.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте меншік құқығында жылжымайтын мүлкі жоқ мемлекеттік мекемелер осы Заңның 9-бабының 1-1-тармағында көрсетілген ақпаратты беруден босатылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жауапты адамды тағайындауға міндетті.
3-2. Жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері уәкілетті орган белгілеген энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
4-тармақта:
7-тармақтың 13) тармақшасының он екінші және он үшінші абзацтары энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Энергия-аудиторлық ұйымдар және дара кәсiпкер болып табылатын энергия аудиторлары:»;
2) тармақшадағы «уақтылы орындауға;» деген сөздер «уақтылы орындауға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;
5-тармақтың 2) тармақшасындағы «уақтылы орындауға;» деген сөздер «уақтылы орындауға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
14) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын: